2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы табыс етiлген құжаттардың толық тiзбесiн және олар қабылданған күндi көрсете отырып, өтiнiш берушiге анықтама беруге мiндеттi.
Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талапты электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.
3. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асыру кезiнде сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлғадан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтiн шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.
4. Үшiншi тұлға (ал ол қайтыс болған жағдайда - оның қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құқығы бар тұлға) немесе келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңмен белгiленген жауапкершiлiгiнiң шегiнде үшiншi тұлғаға (зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаға) өтеген және сақтандыру төлемiн алуға құқық алған өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
5. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттарды алған күнiнен бастап отыз күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн уақтылы жүзеге асырмаған жағдайда пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірген, сақтандыру жағдайы деп сақтандырушы таныған немесе соттың шешімімен танылған зиянды өтеу туралы өтініштерді қанағаттандыру олардың түсу ретімен, ал бірнеше өтініш бір мезгілде түскен кезде мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
1) бiрiншi кезекте жеке тұлғалардың өмiрiне және денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар қанағаттандырылады;
2) екiншi кезекте жеке тұлғалардың мүлкiне келтiрiлген зиян өтеледi; 3) үшiншi кезекте заңды тұлғалардың мүлкiне келтiрiлген зиян өтеледі.
20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы
1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушының:
1) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттер жасаған;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер жасаған;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) зиянды азайту жөнiнде ақылға қонымды және қолдан келетiн шараларды қасақана қолданбауы салдарынан оның мөлшерi ұлғайған;
4) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға сақтандыру объектiсi туралы, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлаған;
5) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзiнiң талап қою құқығынан бас тартқан, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының ауысуы үшiн қажеттi құжаттарды беруден бас тартқан жағдайларда төленген сома шегiнде сақтанушыға керi талап қоюға құқығы бар.
2. Сақтанушының (сақтандырылушының) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өтелген, келтiрiлген зиян үшiн жауапты тұлғаға керi талап қою құқығы төленген сома шегiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға ауысады.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы, қасақана iс-әрекеттердi қоспағанда, қызметтiк, лауазымдық немесе өзге де еңбек мiндеттерiн бұзуы қауіпті өндірістік фактордың туындауына себеп болған олардың қызметкерлерiне керi талап қоюға құқылы емес.
21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босату негiздерi
1. Егер сақтандыру жағдайы:
1) қажеттi қорғану мен аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерi;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерi салдарынан болса, сақтандырушы сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Егер сақтандыру жағдайы:
1) әскери iс-қимылдар;
2) азаматтық соғыс, халықтың кез келген толқулары, жаппай тәртiпсiздiк немесе ереуiлдер салдарынан болса, сақтандырушы сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырудан босатылады.
3. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуына мыналар да:
1) объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан артық зиянды өтеу туралы кез келген талаптар;
2) сақтанушының (сақтандырылушының) және (немесе) пайда алушы болып табылатын өзге тұлғаның залал келтiруге кiнәлi тұлғадан залалдың тиiстi өтемiн алуы;
3) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарламау негiз болуы мүмкiн.
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiнен бас тарту туралы шешiм қабылдайды және отыз күн iшiнде бас тарту себептерiн дәлелдi негiздей отырып, сақтанушыға (сақтандырылушыға) және (немесе) пайда алушыға жазбаша нысанда хабарлайды.
5. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүргiзуден бас тартуына сақтанушы (сақтандырылушы) және (немесе) пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сотқа шағым жасауы мүмкiн.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды
21-1-бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (үшінші тұлға, пайда алушы):
талаптарды көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жазбаша өтініш жіберуге не объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа өтініш жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (үшінші тұлғадан, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (үшінші тұлға, пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (үшінші тұлғаның, пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
22-бап. Дауларды қарау тәртібі
Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
23-бап. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
Президентi | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |