4) Қазақстан Республикасы Президентінің ОМО-ға беретін жеке тапсырмалары;
5) «Бақылауға алынды» деген мөртаңба болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік немесе өзге құжаттар бойынша тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;
6) ОМО-ға тапсырмалары бар Үкімет қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері, Үкімет отырыстарының, Премьер-Министрде, Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары;
7) Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Президент Әкімшілігінің Басшылығы Кеңсенің атына берген, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы адамның) орындау мерзімдері көрсетілген немесе бақылауға алынғаны туралы нұсқау, «шұғыл», «өте шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері бар тапсырмалары, сондай-ақ мазмұнынан бақылауға қою қажеттілігі туындайтын тапсырмалар;
8) Парламент депутаттарының сұраулары және олар бастамашы болған, Үкімет қорытындысы қажет заң жобалары;
9) мемлекеттік органдардың мазмұнынан жауап, түсініктеме беру, қандай да бір мәселе бойынша ұсыныстар енгізу қажеттігі туындайтын хаттары;
10) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
11) ОМО-ға келісу үшін түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары;
12) бұйрықтар, хаттамалар, алқа шешімдері, ОМО басшылығының тапсырмалары;
13) ОМО атына түсетін прокурорлық қадағалау актілері, оның ішінде кұпия құжаттар (бұдан әрі - бақылау құжаттары) бақылауға алынады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
32. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері ОМО-ға орындауға келіп түскен кезде оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары қажет болған кезде жасалады және бірінші басшының шешімімен бекітіледі. Бұл ретте орындаушыда осы тапсырмаға қатысты барлық құжаттар қамтылатын арнайы жинақтау папкасы жасалады.
33. ОМО-да бақылаудағы құжаттарды бақылауға қою және бақылаудан алу, орындалу мерзімдерін ұзарту нормативтік құқықтық актілерге және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
34. ОМО бақылау жүйесін мыналар құрайды:
ОМО бірінші басшысы - ОМО қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды, соның ішінде бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын жүзеге асырады;
ОАО жауапты хатшысы (не жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын ОАО лауазымды адамы) (ол болған кезде) - ОМО басшысының тапсырмаларын орындау бойынша аппарат жұмысын ұйымдастыруға жауап береді, атқарушылық тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады, бақылаудағы құжаттарды уақтылы орындау мақсатында ОМО бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, аппарат жұмысының ұйымдастырылуына, ОМО бөлімшелерінде еңбек және атқарушылық тәртіп үшін ОМО бірінші басшысының алдында дербес жауапкершілік көтереді;
ОМО құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - ОМО-да өздері басқаратын бөлімшелердің құжаттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады, бақылаудағы құжаттардың мерзімін бұзуға жол берген немесе сапасыз орындаған өз қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді, ОМО қарамағындағы құрылымдық бөлімшелердің жұмысы үшін ОМО басшылығының алдында дербес жауапкершілік көтереді;
ОМО құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің басшысы - құжаттарды уақтылы тіркеуді және бақылауға қоюды қамтамасыз етеді, ОМО басшылығының қарарын ескере отырып, олардың орындалу мерзімдерін белгілейді, ОМО-да атқарушылық тәртіптің жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады, бақылаудағы құжаттар тізбесі мен олардың орындалу (апта сайын) мерзімдері келгендігі туралы ескертулерді тарату арқылы келіп түскен бақылаудағы тапсырмалар және оларды орындау мерзімдері туралы ОМО басшылығын хабардар етеді, іс қағаздарын жүргізуге және ішкі бақылауға жауапты ОМО құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді, ОМО іс қағаздарын жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмысын ұйымдастыру үшін дербес жауапкершілік көтереді, өз функцияларын тиімсіз жүзеге асыратын ОМО бөлімшелерінің басшыларын, сондай-ақ бақылаудағы тапсырмалардың мерзімін өткізуге жол берген немесе сапасы) орындаған ОМО қызметкерлерін жауапқа тарту туралы ОМО бірінші басшысына өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізеді;
ОМО құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі - бақылаудағы құжаттардың орындалу және өткізу мерзімін, ОМО-да атқарушылық тәртіптің жай-күйін, құжаттардың тіркелуін, бақылауға қойылуын, орындалған құжаттардың бақылаудан алынуын, бақылаудағы тапсырмалар тізбесінің дайындалуын және ОМО басшылығы мен ОМО бөлімшелеріне оларды орындау мерзімдері туралы ескертулердің жіберілуін бақылауды жүзеге асырады; құжаттарды бақылауға қою және оларды бақылаудан алу дұрыстығына, бақылаудағы құжаттардың орындау мерзімдерін белгілеуге және ауыстыруға жауапкершілік көтереді.
35. Бақылаудағы құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ОМО іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықта мемлекеттік органның бөлімшелерінде бақылаудағы құжаттарды өткізу мерзімдері және тәртібі, сондай-ақ бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындалған құжаттарды міндеттерді бөлуге сәйкес қол қоюға немесе бұрыштама қоюға ОМО басшылығына беру тәртібі көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 35-1-тармақпен толықтырылды
35-1. Мемлекеттік органдардың атына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылаудағы тапсырмалары туралы ескерту МО ИП-та электрондық құжаттар нысанда ескертпелерді қалыптастыру және орналастыру көмегімен орындалады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
36. Бақылаудағы құжаттарды орындау барысында ОМО бөлімшелері дайындаған құжаттардың жобалары міндеттерді бөлуге сәйкес ОМО басшылығына орындау мерзімі біткенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал ОМО бірінші басшысына - орындау мерзімі біткенге дейін екі күннен кешіктірмей бұрыштама қоюға беріледі.
Бақылаудағы құжаттардың орындалуы 5-тен 10 жұмыс күніне дейінгі мерзіммен орындау барысында дайындалған құжаттар орындау мерзімі біткенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей міндеттердің бөлінуіне сәйкес ОМО басшылығына бұрыштама қоюға және ОМО бірінші басшысына қол қоюға беріледі.
Бақылаудағы құжаттарды орындау барысында 5 жұмыс күніне дейін орындау мерзімімен дайындалған құжаттар көрсетілген лауазымды адамдар кезектен тыс тәртіппен оның дайындауы бойынша дереу және тез арада ОМО басшылығына міндеттерді бөлуге сәйкес бұрыштама қоюға және ОМО бірінші басшысына қол қоюға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
37. ОМО-да хат-хабарларды өткізуге байланысты рәсімдердің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында оның ресми интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналасады:
ОМО-да құжаттарды орындау және өткізу мерзімдерін бақылау үшін жауапты құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, тікелей телефоны;
ОМО құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, тікелей телефоны;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ОМО-да жұмыс істейтін сенім телефонының нөмірі;
ОМО басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі;
заңнамаға сәйкес өзге де ақпарат.
9. Орталық мемлекеттік органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
және азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру
38. ОМО-да азаматтардың өтініштерін қарау және қабылдау Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қарашадағы № 221 заңдарына және «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.