81 | Сақтандыру ұйымының шығарылған акцияларының кем дегенде 10 (он) пайызын құрайтын, банктің негізгі капиталының 10 (он) пайызынан аспайтын инвестициялар сомасы | 100 |
82 | Сақтандыру ұйымының шығарылған акцияларының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын, банктің негізгі капиталының 15 (он бес) пайызынан аспайтын инвестициялар сомасы | 100 |
83 | Әрбіреуі банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылмайтын заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнің) кем дегенде 10 (он) пайызын құрайтын, негізгі капиталдың 10 (он) пайызынан аспайтын банк инвестицияларының барлық сомасы | 100 |
84 | Әрбіреуі банктің қаржылық есептілігін жасаған кезде қаржылық есептілігі шоғырландырылмайтын заңды тұлғаның шығарылған акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнің) 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын, негізгі капиталдың 15 (он бес) пайызынан аспайтын банк инвестицияларының барлық сомасы | 250 |
85 | Банктің негізгі қызметі мақсаттары үшін сатып алынған және 38 Халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету | 100 |
86 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-»-тен төмен тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық үкiметтерiне берiлген қарыздар | 150 |
87 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-»-тен төмен тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық банктерiне берiлген қарыздар | 150 |
88 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-»-тен төмен борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берiлген қарыздар | 150 |
89 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-»-тен төмен тәуелсiз рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң жергілікті билік органдарына берiлген қарыздар | 150 |
90 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВ-»-тен төмен борыштық рейтингiсі бар немесе басқа рейтингілік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар резидент емес ұйымдарға және тиісті рейтингілік бағасы жоқ резидент емес ұйымдарға берiлген қарыздар | 150 |
91 | Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге берілген қарыздар: 1) Андорра Княздығы; 2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті; 3) Багам аралдары Достастығы; 4) Барбадос Мемлекетi; 5) Бахрейн Мемлекеті; 6) Белиз Мемлекетi; 7) Бруней Даруссалам Мемлекетi; 8) Вануату Республикасы; 9) Гватемала Республикасы; 10) Гренада Мемлекетi; 11) Джибути Республикасы; 12) Доминикан Республикасы; 13) Индонезия Республикасы; 14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана); 15) Кипр Республикасы; 16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана); 17) Ислам Федералдық Республикасы Комор аралдары; 18) Коста-Рика Республикасы; 19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана); 20) Либерия Республикасы; 21) Лихтенштейн Княздығы; 22) Маврикий Республикасы; 23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 24) Мальдив Республикасы; 25) Мальта Республикасы; 26) Маршалл аралдары Республикасы; 27) Монако Княздығы; 28) Мьянма Одағы; 29) Науру Республикасы; 30) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана); 31) Нигерия Федеративтiк Республикасы; 32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлiгiнде ғана); 33) Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi (Дубай қаласының аумағы бөлiгiнде ғана); 34) Палау Республикасы; 35) Панама Республикасы; 36) Самоа Тәуелсiз Мемлекетi; 37) Сейшель аралдары Республикасы; 38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекетi; 39) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 40) Сент-Люсия Мемлекетi; 41) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтар бөлiгiнде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана); 43) Тонга Корольдiгi; 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы. | 150 |
92 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-»-тен төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар елдердiң орталық банктерiндегi салымдар | 150 |
93 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-»-тен төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар | 150 |
94 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-»-тен төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiсі бар және тиiстi рейтинг бағасы жоқ резидент емес ұйымдардағы салымдар | 150 |
95 | Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резиденті емес-ұйымдардағы салымдар: 1) Андорра Княздығы; 2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті; 3) Багам аралдары Достастығы; 4) Барбадос Мемлекетi; 5) Бахрейн Мемлекеті; 6) Белиз Мемлекетi; 7) Бруней Даруссалам Мемлекетi; 8) Вануату Республикасы; 9) Гватемала Республикасы; 10) Гренада Мемлекетi; 11) Джибути Республикасы; 12) Доминикан Республикасы; 13) Индонезия Республикасы; 14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана); 15) Кипр Республикасы; 16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана); 17) Ислам Федералдық Республикасы Комор аралдары; 18) Коста-Рика Республикасы; 19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана); 20) Либерия Республикасы; 21) Лихтенштейн Княздығы; 22) Маврикий Республикасы; 23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 24) Мальдив Республикасы; 25) Мальта Республикасы; 26) Маршалл аралдары Республикасы; 27) Монако Княздығы; 28) Мьянма Одағы; 29) Науру Республикасы; 30) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана); 31) Нигерия Федеративтiк Республикасы; 32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлiгiнде ғана); 33) Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi (Дубай қаласының аумағы бөлiгiнде ғана); 34) Палау Республикасы; 35) Панама Республикасы; 36) Самоа Тәуелсiз Мемлекетi; 37) Сейшель аралдары Республикасы; 38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекетi; 39) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 40) Сент-Люсия Мемлекетi; 41) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтар бөлiгiнде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана); 43) Тонга Корольдiгi; 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы. | 150 |
