2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) инвестициялар туралы келісімде көзделген қызмет түрі бойынша инвестициялық жобаны іске асыратын;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мыналарды:
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметті;
акцизделетін өнімдерді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
лотерея өткізуді;
ойын бизнесі саласындағы қызметті;
радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызметті;
банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
аудиторлық қызметті;
бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті;
цифрлық майнинг саласындағы қызметті;
кредиттік бюролар қызметін;
күзет қызметін;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызметті;
жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін;
пайдалы қазбаларды өткізуді, оның ішінде трейдерлер қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын;
4) арнаулы салық режимдерін қолданбайтын заңды тұлға инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға болып табылады.
2. Егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар жер салығын және (немесе) мүлік салығын есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттерді және (немесе) мөлшерлемелерді ұлғайтуды не корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде азайту мөлшерін өзгертуді көздейтін болса, инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға инвестициялық жоба шеңберіндегі қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді инвестициялар туралы келісім жасалған күні қолданыста болған коэффициенттерді қолдана отырып және (немесе) мөлшерлемелер бойынша айқындайды, сондай-ақ корпоративтік табыс салығын есептеу кезіндегі азайту мөлшерін қолданады.
Осы Кодекске арнайы экономикалық аймақтың аумағына импортты немесе арнайы экономикалық аймақтың аумағында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарды қосылған құн салығынан босатудың күшін жоюды көздейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға мұндай босатуды инвестициялар туралы келісімнің мерзімі аяқталғанға дейін қолданады.
3. Инвестициялар туралы келісімнің қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салықтар бойынша преференциялар және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік ол жасалған күннен бастап күшін жояды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, салық төлеуші инвестициялар туралы келісім бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осы келісім жасалған күннен бастап оны бұзған күнді қоса алғандағы салықтық кезеңдер үшін қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.
4. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға қызметін арнайы экономикалық аймақты тарату кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асырған жағдайда салық төлеуші салықтар бойынша преференцияларды инвестициялар туралы келісімнің мерзімі аяқталғанға дейін қолданады.
712-2-бап. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу
1. Инвестициялар туралы келісім осы Кодекстің 712-1-бабында көзделген шарттар сақталған кезде мынадай преференцияларды көздеуі мүмкін:
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын инвестициялар туралы келісімде айқындалған, инвестициялар туралы келісім шеңберінде жаңа өндірістер ретінде енгізілген, кеңейтілген немесе жаңартылған тіркелген активтерді пайдалану арқылы алынған қызмет түрлері бойынша инвестициялық жобаны іске асырудан түскен кірістер бойынша 100 пайызға азайту;
2) инвестициялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу кезінде 0 коэффициентін қолдану;
3) инвестициялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын объектілер бойынша мүлік салығын есептеу кезінде салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлемесін қолдану;
4) инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға қызметін арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асырған кезде осы Кодекстің 394-бабының 39), 43-1) және 47) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарды қосылған құн салығынан босату;
5) осы Кодекстің 712-3-бабына сәйкес салық төлеушінің нақты шығыстарының сомасынан есептелген салықтық міндеттемелерді азайту.
2. Инвестициялар туралы келісім шеңберінде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасын қолданудың шекті мерзімі осындай келісім жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады және келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан он жылдан кешіктірілмей аяқталады.
3. Инвестициялар туралы келісім шеңберінде осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қолданудың шекті мерзімі келісім жасалған айдың 1-інен басталады және осындай келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан он жылдан кешіктірілмей аяқталады.
4. Инвестициялар туралы келісім шеңберінде осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасын қолданудың шекті мерзімі бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген айдың 1-інен басталады және (немесе) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдардың құрамында ескерілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан сегіз жылдан кешіктірілмей аяқталады.
5. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға осы Кодекстің корпоративтік табыс салығын азайтуды, мүлік салығы мен жер салығын есептеу кезінде төмендетілген мөлшерлемелер мен коэффициенттерді қолдануды көздейтін басқа ережелерін қолдануға құқылы емес.
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға салықтық міндеттемелерді есептеу мақсатында салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.
712-3-бап. Салық төлеушінің нақты шығындары сомасынан салықтық міндеттемелерді азайту тәртібі
1. Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғаның салықтық міндеттемелерін инвестициялық жоба бойынша нақты шығыстардың сомасына азайту, егер инвестициялар туралы келісімде осындай азайту көзделсе, жүргізіледі.
Инвестициялар туралы келісім инвестициялық жоба шеңберінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай келісім жасалған қаржы жылының басында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің он бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес сомада инвестицияларды жүзеге асыру кезінде ғана салықтық міндеттемелерді осындай азайтуды көздеуі мүмкін.
Инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғалар арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асырған кезде оларға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
2. Мемлекеттік уәкілетті орган салық төлеушімен инвестициялар туралы келісім жасасқан кезде корпоративтік табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша преференциялардың және көрсетілген салықтар бойынша салықтық міндеттемелерді азайтудың қолданылуы салық төлеушінің жүзеге асырылған инвестициялар шегіндегі нақты шығыстарының сомасынан аспайтынын ескере отырып, салықтар бойынша преференциялардың есеп-қисабын жүргізеді.
