2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Нарықта үстем жағдайға ие нарық субъектісі болып табылатын мақта өңдеу ұйымының мүлкін иеліктен шығару, сондай-ақ нарықта үстем жағдайға ие тұлғаның мақта өңдеу ұйымының мүлкін сатып алуы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
5-тарау. Мақта қолхаты
20-бап. Мақта қолхаты
1. Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхатын мақтаны қабылдап алғанын растау үшін сақтау шарты және (немесе) өңдеу шарты негізінде береді.
2. Мақта қолхаты екі бөліктен: қажет болған кезде бір-бірінен бөлінуі мүмкін қойма куәлігінен және кепіл куәлігінен тұрады. Мақта қолхаты және оның бөліктерінің әрқайсысы эмиссиялық емес ордерлік бағалы қағаздар болып табылады.
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3. Мақта қолхатының әрбір бөлігі мынадай міндетті деректемелерді:
1) лицензиар беретін мақта өңдеу ұйымының кодын;
2) мақта қолхаттарының тізілімі бойынша мақта қолхатының ағымдағы нөмірін;
3) мақта қолхаты бланкісінің сериясы мен нөмірін;
4) мақтаны қабылдап алған мақта өңдеу ұйымының атауын, орналасқан жерін және бизнес-сәйкестендіру нөмірін;
5) мақта иесінің атауын: жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауын; мақта иесінің орналасқан жерін: жеке тұлғаның тұрғылықты жерін немесе заңды тұлғаның орналасқан жерін; жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірін; салық төлеуші мақта иесінің тіркеу нөмірін;
5-1) мақта иесі туралы деректерді: жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауын; жеке тұлғаның тұрғылықты жерiн немесе заңды тұлғаның орналасқан жерiн; сәйкестендіру нөмірін;
6) тұқымның сорттық және егістік сапасын куәландыратын құжаттың деректемелерін;
7) мақтаның сапалық-мөлшерлік көрсеткіштерін;
8) мақта сақтау орнын: мақта тазалау зауыты орналасқан жерді және (немесе) мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс тұрған мақта қабылдау пунктінің орналасқан жерін;
9) шитті мақтаны сақтау және (немесе) өңдеу мерзімін; мақта тұқымын және мақта талшығын сақтау мерзімін;
10) сақтау шартының және (немесе) өңдеу шартының деректемелерін (нөмірі мен жасалған күнін);
11) мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына қатысуы туралы белгіні;
12) мақта қолхаты берілген күнді;
13) уәкілетті адамның қолын және мақта өңдеу ұйымының мөрін;
14) мақта қолхатының тиісті бөлігінің атауын;
15) сақтағаны үшін ақы төлегені туралы белгіні қамтуға тиіс.
4. Осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжат мақта қолхаты болып табылмайды.
5. Кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлген кезде қойма куәлігінде мынадай ақпарат бар белгі жасалады:
1) жеке тұлғаға қатысты - индоссаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және тұрғылықты жері; заңды тұлғаға қатысты - индоссаттың атауы және орналасқан жері;
2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің, ол бойынша сыйақы ставкасын қоса алғанда, мәні, мөлшері, міндеттемені орындау мерзімі;
3) индоссаттың қолы;
4) кепіл куәлігінің бөлінген күні.
6. Кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлген кезде кепіл куәлігінде мынадай ақпарат бар белгі жасалады:
1) жеке тұлғаға қатысты - индоссанттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және тұрғылықты жері; заңды тұлғаға қатысты - индоссанттың атауы және орналасқан жері;
2) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің, ол бойынша сыйақы ставкасын қоса алғанда, мәні, мөлшері, міндеттемені орындау мерзімі;
3) индоссанттың қолы;
4) кепіл куәлігінің бөлінген күні.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Мақта өңдеу ұйымдары облыстың жергілікті атқарушы органына мақта қолхаттарына қол қоюға уәкілеттік берілген жеке тұлғалардың тектері, аттары, әкелерінің аттары (олар бар болса) бар карточканы, олардың қолдарының үлгілерін, сондай-ақ мақта қолхатына қойылатын мөр бедерінің үлгісін табыс етуге міндетті.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Мақта қолхатындағы қойылған қолдарының, мөр бедерінің облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынылатын карточкада көрсетілген қолдарының үлгілері мен мөр бедеріне сәйкес келмеуі осы мақта қолхатын жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.
21-бап. Мақта қолхатын беру тәртібі
1. Мақта қолхаты сапасы бойынша біртектес әрбір мақта партиясына беріледі. Тапсырылған мақтаның барлық көлеміне берілетін мақта қолхаттарының санын өзінің өтінімі бойынша мақта иесі айқындайды.
Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхатын мақта партиясы түзіліп болғаннан кейін өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде береді.
2. Мақта қолхаттары мақта иесіне мақта өңдеу ұйымы хронологиялық тәртіппен жүргізетін мақта қолхаттарының тізіліміне тіркеліп және оның қолы қойылып беріледі.
3. Жаңа мақта қолхаттары мақта қолхаттарын ұстаушылардың талабы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мақта қолхатында индоссамент жасау үшін бос орын болмаған;
2) мақта қолхаты тозған;
3) мақта қолхаты айырбасталған;
4) мақта қолхаты жоғалған жағдайларда беріледі.
4. 2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22-бап. Мақта қолхаты мен оның бөліктері бойынша құқықтарды беру
1. Мақта қолхаты мен оның бөліктері бойынша құқықтар оларда беру жазбаларын - индоссамент жүргізу жолымен беріледі.
2. Бөлінбеген мақта қолхаты бойынша құқықтар беру тек қана қойма куәлігінде индоссамент жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
3. Кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлу осы Заңның 20-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес мақта кепілге қойылған кезде жүзеге асырылады.
23-бап. Мақта қолхаты мен оның бөліктерін ұстаушылардың құқықтары
1. Мақта қолхатын ұстаушының мақта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау пунктінде) сақтаулы мақтаға толық көлемде билік етуге құқығы бар.
2. Кепіл туралы мәліметі бар қойма куәлігін ұстаушы мақта қолхатында көрсетілген мақтаға билік етуге құқылы, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кепіл куәлігі бойынша қарызын өтегенге дейін мақтаны беруді талап етуге құқығы жоқ.
3. Кепіл куәлігін ұстаушы:
1) кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлген қойма куәлігін ұстаушыдан кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттеменің орындалуын талап етуге;
2) кепіл куәлігін және ол бойынша құқықтарды үшінші тұлғаларға беруге;
3) кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттеме орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілге қойылған затты өндіріп алуға құқылы.
24-бап. Мақтаны беру
1. Мақтаны беру мақта қолхатын ұстаушының талабы бойынша өтелуге жататын қойма және кепіл куәліктерінің түпнұсқасына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.
Осы Заңның 26-бабына сәйкес сатылған мақтаны беру оны сатып алушының талабы бойынша сауда-саттық нәтижелері туралы құжатқа айырбастау арқылы жүзеге асырылады.
2. Мақта қолхатын ұстаушы мақтаны бөліп-бөліп беруді талап етуге құқылы. Бұл ретте оған бастапқы мақта қолхатының орнына мақтаның қалған көлеміне жаңа мақта қолхаты беріледі.
3. Мақтаны талап ету үшін мақта қолхатын ұстаушы өзі келуге немесе сенімхатқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген өкілеттігіне орай іс-әрекет жасайтын уәкілетті өкілін жіберуге міндетті.
4. Кепіл туралы мәліметтері бар қойма куәлігін ұстаушының талабы бойынша мақтаны беру уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады
25-бап. Кепіл куәлігі бойынша құқықтарды жүзеге асыру тәртібі
1. Кепіл куәлігін ұстаушы кепіл куәлігінде көрсетілген мақтаны кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда ғана өндіріп алуға құқылы.
2. Кепіл куәлігімен қамтамасыз етілген міндеттеме мерзімінен бұрын орындалған жағдайда кепіл куәлігін ұстаушы кепіл куәлігін кепілдің тоқтатылуы туралы белгімен белгілі қойма куәлігін ұстаушыға не мақта өңдеу ұйымына өтеу үшін қайтарып беруге міндетті.
3. Егер өндіріп алу сәтіне қойма куәлігін ұстаушы мақтаны талап етсе, мақта өңдеу ұйымы кепіл куәлігін ұстаушыға кепіл куәлігінде көрсетілген міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжатты ұсынады.
Кепіл куәлігінде көрсетілген міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжат бойынша талаптарды қанағаттандырғаннан кейін кепіл куәлігін ұстаушы кепілдің тоқтатылуы туралы белгі қойып, кепіл куәлігін өтеу үшін қайтарып береді.
26-бап. Кепілге қойылған мақтаны сату
1. Кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда кепілге қойылған мақтаны сатуды кепіл куәлігін ұстаушының сенім білдірген адамы жүзеге асырады.
