476) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны жүргізу не жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау және оны қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізу;
477) ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен алып тастау туралы өтінішті қарау;
478) күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттігінің жоқтығы туралы шешім қабылдау және күдікті операция туралы хабарламаны берген қаржы мониторингі субъектісіне және мемлекеттік органға электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жеткізу;
479) олар терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім қабылдау және оны «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізу;
480) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, олар терроризмді қаржыландыруға бағытталады деп пайымдауға негіздер бар күдікті операцияларды тоқтата тұру қажеттігі туралы шешімдер берген құқық қорғау мен арнаулы мемлекеттік органдарды банк шоттары бойынша шығыс операцияларының уақытша тоқтатылғаны туралы хабардар ету;
481) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың тиісті шешімі алынған сәттен бастап үш сағат ішінде оны қаржы мониторингі субъектісіне жеткізу;
482) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты әрекеттердің алдын алу, анықтау, жолын кесу және тергеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес көрсетілген кірістерді тәркілеу саласында шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен ынтымақтастық жасау;
483) шет мемлекеттiң құзыреттi органының сұрау салуы бойынша жүзеге асырылатын қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы ақпараттар, мәліметтер мен құжаттар беру;
484) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруден бас тарту үшін негiздердi көрсете отырып, шет мемлекеттiң сұрау салған құзыреттi органына бас тарту туралы хабарлау;
485) қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларын, схемаларын және тәсілдерін бекіту және ресми интернет-ресурста орналастыру арқылы қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізу;
486) жеке және заңды тұлғалардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде олардың құзыретіне сәйкес құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға ақпарат жіберу;
487) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен берілген ақпарат бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
488) ҚР Үкіметінің 2019.26.11. № 877 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
489) мәмілеге қатысушының трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға өтінішін қарау;
490) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын растайтын құжаттарды және дифференциалды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірінің қолданылғаны туралы ақпаратты және қолданылатын бағаның негізділігін растайтын басқа да ақпаратты қарау;
491) уәкілетті орган айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;
492) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарау;
тапсырыс беруші ұсынған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасын әзірлеу және бекіту;
конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындау және бекіту;
конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алу жүргізу туралы хабарландыруды орналастыру;
тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған адамдар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберу;
конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазын айқындау;
493) мемлекеттік сатып алу саласында республикалық тізілімдерді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
494) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
495) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғамайтын және ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
496) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
497) ведомстволардың өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау функцияларын жүзеге асыру;
498) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы шешім қабылдау;
498-1) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
498-1) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау және қарау және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазаларды қолдану;
499) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2019.18.04. № 208 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.06. № 422 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 17-тармақ өзгертілді
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды адамдарынан және өзге де адамдардан, шет мемлекеттің құзыретті органдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және беру;
1-1) салықтың әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (ендіруді) жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы пайдалану бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;
3) сараптамалар, тексерулер мен консультациялар жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу, мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, ақпараттық жүйелер құру үшін тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен тәуелсіз сарапшыларды тарту;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
5) Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
6) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
8) ведомстволардың аумақтық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беру;
9) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдану;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;
11) күдікті операция белгілері анықталған жағдайда, үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату туралы шешім шығару;
12) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты мәліметтер мен ақпарат алмасу және оларды беру бойынша өзара іс-қимыл тәртібін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен бірлесіп айқындау;
13) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
14) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
15) заңнамада айқындалған жағдайларда Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жеке және заңды тұлғалардан, еншілес компаниялардан қажетті құжаттарды, белгіленген нысандар бойынша есептіліктерді ұсынуды талап ету;
16) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың бірлескен актілері негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
17) тиісті уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен беру;
18) халықаралық шарттар негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда шет мемлекеттің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
19) құзыреті шегінде темекі бұйымдарын өндірушілерге темекі бұйымдарын өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді беру туралы сұрау салу;
20) тексерулерге мемлекеттік органдардың мамандарын тарту;
21) оңалтуды басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не оңалтуды басқарушыны тіркеуден алып тастау туралы хабарламаны кредиторлар жиналысына жіберу;
22) өндірісте бар материалдар мен қылмыстық істер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық деректерге және өзге де мәліметтерге қол жеткізу, сондай-ақ олардың берілуін ұйым басшыларынан және басқа лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан талап ету, олардың көшірмелерін түсіру, түсіндірулер алу;
23) іс жүргізудегі бар қылмыстық істер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарған адамдарды мәжбүрлеп келтіру;
24) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қою немесе алуды жүзеге асыру;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;
26) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау және істерді қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан тексерулер, салықтық және басқа тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету;
28) жеке және заңды тұлғаларға қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен шарттарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқаулықтар, ұсынымдар беру;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені құру және пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, өндіріс барысында зерттеулер ұйымдастыру;
30) бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтару;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қаржы министрі жүзеге асырады.
