Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) оларды Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы бақылаудан алғаннан кейін ғана бақылаудан алады.
Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген, сондай-ақ Қағидалардың 57-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Үкіметтің бақылауына берілген тапсырмаларды бақылаудан алуды, негізгі орындаушылары Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар болып табылатын тапсырмаларды қоспағанда, Премьер-Министр немесе оның орынбасары жүзеге асырады.
Қағидалардың 57-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органның бақылауына берілген тапсырмаларды бақылаудан алуды оның бірінші басшысы жүзеге асырады.
Егер Үкіметтің немесе мемлекеттік органның жиынтық есептік ақпаратын қарау қорытындылары бойынша Президент тапсырмасының тармағы Қағидалардың 57-тармағы 1), 1-1) және 2) тармақшаларының талаптары бұзыла отырып бақылаудан алынғаны анықталған жағдайда, Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде бақылауды қайта бастау және тапсырманың осындай тармағының орындалу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.
1-1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының тапсырмалары, оның ішінде оның қатысуымен өткен кеңестердің (мәжілістердің) хаттамаларында және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - тиісінше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қарары бойынша;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмалары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығында өткен кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Президент Әкімшілігі Басшысының немесе тапсырма берген адамның қарары бойынша;
3) Премьер-Министрдің тапсырмалары, оның ішінде Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде, Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Премьер-Министрдің не оның тапсырмасы бойынша өзге адамның қарары бойынша;
4) Премьер-Министр орынбасарының тапсырмалары, оның ішінде ол өткізген кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Премьер-Министр орынбасарының не оның тапсырмасы бойынша өзге адамның қарары бойынша;
5) Кеңсе Басшысының тапсырмалары, оның ішінде Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарары бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 143-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
143. Жауаптар жобаларын Үкіметке енгізген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Президенттің және Президент Әкімшілігі басшылығының, Үкіметтің және Кеңсе Басшысының актілері бойынша - тапсырманың, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың нөміріне, күні мен нақты тармағына, оның мазмұнына) сілтеме жасалады. Мұндай тәртіп қаулылар мен өкімдердің жобаларын енгізген кезде қамтамасыз етіледі - егер тапсырма болмаса, жоба бастамашылық тәртіппен енгізіледі, бұл туралы ілеспе хатта сілтеме жасалады.
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 144-тармақ өзгертілді
144. Бақылаудағы, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге жіберетін олардың орындалуы туралы есептерде белгіленген орындалу мерзіміне сәйкес міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:
1) егер объективті себептер бойынша тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, жаңа нақты мерзімін көрсете отырып, не орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) ақпаратты ұсыну кезеңділігі мен нақты орындау мерзімін көрсете отырып, не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы өтініш;
3) егер тапсырма толық көлемде және сапалы орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтініш;
4) егер тиісті актіде немесе тапсырмада мерзімді ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат тәртібімен енгізіліп отырғаны туралы жазба.
Президенттің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпаратта Қағидалардың 50-тармағында белгіленген нысан бойынша мәліметтер қамтылуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 145-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 145-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
145. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының, оның ішінде хаттамалық іс-шаралар жоспарлары мен тапсырмаларының нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін:
1) толық және сапалы орындау, оның ішінде қол қойылған заң, Президенттің, Премьер-Министрдің, Үкіметтің қабылданған актісі немесе өзге де нормативтік құқықтық акт;
2) бұрын берілген тапсырманы қамтитын (қайталайтын) Президенттің, Тұңғыш Президент - Елбасының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі, Ассамблея басшылығының, Кеңсе Басшысының жаңа тапсырмасы;
3) мемлекеттік органдардың ақпарат (есептерді) енгізуі;
4) туындаған объективті мән-жайларға байланысты орындаудың мүмкін болмауы;
5) орындалуын одан әрі бақылауды Үкіметке немесе басқа мемлекеттік органға беруі негіз болып табылады.
