Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығы
(2017.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 11 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2017.25.05. № 248 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары қызметінің үлгілік қағидалалары бекітілсін.
2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер):
1) осы бұйрықты белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
3) осы бұйрықты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.
3. «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында кәмелетке толмағандарды ұстау ережесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 14 қаңтарда № 6734 санымен тіркелген, 2011 жылғы 29 қаңтарда № 29-30 (26432) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 1 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.