Қазақстан Республикасының
Заңы
Төлемдер және төлем жүйелері туралы
(2020.26.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңын қараңыз (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі);
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңын қараңыз (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасы
4-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлемдер және төлем жүйелері саласындағы өкілеттіктері
4-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның төлемдер және төлем жүйелері саласындағы өкілеттіктері
2-тарау. ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ
5-бап. Төлем жүйелеріне қойылатын негізгі талаптар
6-бап. Төлем жүйелерінің түрлері, олардың маңыздылығын айқындаудың өлшемшарттары мен тәсілдері
7-бап. Төлем жүйелерінде төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының аяқталуы (түпкілікті болуы)
8-бап. Төлем жүйесінің операторы және оған қатысушылар
9-бап. Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің операторларына арналған талаптар
3-тарау. КӨРСЕТІЛЕТІН ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ
10-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер
11-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды берушілерді айқындаудың өлшемшарттары мен тәсілдері
12-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерінің түрлері
13-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну
14-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін төлем агенттері және (немесе) қосалқы төлем агенттері арқылы көрсету кезінде қойылатын талаптар
15-бап. Төлем ұйымын құру
16-бап. Төлем ұйымын есептік тіркеу
17-бап. Төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға негіздер
18-бап. Төлем ұйымдарының тізілімінен алып тастауға негіздер
19-бап. Төлем ұйымының атқарушы органының басшысына қойылатын талаптар
20-бап. Төлем ұйымын қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру)
4-тарау. ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ), КӨРСЕТІЛЕТІН ТӨЛЕМ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ
21-бап. Төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт)
22-бап. Жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингі, жүйелік маңызы бар, маңызды төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдау және бағалау
23-бап. Көрсетілетін төлем қызметтері нарығын реттеу, оларды бақылау мен қадағалау
24-бап. Төлем жүйелері операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолдану
5-тарау. ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫ
25-бап. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары
26-бап. Орталық депозитарийдің функцияларын орындайтын мамандандырылған коммерциялық емес ұйымның қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру ерекшеліктері
27-бап. Банктік шоттар
28-бап. Банктік шотты жабу
29-бап. Банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан біржақты бас тарту негіздері мен тәртібі
6-тарау. ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ
30-бап. Төлем құралдарының түрлері
31-бап. Төлем тапсырмасы
32-бап. Төлем талабы
33-бап. Чек
34-бап. Вексель
35-бап. Инкассолық өкім
36-бап. Төлем ордері
37-бап. Төлем хабарламасы
38-бап. Электрондық төлем құралы
7-тарау. ТӨЛЕМ КАРТОЧКАСЫ
39-бап. Төлем карточкасын шығару және пайдалану
40-бап. Төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары
41-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру ерекшеліктері
8-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША
42-бап. Электрондық ақша эмитенттері, иелері және электрондық ақша жүйесінің операторы
43-бап. Электрондық ақшаны шығару және өткізу
44-бап. Электрондық ақшаны пайдалану және өтеу
9-тарау. ТАПСЫРМА НЕМЕСЕ ТАЛАП НЫСАНЫНДАҒЫ НҰСҚАУДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ
45-бап. Тапсырма немесе талап нысанында нұсқау беру
46-бап. Нұсқауды орындау
47-бап. Нұсқауды көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде беруші арқылы орындау
48-бап. Нұсқауларды орындау мерзімдері
49-бап. Валюталау күні көрсетілген нұсқауды орындау
50-бап. Нұсқауды кері қайтару және орындауды тоқтата тұру
51-бап. Ақша жөнелтушінің тұрақты өкімін орындау
53-бап. Нұсқауды орындау үшін ақша жөнелтушінің қажетті ақша сомасы болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде нұсқауды орындау
54-бап. Сот актісін және сот орындаушысының қаулысын орындау
10-тарау. ТӨЛЕМДЕРДІ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША АУДАРЫМДАРЫН АЯҚТАУ
55-бап. Төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын аяқтау
56-бап. Рұқсат етілмеген төлемдер
