30. Одан әрі қарай пайдалануға жатпайтын мүлік және талап етілмеген, ең төменгі бағамен сатылмаған мүлік уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен жойылады.
Республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.
Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
Мүлікті жою жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2016.07.06. № 338 Қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31. Сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзатын, тамақ өнiмдерiн, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, акциздiк таңбаларсыз өткізілетін темекi бұйымдарын және құрамында шығарылған елі белгісіз темекi бар басқа да бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың шамалы партияларын және өзге де мүлiктi Қазақстан Респубикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган құратын комиссия жояды.
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 217-бабына сәйкес қажет болған жағдайларда, комиссияның құрамына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өзге де мамандары тартылуы мүмкін.
6. Қорытынды ережелер
32. Мүлікті есепке алуға, бағалауға, сақтауға, тасымалдауға, қайта жіберуге, оны өткізуді ұйымдастыруға және одан әрі пайдалану жөніндегі өзге де шығындарға байланысты шығыстар 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1166 Қаулысымен 33-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігін өзгерткен) жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатылған жағдайда, оның құнын өтеу 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде. тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
34. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша мемлекетке өткен мүлікті заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.
35. Уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғаларына осы Қағидалардың ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауапкершілік жүктеледі.
ҚР Үкіметінің 2016.21.11. № 717 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Жекелеген негіздер бойынша
мемлекет меншігіне
айналдырылған (түскен) мүлікті
есепке алу, сақтау, бағалау және
одан әрі пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі
20__ ж. «___» _______________ ________________________
(жасалған күнi) (акт жасалған жер)
Мына құрамдағы комиссия:
Уәкiлеттi орган (жергілікті атқарушы орган) өкiлi
__________________________________________________________________________________________

(уәкiлетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)
___________________________________________________________________________________________

(жауапты қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Сот орындаушысы
___________________________________________________________________________________________
(әділет органының атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, қызметкердің лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Өкiлi
___________________________________________________________________________________________
(Мүлікті беретін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мүлікті алып қойған (беретін) органның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН
___________________________________________________________________________________________
(қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Өкiлi______________________________________________________________________________________

(мүлiк жауапты уақытша сақтауында орналасқан ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)
___________________________________________________________________________________________
(қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Өкiлi______________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
(мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
(қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) бағалаушы
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, лицензияның күнi және нөмiрi)
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
(мүлiкті бағалауды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
мекенжайы, ЖСН/БСН, лицензияның күнi және нөмiрi)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидасының негiзiнде
____________________________________________________________________

(мүлiктiң бұрынғы иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН немесе ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)
сот актілерінің негізінде тәркіленген (оның ішінде заттай айғақтар)
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
(соттың атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)
немесе иесіз деп танылған

(ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлiкті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН)
немесе мемлекет меншiгіне өтеусiз өткен

мүлікті, оның iшiнде

(кеден органының атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, тауарларға арналған кедендік декларацияның күнi мен нөмiрi) кедендік декларацияға сәйкес «мемлекет пайдасына бас тарту» кедендік рәсімімен орналастырылған, немесе
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
(нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi)
нотариустың куәлiгiне сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өткен деп танылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сыйлықтарды, сондай-ақ
___________________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлікті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН)
құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекеттік меншiк құқығының туындағанын растайтын өзге де құжаттардың негiзінде аталған мүлiкті тізімдеуді және қабылдап алуды жүргізді
___________________________________________________________________________________________
Мүлiктi тiзімдеу және бағалау
Р/c № | Әрбiр зат толық сипатталған мүлiктiң атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Мүлiктi қабылдау кезiнде бiрлiгін алдын ала бағалау, теңге* | Барлық сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
| Жиыны | | | | |
Жиыны (жазумен):
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
Бюджетке аударуға жататын жиыны
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
Осы акт ____ данада жасалды.
Комиссия мүшелерi:
_________________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
(бағалаушы сарапшының қолы және мөрi (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
______ ж. «___» _________ Иесiнiң қолы _____________________
Осы актіде көрсетiлген мүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым. Сақтауға қабылданған мүлiктiң жойылуы, жасырылуы, жоғалуы, ауыстырылуы немесе бүлiнуi үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақтан Республикасы Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша қылмыстық және материалдық жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.
______ ж. «___» _________ _____________(қолы)
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы, ЖСН/БСН, мекенжайы немесе мүлiкті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
___________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________
* Бұл баған егер мүлiкті уәкiлетті органға (жергілікті атқарушы органға) берушi ұйым алдын ала бағалау жүргізген жағдайда толтырылады.
Жекелеген негіздер бойынша
мемлекет меншігіне
айналдырылған (түскен) мүлікті
есепке алу, сақтау, бағалау және
одан әрі пайдалану қағидаларына
2-қосымша
Нысан
20___ жылға арналған мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдап алу-беру актілерін
есепке алу кітабы
Р/с № | Жазба жүргізілген күн | Мүлікті тізімдеу, бағалау, қабылдап алу-беру актісінің нөмірі және күні | Жазба жүргізудің негіздемесі (құжаттың атауы, нөмірі және күні) | Бұрынғы иесінің атауы немесе өтініш берушінің Т.А.Ә. | Мүліктің атауы (санаты) | Мүлікті тізімдеу, бағалау, қабылдап алу-беру актісі бойынша мүліктің құны (бар болса), теңге | Мүліктің бағалау құны, теңге | Мүліктің тізімдеу, бағалау және қабылдап алу-беру актісі кімге және қашан жіберілді | Мүлік кімге және қашан берілген не сатылған (шешімінің, шарттың, мүлікті қабылдау-беру актісінің № және күні) | Мүлік үшін түпкілікті есеп айырысу күні | Бюджетке түскен нақты сома |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| | | | | | | | | | | |