Күзет қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 2000 ж. 19 қазандағы № 85-ІІ Заңы
(2021.02.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Күзет қызметі ұғымы
1-1-бап. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілер
2-бап. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңдары
3-бап. Күзет қызметiнiң мiндеттерi
4-бап. Күзет қызметiнiң принциптерi
5-бап. Күзет қызметiн лицензиялау және оны жүзеге асыруды шектеу
6-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыру кезiнде терiс пиғылды iс-әрекеттерден мемлекеттiк кепiлдiктер және күзет ұйымдарының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiн жеке сақтандыру
2-тарау. Кү зетқызметінің субъектілері және олардың сыныптамасы. Мамандандырылған оқу орталықтары
7-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер
8-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлердiң мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылы
9-бап. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру ерекшелiктерi
10-бап. Жеке күзет ұйымының құқықтық мәртебесі және жеке күзет ұйымының күзетші лауазымын атқаратын жұмыскеріне қойылатын талаптар
10-1-бап. Мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдарына қойылатын талаптар
11-бап. Жеке күзетшiнiң құқықтық мәртебесi
12-бап. Күзет бөлiмшесiнiң құқықтық мәртебесi
13-бап. Мемлекеттiк органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң құқықтық мәртебесi
13-1-бап. Жеке күзет ұйымында күзетші лауазымын атқаратын жұмыскердің құқықтары мен міндеттері
3-тарау. Күзет қызметінің түрлері және күзет қызметін құқықтық ресімдеу
14-бап. Күзет қызметтерiн көрсету түрлерi
15-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыру тәртiбi
15-1-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі
15-2-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптар
16-бап. Күзет қызметiн көрсету туралы шарт
17-бап. Күзет бөлiмшелерi қызметiнiң негiзi
17-1-бап. Күзет қызметiн жүзеге асырумен байланысты шектеулер/
4-тарау. Күзет қызметі субъектілерінің қару және арнаулы құралдар пайдалануы
18-бап. Күзет қызметi субъектiлерiн қарумен және арнаулы құралдармен жарақтандыру шарттары
19-бап. Күзет қызметi субъектiлерiнiң қаруды және арнаулы құралдарды қолдануының шарттары, негiздерi мен тәртiбi
5-тарау. Қорытынды ережелер
20-бап. Мемлекеттік бақылау
21-бап. Күзет қызметiнiң субъектiлерiн, мамандандырылған оқу орталықтарын есепке алу
22-бап. Күзет қызметiн қадағалау
23-бап. Күзет қызметімен, мамандандырылған оқу орталықтарының қызметімен, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, баптаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілердің жауаптылығы
2008 ж. 4 шілдедегі № 53- ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтіні бойынша «жеке кәсіпкерлер», «жеке кәсіпкерлік», «жеке кәсіпкер», «жеке кәсіпкерге», «жеке кәсіпкердің», «жеке кәсіпкерлердің» деген сөздер тиісінше «дара кәсіпкерлер», «дара кәсіпкерлік», «дара кәсіпкер», «дара кәсіпкерге», «дара кәсіпкердің», «дара кәсіпкерлердің» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет қызметінің құқықтық негіздерiн белгілейдi, күзетті және күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілердің мәртебесi мен өкілеттігiн айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Күзет қызметі ұғымы
1. Заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы (күзет қызметін көрсетулері) күзет қызметі деп ұғынылады.
2. Осы Заңның күшi жеке күзет ұйымдарына және егер iшкi iстер органдары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентi мен Үкіметінiң актілерінде өзгеше көзделмесе, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiне қолданылады.
3. Осы Заңның күші, егер заңдардан өзгеше туындамаса, азаматтар мен заңды тұлғалардың денсаулық сақтау саласына, санаткерлік меншікке, мемлекеттік құпияларға, коммерциялық құпияларға байланысты өзге де игіліктері мен заңды мүдделерін қорғауға қолданылмайды.
2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді)
1-1-бап. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілер
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілер; стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталында акцияларының бақылау пакетін (қатысу үлестерін) мемлекет тікелей немесе жанама түрде иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектілері мемлекеттік күзетілуге жатады.
Мемлекеттiк күзетiлуге жататын объектiлердi күзетудi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi, Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің тізбелерін Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес бекітеді.
3. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің бірінші басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын талаптарға сәйкес олардың инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Күзет қызметiн көрсету саласында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру мақсатында осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тізбеге енгізілмеген объектілерді күзетуді жеке күзет ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттардың негiзінде жүзеге асыра алады.
2-бап. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңдары
Күзет қызметін жүзеге асырудың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері құрайды.
