8. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін телерадио хабарларын тарату қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын телерадио хабарларын тарату операторлары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде лиценциясын қайта ресімдеуге міндетті.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Жалғамалармен қамтамасыз ету жеке өзінің атынан немесе отбасының және өзімен үнемі бірге тұратын басқа да адамдардың атынан өтініш жасаған бір өтініш берушіге бір жалғама деген есеппен жүргізіледі.
Жалғамалармен қамтамасыз ету біржолғы болып табылады және ол берілгеннен кейін оны алған өтініш берушіге, оның отбасы мүшелеріне және онымен үнемі бірге тұратын басқа да адамдарға берілмейді.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды
9-1. Осы Заңның 18-1-бабының 2-тармағы қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған шетелдік теле-, радиоарналар оның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен заңды тұлғаны міндетті мемлекеттік тіркетуді немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркетуді жүзеге асыруға міндетті.
Шетелдік теле-, радиоарналар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган есепке қою туралы куәлікті алты ай өткеннен соң кері қайтарып алады.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 9-2-тармақпен толықтырылды
9-2. 2020 жылғы 1 шілде - 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде уәкілетті орган телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына аналогтік және цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік емес теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі бойынша таратуды қамтамасыз ету жөніндегі шығындарды ұлттық оператор белгілеген тарифтерге сәйкес өтейді.
10. 10-баптың 2-тармағының үшінші абзацы осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі.
43-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қаңтардың 18-і.
№ 545-IV