4. Салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару салық органының шешімі негізінде:
1) осы Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің:
мұнай өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстік объектiсiн жалға алу;
мұнай өнiмдерi базасын (резервуарды), автожанармай құю станциясын жалға алу;
автожанармай құю станциясын иеленушімен жасалған, оған сәйкес автожанармай құю станциясын иеленуші (сенім білдірілген өкіл) тапсырма шарты бойынша бензинді (авиациялық бензиннен басқа) және (немесе) дизель отынын бөлшек саудада өткізуді оның атынан немесе өтініш берушінің (сенім білдірушінің) тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын тапсырма;
мұнай берушінің мұнай өнiмдерiн өндiрушiмен жасалған мұнайды қайта өңдеу;
темекі бұйымдарын көтерме саудада өткізу кезінде қоймалық үй-жайды жалға алу шартының қолданысы тоқтатылған;
2) осы Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша болмаған;
3) осы Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші акциз бойынша декларацияны және (немесе) есеп айырысуды ұсыну үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнен кейін үш айлық кезең ішінде оларды ұсынбаған жағдайларда, жүргізіледі.
5. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығару туралы шешімді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердің тiркелген жеріндегі салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
6. Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебінен шығарылған салық төлеуші туралы ақпарат тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
6-параграф. Салық төлеушіні әрекет етпейтін, тарату, қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату сатысында тұрған деп тану
91-бап. Әрекет етпейтін салық төлеуші
1. Әрекет етпейтін салық төлеушілерге әрекет етпейтін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жатады.
2. Осы Кодексте белгіленген ұсыну мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салықтық кезең үшін:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны;
2) егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі үш салықтық кезең үшін ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны;
3) егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі екі салықтық кезең үшін жеңілдетілген декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны ұсынбаған резидент-заңды тұлға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекет етпейтін заңды тұлға болып танылады.
3. Осы Кодексте белгіленген ұсыну мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салықтық кезең үшін:
жеке табыс салығы бойынша декларацияны;
егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі үш салықтық кезең үшін ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны;
егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі екі салықтық кезең үшін жеңілдетілген декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны;
соңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін ұсынбаған дара кәсіпкер әрекет етпейтін дара кәсіпкер болып танылады.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының қолданысы қызметін тоқтата тұрған резидент-заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаларға, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен дара кәсіпкерлерге оны тоқтата тұру кезеңіне қолданылмайды.
5. Салық органдары салық төлеушілерді әрекет етпейтін деп тану туралы бұйрықты жыл сайын, 30 сәуірден кешіктірмей шығарады, олар туралы мәліметтер осындай бұйрық шығарылған күннен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
6. Әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушілер туралы мәліметтер:
1) салық төлеуші салықтық есептілікті ұсыну бойынша салықтық міндеттемені орындағаннан;
2) салықтық есептілікті осы Кодексте белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін салық төлеушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдар қолданылған жағдайда, олар төленгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қабылданған салық органының бұйрығына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.
7. Әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушілер туралы мәліметтер салық органының тиісті бұйрығы қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.
8. Салық төлеуші Заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмінен алынған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, мұндай салық төлеушілер бір мезгілде әрекет етпейтін салық төлеушілер тiзiлiмінен алып тасталады.
92-бап. Тарату (қызметін тоқтату) сатысында тұрған салық төлеуші
1. Таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты салықтық тексеру жүргізуге салықтық өтініш немесе қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынған тұлға тарату (қызметін тоқтату) сатысында тұрған салық төлеуші болып танылады. Бұл ретте мұндай салық төлеуші туралы ақпарат тиісті өтініш ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.
2. Салық органдары тарату (қызметін тоқтату) сатысында тұрған салық төлеушілер тізімінен тұлғаны алып тастауды:
1) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған жағдайда - мұндай мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
2) дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда - тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
93-бап. Салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату ерекшеліктері
1. Мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде:
салықтық есептілікті ұсынбаған;
экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;
егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған;
қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;
2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:
қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;
осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;
жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;
әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ резидент-заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері, қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер жатады.
Осы тармақтың ережелері:
1) осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын;
2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
2. Салық органдары жыл сайын:
1) осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін субъектілердің бастапқы тізбесін 1 наурыздан кешіктірмей қалыптастырады;
2) мынадай мәліметтерді:
сәйкестендіру нөмірін (ол болған жағдайда);
салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не субъектінің атауын;
субъектінің орналасқан жеріндегі салық органының атауын;
кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) қабылдау үшін салық органының мекенжайын көрсете отырып, мәжбүрлі түрде таратылуға жататын субъектілердің қалыптастырылған тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында 1 сәуірден кешіктірмей орналастырады;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) субъектілердің қалыптастырылған тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылғаннан кейін 1 мамырдан кешіктірмей, мәліметтер алу үшін:
екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы;
уәкілетті мемлекеттік органдарға - мүліктің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің бар-жоғы туралы;
тіркеуші органға - Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мәліметтердің болуы (болмауы) туралы сұрау салулар жібереді.
3. Қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттар қоса берілген, кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) салық органдары күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін қабылдайды.
4. Мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесі осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтер алынған және кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштері (наразылықтары) болмаған жағдайда күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей қалыптастырылады.