3-бап. Күзет қызметiнiң мiндеттерi
Күзет қызметiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау;
2) жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау болып табылады.
4-бап. Күзет қызметiнiң принциптерi
1. Күзет қызметi заңдылықтың конституциялық принциптерiне, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мен сақтауға, сондай-ақ жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн ескеруге негiзделедi.
2. Күзет қызметiн жүзеге асыру үшiншi тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Күзет қызметiн лицензиялау және оны жүзеге асыруды шектеу
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Күзет қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып лицензиялануға жатады. Күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға күзет қызметтерін көрсетуге тыйым салынады.
Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi жүзеге асыратын күзет қызметi лицензиялауға жатпайды.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Күзет қызметінің субъектілері мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, тәжірибе алмасу, өз мамандарының біліктілігін арттыру, қазіргі заманғы техникалық құралдар мен технологияларды енгізу және пайдалану мақсатында күзет қызметі саласындағы шетелдік компанияларды тартуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердiң күзет ұйымдары қызметiне тыйым салынады.
4. Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетел қатысатын заңды тұлғалардың, шетелдiктердiң, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың:
1) күзет қызметiнің барлық түрін жүзеге асыруға;
2) жеке күзет ұйымдарын құруға немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болуға;
3) сенiмгерлiк басқарудағы жеке күзет ұйымын ұстауға;
4) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыру кезiнде терiс пиғылды iс-әрекеттерден мемлекеттік кепiлдiктер және күзет ұйымдарының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiн сақтандыру
1. Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметтi жүзеге асыруы кезiнде мемлекет азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепiлдiк бередi және оны қамтамасыз етедi.
2. Күзет қызметiн құқық тәртібі мен адамгершiлiк негiздерiне көрiнеу қайшы келетiн мақсаттарға жету үшiн жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
3. Күзет қызметiн жүзеге асырушы адамның iс-әрекеттерi арқылы құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған адам ондай адамнан тиiстi түсiндiрмелер мен ақпарат талап етуге құқылы, сондай-ақ мұндай iс-әрекетке сотқа және заңдарда белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттік органдарға шағым жасауға құқылы.
4. Күзет қызметiн жүзеге асыратын және үшiншi тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған адам жәбiрленушiге келтiрiлген материалдық және моральдық зиянды заңдарға сәйкес өтеуге мiндеттi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер қызметкерлерінің, оның iшiнде олардың қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысуы кезiнде өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты тәуекелдерді сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Күзет қызметінің субъектілері және олардың сыныптамасы. Мамандандырылған оқу орталықтары
7-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер
Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлерге:
1) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi;
2) жеке күзет ұйымдары;
3) - 5) 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлердiң мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылы
1. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер мемлекеттік органдарға заңдармен жүктелген мiндеттердi орындауда осы мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге мiндеттi.
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар және әскери құралымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жедел-iздестiру, қарсы барлау, тергеу немесе күзет іс-шараларын жүргiзген кезде қаруды уақытша тапсыру туралы талапты қоса алғанда, мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң барлық заңды талаптарын орындауға мiндеттi.
2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің талап етуі бойынша терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген аймақтағы күзет қызметін тоқтата тұруға міндетті.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер ішкі істер органдарының сұрау салуы бойынша, жүзеге асырып отырған қызметінің Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ақпарат береді.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II; 2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 9-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру ерекшелiктерi
1. Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері мемлекеттік мекеме болып табылады және Заңның 1-1-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді ғана күзетуді жүзеге асырады.
2. Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Тізбеге енгізілген жеке тұлғаларға шарттық негізде күзет қызметтерін көрсетеді.
3. Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері көрсететін қызметтер үшін бағаларды уәкілетті орган бекітеді.
ҚР 22.02.02 ж. № 297-II Заңымен; 2008.04.07 № 53- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді; 2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Жеке күзет ұйымының құқықтық мәртебесі және жеке күзет ұйымының күзетші лауазымын атқаратын жұмыскеріне қойылатын талаптар
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Өзiнiң кәсiпкерлiк қызметi ретiнде күзет қызметтерiн көрсететiн коммерциялық ұйым жеке күзет ұйымы болып табылады. Жеке күзет ұйымының, хабарлама жасау тәртібінің шарттарын сақтаған жағдайда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Жеке күзет ұйымы күзет қызметін жарғының және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруына арналған лицензияның негізінде жүзеге асырады.
3. Жеке күзет ұйымының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерiнде күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы талап етiлмейдi.
4. Жеке күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне Қазақстан Республикасының 19 жасқа толған және күзетшiнiң арнайы даярлығынан (күзетшiнi оқытудың арнаулы курсынан) өткен азаматтары қабылдана алады.