57-бап. Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ақшаны қайтару
11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
58-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
59-бап. Өтпелі ережелер
60-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы шот - банктік шот шарты негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын банктік шот;
2) ақпараттық көрсетілетін банктік қызметтер - клиенттің банктік шотына қызмет ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің бұйрық бойынша және клиенттің келісімімен оның банктік шоты бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы туралы, осы шот бойынша жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпаратты және клиенттің сұратуы бойынша не клиент пен көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасында жасалған шарт бойынша өзге де ақпаратты клиентке немесе үшінші тұлғаға ұсынуы жөнінде көрсетілетін қызметтері;
3) ақша аударымдары жүйесі - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін келісім жасасқан төлем жүйесі операторының бағдарламалық қамтамасыз етуі пайдаланыла отырып, ақша аударымдары жүзеге асырылатын төлем жүйесі;
4) ақша аударымы - көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің төлемді жүзеге асыруға немесе өзге де мақсаттарға байланысты клиенттің ақша беру туралы нұсқауын дәйектілікпен орындауы;
5) ақша жөнелтуші - төлем және (немесе) ақша аударымы өз есебінен жүзеге асырылатын тұлға;
6) ақша жөнелтушінің банкі - ақша жөнелтушіге қызмет көрсететін банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
7) ақша жөнелтушінің тұрақты өкімі - ақша жөнелтушінің осы тапсырмада көрсетілген шарттар мен деректемелерге сәйкес өз атынан бір немесе бірнеше бенефициардың пайдасына тұрақты төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру туралы ақша жөнелтушінің банкіне тапсырмасы;
8) аутсорсинг - көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпараттық-технологиялық функцияларды орындауды көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің көрсетілетін қызметтерді өтеулі ұсыну туралы шарттың (аутсорсинг туралы шарт) негізінде үшінші тұлғаларға беруі;
9) банкаралық ақша аударымдары жүйесі - қатысушылары арасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттардағы ақшаны пайдалана отырып, қатысушысының әрбір нұсқауын операциялық күн ішінде ақша аударымдарын аяқтай отырып жеке орындау арқылы жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі;
10) банкаралық клиринг жүйесі - жүйеге қатысушы банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қатысушылар нұсқауларының көпжақты клирингі арқылы жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі;
11) банктік шот - клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасының қозғалысын, сондай-ақ клиентке банк қызметін көрсету бойынша клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасындағы шарттық қатынастарды көрсету және есепке алу тәсілі;
12) банктік шотты тікелей дебеттеу - банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақша жөнелтушіден ақшаны алып қоюы және ақша жөнелтушінің осындай алып қою туралы алдын ала рұқсатының негізінде оларды бенефициардың пайдасына беруі;
13) бастамашы - орындау үшін нұсқау берген тұлға;
14) бенефициар - төлем және (немесе) ақша аударымы өз пайдасына жүзеге асырылатын тұлға;
15) бенефициардың банкі - бенефициарға қызмет көрсететін банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
16) валюталау күні - төлемнің және (немесе) ақша аударымының бастамашысы бенефициардың банктік шотына ақша есепке жатқызылуға тиіс болғанда төлем құжатында көрсеткен күн;
17) есептік тіркеу - төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу;
18) жинақ шоты - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік салым шартының негізінде ашатын банктік шот;
19) жиынтық төлем тапсырмасы - бір ақша жөнелтушіден бір банкте қызмет көрсетілетін бірнеше бенефициардың пайдасына не бір банкте қызмет көрсетілетін бірнеше ақша жөнелтушіден бір бенефициардың пайдасына төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын төлем тапсырмасы;
20) жөнелтуші - нұсқау беретін ақша жөнелтуші немесе бенефициар;
21) жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінің жұмыс істеуін бағалау - осы төлем жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін айқындау мақсатында төлем жүйесінің операторы, төлем жүйесінің операциялық орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе халықаралық қаржы ұйымдары жүзеге асыратын шаралар кешені;