Бұл ретте Үкіметтің немесе басқа да мемлекеттік органның бақылауына олардың ағымдағы қызметіне байланысты және жаңа шаралар қабылдауды талап етпейтін тапсырмалар ғана берілуі мүмкін;
6) актілер және/немесе тапсырмалар тармақтарын орындаудың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған ел дамуының түйінді индикаторларына қол жеткізуге әсері тұрғысынан талдау нәтижелері.
Кеңсенің құжатты тұтастай немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелері есептің орындалу толықтығы мен сапасы тұрғысынан талдау жүргізеді және Үкімет немесе Кеңсе басшылығының тиісті қарарын, сондай-ақ қажет болған жағдайда қызметтік жазбахат дайындайды. Есептерге талдау жүргізу мерзімі олар Кеңседе тіркелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
146. Премьер-Министрдің орынбасарлары, сондай-ақ Кеңсе Басшысы осы Регламенттің талаптарын, оның ішінде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде Премьер-Министрге ұсыныстар енгізе алады.
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 147-тармақ жаңа редакцияда
147. Президенттің, Тұңғыш Президент - Елбасының, Президент Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкіметтің тапсырмаларын уақтылы орындамау, сапасыз орындау, сондай-ақ орындау мерзімін (екі және одан көп рет) ауыстыру фактілері Кеңсе Басшысында орындаушылық тәртіп жөнінде өткізілетін кеңестерде мемлекеттік органдардың аппарат басшыларын шақыра отырып қаралады.
148. Мемлекеттік органдардың басшылары Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Кеңседе бақылауға алынбаған тапсырмаларды орындау жөнінде ақпарат алу қажет болған кезде Кеңсе Басшысы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 149-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
149. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Президенттің және Президент Әкімшілігі Басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау жөніндегі жауаптардың жобаларын Президент Әкімшілігінің жауапты орындаушыларымен алдын ала жұмыс тәртібімен келіседі.
150. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне әзірлеуші мемлекеттік орган жіберетін ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің актісінде белгіленген актілер мен тапсырмалардың, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Баяндалған мәліметтердің дұрыстығы үшін әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 151-тармақ жаңа редакцияда
151. Президенттің, Тұңғыш Президент - Елбасының жеке тапсырмаларын, және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланған тапсырмаларын орындау жөніндегі есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы адам) не Премьер-Министрдің осы тапсырмаларды орындау тапсырылған орынбасары қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 152-тармақ жаңа редакцияда
152. Президенттің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы Үкіметтің ақпараты Президент Әкімшілігіне Президент, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қарарының адресатына қарай Премьер-Министрдің, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының қолы қойылып енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 153-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
153. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының, Парламент депутаттарының, Бас Прокурордың, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының атына Премьер-Министр жіберетін жауаптардың жобаларын, сондай-ақ Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен мәжілістер хаттамаларының жобаларын Премьер-Министрдің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығы бір тәуліктен асырмай қарайды.
154. Нормативтік құқықтық жарлықтардың әзірлеушісі болып табылатын мемлекеттік органдар тұрақты негізде мониторинг жүргізеді және жартыжылдықтың соңғы айының отызыншы күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда тиісті жарлықтарға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар жібереді.
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 155-тармақ жаңа редакцияда
155. Кеңсе Басшысының Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда Президенттің, Тұңғыш Президент - Елбасының, Президент Әкімшілігі Басшылығының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған Үкіметтің атына берілген тапсырмалардың, сондай-ақ Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалуы тұрғысынан тексеру жүргізуге тапсырма беруге құқығы бар.
156. Кеңсе Басшысы, оның орынбасарлары осы Регламент талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен регламент 11-тараумен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 11-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-тарау. Меморандумдарды дайындау және бекіту
ҚР Үкіметінің 2015.24.04. № 288 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 157-тармақ жаңа редакцияда
157. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін әрбір мемлекеттік орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары тиісті қаржы жылына арналған меморандумды әзірлейді, оған мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі қол қояды және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен 158-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
158. Меморандум мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімінің кезекті қаржы жылына арналған республикалық/жергілікті бюджетте көзделген бюджет қаражаты шегінде түйінді нысаналы индикаторларға басым тәртіппен қол жеткізуді қамтамасыз ету ниетін растайтын құжат болып табылады.