3. Салық төлеушінің корпоративтік табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша салықтық міндеттемелерін инвестициялық жоба бойынша нақты шығыстар сомасына азайту көрсетілген салықтар бойынша преференциялар қолданылған он жыл өткеннен кейін инвестициялар туралы келісімнің жиырма бес жылдан аспайтын қолданылу мерзімі шегінде қолданылады. Салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін азайту инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде жүзеге асырылған нақты шығыстардың жиырма пайызынан аспайтын мөлшерде жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім осы Кодекстің 712-2-бабының ережелері ескеріле отырып қолданылады.
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 80-2-тараумен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
80-2-тарау. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу
712-4-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметімен инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасалса;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) көмірсутекті пайдалы қазбаларды өндіретін жер қойнауын пайдаланушыларды және мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, тауар өндіруші болып табылса, инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлға болып табылады. Осы тараудың мақсаттары үшін тауар өндіруші деп инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім берілген жылдың алдындағы жыл үшін жылдық жиынтық кірісінің кемінде жетпіс пайызын өз өндірісінің тауарларын өткізуден не осындай тұлға өндірген пайдалы қазбаларды және (немесе) осындай тұлғаның пайдалы қазбаларды қайта өңдеуі нәтижесінде алынған өнімдерді өткізуден түсетін кіріс құрайтын заңды тұлға түсініледі;
2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ірі немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылса;
4) акцизделетін тауарларды өндіру қызметін жүзеге асырмаса;
5) арнаулы салықтық режимдерді қолданбаса, инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлға болып табылады.
2. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде осы Кодекстің 712-5-бабында көзделген Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, ол жасалған күннен бастап күшін жояды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда салық төлеуші инвестициялық міндеттемелер туралы келісім бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осы келісім жасалған күннен бастап оны бұзу күнін қоса алғандағы күнге дейінгі салықтық кезеңдер үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынуға міндетті.
Егер инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданысы тоқтатылған кезде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде осындай келісімдер үшін көзделген соманың кемінде тоқсан пайызы қаржыландырылған жағдайда, осы Кодекстің 712-5-бабында көзделген Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданысы тоқтатылған жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жояды.
712-5-бап. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлғаларға салық салу
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан салық төлеушілердің салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуі көрсетілген келісім жасалған кезге қолданыста болатын салықтық режимге сәйкес, осындай келісім (Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік) жасалған жылдың 1 қаңтарынан бастап он жыл ішінде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан салық төлеуші (салық агенті) салықтық міндеттемені есептеуді осындай міндеттеме туындаған кезге қолданыста болатын салықтық режимге сәйкес мынадай салықтар және бюджетке төленетін төлемдер бойынша жүзеге асырады:
қосылған құн салығы;
акциз;
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы;
жеке табыс салығы;
төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы.
3. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасалған кезге қолданыста болған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жекелеген түрлерінің күші жойылған жағдайда, салық төлеуші осындай келісім жасалған кезге қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерлерде оларды бюджетке төлеуді жалғастырады.
22-БӨЛІМ. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ
81-тарау. ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 713-бап өзгертілді
713-бап. Төлеушілер
Шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдерін экспортқа өткізетін жеке және заңды тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушілер болып табылады, бұған:
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Кодекстің 722-бабының 1-тармағында көрсетілген келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар;
жер қойнауын пайдалануға баламалы салық төлеушілер болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнай мен газ конденсаты экспортының көлемдері кірмейді.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері деп Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2709 00 қосымша позициясында сыныпталатын тауарлар танылады;
2) 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 714-бап өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
714-бап. Салық салу объектiсi
Жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалардың экспортқа өткізілетін және мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуге мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға өткізетін көлемдерді қоспағанда, экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі экспортқа рента салығын салу объектісі болып табылады. Осы Кодекстің осы бөлімінің және 23-бөлімінің мақсаттары үшін экспорт деп:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімінде жүзеге асырылатын тауарларды әкету;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-берiс шикiзатының қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізу түсініледі.
Экспортқа рента салығын есептеу үшін шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемi мынадай тәртіппен:
шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы шегінен тыс жерге экспортқа өткізу кезінде - кеден баждарының, алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомаларын есептеу үшін не Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік мақсаттарда пайдаланылатын, тауарлардың толық декларациясының 35-бағанында көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде;
шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына экспортқа өткізу кезінде - Қазақстан Республикасының аумағында осындай шикi мұнайды және шикі мұнай өнімдерін экспортқа беру маршрутының басында көлік ұйымының тауарларды қабылдап алу-тапсыру актісінде көрсетілген шикi мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі ретінде айқындалады.
715-бап. Есептеу тәртібі
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Экспортқа іс жүзінде өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің көлемі және осы Кодекстің 741-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген, экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің құны шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салықтық база болып табылады. Бұл ретте шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері үшін әлемдік баға шикі мұнайдың әлемдік бағасын негізге ала отырып айқындалады.
