9. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 19-II, 106-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат):
1-бапта:
6-тармақта:
бүкіл мәтін бойынша «Халықты жұмыспен қамту орталығының», «Халықты жұмыспен қамту орталығы», «Орталыққа», «Орталық», «Орталықтың», «Орталықтан» деген сөздер тиісінше «халықты жұмыспен қамту орталығының», «халықты жұмыспен қамту орталығы», «халықты жұмыспен қамту орталығына», «халықты жұмыспен қамту орталығы», «халықты жұмыспен қамту орталығының», «халықты жұмыспен қамту орталығынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2) әлеуметтік келісімшарт - жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;»;
7-тармақта:
4) тармақшада:
екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, жәрдемақы тағайындау туралы өтініш осы Заңның 4-бабында көзделген жәрдемақыға құқығы бар отбасының тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға беріледі.»;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бірінші бөліктегі «Мемлекеттік корпорацияға немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға сұрау салуды жүзеге асырғандар» деген сөздер «сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
5) тармақшаның бесінші абзацындағы «қабылданған шешім туралы, тағайындау және бас тарту (себептерін көрсетіп)» деген сөздер «жәрдемақылар тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту (себептерін көрсетіп) туралы қабылданған шешім» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу
1. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасау қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылады.
2. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақыны төлеу ағымдағы ай үшін және барлық растайтын құжаттар болған кезде өтініш жасаған күннен бастап осы жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.
3. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақы растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе анық емес деректер қамтылған құжаттарды табыс еткен адамдарға тағайындалмайды.
4. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақыны төлеу оны тағайындау үшін негіздер жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайларда тоқтатылады.».
10. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат):
10-тармақтың 1) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 25-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Банктер «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік органдарға, соттарға бюджетке төлемдер төлеумен, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аударумен, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеумен байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер мен ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде береді.»;
2) 60-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 35-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің төртінші абзацын;».
11. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат):
4-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға, сондай-ақ тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері жөніндегі шешімді қайта қарауға 2017 жылғы 1 шілдеге дейін берілген шағымдарды қарау «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 93 және 94-тарауларының және (немесе) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-тарауының ережелеріне сәйкес 2017 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болатын редакцияда жүзеге асырылады.».
2-бап. Осы Заң:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 2), 3), 5) және 7) тармақшаларын;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы маусымның 20-ы.
№ 76-VI