Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алуды және шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын бірыңғай дистрибьютор туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қарашадағы № 1781 Қаулысы
(2016.29.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 6 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2015.08.07. № 515 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 908 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2015.08.07. № 515 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 908 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын бірыңғай дистрибьютор болып айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |