3) Қазақстан Республикасы ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушыларға арналған мұнай өнімдерін өндірушілерге шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын беру кестелерін бекітеді;
4) мұнай өнімдерін беру жоспарларын бекітеді;
5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Мұнай өнімдері базаларын иеленушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерінің келіп түсуі, тиеп-жөнелтілуі және сақтауда болуы жөніндегі ақпаратты ұсынады.
24-бап. Көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстары кезеңдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді және жылу беру кезеңінде жылумен жабдықтау ұйымдарын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз етуге байланысты мұнай өнiмдерiнің айналымын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
1. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган жыл сайын облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы жұмыстарының межелі көлемдерін ескере отырып, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұндай көлемдерді мұнай өңдеу жоспарларында ескеру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге мұнай өнімдерін беру көлемі туралы ұсыныс енгізеді.
2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өңдеу жоспарларында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге беру үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін ескереді.
3. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өңдеу жоспарларында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған, алдағы жылғы жылу беру кезеңіне жылумен жабдықтау ұйымдарына беру үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін ескереді.
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар жыл сайын, мұнай өнімдерін өткізу кезінде: 1 наурыз - 31 мамыр және 1 тамыз - 31 қазан аралығы кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге, ал 31 қазан - 1 наурыз аралығы кезеңінде жылумен жабдықтау ұйымдарына басымдық беруге міндетті.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң мыналарды:
1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 17-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) тармақшасын, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарын және 21-бабының 1-тармағының бірінші бөлігін;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) мұнай өнімдерін өндірушілер үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай берушілер үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-баптың 3-тармағының 6) және 7) тармақшаларын және 19-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын;
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) мыналар:
астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін - 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап;
осы тармақшаның екінші абзацында көрсетілмеген жанармай құю станциялары үшін - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 19-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 1-бабының 26) тармақшасындағы «есепке алатын бақылау аспаптарымен» деген сөздер «мұнай өнімдерін есепке алуды қамтамасыз ететін өлшеу құралдарымен» деген сөздер болып есептелсін.
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңның 16-бабы 3-тармағының екінші бөлігіндегі «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер деп есептелсін.
4. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 33-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2010 ж., № 20-21, 119-құжат; № 22, 128-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы шілденің 20-ы.
№ 463-IV