мынадай мазмұндағы 51-1) және 51-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«51-1) жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер - диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурс қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін қызметтер;
51-2) жоспарлы медициналық көмек - шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмекті қажет етпейтін профилактикалық іс-шаралар, аурулар мен жай-күйлер кезіндегі медициналық көмек;»;
70) және 74) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«70) медициналық көмек - халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге, сондай-ақ емделмейтін аурулардың ауыр белгілерін жеңілдетуге бағытталған медициналық қызметтер көрсетудің дәрілік көмекті қамтитын кешені;»;
«74) медициналық қызметтер көрсету - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылы;»;
мынадай мазмұндағы 118-1) тармақшамен толықтырылсын:
«118-1) шұғыл медициналық көмек - уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес, кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы кезіндегі денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қауіпті жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін медициналық көмек;»;
3) 2-баптың 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
5-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«1) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5-тармақтың 3) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;
3) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөнiндегi көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
5-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық техниканы сатып алу;»;
5-тармақтың 3-1) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) 2-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау және денсаулық сақтау субъектілерінің шығындарын өтеу;»;
4) 6-бапта:
7) тармақша алып тасталсын;
12) және 12-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық және фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды;»;
«12-2) бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларын бекітеді;»;
5-тармақтың 5) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) 7-баптың 1-тармағында:
75) тармақша алып тасталсын;
123) тармақшадағы «бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 124) тармақшамен толықтырылсын:
«124) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін қалыптастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
5-тармақтың 6) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) 9-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерге шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;»;
5-тармақтың 7) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) 10-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;»;
5-тармақтың 8) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия
1. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия клиникалық хаттамаларды, медициналық білім беру, дәрілік қамтамасыз ету стандарттарын, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу мақсатында құрылады.
2. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады.
3. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру тәртібін, оның қызметі туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.»;
5-тармақтың 9) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) 14-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу уәкiлеттi орган бекiтетiн аккредиттеу стандарттарына олардың қызметiнiң сәйкестiгiн сыртқы кешендi бағалау негiзiнде жүргiзiледi және ол тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсетуге арналған қызметтерді сатып алу шарттарын жасасу кезінде ескерiледi;»;
5-тармақтың 10) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері;»;
5-тармақтың 11) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 24-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілері үшін - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен және (немесе) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт негізінде жүзеге асырылады.»;
12) мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын:
«33-1-бап. Медициналық көмектің көлемі
Медициналық көмек мынадай көлемде ұсынылады:
1) базалық - осы Кодекстің 34-бабына сәйкес ұсынылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі;
2) медициналық көмектің мыналарды:
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті;
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.»;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) 34-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
5-тармақтың 13) тармақшасының екінші - он үшінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен ұсынылады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін, материалдық-техникалық базасын, ғылыми-техникалық әлеуетін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне:
1) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация;
2) әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқығы жоқ адамдарға мыналарды:
алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
3) мынадай:
әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде - уәкілетті орган айқындайтын, ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
шұғыл көрсетілімдер бойынша - алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасының болу-болмауына қарамастан стационарлық көмек;
4) әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде - алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын көмек;
5) профилактикалық екпелер кіреді.»;
14) 35-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;»;
15) 38-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызмет;»;
16) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«42-бап. Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер
1. Жоғары технологиялы медициналық қызметтерді көрсететiн медициналық ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтердің түрлері мен оларды ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
17) 44-баптың 7) және 8) тармақшалары алып тасталсын;
18) 45-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі азаматтарға медициналық ұйымды таңдау құқығы ескеріле отырып, олардың тұрғылықты және (немесе) бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады.»;
19) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Консультациялық-диагностикалық көмек - тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер қолданылатын көмек.»;
20) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Стационарлық көмек - тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, білікті, мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.»;
21) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Стационарды алмастыратын көмек - медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.»;
5-тармақтың 22) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:
76-бап. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және медициналық көмектiң қосымша көлемiн көрсетуге арналған дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу
1. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және медициналық көмектiң қосымша көлемiн көрсетуге арналған дәрiлiк заттар халықаралық патенттелмеген атауларымен, ал пациенттің қабылдауына болмайтын жағдайда - сауда атауларымен сатып алынады. Көп компоненттi дәрiлiк зат сатып алынған жағдайда оның құрамы көрсетiледi.