5. Салық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетілген тізбеге қосылған субъектілерге қатысты мәжбүрлі түрде тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) үшін талап қою арыздарын сотқа күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей жібереді.
10-тарау. КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ
94-бап. Камералдық бақылау
1. Салық төлеушi (салық агенті) ұсынған салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негiзiнде салық органдары жүзеге асыратын бақылау камералдық бақылау болып табылады.
Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
2. Салық органдарында тіркеу есебіне қою және (немесе) осы Кодекстің 96-бабына сәйкес салықтық есептілікті ұсыну және (немесе) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу арқылы салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жою құқығын беру камералдық бақылаудың мақсаты болып табылады.
95-бап. Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі мен мерзімдері
1. Камералдық бақылау салық органдарында бар мынадай деректерді:
1) салықтық есептілікті;
2) өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерін;
3) салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді;
4) осы Кодексте белгіленген өзге де есептілікті салыстыру арқылы жүргізіледі.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Камералдық бақылау шот-фактуралар электрондық нысанда жазып берілгеннен кейін және (немесе) осы Кодексте белгіленген осындай кезең үшін салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткеннен кейін тиісті салықтық кезең үшін жүргізіледі.
3. Камералдық бақылау осы Кодекстің 48-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
96-бап. Камералдық бақылау нәтижелерi
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:
тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша - анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімделеді.
Бұл ретте тауарларды өткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету бойынша нақты айналым жасауды белгілеу мақсатында электрондық нысанда шот-фактуралар жазып берілгеннен кейін жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар болып табылады;
тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша - анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар бойынша - анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархат ресімделеді.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархат салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептілікте бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мәлімет үшін жіберіледі.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархаттың нысанын уәкілетті орган белгілейді.
2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол тапсырылған (алынған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Мыналар:
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда - салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтарды:
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
анықталған бұзушылықтар жататын салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;
салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ салық төлеушіге осындай сомалар аударылған күннен бастап әрбір күн үшін осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларды кері қайтарып алу, түзету немесе толықтыру арқылы жоюы;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтармен келіспеген жағдайда - осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына салықтық есептілікке енгізілген деректердің анықтығын растайтын салықтық және (немесе) бухгалтерлік есепке алулар (есепке алу) тіркелімдерінен үзінді көшірмелерді және (немесе) көрсетілген бұзушылықтарға қатысты құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтармен келіспеген жағдайда - салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына бұзушылықтарда көрсетілген операцияларды (мәмілелерді) жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып танылады.
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген түсініктерде:
салық төлеушінің (салық агентінің) түсінікке қол қойған күні;
түсінікті ұсынған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (тұрған жері);
салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауы;
түсінік ұсынылатын хабарламаның күні мен нөмірі;
түсінікті ұсынған тұлғаның осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды міндетті түрде қоса бере отырып, хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеу мән-жайлары көрсетілуге тиіс.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны түсінік ұсыну арқылы орындау шеңберінде хабарламада сипатталған бұзушылықтарға жатпайтын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
3. Салық төлеуші осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген түсінікті камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған мынадай:
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мыналар:
жазып берілуі бойынша әрекетті (әрекеттерді) заңды күшіне енген сот актісімен немесе қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысымен жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған (жасалған) деп танылған шот-фактураның және (немесе) өзге құжаттың негізінде;
заңды күшіне енген сот шешімің негізінде жарамсыз деп танылған мәмілелер бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу және қосылған құн салығын есепке жатқызу кезіндегі;
2) заңды күшіне енген сот шешімінде белгіленген, басшысының және (немесе) құрылтайшысының (қатысушысының) мұндай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) оның қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысы жоқ салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу кезіндегі;
3) мыналар:
заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен және (немесе) дара кәсіпкерлермен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша;
заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған заңды тұлғалармен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу кезіндегі бұзушылықтар бойынша ұсынуға құқылы емес.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны бұзушылық жойылмаған немесе бұзушылық толық көлемде жойылмаған жағдайларда орындалмады деп таниды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмады деп танылған кезде салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім шығарады және оны салық төлеушіге мынадай тәсілдерінің бірімен:
1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
2) электрондық тәсілмен веб-қосымшаға немесе пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жібереді;
3) оны салық төлеушіге қолын қойдыра отырып табыс етеді.
Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай жағдайларда:
1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілгенде - салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Бұл ретте пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай шешімді пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;
2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:
салық органы шешімді веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады;
шешім пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бұл тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады;
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жіберілгенде - оны келу тәртібімен алған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешім табыс етілген (алынған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) оған жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасауы жүргізіледі.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағымның көшірмесін осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешімді жіберген салық органына жіберуге тиіс.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2. Осы баптың 4-1-тармағында белгіленген мерзім дәлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда, шағымды қарайтын салық органы және (немесе) уәкілетті орган бұл мерзімді шағым беретін салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішхаты бойынша қалпына келтіреді.
Шағымды қарайтын салық органы шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру мақсатында осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешім жіберілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған кезде) еңбекке уақытша қабілетсіздігін дәлелді себеп ретінде таниды.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешім жіберілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген адамдар болмаған уақытта оларды алмастыратын адамдардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың еңбекке уақытша қабілетсіздігін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.