5. 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Жеке күзет ұйымының күзетшiсi лауазымын:
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;
2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қылмыс жасағаны үшiн сотталғандығы бар;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1) күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған, сондай-ақ күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда; 2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) бұрын күзетші болып жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149, 434, 436, 438, 439, 440, 443, 450, 453, 462, 463, 464, 469, 470, 476, 477, 478, 479, 481, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 494, 495, 496, 504, 506, 653, 654, 658, 659, 665, 667, 669, 670, 673, 675-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан үш жылдан аз уақыт бұрын теріс себептермен босатылған;
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) бұрын осыған ұқсас лауазымды атқарып, үш жылдан аз уақыт бұрын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты бұзылған адам атқара алмайды.
7. Жеке күзет ұйымының басшысы үшiн оның жеке күзет ұйымының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiне қойылатын талаптарға сәйкес болуы мiндеттi талап болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Жекеше күзет ұйымы күзетшiнi ол қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның жеке басын және жекеше күзет ұйымының күзетшiсi екендiгiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжатпен қамтамасыз етуге мiндеттi. Жекеше күзет ұйымы күзетшiсi құжатының нысаны мен үлгiсiн уәкілетті орган айқындайды.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 10-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-1-бап. Мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдарына қойылатын талаптар
2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 1-тармақпен толықтырылды
1. Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру уәкілетті орган айқындайтын, заңды тұлғалар болып табылатын мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі.
2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1. Мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдарына қойылатын талаптар мыналардың:
1) сабақтар жүргізу үшін санитариялық нормаларға сәйкес келетін үй-жайлардың;
2) атыс даярлығы бойынша сабақтар жүргізу үшін атыс тирінің:
заңды тұлғалар үшін - меншік құқығында;
филиалдар үшін - меншік құқығында не жалға алу шартымен;
3) оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларында көзделген арнаулы және техникалық құралдардың;
4) тиісті теориялық, практикалық білімдері және өзінің кәсіптік құзыреті саласында практикалық дағдылары бар және күзет қызметі саласында кәсіптік жұмыс тәжірибесін жинақтаған, мамандарды оқыту процесіне тартылып жүрген оқытушылардың болуын көздейді.
Жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын уәкілетті орган бекітеді.
2. Мыналар:
1) осы Заңның 10-бабының 6-тармағында көрсетілген адамдар;
2) шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын заңды тұлғалар, шетелдіктер, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдарының құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары бола алмайды.
3. Мамандандырылған оқу орталықтарының қызметі:
1) таратылған, қайта ұйымдастырылған жағдайларда;
2) сот шешімі бойынша тоқтатылады.
11-бап. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
12-бап. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
13-бап. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 405-VІ ҚР Заңымен 13-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-1-бап. Жеке күзет ұйымында күзетші лауазымын атқаратын жұмыскердің құқықтары мен міндеттері
1. Жеке күзет ұйымында күзетші лауазымын атқаратын жұмыскердің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, еңбек шартына және осы Заңға сәйкес айқындалады.
2. Жеке күзет ұйымында күзетші лауазымын атқаратын жұмыскер:
1) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруда, оның ішінде ойын-сауық мәденибұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жәрдем көрсетуге;
2) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;
3) құқық бұзушылықтардың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында, егер аталған мақсаттарға өзгеше тәсілдермен қол жеткізу мүмкін болмаса, дене күшін және басқа да құралдарды қолдануға құқылы. Бұл ретте осы үшін қажетті шараларды шектен асыруға жол берілмеуге тиіс;
4) заңдарда көзделген жағдайларда қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстап алуға және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жеткізуге құқылы. Қажет болған кезде, ұстап алынған адамда қару, сондай-ақ өзге де қауіпті және (немесе) айналымына тыйым салынған заттар бар деп ұйғаруға негіздер болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұстап алынған адамның киімін қарап-тексеруге және аталған заттарды Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттік билік органына беру үшін алып қоюға;
5) құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан, жол-көлік оқиғаларынан, дүлей зілзаладан және өзге де төтенше жағдайлардан зардап шеккен жеке тұлғаларға медициналық және өзге де көмек көрсетуде жәрдемдесуге;
6) жеке тұлғалардан қоғамдық тәртіпті сақтауды талап етуге құқылы.
3. Жеке күзет ұйымында күзетші лауазымын атқаратын жұмыскер:
1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;
2) өзіне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына дереу хабарлауға;
3) аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар күзетілетін объектілерден күзет дабылының қосылғаны туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына дереу хабарлауға;