Меморандумды әзірлеу ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін өткен жылғы түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалауды ескере отырып жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен 159-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
159. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумдарын әзірлеу және бағалау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
1-қосымша. ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 1-1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 1-1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен 1-1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-1-қосымша өзгертілді; 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 1-1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-1-қосымша
___________________________
(жобаның МОИП-тағы нөмірі)
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 202__ жылғы « » отырысына
«_________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы бойынша анықтама
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі - Кеңсе),
«_______________________________________________________________» (бұдан әрі - жоба)
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.
Әзірлеуші орган
_________________________________________________________________________________
(жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)
Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:
_________________________________________________________________________________
(Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актісі тармағының нөмірі, қабылданған
күні мен атауы не тапсырманы кім бергені, оның нөмірі мен күні, бастама жасалуы көрсетіледі)
Жобада мыналар көзделеді (жобаны қабылдау немен байланысты)
_________________________________________________________________________________
Жобаны қабылдау
___________________________________________________________________мүмкіндік береді.
Әзірлеушінің ақпараты бойынша жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етеді/талап етпейді (жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары, республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) бюджет қаражатын талап етеді және/немесе республикалық бюджеттен және/немесе басқа да қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы бөлуді талап етеді (талап етпейді).
Жоба Қаржы (министр - тегі және аты-жөні), Әділет (министр - тегі және аты-жөні), Ұлттық экономика (министр - тегі және аты-жөні) министрліктерімен, өзге де мемлекеттік органдармен келісілді.
Жоба Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің ескертулері бойынша пысықталған. Заң бөлімінің қорытындысы қоса беріліп отыр.
Баяндалғанның негізінде жобаны Үкімет мүшелерінің дауыс беруіне шығаруға болады (пысықталған жағдайда «пысықталған редакциясында» деп көрсетіледі).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы
1-2-қосымша. ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы
бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін
ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ
1.__________________________________________________
жобаның атауы
2. Дауыс беру нәтижелері:
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі _________________.
(қолы)
Р/с № | Үкімет мүшесінің лауазымы | Дауыс берді:* | Дауыс берген жоқ |
жақтағандар | қарсы болғандар |
1. | | | | |
2. | | | | |
3. | | | | |
4. | | | | |
5. | | | | |
6. | | | | |
7. | | | | |
8. | | | | |
9. | | | | |
10. | | | | |
11. | | | | |
12. | | | | |
13. | | | | |
14. | | | | |
15. | | | | |
16. | | | | |
17. | | | | |
| | | | |
| | | | |
| Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы | | | |
* Тиісті сандар қойылатын «Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы» деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың «Дауыс берді» және «Дауыс берген жоқ» деген бағандарында тиісінше «+» немесе «-» белгілері қойылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
__________________________
Аты-жөнi
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіндегi
сараптама нәтижелері бойынша
___________________________________________________________
жобаның атауы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрi - Кеңсе) ____________________________________________________
резидент немесе Үкімет кесімінің атауы,
____________________________________________________________________
тармағының нөмірі, оның қабылданған күні не тапсырманы кім
________________________________________ сәйкес немесе бастамашылық бергені, оның нөмірі мен күні көрсетіледi
жасау тәртібімен ___________________________________________________
жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы енгізген ___________________________________________________________
жобаның атауы
қаулының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.
Осы қаулы жобасын (бұдан әрі - жоба) қабылдау қажеттігi _____________________________ негізделген.
негіздемесі көрсетіледi
Жобаны дайындау кезінде Үкімет Регламентінің талаптары сақталған (сақталмаған) (егер қандай да бір бұзушылықтар бар болса, онда олар Регламенттің нақты тармақтарына сілтеме көрсетіле отырып жазылады).
Жобаны қабылдау үшін_____, қарсы _____Үкімет мүшесі дауыс берді, ____ Үкімет мүшесі дауыс берген жоқ.