22) жүйелік маңызы бар төлем жүйелерінің мониторингі - төлем жүйелеріне қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру шеңберінде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде туындайтын тәуекелдерді басқару, барынша азайту және болжау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын, жүйелік маңызы бар төлем жүйелерін бақылап отыру және байқау процесі;
23) жүйелік маңызы бар төлем жүйесі - үздіксіз жұмысы Қазақстан Республикасы қаржы нарығының тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін және жұмысының тоқтауы (іркілуі) Қазақстан Республикасының қаржы нарығында тәуекелдердің туындауына әкеп соғуы мүмкін төлем жүйесі;
24) инкассолық өкім - ақша жөнелтушінің банктік шотынан оның келісімінсіз ақшаны алып қою үшін пайдаланылатын төлем құжаты;
25) клиент - көрсетілетін төлем қызметін алатын жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі;
26) клиринг - өзара ақша талаптары мен міндеттемелерін жинау, салыстырып тексеру және есепке жатқызу процесі, сондай-ақ осы процеске қатысушылардың таза позицияларын айқындау;
27) корреспонденттік шот - банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және оның клиенттерінің операцияларды орындау үшін корреспондентік шот шарты негізінде ашылатын, банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік шоты;
28) көрсетілетін төлем қызметтерін беруші - көрсетілетін төлем қызметтері нарығының көрсетілетін төлем қызметін ұсынатын субъектісі;
29) көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде беруші - клиенттің банктік шотына қызмет көрсетпейтін және клиентке өзінің қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы электрондық көрсетілетін банктік қызметтерді ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін беруші;
30) көрсетілетін төлем қызметтерін маңызды беруші - осы Заңда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін көрсетілетін төлем қызметтерін беруші;
31) көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығы - көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынумен және пайдаланумен, сондай-ақ төлем құралдарын шығарумен және пайдаланумен байланысты қатынастардың жиынтығы;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32) көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын мемлекеттік бақылау және қадағалау (көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын бақылау және қадағалау) - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің қызметін бақылауды өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асыруға бағытталған қызметі;
33) көрсетілетін төлем қызметі - көрсетілетін төлем қызметін беруші клиентке осы Заңның 12-бабына сәйкес көрсететін қызмет;
34) қашықтан қол жеткізу жүйесі - электрондық көрсетілетін банк қызметтерін алу үшін клиент пен көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасындағы байланысты қамтамасыз ететін телекоммуникациялар, цифрлық және ақпараттық технологиялар, бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарының және жабдықтардың жиынтығы;
35) қосалқы төлем агенті - көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөнінде төлем агентімен агенттік шартты жасасқан заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;
36) нұсқау - төлем және (немесе) ақша аударымы бастамашысының көрсетілетін төлем қызметтерін берушіге төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру туралы өкімі, ол тапсырма, талап нысанында немесе электрондық төлем құралы немесе қашықтан қол жеткізу жүйесі пайдаланылған кезде клиенттің келісімі түрінде болады;
37) операциялық күн - төлем жүйесінің операторы не көрсетілетін төлем қызметтерін беруші нұсқауларды орындауды тоқтата тұру не мұндай нұсқауларды кері қайтару туралы нұсқауларды, өкімдерді қабылдауды және өңдеуді жүзеге асыратын уақыт кезеңі;
38) өзге төлем жүйесі - жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі болып табылмайтын төлем жүйесі;
39) сәйкестендіру құралы - нұсқауды жөнелтушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе әріптер, цифрлар немесе символдар комбинациясынан тұратын бірегей сәйкестендіруші немесе көрсетілетін төлем қызметін беруші клиентті сәйкестендіру үшін белгілеген және онымен келісілген өзге де сәйкестендіруші (дербес пароль, бірреттік (біржолғы) сәйкестендіру коды, биометрикалық сәйкестендіру құралы);
