Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы
(2018.27.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесі
2-бап. Қазақстан Республикасының Ассамблея туралы заңнамасы
3-бап. Ассамблеяның мақсаты
4-бап. Ассамблеяның негізгі міндеттері
5-бап. Ассамблея қызметінің принциптері
6-бап. Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары
7-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Ассамблеяға қатысты құзыреті
2-тарау. АССАМБЛЕЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
8-бап. Ассамблеяның құрылымы
9-бап. Ассамблея Сессиясы
10-бап. Ассамблея Кеңесі
10-1-бап. Кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
11-бап. Ассамблея Аппараты (Хатшылығы)
12-бап. Ассамблея Төрағасы
13-бап. Ассамблея Төрағасының орынбасарлары
13-1-бап. Ассамблеяның және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының атқарушы органдары
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары
14-1-бап. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері
15-бап. Ассамблеяға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеяларына мүшелік
16-бап. Ассамблея мүшелерінің өкілеттігі
17-бап. Ассамблея мүшесінің өкілеттігін тоқтату
18-бап. Парламент Мәжілісінің Ассамблея сайлаған депутаты өкілеттігінің тоқтатылуы
3-тарау. ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
19-бап. Ассамблеяның және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының қызметін қаржыландыру көздері
19-1-бап. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің дәстүрлерді, тілдерді, мәдениетті сақтау және дамыту саласындағы қызметін мемлекеттік қолдау
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)», «облысқа (республикалық маңызы бар қалаға, астанаға)» деген сөздер тиісінше «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана», «Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана», «облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2015.27.10. № 361-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Осы Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру тәртібін және оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесі
2015.27.10. № 361-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі - Ассамблея) - заңды тұлға түрінде құрылмайтын, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.
2. Ассамблея өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жанындағы заңды тұлға құрылмай, қызметін Ассамблея үйлестіретін мекемелер.
2-бап. Қазақстан Республикасының Ассамблея туралы заңнамасы
1. Ассамблея туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2015.27.10. № 361-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап жаңа редакцияда
3-бап. Ассамблеяның мақсаты
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан этностарының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Ассамблеяның негізгі міндеттері
Ассамблеяның негізгі міндеттері:
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2015.27.10. № 361-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) Қазақстан халқының бірлігін нығайту;
3) қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
2015.27.10. № 361-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға қатысу;
5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан халқының дәстүрлерін, тілдері мен мәдениетін сақтау және дамыту болып табылады.
5-бап. Ассамблея қызметінің принциптері
Ассамблея қызметінің принциптері:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы;
2) халық пен мемлекет мүдделерінің басымдылығы;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешқандай кемсітуге жол бермеушілік;
4) Ассамблея мүшелерінің тең құқылығы және оның құрамындағы қызметі үшін дербес жауапкершілігі;
5) жариялылық болып табылады.
6-бап. Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары
Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары:
2015.27.10. № 361-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;
2) қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу;
3) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;
4) 2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) демография және көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) елде және шетелде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін танымал ету;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ағартушылық және баспа қызметін жүзеге асыру;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) этносаралық қатынастар аясында, оның ішінде мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласында мониторингті жүзеге асыру;
2015.27.10. № 361-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптамаға қатысу;
10) шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәселелерінде қолдау көрсету;
11) этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу;
12) этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек көрсету;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семинарларды, конференцияларды өткізу, сондай-ақ өзге де іс-шараларды жүзеге асыру;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдесу;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан этностарының өз тарихи отанымен байланысын дамытуға жәрдемдесу;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі өзге де қызмет болып табылады.
7-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Ассамблеяға қатысты құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Президенті:
1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;
2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды;
3) Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Ассамблея Сессиясын шақырады;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.
2010.14.06 № 290-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі.
2-тарау. АССАМБЛЕЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-бап. Ассамблеяның құрылымы
1. Ассамблеяның құрылымын Ассамблеяның Сессиясы, Кеңесі, Аппараты (Хатшылығы), Ассамблеяның атқарушы органы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері құрайды.
9-бап. Ассамблея Сессиясы
1. Ассамблея Сессиясы - Ассамблея мүшелерінің жиналысы (бұдан әрі - Сессия) Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады.
2. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Кезекті Сессияны шақыру туралы өкім кезекті Сессияның өткізілетін күні, орны және күн тәртібі көрсетіліп, ол басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
3. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесінің бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады және оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі.
4. Сессияның ерекше құқығы:
1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тоғыз депутатын сайлау;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Ассамблеяның дамуын айқындауда тұжырымдамалық ұстанымдарды әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзу;
3) 2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Ассамблея мүшелерінің есептерін тыңдау болып табылады.
5) 2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Егер Ассамблея жұмысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Сессия заңды болып есептеледі.
6. Сессияның шешімі, егер оған қатысып отырған Ассамблея мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Дауыс беру тәртібі мен нысанын Сессия айқындайды.
2015.27.10. № 361-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Сессияның шешімін Ассамблеяның Төрағасы бекітеді. Ассамблея Сессиясының шешімдеріндегі мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға жіберілген қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұсынымдар және ұсыныстар міндетті түрде қарауға жатады.
Сессияның жұмысы Сессия шешімімен бекітілетін регламентпен реттеледі.
8. Ассамблеяның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тоғыз депутатын сайлауы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттеледі.
10-бап. Ассамблея Кеңесі
1. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылатын Ассамблея Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) жүзеге асырады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кеңес Ассамблеяның республикалық этномәдени бірлестіктерінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының, мемлекеттік органдардың басшылары қатарынан қалыптастырылатын алқалы орган болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Кеңестің құрамына Ассамблеяның басқа да мүшелері енгізілуі мүмкін.
3. Кеңестің отырыстарын Кеңестің Төрағасы немесе Ассамблея Төрағасымен келісім бойынша Ассамблея Төрағасының орынбасарлары қажеттілігіне қарай, бірақ жартыжылдықта кемінде бір рет шақырады.
4. Кеңестің өкілеттіктеріне:
1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Ассамблея сайлайтын кандидаттарды ұсыну;
2) Ассамблея мүшелігіне кандидатураларды қарау;
3) Қазақстан Республикасының Президентіне кезекті Сессияны шақыру және оның күн тәртібі туралы ұсыныстар енгізу;
4) Ассамблея Аппаратының (Хатшылығының) жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізу;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) қоғамдық наградаларды тағайындау және олар туралы ережелерді бекіту;
5) Сессияның ерекше құзыретіне жатпайтын өзге де шешімдер қабылдау жатады.
5. Егер Кеңестің жүмысына оның мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып есептеледі.
6. Кеңестің шешімі, егер отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі оны жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды
10-1-бап. Кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
1. Кеңестің мүшелері өз қызметін жүзеге асырған кезде:
1) Кеңестің тапсырмасы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда Ассамблеяның мүддесін білдіруге, сондай-ақ олардың консультативтік-кеңесші органдарының құрамдарына кіруге;
2) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының сессиялары мен кеңестері отырыстарының жұмысына қатысуға;
3) Кеңестің отырыстарында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша қоғамдық маңызы бар мәселелерді қарау жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға Ассамблеяның жұмыс органы арқылы өтініштер жіберуге;
5) Ассамблеяның жұмыс органына қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін этномәдени бірлестіктердің мүшелерін, сондай-ақ басқа да адамдарды көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.
2. Кеңестің мүшесі Кеңестің жұмысына, сондай-ақ Ассамблея ұйымдастыратын іс-шараларға қатысуға міндетті.
11-бап. Ассамблея Аппараты (Хатшылығы)
1. Ассамблея Аппараты (Хатшылығы) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін, қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетін Ассамблеяның жұмыс органы болып табылады.
2. Аппаратты (Хатшылықты) сонымен бір мезгілде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Аппарат (Хатшылық) меңгерушісі басқарады.
3. Сессияның, Кеңестің шешімдері және Ассамблея Төрағасының тапсырмалары Аппараттың (Хатшылықтың) орындауы үшін міндетті болып табылады.
4. Аппараттың (Хатшылықтың) негізгі функциялары:
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Төраға мен Кеңестің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, оның ішінде олардың қызметін сараптамалық-талдамалық, ақпараттық және өзге де түрде қолдап отыру;
2015.27.10. № 361-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша жұмысын үйлестіру;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) Ассамблеяның атқарушы органының жұмысын үйлестіру;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды
1-3) Ассамблеяның атқарушы органының үлгілік құрылымын және штат санын келісу;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды
1-4) жеке және заңды тұлғалардың жалпымемлекеттік маңызы бар және этносаралық қатынастар саласын қозғайтын өтініштерін қарау;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 1-5) тармақшамен толықтырылды
1-5) Ассамблея мен оның құрылымының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
2) 2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен және шет елдердің осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге және Ассамблеяға жүктелген міндеттерді іске асыруға бағытталған өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
12-бап. Ассамблея Төрағасы
1. Ассамблея Төрағасы Ассамблеяны, Ассамблея Кеңесін басқарады және Ассамблеяның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
2. Ассамблея Төрағасы:
1) Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын бекітеді және оларды іске асыру жөнінде тапсырмалар береді;
1-1) 2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) бұқаралық ақпарат құралдарында және халықаралық ұйымдарда Ассамблея атынан үндеулер және мәлімдемелер жасайды.