19. Қаржы министрiн Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті лауазымнан босатады.
20. Қаржы министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
21. Қаржы министрінің өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының міндеттерін айқындайды;
2) еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрықтарына қол қояды;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жұмыс регламентін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне кеден органдарының лауазымды адамдарына жоғары басшылық құрамының арнайы атақтарын беру туралы ұсыным енгізеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапкершілікте болады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қаржы министрі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Қаржы министрі өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4-тарау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мүлкі
24. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату
27. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2018.28.11. № 792 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
1. ҚР Үкіметінің 2018.16.11. № 766 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. «Ақпараттық есептеу орталығы» акционерлік қоғамы.
3. «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі.
4. ҚР Үкіметінің 2019.28.10. № 890 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы.
6. «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы.
ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 931 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.18.04. № 208 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.06. № 422 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.11. № 877 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және оның ведомстволарының
қарамағындағы аумақтық органдардың
тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық
комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң
тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментi.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Ақкөл аудандық қазынашылық басқармасы.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Аршалы аудандық қазынашылық басқармасы.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Астрахан аудандық қазынашылық басқармасы.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Атбасар аудандық қазынашылық басқармасы.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Бұланды аудандық қазынашылық басқармасы.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Зерендi аудандық қазынашылық басқармасы.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Біржан сал ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Ерейментау аудандық қазынашылық басқармасы.
10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Егiндiкөл аудандық қазынашылық басқармасы.
11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Есiл аудандық қазынашылық басқармасы.
12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Жақсы аудандық қазынашылық басқармасы.
13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Жарқайың аудандық қазынашылық басқармасы.
14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Қорғалжын аудандық қазынашылық басқармасы.
15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Сандықтау аудандық қазынашылық басқармасы.
16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Степногорск қалалық қазынашылық басқармасы.
17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Шортанды аудандық қазынашылық басқармасы.
18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Бурабай аудандық қазынашылық басқармасы.
19. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Целиноград аудандық қазынашылық басқармасы.
20. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментi.
21. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Алға аудандық қазынашылық басқармасы.
22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Әйтеке би аудандық қазынашылық басқармасы.
23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Байғанин аудандық қазынашылық басқармасы.
24. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Ырғыз аудандық қазынашылық басқармасы.
25. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Қарғалы аудандық қазынашылық басқармасы.
26. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Мұғалжар аудандық қазынашылық басқармасы.
27. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Мәртөк аудандық қазынашылық басқармасы.
28. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Темiр аудандық қазынашылық басқармасы.
29. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Ойыл аудандық қазынашылық басқармасы.
30. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Хромтау аудандық қазынашылық басқармасы.
31. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Қобда аудандық қазынашылық басқармасы.
32. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Шалқар аудандық қазынашылық басқармасы.
33. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментi.
34. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Алакөл аудандық қазынашылық басқармасы.
35. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Ақсу аудандық қазынашылық басқармасы.
36. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Балқаш аудандық қазынашылық басқармасы.
37. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Еңбекшiқазақ аудандық қазынашылық басқармасы.
38. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Жамбыл аудандық қазынашылық басқармасы.
39. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Iле аудандық қазынашылық басқармасы.
40. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Қарасай аудандық қазынашылық басқармасы.
41. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Қапшағай қалалық қазынашылық басқармасы.