40) таза позиция - төлем жүйесіндегі есеп айырысу төлем жүйесіне қатысушылар нұсқауларының көпжақты клирингі арқылы жүзеге асырылатын жағдайда, төлем жүйесіне барлық қатысушылардың төлем жүйесіне бір қатысушысының пайдасына бағытталған нұсқауларының сомасы мен төлем жүйесіне осы қатысушының төлем жүйесіне қалған қатысушылардың пайдасына бағытталған нұсқауларының сомасы арасындағы айырманың мәні. Таза позицияның мәні теріс болған кезде қатысушыда дебеттік таза позиция, мәні оң болған кезде - кредиттік таза позиция болады;
41) төлем - қолма-қол ақшаны және (немесе) төлем құралдарын пайдалана отырып ақшалай міндеттемені орындау;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 42) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
42) төлем агенті - банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен немесе төлем ұйымымен көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі агенттік шартты жасасқан заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;
43) төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушылар - төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша құқықтары және (немесе) міндеттері бар жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
44) төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жүйелерінің тиімді, қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын қызметі;
45) төлем жүйесі - төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруды төлем жүйесі операторының және (немесе) төлем жүйесіне қатысушылардың рәсімдерді, инфрақұрылымды және осы төлем жүйесінің операторы белгілеген қағидаларды қолдану арқылы өзара іс-қимыл жасау жолымен қамтамасыз етілетін қатынастардың жиынтығы;
46) төлем жүйесіне қатысушы - төлем жүйесінің операторымен төлем жүйесіне қатысу туралы шарт жасасқан банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
47) төлем жүйесінің жұмыс істеуін өзіндік бағалау - осы төлем жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін айқындау мақсатында төлем жүйесінің операторы, төлем жүйесінің операциялық орталығы жүзеге асыратын шаралар кешені;
48) төлем жүйесінің инфрақұрылымы - төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің, ресурстар мен технологиялардың жиынтығы;
49) төлем жүйесінің операторы - төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және осындай қызметке жататын, осы Заңда белгіленген міндеттерді орындайтын заңды тұлға;
50) төлем жүйесінің операциялық орталығы - төлем жүйесінің операторы осы заңды тұлғаға қатысты оның қызметін реттеу және аталған ұйымның құқықтық мәртебесін өзгерту туралы шешімдер қабылдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жағдайда, төлем жүйесінің операторы осы заңды тұлға мен төлем жүйесінің операторы арасында жасалған шарт негізінде не оған өкілеттіктер беру арқылы операциялық және технологиялық функцияларды жүзеге асыруды тапсырған заңды тұлға;
51) төлем карточкасы - ұстаушысына электрондық терминалдар немесе басқа байланыс арналары арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға не қолма-қол ақша алуға не валюталарды айырбастауды және төлем карточкасының эмитенті айқындаған және оның шарттарымен басқа да операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат қамтылған электрондық төлем құралы;
52) төлем карточкасын шығару - төлем карточкасын ұстаушыға төлем карточкасын беруді көздейтін төлем қызметі;
53) төлем карточкасының эмитенті - төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыратын банк немесе Ұлттық пошта операторы;
54) төлем құжаты - қағаз жеткізгіште жасалған не электрондық нысанда қалыптастырылған, соның негізінде немесе көмегімен төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжат;
55) төлем құралы - төлем және (немесе) ақша аударымы соның негізінде немесе ол пайдаланыла отырып жүзеге асырылатын төлем құжаты немесе электрондық төлем құралы;
56) төлемнің және (немесе) ақша аударымының аяқталуы (түпкілікті болуы) - қатысушының төлемге және (немесе) ақша аударымына міндеттемесі орындалды деп есептелетін уақыт көзі;
57) төлем ордері - клиент пен оған қызмет көрсететін банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру және (немесе) клиенттің банктік шотына қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын төлем құжаты;
58) төлем талабы - бенефициар немесе бенефициардың банкі ақша жөнелтушінің банкіне ұсынатын, төлем құжатында көрсетілген ақша сомасын ақша жөнелтушінің банктік шотынан төлеу туралы төлем құжат;
59) төлем тапсырмасы - ақша жөнелтушінің өз банкіне немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы төлем құжатында айқындалған ақша сомасын бенефициардың пайдасына аудару туралы нұсқауы көзделетін төлем құжаты;
60) төлем ұйымдарының тізілімі - есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының бірыңғай тізбесі;
