Қазақстан Республикасының
Заңы
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы
(2020.09.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
2-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құзыреті
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті
6-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
3-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
7-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдері
8-бап. Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру
9-бап. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру
10-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру
4-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ШАРТ
11-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт
12-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алу
13-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты өзгерту және бұзу
14-бап. Үлескердің құқықтары мен міндеттері
15-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау
16-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тараптардың жауапкершілігі
17-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру
5-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
18-бап. Үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру кезінде екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен немесе көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібі
19-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
20-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуда ақшаны мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету
21-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік компаниялар және аттестатталған сарапшылар қызметінің ерекшеліктері
22-бап. Уәкілетті компания ұсынатын ақпарат
23-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыруға байланысты жарнаманың ерекшеліктері
6-тарау. БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОР
24-бап. Бірыңғай оператор
25-бап. Бірыңғай оператордың міндеттері мен функциялары
26-бап. Бірыңғай оператордың құқықтары мен міндеттері
27-бап. Алып тасталды
28-бап. Бірыңғай операторға қойылатын талаптар
29-бап. Бірыңғай оператордың кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резерві
30-бап. Кепілдік жарна
7-тарау. БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
31-бап. Кепілдік беру туралы шарт жасасуға өтінім
32-бап. Өтінімді қарау
33-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын салу жобасы бойынша құжаттарды тексеру
34-бап. Кепілдік беру туралы шарт
35-бап. Кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету
36-бап. Бірыңғай оператормен өзара іс-қимыл жасау тәртібі
37-бап. Кепілдік беру жағдайы
38-бап. Бірыңғай оператордың кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау тәртібі
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
39-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
40-бап. Осы Заңның қолданылу тәртібі
41-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша:
«тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың)», «тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың)», «тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы)», «тұрғын үй (тұрғын ғимарат)», «тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар)», «Тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды)», «Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың)», «Тұрғын үй (тұрғын ғимарат)», «тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)», «Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың)», «тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды)», «тұрғын үйден (тұрғын ғимараттан)», «Тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы)», «тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы)» деген сөздер тиісінше «көппәтерлі тұрғын үйлердің», «көппәтерлі тұрғын үйдің», «көппәтерлі тұрғын үйдегі», «көппәтерлі тұрғын үй», «көппәтерлі тұрғын үйлер», «Көппәтерлі тұрғын үйлерді», «Көппәтерлі тұрғын үйлердің», «Көппәтерлі тұрғын үй», «көппәтерлі тұрғын үйді», «Көппәтерлі тұрғын үйдің», «көппәтерлі тұрғын үйлерді», «көппәтерлі тұрғын үйден», «Көппәтерлі тұрғын үйдегі», «көппәтерлі тұрғын үйлердегі» деген сөздермен ауыстырылды,
«тұрғын немесе тұрғын емес үй-жай», «тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайларын», «тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды» деген сөздер тиісінше «пәтер немесе тұрғын емес үй-жай», «пәтерлерді немесе тұрғын емес үй-жайларды», «пәтерлерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара);
2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «құрылысына кепілдік беру қорының», «құрылысына кепілдік беру қорында», «құрылысына кепілдік беру қорына», «құрылысына кепілдік беру қоры», «Кепілдік беру қоры», «Кепілдік беру қорын», «Кепілдік беру қорынан», «Кепілдік беру қорының», «Кепілдік беру қорына», «Кепілдік беру қорымен», «Кепілдік беру қорында» деген сөздер тиісінше «құрылысының бірыңғай операторының», «құрылысының бірыңғай операторында», «құрылысының бірыңғай операторына», «құрылысының бірыңғай операторы», «Бірыңғай оператор», «Бірыңғай операторды», «Бірыңғай оператордан», «Бірыңғай оператордың», «Бірыңғай операторға», «Бірыңғай оператормен», «Бірыңғай операторда» деген сөздермен ауыстырылды (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы Заң жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлерді тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн белгiлейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) кепілдік - Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдік беру жағдайы туындаған кезде көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтауды ұйымдастыру және үлескерлерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлестерін беру жөніндегі міндеттемесі;
2) кепілдік беру жағдайы - олар басталған кезде Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторында көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жөніндегі міндеттеме және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарт бойынша үлескерлердің алдында жауапкершілік туындайтын, осы Заңда айқындалған жағдай немесе жағдайлар жиынтығы;
3) кепілдік жарна - уәкілетті компанияның тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарт бойынша Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына төлейтін ақша сомасы;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) кепілдік мерзімі - көппәтерлі тұрғын үй құрылысы объектілерінің Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленген пайдалану мерзімі, осы мерзім ішінде құрылыс салушы, уәкілетті компания және мердігер (бас мердігер) жобалау-сметалық құжаттамаға және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес салынған және пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үй көрсеткіштерінің сапасын сақтауға кепілдік береді;
5) кідірту талабы - кепілдік беру жағдайы туындаған кезде тараптарда талаптар қоюдың басталуымен уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлік басқару шарты бойынша құқықтар мен міндеттер туындайтын талап немесе талаптар жиынтығы;
6) көппәтерлі тұрғын үйдегі үлес - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты орындау үшін салынған көппәтерлі тұрғын үйдің құрамына кіретін, үлескерге берілетін пәтер немесе тұрғын емес үй-жай;
7) көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау құны (бұдан әрі - жобалау құны) - құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны, жобаны басқаруға, авторлық және техникалық қадағалауға жұмсалатын шығындар, қарыздар бойынша сыйақы және осы Заңда көзделген өзге де шығыстар;
8) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы - ауырлық пен әсерді көтеріп тұратын, көппәтерлі тұрғын үйдің беріктігін, қаттылығын және орнықтылығын қамтамасыз ететін, тірек конструкциялары, жабын және төсем конструкциялары бар, тірек жүйе (тіреуіш);
9) 2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу - тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа негізделген қатынастары;
11) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарт (бұдан әрі - кепілдік беру туралы шарт) - Бірыңғай оператор, құрылыс салушы және уәкілетті компания арасында осы Заңда айқындалатын тәртіппен және талаптармен жасалатын шарт;
12) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға қатысушылар - құрылыс салушы, уәкілетті компания, мердігер (бас мердігер), екінші деңгейдегі банк, инжинирингтік компания, Бірыңғай оператор және үлескер;
13) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтiк компания (бұдан әрі - инжинирингтік компания) - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген және осы Заңның талаптарына сәйкес келетін заңды тұлға;
14) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы барысына мониторинг бойынша және көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысына бағытталған ақшаның нысаналы жұмсалуына бақылау жасау бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтер кешені;
15) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы (бұдан әрі - құрылыс салушы) - уәкілетті компанияның жарғылық капиталына қатысу арқылы, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті өзінің меншікті және (немесе) тартылған ақшасы есебінен жүзеге асыратын заңды тұлға;
16) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу саласында басқаруды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
17) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт - уәкілетті компания мен үлескер арасында жасалатын, бір тарап көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталған соң екінші тарапқа көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін беруге міндеттенетін, ал екінші тарап төлем жүргізуге және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін қабылдауға міндеттенетін, тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысумен байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт;
2020.09.06. № 341-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
17-1) Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы (бұдан әрі - Бірыңғай оператор) - жарғылық капиталына мемлекет тікелей немесе жанама қатысатын, мақсаты Қазақстан Республикасының халқына тұрғын үйдің қолжетімді болуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты ипотекалық кредиттеу және жалға берілетін тұрғын үйді беру, үлестік тұрғын үй құрылысын дамыту тетіктері арқылы іске асыруға қатысу, сондай-ақ құрылыс саласы үшін қаржы ресурстарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету болып табылатын ипотекалық ұйым;
18) уәкілетті компания - дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы құрылыс салушыға тиесілі, көппәтерлі тұрғын үйдің үлестік құрылысын және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлестерді өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтардағы қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды
18-1) уәкілетті ұйым - дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламалары шеңберінде астанада, республикалық маңызы бар қалаларда не өзге әкімшілік-аумақтық бірліктерде тұрғын үй құрылысының проблемалы объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
19) үлескер - көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) немесе заңды тұлға;
20) шағын қабатты құрылыс - жер үстіндегі биіктігі үш қабаттан аспайтын (мансардты есептемегенде) шағын қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер, оның ішінде әрқайсысының пәтер маңындағы учаскеге шығу жолы бар оқшауланған көппәтерлі тұрғын үйлер.
2-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасы осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу қатынастарына қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң бір тарап көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қамтамасыз етуді және құрылыс аяқталған соң екінші тарапқа көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлерді немесе тұрғын емес үй-жайларды беруге міндеттенетін, ал екінші тарап төлем жүргізуге және көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлерді немесе тұрғын емес үй-жайларды қабылдауға міндеттенетін қатынастарға қолданылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Көппәтерлі тұрғын үйлерді салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын осы Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып тартуға тыйым салынады. Осы Заңның талаптарын бұза отырып құрылыс үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту жөнінде жүргізілген мәміле жарамсыз деп танылады.
Осы тармақтың ережелері тұрғын үй құрылысының проблемалы объектілерін аяқтау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартатын уәкілетті ұйымдардың қызметіне қолданылмайды.
3. Осы Заңның ережелері тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жасасу бөлігінде құрылыс салушының және (немесе) уәкілетті компанияның контрагенттеріне, олармен көппәтерлі тұрғын үйдегі үлестермен есеп айырысқан жағдайда қолданылады.
4. Осы Заңның күші:
1) мемлекеттік сатып алуларға;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Бірыңғай операторды және уәкілетті ұйымдарды қоспағанда, акцияларының бақылау пакетіне тікелей немесе жанама түрде мемлекет иелік ететін заңды тұлғалардың тұрғын үй құрылысына немесе құрылыс ұйымдарына объектіні пайдалануға бергенге дейін құрылыс объектісіндегі пәтерлерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды өткізу құқығынсыз инвестициялауға;
3) салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды ол пайдалануға берілгенге дейін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға сату (талап ету құқықтарын басқаға беру) құқығынсыз салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды заңды тұлғалардың ғана сатып алуына;
4) шағын қабатты құрылысқа байланысты қатынастарға қолданылмайды.
2-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құзыретіне:
1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
2) Бірыңғай операторды құру (айқындау);
3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
3) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
4) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесін кепілге қою шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
6) уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
7) уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) cенімгерлік басқару шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
8) кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
9) капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
10) кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
11) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгерту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды
11-2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында:
1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінің құрылысына қатысушылардың қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
2) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттар береді;
3) үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді;
4) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей уәкілетті органға үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпарат береді;
5) тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу объектілерінің құрылысы барысына мониторингті жүзеге асыру үшін құрылыс салушылардан, уәкілетті компаниялардан, инжинирингтік компаниялардан және Бірыңғай оператордан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратады;
6) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
7) өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың қатысушыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
9) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізеді;
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
7-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдері
1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу:
1) Бірыңғай оператордан кепілдік алу;
2) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;
3) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуге жол беріледі.
2. Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы үшін осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.
8-бап. Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру
1. Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы мынадай:
1) республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесінің болуы;