Кепіл куәлігін ұстаушының сенім білдірген адамы кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемелердің орындалмағаны туралы кепіл берушіні жазбаша хабардар етеді, сонымен бір мезгілде бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттықтың өткізілетін уақыты, өтетін орны, сауда-саттық нысанасы, оларды өткізу тәртібі, сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу туралы және кепілдікке салынған мақтаның бастапқы бағасы туралы мәліметтерді қоса алғанда, сауда-саттық өткізу туралы хабарландыру жариялайды.
Сауда-саттық бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттық өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде күнтізбелік он төрт күн өткеннен кейін өткізіледі.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мақтаны сатудан түскен сома мынадай реттілікпен бөлінеді: ең алдымен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығыстар жабылады, содан кейін мақта өңдеу ұйымына мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі жөніндегі қызметтері үшін сыйақы төленеді, бұдан соң кепіл куәлігін ұстаушының талаптары қанағаттандырылады, ал қалған бөлігі қойма куәлігін ұстаушыға қойма куәлігі түпнұсқасының орнына қайтарылып беріледі.
3. Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толығымен қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.
27-бап. Мақта қолхатын немесе оның бөліктерін жоғалту
1. Мақта қолхатын немесе оның бөліктерін (қойма немесе кепіл куәлігін) жоғалтқан жағдайда мақта қолхатын немесе тиісті куәлікті жоғалтқан адам бұл туралы мақта өңдеу ұйымын жазбаша нысанда дереу хабардар етуге міндетті.
Кепіл туралы мәліметі бар қойма куәлігін жоғалтқан жағдайда, қойма куәлігін жоғалтқан адам бұл туралы қойма куәлігінде көрсетілген қойма куәлігін ұстаушыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.
2. Жоғалған мақта қолхаты немесе оның бөліктері (қойма немесе кепіл куәлігі) бойынша құқықтарды қайта қалпына келтіруді сот жүргізеді.
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-тарау. Мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-бап өзгертілді; 2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28-бап. Мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялау (тексеру)
1. Мақта нарығын реттеу және мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы өзі дербес және (немесе) тиісті мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, сондай-ақ мақта саласындағы мемлекеттік инспектор мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуы тұрғысынан инспекциялауды (тексеруді) жүргізеді.
2. Мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдары осы баптың 1-тармағында тізбеленген тұлғаларға инспекциялау (тексеру) жөніндегі тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша жәрдем көрсетуге, мақта тазалау зауытының және мақта қабылдау пункттерінің аумағындағы барлық өндірістік объектілерге, сондай-ақ инспекциялау (тексеру) жүргізу үшін қажетті ақпаратты қамтитын барлық дереккөздерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
3. Мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыратын лауазымды адамдар мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялау (тексеру) барысында алынған, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Мақта саласындағы мемлекеттік инспектор
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мақта саласындағы мемлекеттік инспектор өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде:
1) осы Заңның 9-бабына сәйкес мақтаның қауіпсіздігін және сапасын тексеруді жүзеге асыруға;
2) өндіріс, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу, шитті мақтаны сақтау объектілеріне кедергісіз (қызметтік куәлігін және құқықтық статистика жөніндегі органда тіркеу туралы белгісі бар тексеріс тағайындау туралы актіні көрсеткен кезде) кіруге, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды және мақта нарығы мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның күшін тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тиісті лауазымдарына «мақта саласындағы мемлекеттік инспектор» деген қосымша арнаулы атау беруге құқылы.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 30-бап жаңа редакцияда
30-бап. Мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарына ықпал ету шаралары
Инспекциялау (тексеру) нәтижелері бойынша мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымының қызметінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымына мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімдерде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар беру;
2) осы Заңның 32-бабында көзделген негіздер бойынша сотқа мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы арыз беру;
3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыруға бастама жасау.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында жазбаша нұсқамасы жіберілген мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымы оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-бап. Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, одан айыру
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
7-тарау. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару
32-бап. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару
1. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілетін қалпына келтіруге бағытталған әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлеп жүргізуді білдіреді.
2. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау үшін мына негіздердің ең болмағанда біреуі болса жеткілікті:
1) осы Заңның 24-бабында көзделген тәртіппен мақта қолхатын ұстаушының алғашқы талабы бойынша мақтаны беруден бас тартуымен білдірілген шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі шарттық міндеттемелердің жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) тиісінше орындалмауы;
2) мақта қолхаттарымен қамтамасыз етілген мақта мөлшерінің сақтаудағы мақтаның нақты мөлшерінен артық болуы фактілерінің анықталуы.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер бойынша уақытша басқаруды енгізудің шарты осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын мақта өңдеу ұйымының қызметін инспекциялау (тексеру) нәтижесінде жасалатын анықталған бұзушылықтар туралы акті болып табылады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мақта өңдеу ұйымының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүргізу үшін:
1) тексерулер жүргізу кестесі;
2) мақта қолхаттарын ұстаушылардың мақта беруден бас тартудың екі және одан да көп фактілері бойынша ресми өтініштері (шағымдары) негіз болып табылады.
