4. Мынадай талаптардың бірі сақталған кезде:
құқықтарды (талап етулерді) сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген осындай ұйым қызметі түрлерінің бірі болып табылғанда;
құқықтарды (талап етулерді) сатып алу жеке тұлғаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар немесе мемлекеттік органдардың құқықтық актілері шеңберінде жүзеге асырылғанда, құқықты (талап етуді) жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі ұйымдарға беруді қоспағанда, микроқаржы ұйымының жеке тұлғамен жасасылған және тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
5. Микроқаржы ұйымының құқықты (талап етуді) мынадай тұлғаларға:
коллекторлық агенттікке;
микроқаржы ұйымына;
секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына беруін қоспағанда, оның микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
Осы тармақтың талаптары осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе микрокредит беру туралы шартта өзгеше көзделмесе, микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талап етуді) қарыз алушының келісімінсіз басқаға беруге құқылы емес.
7. Микрокредит беру туралы шарт бойынша бір қарыз алушыға қатысты құқықты (талап етуді) бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.
8. Микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шарт бойынша құқығының (талап етуінің) үшінші тұлғаға өтуі талаптары қамтылған шарт (бұдан әрі - талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасасылған кезде, микроқаржы ұйымы:
1) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасасылғанға дейін қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) құқықтардың (талап етулердің) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай басқаға беруге байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні туралы микрокредит беру туралы шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;
2) талап ету құқығын басқаға беру шарты жасасылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) микрокредитті өтеу жөніндегі бұдан былайғы төлемдердің үшінші тұлғаға (микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) өткен тұлғаның атауы және тұрған жері) тағайындалатынын, берілген құқықтардың (талап етулердің) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының және төленуге жататын басқа да сомалардың қалдықтарын көрсете отырып, құқықтың (талап етудің) үшінші тұлғаға өткені туралы микрокредит беру туралы шартта көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен хабардар етуге;
3) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) өзіне өткен тұлғаға мынадай құжаттардың:
кепіл нысанасына (егер микрокредит кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда) құқық белгілеуші құжаттардың;
кепілгерлік немесе кепiлдiк шарттарының (егер микрокредит бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепiлдiкпен қамтамасыз етілген жағдайда);
қарыз алушы берешегінің құқық (талап ету) басқаға берілген күнгі есептеулерінің;
қарыз алушымен наразылық хат алмасудың;
қарыз алушының - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының, қарыз алушының - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының;
қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттардың;
кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттардың;
талап ету құқығын басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттардың түпнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін беруге міндетті.
Қарыз алушыға қойылатын барлық құқықтар (талап етулер) басқаға берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы өзінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаға береді.
Қарыз алушыға қойылатын құқықтардың (талап етулердің) бір бөлігі басқаға берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы осындай құқықтарды (талап етулерді) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы.
Микроқаржы ұйымы, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға микрокредит беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың тұпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4) талап ету құқығын басқаға беру шартын жасасқаннан кейін төлемдердің әрбір қарыз алушы бөлінісінде таратып жазылуын бере отырып, қарыз алушылардан алынған ақшаны микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның банктік шотына берешекті өтеу есебіне аударуға міндетті.
9. Сатып алынған құқықты (талап етуді) бастапқы кредиторға кері сатуды (қайтаруды), құқықты (талап етуді) коллекторлық агенттіктерге, секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына, сондай-ақ өзге де микроқаржы ұйымдарына беруді (қайта беруді) қоспағанда, жеке тұлғамен жасасылған микрокредит беру туралы шарт бойынша микроқаржы ұйымының құқығы (талап етуі) өткен тұлғаның осындай құқықты (талап етуді) өзге тұлғаларға қайта беруіне тыйым салынады.
10-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi тоқтату
1. Микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қарыз алушыларға микроқаржы ұйымдарының микрокредиттерді беру туралы шарттарды тиісінше орындамағаны бойынша талап қою мерзімдерінің ескіру мерзімі бес жылды құрайды.