96 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-»-тен төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар және тиiстi рейтинг бағасы жоқ резидент емес ұйымдардың дебиторлық берешегi | 150 |
97 | Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резиденті емес ұйымдардың дбиторлық берешегі: 1) Андорра Княздығы; 2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті; 3) Багам аралдары Достастығы; 4) Барбадос Мемлекетi; 5) Бахрейн Мемлекеті; 6) Белиз Мемлекетi; 7) Бруней Даруссалам Мемлекетi; 8) Вануату Республикасы; 9) Гватемала Республикасы; 10) Гренада Мемлекетi; 11) Джибути Республикасы; 12) Доминикан Республикасы; 13) Индонезия Республикасы; 14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана); 15) Кипр Республикасы; 16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана); 17) Ислам Федералдық Республикасы Комор аралдары; 18) Коста-Рика Республикасы; 19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана); 20) Либерия Республикасы; 21) Лихтенштейн Княздығы; 22) Маврикий Республикасы; 23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 24) Мальдив Республикасы; 25) Мальта Республикасы; 26) Маршалл аралдары Республикасы; 27) Монако Княздығы; 28) Мьянма Одағы; 29) Науру Республикасы; 30) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана); 31) Нигерия Федеративтiк Республикасы; 32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлiгiнде ғана); 33) Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi (Дубай қаласының аумағы бөлiгiнде ғана); 34) Палау Республикасы; 35) Панама Республикасы; 36) Самоа Тәуелсiз Мемлекетi; 37) Сейшель аралдары Республикасы; 38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекетi; 39) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 40) Сент-Люсия Мемлекетi; 41) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтар бөлiгiнде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана); 43) Тонга Корольдiгi; 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы | 150 |
98 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-»-тен төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң орталық үкіметтерi шығарған бағалы қағаздар | 150 |
99 | Standard & Poor's агенттiгiнiң «В-»-тен төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң жергiлiктi билiк органдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
100 | Standard & Poor's агенттiгінiң «В-»-тен төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар | 150 |
101 | Standard & Poor's агенттiгінiң «В-»-тен төмен борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар және тиiстi рейтинг бағасы жоқ резидент емес ұйымдар шығарған бағалы қағаздар | 150 |
102 | Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резиденті емес ұйымдар шығарған бағалы қағаздар: 1) Андорра Княздығы; 2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті; 3) Багам аралдары Достастығы; 4) Барбадос Мемлекетi; 5) Бахрейн Мемлекеті; 6) Белиз Мемлекетi; 7) Бруней Даруссалам Мемлекетi; 8) Вануату Республикасы; 9) Гватемала Республикасы; 10) Гренада Мемлекетi; 11) Джибути Республикасы; 12) Доминикан Республикасы; 13) Индонезия Республикасы; 14) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана); 15) Кипр Республикасы; 16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана); 17) Ислам Федералдық Республикасы Комор аралдары; 18) Коста-Рика Республикасы; 19) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана); 20) Либерия Республикасы; 21) Лихтенштейн Княздығы; 22) Маврикий Республикасы; 23) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана); 24) Мальдив Республикасы; 25) Мальта Республикасы; 26) Маршалл аралдары Республикасы; 27) Монако Княздығы; 28) Мьянма Одағы; 29) Науру Республикасы; 30) Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана); 31) Нигерия Федеративтiк Республикасы; 32) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлiгiнде ғана); 33) Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi (Дубай қаласының аумағы бөлiгiнде ғана); 34) Палау Республикасы; 35) Панама Республикасы; 36) Самоа Тәуелсiз Мемлекетi; 37) Сейшель аралдары Республикасы; 38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекетi; 39) Сент-Китс және Невис Федерациясы; 40) Сент-Люсия Мемлекетi; 41) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтар бөлiгiнде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); 42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана); 43) Тонга Корольдiгi; 44) Филиппин Республикасы; 45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы | 150 |
103 | Банк баланста ұстайтын және Standard&Poor's агенттiгiнің «ВВ+»-тан «ВВ-»-ке дейiнгі кредиттік рейтингi немесе басқа рейтингілік агенттіктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейіндегi рейтингi немесе Standard & Poor's агенттiгiнің ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ+»-тан «kzВВ-» дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердiң бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары | 350 |
104 | Тәуекелдің V тобына енгiзiлген активтер бойынша есептелген сыйақы | 150 |
Банктiң салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша
мөлшерленуі тиіс активтер есебіне түсіндірме
1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, банктің түзетiлген құны көрсетілген активтер көлемінің 50 пайызынан кем емес қамтамасыз етуi бар (Салымдық тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген активтер мен мiндеттемелер кестесiнiң 1-3, 9-11, 14-16-жолдарында көрсетiлген активтер түріндегі) осы тармаққа сәйкес банктерде түзетiлген қамтамасыз ету құнын айқындауға мүмкiндiк беретiн барабар есепке алу жүйелерi болған кезде түзетiлген қамтамасыз ету құнын шегергендегi тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтер есебiне енгiзiлуi мүмкiн қарыздар.