Экспортқа рента салығын есептеу мақсатында шикі мұнайдың әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру орташа өлшемді баррельдеу коэффициентінің негізінде мына формула бойынша жүзеге асырылады:
К барр. орт. = (V1 х К барр.1 + V2 х К барр.2 … + Vn х К барр.n) / V жалпы өткізу, мұнда:
К барр. орт. - үтірден кейін төрт белгіге дейінгі дәлдікпен есептелген баррельдеудің орташа өлшемді коэффициенті;
V1, V2, …Vn - салықтық кезең үшін экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің әрбір партиясының көлемі;
К барр.1, К барр.2 … + К барр.n - Қазақстан Республикасының аумағында экспорттық маршруттың басында көлік ұйымының шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін тапсыру және қабылдау пунктіндегі есепке алу аспабының деректері негізінде ресімделген әрбір тиісті партия бойынша сапа паспортында көрсетілген баррельдеу коэффициенттері. Бұл ретте баррельдеу коэффициенттері стандарттау саласындағы уәкілетті орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес өлшеудің стандартты шарттарына келтірілген экспортталатын шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің нақты тығыздығы мен температурасы ескеріле отырып белгіленеді;
n - салықтық кезеңде экспортқа өткізілген шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері партияларының саны;
V жалпы өткізу - салықтық кезең үшін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерін экспортқа өткізудің жалпы көлемі.
2. Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеушінің арасында жасалатын қосымша келісімде айқындалған тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.
Шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 773-бабында белгіленген.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 716-бап өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
716-бап. Экспортқа рента салығының мөлшерлемелері
Шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің экспорты кезінде экспортқа рента салығы мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:
| Р/с № | Әлемдік баға | Мөлшерлеме, %-бен |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Бір баррель үшiн 20 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 0 |
| 2. | Бір баррель үшiн 30 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 0 |
| 3. | Бір баррель үшiн 40 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 0 |
| 4. | Бір баррель үшiн 50 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 7 |
| 5. | Бір баррель үшiн 60 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 11 |
| 6. | Бір баррель үшiн 70 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 14 |
| 7. | Бір баррель үшiн 80 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 16 |
| 8. | Бір баррель үшiн 90 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 17 |
| 9. | Бір баррель үшiн 100 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 19 |
| 10. | Бір баррель үшiн 110 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 21 |
| 11. | Бір баррель үшiн 120 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 22 |
| 12. | Бір баррель үшiн 130 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 23 |
| 13. | Бір баррель үшiн 140 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 25 |
| 14. | Бір баррель үшiн 150 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 26 |
| 15. | Бір баррель үшiн 160 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 27 |
| 16. | Бір баррель үшiн 170 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 29 |
| 17. | Бір баррель үшiн 180 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 30 |
| 18. | Бір баррель үшiн 190 АҚШ долларын қоса алғанға дейін | 32 |
| 19. | Бір баррель үшiн 200 АҚШ долларына дейiн және одан жоғары | 32 |
717-бап. Салықтық кезең
Экспортқа рента салығы бойынша салықтық кезең күнтiзбелiк тоқсан болып табылады.
Егер тауарларға уақытша және толық кедендік декларацияларды ресімдеу күндері әртүрлі салықтық кезеңдерге тура келсе, онда экспортқа рента салығын төлеу бойынша міндеттемелер тауарларға уақытша және толық декларацияларда көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі шеңберінде шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін беру жүзеге асырылатын уақыт кезеңіне тура келетін салықтық кезеңде туындайды.
718-бап. Төлеу мерзімдері
Салық төлеуші бюджетке салықтың есептелген сомасын салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей төлеуге міндетті.
719-бап. Салық декларациясы
Экспортқа рента салығы бойынша декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
2018 ж. 1 қаңтардан бастап 2018 ж. 1 шілдеге дейінгі кезеңде 23-бөлімінің мақсаттары үшін терминдер мыналарды білдіреді деп белгіленді:
көмірсутектер - мұнай;
мұнай - шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ және ілеспе газ, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан кейін және жанатын тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;
шикі газ - қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде жер қойнауынан газ тәріздес күйде айырып алынатын, үлес салмағына қарамастан кез келген көмірсутектер, оның ішінде тазартылмаған табиғи, ілеспе, тақтатасты газ, көмір қабаттарындағы метан, сондай-ақ олардың құрамындағы көмірсутекті емес газдар.
23-БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ
82-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
720-бап. Осы бөлімде реттелетін қатынастар
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлейді.
2. Осы бөлім жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары бойынша салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін, сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді орындау ерекшеліктерін белгiлейдi.
3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:
1) қол қою бонусын;
2) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді;
3) жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты;
4) роялтиді;
5) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін;
6) пайдалы қазбаларды өндiру салығын;
7) үстеме пайда салығын қамтиды.
2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Көмірсутек кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санаттарға жатқызу тәртібін, олардың тізбесін және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ рентабельділік деңгейін және рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Толығымен Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) және (немесе) тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кенжатындарының жоғарғы нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кенжатындарының төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салықтық міндеттемелерді орындау тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндіру салығының және үстеме пайда салығының орнына жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу және төлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.