2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберінде дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшiн бөлiнетiн бюджет қаражатын және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын оңтайлы және тиiмдi жұмсау мақсаттарында дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар уәкiлеттi орган белгiлегеннен аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.»;
23) 88-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
5-тармақтың 23) тармақшасының екінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«3) медициналық ұйымды, оның ішінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шарттармен медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті таңдауға;
4) өздерінің жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің өздерінің қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс қосымша медициналық көрсетілетін қызметтерге;»;
5-тармақтың 24) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
24) 90-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар төлеуге;»;
4-тармақ 16) тармақшадағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар төлеуге міндетті.»;
25) мынадай мазмұндағы 185-1-баппен толықтырылсын:
«185-1-бап. Өтпелі ережелер
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Кодекстің 34-бабының 2-тармағы 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылатын болып белгіленсін:
«2) әлеуметтік мәні бар аурулар, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде мыналарды:».
6-тармақ 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында тақырыбы мынадай мазмұндағы 92-1-баппен толықтырылсын:
«92-1-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу»;
2) 44-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы 10) тармақшадағы «сомасының пайызымен көрсетiледi.» деген сөздер «сомасының;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) сомасының пайызымен көрсетiледi.»;
3) мынадай мазмұндағы 92-1-баппен толықтырылсын:
«92-1-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу
1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушінің Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді:
1) мемлекеттік кіріс органдарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілердің тізімдерін ұсынбау;
2) жұмыс берушілердің, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеуі, (аудармауы), уақтылы және (немесе) толық төлемеуі (аудармауы) түрінде орындамауы не тиісінше орындамауы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) аударымдар және (немесе) жарналар сомасының жиырма, орта кәсіпкерлік суъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді:
1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша әлеуметтік аударымдарды төлеушінің банктік шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпау;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың және өсімпұлдардың сомаларын алуға мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орындамау түрінде орындамауы - Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде төлеушілердің банктік шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасы заңға сәйкес белгіленген, әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;
4) 220-бапқа ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе. Осы баптың талаптары осы Кодекстің 91-бабының сегізінші бөлігінде, 92-бабының төртінші бөлігінде, 92-1-баптың үшінші бөлігінде, 285-бабында жауаптылық көзделген әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.»;
5) 285-баптың үшінші бөлігінің 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін төлем құжаттарын дұрыс көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірімен қабылдау;»;
«5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын аудармау (есебіне жатқызбау), уақтылы аудармау (есебіне жатқызбау) не банкке немесе бюджет жүйесінің кассалық орындауын жүзеге асыратын басқа да ұйымға салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінан төлем құжатындағы деректемелерді толтыру кезінде қате жіберу;»;
6) 720-баптың бірінші бөлігі «92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздерден кейін «, 92-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
7) 807-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы «92» деген цифрлардан кейін «, 92-1» деген цифрлармен толықтырылсын.
7-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат):
7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Денсаулық сақтау
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ерікті медициналық сақтандыру полисі болған кезде көрсетіледі.».
8-тармақ 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 51-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зейнетақы активтерiн, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғаның банктегі ақшасы мен басқа да мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкімі) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.»;
2) 74-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Таратудың конкурстық массасын қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және кастодиан-банкке сақтау мен есепке алу үшiн сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу мен сақтау үшiн кастодиан-банкке сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері, инвестициялық қорлардың активтерi, арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтері енгiзiлмейдi. Кастодиан-банкке сақтау мен есепке алу үшін сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері, инвестициялық қордың активтерi, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлік инвестициялық қордың, арнайы қаржы компаниясының немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.»;