61) төлем ұйымы - коммерциялық ұйым болып табылатын, осы Заңға сәйкес көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
62) төлем хабарламасы - төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын банктік шотты ашпай жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын және ақша жөнелтушінің өзіне қызмет көрсететін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға төлем құжатында көрсетілген сомада бенефициардың пайдасына ақша аудару туралы тапсырмасы қамтылатын төлем құжаты;
63) чек - чек берушінің қызмет көрсететін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жазбаша бұйрықта көрсетілген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеу туралы осындай бұйрық қамтылатын төлем құжаты;
64) чек беруші - чек жазып берген тұлға;
65) чек ұстаушы - өз пайдасына чек жазылған тұлға, оның ішінде, егер чекті ол өзіне жазса, чек беруші;
66) шетелдік төлем жүйесі - операторы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын төлем жүйесі;
67) электрондық ақша - электрондық нысанда сақталатын және электрондық ақша жүйесінде жүйеге басқа да қатысушылар төлем құралы ретінде қабылдайтын электрондық ақша эмитентінің шартсыз және кері қайтарып алынбайтын ақшалай міндеттемелері;
68) электрондық ақша жүйесі - электрондық ақша жүйесі операторының электрондық ақша эмитентімен және (немесе) электрондық ақша иелерімен өзара іс-қимыл жасауы арқылы электрондық ақшаны пайдалана отырып, төлемдерді және өзге де операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдардың, құжаттаманың және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
69) электрондық ақша жүйесінің агенті (бұдан әрі - агент) - банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, Ұлттық пошта операторы және электрондық ақша эмитентімен не электрондық ақша жүйесінің операторымен жасалған шарттың негізінде электрондық ақшаны кейіннен жеке тұлғаларға өткізу үшін эмитенттен және ақша иеленуші жеке тұлғалардан оны сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын төлем агенті;
70) электрондық ақша жүйесінің операторы - электрондық ақшаны пайдалана отырып, операцияларды жүзеге асыру кезінде қалыптастырылатын ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді қоса алғанда, электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ электрондық ақша эмитентімен (эмитенттерімен) жасалған шартқа сәйкес электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын айқындайтын банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем ұйымы;
71) электрондық ақшаны өтеу - электрондық ақша эмитентінің өзі шығарған, электрондық ақшаның иесі ұсынған не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда иеленушісі оларды ұсынбастан ауыстыруға жататын электрондық ақшаны олардың номиналдық құнына тең ақша сомасына айырбастауды жүзеге асыруын көздейтін көрсетілетін төлем қызметі;
72) электрондық ақшаны пайдалану - азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемді және (немесе) меншік құқығының электрондық ақшаға өтуімен байланысты өзге де операцияларды жүзеге асыру мақсатында электрондық ақша иесінің оларды электрондық ақша жүйесінің басқа қатысушысына беруі;
73) электрондық ақшаны шығару - электрондық ақша эмитентінің электрондық ақшаны жеке тұлғаға немесе агентке олардың номиналдық құнына тең ақша сомасына айырбастау арқылы беруін көздейтін көрсетілетін төлем қызметі;
74) электрондық ақша эмитенті - осы Заңға сәйкес электрондық ақшаны шығаруға және өтеуге құқығы бар көрсетілетін төлем қызметтерін беруші;
75) электрондық көрсетілетін банктік қызметтер - көрсетілетін төлем қызметтерін және ақпараттық көрсетілетін банктік қызметтерді алу үшін қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы клиенттің өз банктік шотына қол жеткізуімен байланысты көрсетілетін қызметтер;
76) электрондық терминал - төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын не қолма-қол ақшаны қабылдау және (немесе) беру операцияларын жүзеге асыруға не шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға не өзге де операция түрлерін жүзеге асыруға, сондай-ақ тиісті растау құжаттарын қалыптастыруға арналған электрондық-механикалық қондырғы;
77) электрондық төлем құралы - төлемді және (немесе) ақша аударымын жасауға өкілеттігі бар ақша жөнелтушіге төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруға бастамашы болуға, сондай-ақ ақша жөнелтуші мен электрондық төлем құралының эмитенті арасындағы шартта көзделген өзге де операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтитын төлем карточкасы немесе өзге де электрондық жеткізгіш;