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық
және/немесе құқықтық салдар________________________________________.
ықтимал салдарлар көрсетіледi
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) _______ теңге бюджет
қаражатын талап етеді және/немесе республикалық бюджеттен және/немесе басқа қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы бөлудi талап етеді (талап етпейді).
Жобаны Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сараптау нәтижелерi бойынша мазмұндық және құқықтық сипаттағы, оның ішінде заңдық техника бойынша ескертулер (ескертулер егжей-тегжейлі жазылады) болды (болған жоқ), оларды (мұндай факт болған кезде) әзірлеушi жобаны пысықтау кезінде жойды (жойған жоқ).
Бұдан басқа,__________________________________________________
қажет болған кезде басқа қосымша мәліметтер
келтіріледi
Жобаны қабылдау_______________________________________________
____________________________________________________________________
жобаны қабылдаудан күтілетін нәтижелер және болжанатын тиімділігі
______________ мүмкіндік береді.
көрсетіледi
Баяндалғанға байланысты жобаны қабылдауға (кері қайтаруға не оны пысықтауға немесе қосымша келісуге жіберуге) болады деп пайымдаймыз.
Премьер-Министр
Кеңсесінің Басшысы _________/________________________
қолы қолдың толық жазылуы
_____________
Күні
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен 5-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен 5-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.24.04. № 288 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.04.12. № 804 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
5-қосымша
Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
АНЫҚТАМА ПАРАҚ
1 | Заң жобасының бастамашысы (органның толық атауы) | |
2 | Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамы | |
3 | Заң жобасы бойынша бас комитет | |
4 | Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні | |
5 | *Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары | |
6 | *Заң жобасының ғылыми сараптамасы | |
*Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері | |
*Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі | |
7 | *Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сараптамалық кеңестердің сараптамалық қорытындылары | |
*Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сараптамалық кеңестердің сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері | |
*Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сараптамалық кеңестердің сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі | |
7-1. | Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса) | |
8 | *Заң жобасын пысықтау процесінде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар | |
9 | Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды | |
10 | Балама жобалардың бар-жоғы | |
11 | Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері | |
12 | Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган | |
13 | Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімі | |
14 | Комитеттің заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында) | |
15 | Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері | |
16 | Заңның күшіне енетін уақыты | |
17 | Өзге де белгілер | |
*Ескертпе: ақпараттың көлемі едәуір болған жағдайда Анықтама параққа жеке қосымшамен ресімдеуге жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 5-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің Регламентіне
5-1-қосымша
Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша, сондай-ақ Үкімет бастамашы болған заң жобасына
Парламент депутаттары енгізген түзетулер бойынша Үкімет қорытындысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру
нәтижелерін есептеу парағы
1. Заң жобасының атауы
Р/с № | Үкімет мүшесі | Дауыс берді:* | Дауыс берген жоқ |
Жақтағандар | Қарсы болғандар |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы | | |
| | | | |
2. Дауыс беру нәтижелері: _____________________________________
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі _________________.
(қолы)
* Тиісті сандар қойылатын «Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы» деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың «Дауыс берді» және «Дауыс берген жоқ» деген бағандарында тиісінше «+» немесе «-» белгілері қойылады.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 5-2-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен 5-2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің Регламентіне
5-2-қосымша
Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып
бекітуге жіберілетін заңнамалық актілер бойынша қорытынды
нысаны
1. Заңнамалық актіні қабылдау негіздемесі.
2. Заңнамалық актіні қабылдау мақсаттары.
3. Заңнамалық актіні іске асырудың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары.
4. Депутаттардың түзетулері туралы мәліметтер.
5. Депутаттардың түзетулері бойынша Үкіметтің қорытындылары туралы мәліметтер.
6. Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту туралы мәліметтер.
7. Қабылданған заңнамалық актінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық актілерге, сондай-ақ Парламент қабылдаған, бірақ Мемлекет басшысы қол қоймаған немесе қолданысқа енгізілмеген заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы ақпарат.