3-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI
11-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтық жағдайы
1. Микроқаржы ұйымы шаруашылық серiктестiктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
2. Микроқаржы ұйымына бағалы қағаздар шығаруға тыйым салынады.
12-бап. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
1. Микроқаржы ұйымының құрылтайшылары құрылатын микроқаржы ұйымын мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) кезінде оның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн толық төлеуге мiндеттi.
2. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен қалыптастырылады.
13-бап. Микроқаржы ұйымының атауы
1. Микроқаржы ұйымының атауында мiндеттi түрде «микроқаржы ұйымы» деген сөздер болуға тиiс. Атауында «MҚҰ» деген аббревиатураны пайдалана отырып, микроқаржы ұйымының атауын қысқартып жазуға жол беріледі.
2. Микроқаржы ұйымы ретiнде тiркелмеген заңды тұлғаның өз атауында «микроқаржы ұйымы» деген сөздердi, оның солардан туындайтын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратындығын меңзейтін сөздерді немесе «МҚҰ» деген аббревиатураны пайдалануға құқығы жоқ.
14-бап. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу
1. Микроқаржы ұйымы есептік тіркеуден өту үшін уәкілетті органға:
1) өтінішті;
2) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерінің сақталғаны туралы ақпаратты;
4) ішкі бақылау қызметі туралы ережені (бар болса);
5) микроқаржы ұйымы қызметінің стратегиясын, микроқаржы ұйымы бағдарланған нарық сегментінің айқындамасын, қызмет түрлерін, маркетинг (клиентураны қалыптастыру) жоспарын, ұйымның қызметін қаржыландыру көздерін ашып көрсететін бизнес-жоспарды;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6) өтініш берген күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) туралы, атқарушы органның бірінші басшысы (мүшелері), бас бухгалтер (болған кезде) туралы мәліметтерді;
7) микрокредиттер беру қағидаларының көшірмесін;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттің қатысатын кредиттік бюромен жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесін;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) микроқаржы ұйымын есептік тіркеуден өткізгені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты береді.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Есептік тіркеуден өту үшін микроқаржы ұйымы мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төлейді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
3-тармақ 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. Уәкілетті орган есептік тіркеуден өтуге арналған өтінішті құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
4-тармақ 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. Уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізуге және оны осы шешім туралы хабардар етуге не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.
5. Есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдарының тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
15-бап. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден бас тарту негіздері
1. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден бас тарту:
1) ұсынылған құжаттар осы Заңның 14-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
2) осы Заңның 14-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс анық емес мәліметтер мен ақпарат берілген;
3) егер микроқаржы ұйымы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтініш жасамаған;
4) егер микроқаржы ұйымы басшысының немесе құрылтайшыларының бірінің өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы болған, сондай-ақ уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы болған;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) осы Заңның 31-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) осы Заңның 31-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік қайта тіркеу мерзімі сақталмаған жағдайларда жүргізіледі.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2- тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, микроқаржы ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға есептік тіркеуден бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымдарының есептік тіркеуден өту, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының тізілімін жүргізу және тізілімнен шығару қағидаларына сәйкес қайтадан өтініш беруге құқылы немесе өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, олардан туындайтын сөздерді немесе микрокредиттерді беру қызметін жүзеге асыратынын болжайтын аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Уәкілетті орган қайта берілген өтінішті отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Осы баптың 1-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, микроқаржы ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға есептік тіркеуден бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, олардан туындайтын сөздерді немесе микрокредиттерді беру қызметін жүзеге асыратынын болжайтын аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
Заңды тұлға осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға не таратуға жатады.