Түзетiлген қамтамасыз ету құны (Салымдық тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген активтер мен мiндеттемелер кестесiнiң 1-3, 9-11, 14-16-жолдарында көрсетiлген активтер түріндегі) мыналарға:
салымдар, оның ішінде осы банктегі қамтамасыз ету ретінде ұсынылғандары сомасының 100 пайызына;
қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 пайызына;
қамтамасыз етуге берілген тазартылған қымбат металдардың нарықтық құнының 85 пайызына тең болады.
Жоғарыда көрсетілген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес келетін тәуекел дәрежесі бойынша осы Кестеге сай сараланады.
2. Банк инвестициясының есебiне енгізілмеген, қарсы агенттен төмен тәуекел дәрежесi бар ұйымдар кепiлдiк берген (сақтандырған) салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттер тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген активтердiң (банк инвестициясының есебiне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепiлдiк берілген (сақтандырылған) сомасын шегергендегi) есебiне борышкердің тәуекел дәрежесі бойынша енгiзiлуi мүмкiн.
Банк инвестициясының есебiне енгiзiлмеген салымдардың, дебиторлық берешектiң, сатып алынған исламдық бағалы қағаздардың, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттердің, инвестициялардың кепiлдiк берілген (сақтандырылған) сомасы тиiстi кепiлгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегiнiң тәуекел дәрежесi бойынша сараланады.
3. Осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетiлген, Қазақстан Республикасының:
1) оффшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген;
2) оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайыздан астамына ие заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаға қатысы еншілес болып табылатын;
3) оффшорлық аймақтардың азаматтары болып табылатын резиденті еместерге берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар және сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттер осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етуінің болу-болмауына қарамастан, салымдардың тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген Банк активтерінің кестесіне сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.
4. Осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетiлген, Қазақстан Республикасының:
1) оффшорлық аймақтар аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard & Poor's агенттігінің «АА-»-тен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе көрсетілген деңгейден төмен емес рейтингі бар бас ұйымның міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне тиісті кепілдігі бар;
2) Қазақстан Республикасының оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы оффшорлық аймақтар тізбесіне жатқызған, ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын резиденті еместерге немесе жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайыздан астамына ие заңды тұлғаларға тәуелді не көрсетілген оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға талаптарды есептемегенде, оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 пайызынан астамына ие заңды тұлғаға тәуелді немесе оффшорлық аймақ аумағында тіркелген, бірақ көрсетілген деңгейден төмен емес рейтингі немесе рейтингі көрсетілген деңгейден төмен емес бас ұйымның міндеттемелерінің барлық сомасының қамтамасыз етуіне тиісті кепілдігі бар заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын резиденті еместерге берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған исламдық бағалы қағаздар және сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттер тәуекелдің нөлдік дәрежесі бойынша сараланады.
5. Салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерін есептеу мақсаттары үшін:
жеке тұлғаларға тұрғын үй құрылысы үшін не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілген ипотекалық қарыз ипотекалық тұрғын үй қарызы болып түсініледі;
тұтынушылық кредит деп сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландырудағы коммерциялық кредиттер, жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алуға берілген кредит түсініледі.