3. Ассамблея Төрағасы өз өкілеттіктерінің бір бөлігін Ассамблея Төрағасының орынбасарларына беруге құқылы.
13-бап. Ассамблея Төрағасының орынбасарлары
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ассамблея Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
Этномәдени бірлестіктерден Ассамблея Төрағасының орынбасарларын Кеңестің ұсынымы негізінде ротациялау қағидатына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
Ассамблея Төрағасының орынбасарларын ротациялау кезеңін Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
2. Ассамблея Төрағасының орынбасарлары:
1) Ассамблея Төрағасының ерекше құзыретіне кірмейтін өкілеттіктерді жүзеге асырады;
2) Ассамблея Төрағасының тапсырмасы бойынша Ассамблея атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және халықаралық ұйымдарда өкілдік етеді;
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) Ассамблея Төрағасының, Ассамблеяның жұмыс органының Сессиялар мен Кеңес шешiмдерiн іске асыру жөніндегі тапсырмаларын орындайды;
3) Ассамблеядағы істің жай-күйі және бағдарламалық құжаттарының іске асырылу барысы туралы Ассамблея Төрағасына қажеттілігіне қарай ақпарат береді.
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Ассамблея Төрағасы орынбасарларының қызметін Ассамблеяның атқарушы органы қамтамасыз етеді.
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды
13-1-бап. Ассамблеяның және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының атқарушы органдары
1. Қазақстан Республикасының Президенті құратын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы республикалық мемлекеттік мекеме Ассамблеяның атқарушы органы болып табылады.
Ассамблеяның атқарушы органының қызметі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жарғымен регламенттеледі.
Ассамблеяның атқарушы органы қызметінің мақсаты Ассамблеяның жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру болып табылады.
Ассамблеяның атқарушы органының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының жанындағы коммуналдық мемлекеттік мекеме облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының атқарушы органы болып табылады.
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының атқарушы органы қызметінің мақсаты облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру болып табылады.
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының атқарушы органының басшысы Ассамблея Аппаратымен (Хатшылығымен) келісу бойынша лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары өз қызметін жүзеге асыру кезінде Ассамблеяның алдында есеп береді және жауапты болады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері лауазымы бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының төрағалары болып табылады.
3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының ұйымдық құрылымын онда өңірлердің ұлттық, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық мүдделерін білдіру қажеттігін ескере отырып, Ассамблея Аппаратымен (Хатшылығымен) келісім бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының төрағасы айқындайды.
4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының жоғары басшы органы сессия болып табылады.
5. Ассамблея төрағасы құратын және басшылық ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының кеңесі сессиялар аралығындағы басқаруды жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады.
6. Әкім аппаратының құрылымына кіретін аппарат (хатшылық) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының жұмыс органы болып табылады.
Аппарат (хатшылық) меңгерушісі өз мәртебесі бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясы төрағасының орынбасары болып табылады, оны тиісті әкім қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары:
1) Ассамблеяның және оның Кеңесінің шешімдерін, Ассамблея Төрағасының өз шешімдері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа Ассамблея сайлайтын кандидаттарды ұсыну жөнінде ұсыныстар әзірлейді, олар Ассамблея Кеңесіне жіберіледі;
3) өңірдегі этносаралық қатынастардың жай-күйі және оларды нығайту перспективалары туралы ақпарат жинауды және Ассамблеяға ұсынуды тұрақты негізде жүзеге асырады;
4) жергілікті мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, этномәдени және этносаралық қатынастар саласында өз қызметін жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды.
2018.27.04. № 149-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды
8. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының аппараты (хатшылығы):
1) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының төрағасы мен кеңесінің қызметін қамтамасыз етеді;
2) өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың жай-күйі мен перспективалары туралы ақпаратты тұрақты негізде жинауды жүзеге асырады және оны Ассамблея Аппаратына (Хатшылығына) тоқсан сайын береді;