16-бап. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару үшін негіздер
1. Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымдарының тізілімінен:
1) қызметін осы Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын ұдайы (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп) бұза отырып жүзеге асырған;
2) пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді ұдайы (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп) бұзған;
3) уәкілетті органға есептілікті ұдайы (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп) ұсынбаған;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) анық емес ақпарат бергені үшін екі реттен көп (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде) әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
5) уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын ұдайы (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп рет) орындамаған;
6) осы Заңда көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа екі реттен көп рет тартылған;
7) микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымдарының тізіліміне қосылған күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай бойы қызметті жүзеге асырмаған;
8) микроқаржы ұйымының қызметін тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
9) микроқаржы ұйымы қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда шығарылады. Бұл ретте, микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы өтініш бергенге дейін өзінің барлық міндеттемелерін орындауға тиіс. Өтінішке бір мезгілде барлық міндеттемелерінің орындалғанын растау туралы хат қоса беріледі;
10) микроқаржы ұйымы тексеру жүргізуге, оны белгіленген мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік бермейтін екі реттен көп рет кедергі жасаған жағдайларда шығарылады.
2. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығарылған жағдайда, шығарылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті орган микроқаржы ұйымын бұл жөнінде жазбаша түрде хабардар етеді.
Хабарлама есептік тіркеуден өту үшін өтініште көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі.
3. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы уәкілетті органның шешімдеріне шағым жасау осы шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.
4. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен өзінің шығарылғаны туралы уәкілетті органның жазбаша хабарламасын алғаннан кейін микроқаржы ұйымының жаңа микрокредиттер беруіне тыйым салынады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығарылғаны туралы хабарламасын алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан «микроқаржы ұйымы» деген сөздерді, олардан туындайтын сөздерді немесе көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттерді беру қызметін жүзеге асыратынын болжайтын аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.
17-бап. Микрокредиттер беру қағидалары
Микрокредиттер беру қағидаларында мынадай мәлiметтер:
1) микрокредит беруге арналған өтінішті беру тәртібі және оны қарау тәртібі;
2) микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібі;
3) микрокредиттiң шекті сомалары және оны беру мерзiмдерi;
4) берiлетiн микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шектi шамалары;
5) берiлген микрокредиттер бойынша сыйақы төлеу тәртiбi;
6) микроқаржы ұйымы қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
7) берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары;
8) микрокредитті өтеу әдістері қамтылуға тиіс.
Микрокредиттер беру қағидаларында микрокредит берудің өзге де шарттары және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мәліметтер де қамтылуы мүмкін.
18-бап. Iшкi бақылау қызметi
1. Микроқаржы ұйымы өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды жүзеге асыруы үшiн iшкi бақылау қызметiн құруы мүмкін.
2. Iшкi бақылау қызметiнiң жұмыс тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ микроқаржы ұйымының iшкi қызметiн реттейтiн қағидаларда, ережеде және өзге де құжаттарда айқындалады.
19-бап. Микроқаржы ұйымдары қызметiнiң қосымша түрлерi
1. Микроқаржы ұйымдары микрокредиттер беру жөнiндегi қызметiне қосымша мынадай қызмет түрлерiн:
1) Қазақстан Республикасының резиденттерiнен және резидент еместерiнен қарыздар (азаматтардан кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қарыз түрiнде ақша тартуды қоспағанда) мен гранттар тартуды;
2) уақытша бос активтердi екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен микрокредиттi қамтамасыз ету ретiнде алынған кепiлдегі мүлiкті пайдалануды және оған иелік етуді;
4) кредиттік бюролардың, микроқаржы ұйымдарының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнінде қызметтер көрсететін ұйымдардың және күзет қызметіне лицензиясы бар ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуды;
5) меншікті мүлкiн өткізуді;
6) микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді;
7) меншікті мүлкiн мүліктік жалға беруді (жалдауды);
8) лизинг қызметiн іске асыруды;
9) микроқаржы ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі арнайы әдебиетті ақпарат тасымалдағыштың кез келген түрінде өткізуді;
10) Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру шарттарын жасасуды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақша эмитентінің агенті функцияларын іске асыруды;
12) хеджирлеу мақсатында жасалатын туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасасуды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Микроқаржы ұйымдарына осы Заңда көзделмеген өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
20-бап. Берiлген микрокредит бойынша құжаттама жүргiзу тәртiбi
1. Микроқаржы ұйымы қарыз алушыларды тiркеу журналында берiлген әрбiр микрокредиттi тiркейдi, оның жүргізілуі электрондық түрде немесе қағаз тасымалдағышта жүзеге асырылады.