6. Егер исламдық бағалы қағаз шығарылымының арнайы рейтингiне ие болса, онда тәуекел дәрежесi бойынша банк активтерiн саралау кезiнде бағалы қағаз рейтингiн ескеру қажет.
7. Валюталардың айырбас бағамының және қымбат металдар бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдарының есебіне енгізілген активтерді қоспағанда, Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес нарықтық тәуекел ескеріле отырып активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің есебіне енгізілген активтер кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.27.05. № 97 Қаулысымен 1-1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.24.12. № 242 Қаулысымен 1-1-қосымша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)
Екінші деңгейдегі банктер үшін
пруденциалдық нормативтер есеп
айырысуларының нормативтік мәні
мен әдістемесі туралы нұсқаулыққа
1-1-қосымша
Банк капиталының құрамындағы құралдарды
жіктеуге арналған критерийлер
Негізгі капитал | Қосымша капитал | Екінші деңгейдегі капитал |
1) банкті тарату кезінде соңғы кезекте қанағаттандырылатын талаптарды білдіреді; | 1) шығарылған және төленген (сатып алынғандарды қоспағанда); | 1) шығарылған және төленген (сатып алынғандарды қоспағанда); |
2) таратылу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, басым талаптарды қанағаттандырғаннан кейін, қалған мүлікке өздеріне тиесілі акциялар санына пропорционалды талап ету құқығына ие; | 2) заң немесе азаматтық-құқықтық шарттар негізінде банктің депозиторларына, негізгі кредиторларына және реттелген борышына қатысты реттелген; | 2) заң немесе азаматтық-құқықтық шарттар негізінде банктің депозиторларына және негізгі кредиторларына қатысты реттелген; |
3) банкті тарату жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ жай акцияларды сатып алу кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда номинал мерзімсіз болып табылады және төленуге жатпайды; | 3) қамтамасыз етілмеген, банктің немесе байланысты тұлғаның кепілдігімен жабылмаған және қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттардан және эмитент-банктің басқа кредиторларының алдында басымдығы бар өзге талаптардан туындайтын міндеттемелер көзделмейді; | 3) қамтамасыз етілмеген, банктің немесе байланысты тұлғаның кепілдігімен жабылмаған және қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттардан және эмитент-банктің басқа кредиторларының алдында басымдығы бар өзге талаптардан туындайтын міндеттемелер көзделмейді; |
4) банк құралдарды шығару кезінде талаптарында (шығарылым талаптарында) банктің орналастырылған акцияларын сатып алу немесе күшін жою құқығы немесе міндеті көзделетін шарттарды жасамайды (туынды бағалы қағаздарды сатып алмайды); | 4) мерзімсіз болып табылады, сыйақы бойынша мөлшерлемелерді көтеру немесе дивидендтер деңгейін көтеру талаптары жоқ және сатып алуға деген ниет жоқ; | 4) реттелген борышты (депозитті, қарызды) беру мерзімі, облигацияларды өтеу мерзімі кем дегенде 5 жылды құрайды; |
5) дивидендтерді төлеу банктің таза кірісі есебінен (өткен жылдардың бөлінбеген пайдасын қосқанда) жүзеге асырылады. Бұл ретте дивидент мөлшері акцияларды орналастыру кезінде алынған ақша сомасына байланысты емес. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда дивидендтерді есептеу мен төлеуге жол берілмейді. | 5) мыадай талаптарды сақтау кезінде кем дегенде бес жыл өткен соң ғана эмитенттің бастамасы бойынша толық көлемде мерзімінен бұрын өтелген: уәкілетті органның оң қорытындысының болуы; капиталмен ауыстыру ретінде сондай немесе сапасы жақсыны беру; банкті капиталдандыруды мерзімсіз құралдарды қайтарып алуды жүзеге асыру салдарынан капиталдың ең төменгі талап етілетін деңгейінен жоғары жақсарту; | 5) реттеуіш капиталдың құрамында айналыс мерзімінің соңғы бес жылында тану тура сызықты әдіспен амортизацияланады; |
6) дивидендтерді төлеу міндетті болып табылатын және дивидендтерді төлемеу дефолт жағдайы болып табылмайтын талаптар жоқ; | 6) кез келген номинал төлемі (сатып алу немесе өтеу арқылы) уәкілетті органның алдын-ала рұқсатымен жүзеге асырылады; | 6) төлем (купон) деңгейін көтеру талаптары жоқ және сатып алуға деген ниет жоқ; |