4. Мақта өңдеу ұйымына қатысты сырттай бақылау рәсімі енгізілген жағдайларда уақытша басқару енгізілмейді.
5. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мерзімі алты айдан аспауға тиіс.
6. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды уақытша басқару жөніндегі комиссия мен уақытша әкімшілік жүзеге асырады.
7. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта өңдеу ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
8. Уақытша басқару кезеңінде заңсыз әрекеттерімен мақта өңдеу ұйымына келтірілген нұқсан үшін уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелері, уақытша әкімшілік мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
33-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
34-бап. Уақытша басқару жөніндегі комиссия
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы уақытша басқару жөніндегі комиссияны уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының, мақта қолхаттарын ұстаушылардың және мақта өңдеу ұйымы қатысу шартын жасасқан мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының өкілдерінен қалыптастырады.
Уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуға және жеті адамнан кем болмауға тиіс.
2. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның құзыретіне:
1) уақытша әкімшіліктің құрамын бекіту;
2) уақытша әкімшіліктің қызмет нәтижелері туралы есебін бекіту;
3) уақытша әкімшіліктің қызметін бақылау;
4) уақытша әкімшіліктің құрамы бекітілгенге дейін осы Заңның 35-бабына сәйкес оның функцияларын жүзеге асыру жатады.
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Соттың уақытша басқаруды енгізу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уақытша басқару жөніндегі комиссия мақта өңдеу ұйымына қызмет көрсететін банктің атына уақытша басқарудың енгізілгені туралы жазбаша хабарламаны және уақытша әкімшіліктің бекітілген құрамын, сондай-ақ банк операцияларын жасау үшін уақытша әкімшіліктің лауазымды адамдарының қолтаңба үлгілері бар жаңа карточканы жібереді (уақытша әкімшілік тағайындалғанға дейін берілген карточканың күші жойылуға жатады).
4. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады және уақытша әкімшіліктің орындауы үшін міндетті болып табылады.
5. Уақытша басқару жөніндегі комиссия:
1) уақытша әкімшілікке мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару кезеңіндегі өз қызметінің негізгі бағыттары туралы ұсыныстар беруге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытша әкімшіліктен өз қызметі және мақта өңдеу ұйымының қызметі туралы ақпарат беруін талап етуге;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды мерзімінен бұрын тоқтату не мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мерзімін ұзарту туралы ұсыныс енгізуге құқылы.
35-бап. Уақытша әкімшілік
2015.21.07. № 336-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Уақытша әкімшілік - мақта қолхаттарын ұстаушылардың, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының, мақта өңдеу ұйымының, мақта өңдеу ұйымы қатысу шартын жасасқан мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының өкілдері кіретін алқалы орган.
Уақытша әкімшілікті уақытша басқару жөніндегі комиссия тағайындайды. Уақытша басқару қолданылған кезеңде уақытша әкімшілік мүшелері бір мезгілде уақытша басқару жөніндегі комиссияның мүшелері бола алмайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Уақытша басқару жөніндегі комиссия уақытша әкімшілік құрамына өкілдер сайлау үшін мақта қолхаттарын ұстаушылардың жиналысын өткізуді ұйымдастырады. Бұл ретте уақытша әкімшіліктің құрамына сайлануға осы мақта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау пунктінде) сақтаулы мақтаның ең көп мөлшері бар мақта қолхаттарын ұстаушылардың артықшылықты құқығы болады.
3. Мақта қолхаттарын ұстаушылардан және (немесе) мақта өңдеу ұйымынан уақытша әкімшіліктің құрамына кандидатуралар ұсынылмаған жағдайда, уақытша басқару жөніндегі комиссия уақытша әкімшілік құрамын дербес бекітуге құқылы, бұл ретте мақта қолхаттарын ұстаушылардың арасынан сақтаулы мақтаның барынша көп мөлшері бар тұлғалардың бірі уақытша әкімшілік мүшесі болып белгіленеді.
4. Шешімдер қабылдау кезінде уақытша әкімшілік мүшелерінің дауыстары:
1) мақта қолхаттарын ұстаушылар - жиырма бес процент;
2) мақта өңдеу ұйымы - жиырма бес процент;
3) уәкілетті орган - жиырма бес процент;
4) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры - жиырма бес процент болып бөлінеді.