2. Микрокредит алу үшiн өтініш беруші (қарыз алушы) осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
3. Кредиттік дерекнама аталған микроқаржы ұйымында микрокредит беру туралы алғашқы шартқа қарыз алушы қол қойған күннен бастап қалыптастырылады.
Кредиттiк дерекнамада мыналар:
1) микрокредиттi пайдалану мақсаты туралы (мақсатты микрокредит берiлген жағдайда), қарыз алушының микрокредиттi өтеу және құнын көрсете отырып, сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге ұсынатын мүлкі туралы не қамтамасыз етудiң жоқ екендігі туралы мәлiметтері бар өтiнiш;
2) қарыз алушы - заңды тұлға органының микрокредит алу туралы шешімі;
3) кепіл беруші - заңды тұлға органының қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге кепіл нысанасын беру туралы шешімі;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) қарыз алушының құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (заңды тұлғалар үшiн);
5) қарыз алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (жеке тұлғалар үшiн);
6) қарыз алушы өкiлiнiң микрокредит беру туралы шартқа қол қою өкiлеттiгiн растайтын құжаттар;
7) микрокредит беру туралы шарт;
8) егер берiлген микрокредит мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген жағдайда - кепiл туралы шарт, мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері, ал мүлік кепілі міндетті тіркелетін жағдайда - мүлік кепілінің тіркелу фактісін растайтын құжаттар қамтылады.
4. Мiндеттемесiнің орындалуы кепiлдiкпен немесе кепілгерлікпен қамтамасыз етiлген микрокредит бойынша кредиттiк дерекнамаға мынадай қосымша құжаттар:
1) кепiлдiк немесе кепілгерлік шарты;
2) өкiлдiң кепілдік беруші атынан кепiлдiк беру шартына немесе кепілгердің атынан кепілгерлік шартқа қол қоюға өкiлеттiгiн растайтын құжаттар;
3) қарыз алушының міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілдік немесе кепілгерлік беру туралы кепілдік беруші немесе кепілгер - заңды тұлға органының шешімі қоса беріледі.
5. Микрокредит бойынша берешектiң толық немесе iшiнара өтелгенiн растайтын құжаттар (немесе олардың көшірмелері) кредиттiк дерекнамаға қоса берiлуге және оларда микрокредиттi өтеу көзi (қарыз алушы аударған не кепiлдегі мүлiктi сатудан түскен ақша) көрсетілуге тиiс.
21-бап. Микрокредит беру құпиясы
1. Микрокредит беру құпиясы қарыз алушылар, микрокредиттердiң мөлшерлерi туралы, микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары туралы және микроқаржы ұйымының операциялары туралы (микрокредиттер беру қағидаларын қоспағанда) мәлiметтердi қамтиды.
Тарату процесіндегі микроқаржы ұйымының микрокредиттер беру туралы жасасқан шарттары жөнiндегi мәлiметтер микрокредит беру құпиясына жатпайды.
2. Микроқаржы ұйымдары микрокредит беру құпиясына кепiлдiк бередi.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Микрокредит беру құпиясы берілген микрокредиттер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарыз алушыға, микроқаржы ұйымында жеке өзінің қатысуымен берілген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші тұлғаға, кредиттік бюроға ғана, сондай-ақ осы баптың 4, 5, 5-1 және 6-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға ашылуы мүмкiн.
4. Қарыз алушылар, микрокредиттердiң мөлшерлерi туралы, микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары туралы, микроқаржы ұйымы жүргiзген операциялар туралы мәлiметтер:
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға: олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша мөрмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сұрау салу негiзiнде;
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне: барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу үшін қажетті ақпаратты беру туралы олардың талап етуі бойынша;
2) соттарға: олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың ұйғарымы, қаулысы, шешiмi және үкiмi негiзiнде;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: олар жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша әділет органдарының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы негізінде;