7) дивидендтерді төлеу Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тек қана артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу жөніндегі барлық міндеттемелерді орындаған соң жүзеге асырылады; | 7) банкте осы құралдармен байланысты дивидендтер төлеуді кезкелген уақытта жоя алатын толық дискрециондық құқықтың болуы; | 7) мыадай талаптарды сақтау кезінде кем дегенде бес жыл өткен соң ғана эмитенттің бастамасы бойынша толық көлемде мерзімінен бұрын өтелген: уәкілетті органның оң қорытындысының болуы; капиталмен ауыстыру ретінде сондай немесе сапасы жақсыны беру; банкті капиталдандыруды мерзімсіз құралдарды қайтарып алуды жүзеге асыру салдарынан капиталдың ең төменгі талап етілетін деңгейінен жоғары жақсарту; |
8) шығындар туындаған кезде бірінші және соған теңбе-тең ең көп үлесті иеленетін капитал құралы болып табылады және банкке өзінің жұмыс істеуін тоқтатпастан және таратылуға немесе банкроттыққа ұшырамастан үздіксіз қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді; | 8) осы құрал бойынша дискрециялық төлемдер төлеуді жою дефолт жағдайы болып табылмайды; | 8) банкроттық немесе банкті тарату жағдайын қоспағанда, инвестор болашақ сыйақы мен номиналды мерзімінен бұрын төлеуді тала етуге құқығы жоқ; |
9) төленген сома төлем қабілетсіздігін анықтау үшін меншікті капитал ретінде танылады (міндеттеме ретінде танылмайды); | 9) банктердің міндеттемелердің орындалу мерзімі басталуына қарай оларды орындау мақсатында жойылған төлемдерге толық рұқсаты бар; | 9) банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыра алатын немесе оның қызметіне қомақты түрде ықпал ете алатын кез келген банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлға тура банк сияқты осы құралды сатып алу үшін қаржыландыруды тікелей немесе жанама жүзеге асыра алмайтыны сияқты, құралды сатып алуға құқығы жоқ. |
10) төленген сома Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгілі капитал ретінде жіктеледі; | 10) төлемдерді жою негізгі акционерлерге дивидендтер төлемін жүзеге асыруды қоспағанда, банктің қызметіндегі шектеулерге әкеп соқтырмайды; | |
11) толық шығарылған және акционерлер ақ төлеген. Бұл ретте банктерге өз акцияларын сатып алуға қарыздар беруге тыйым салынады; | 11) бухгалтерлік есеп мақсатында міндеттемелер ретінде жіктелген құралдардың берілген және алдын-ала анықталған триггерде және (немесе) алдын-ала анықталған триггер құралындағы шығынды анықтайтын есептен шығару механизмінің жай акцияларға конвертациялану номиналы арқылы шығындарды жұтып қою мүмкіндігі бар. Есептен шығарудың мынадай тиімділіктері бар: тарату кезінде құралдың талап ету құқығын кемітеді; құралды қайтарып алған кезде төлем сомасын кемітеді; құрал бойынша дивидендтердің (купонның) төлемдерін ішінара не толық кемітеді. | |
12) жай акциялар қамтамасыз етілмеген, эмитент-банктің немесе эмитент-банкпен ерекше қатынаспен байланысты тұлғаның кепілдігімен жабылмаған, сондай-ақ заңдық немесе экономикалық жағынан осындай жай акциялар бойынша эмитент-банк міндеттемелерінің эмитент-банктің басқа кредиторларына қатысты басымдығын арттыратын қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттар жоқ; | 12) банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыратын немесе оның қызметіне қомақты түрде әсер ететін кез келген байланысты тұлға тура банктің осы құралдарының меншік иегері болып табылмайды немесе банк осы құралды сатып алуды қаржыландыруды тікелей немесе жанама жүзеге асырмайды; | |
13) жай акциялардың жарияланған санын ұлғайту туралы шешімді тек қана акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды, бұл ретте жай акцияларды олардың жарияланған саны шеңберінде орналастыру банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады; | 13) құралдың белгілі бір уақыт кезеңі аралығында мейлінше төмен бағамен жаңа құрал шығарылған жағдайда эмитенттің инвесторларға өтемақы төлеуі үшін талап сияқты қайта капиталдандыруға кедергі жасайтын ерекшеліктері жоқ. | |
14) банктің қаржылық есептілігінде нақты және жеке ашып көрсетілген. | | |