2. Осы баптың 1-тармағының ережелері ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту нысанында ұлттық басқарушы холдингті, ұлттық компанияны немесе оның еншілес ұйымын қайта ұйымдастыру, жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаны қайта құру жағдайларында, сондай-ақ осы Заңның 36-бабы 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушы өтініш білдірген кезден бастап бір ай ішінде келісімшартқа тиісті өзгерістер енгізеді.
39-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының және онымен байланысты құқықтардың жеке тұлғаның қайтыс болуы жағдайында әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен ауысуы
Жер қойнауын пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің мұрагерлік тәртібімен ауысуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
40-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату
1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген негіздер болмаса, ешкім жер қойнауын пайдалану құқығынан айырылмайды.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығы:
1) келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған;
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес және радиоактивті қалдықтарды, зиянды заттарды көмуге және сарқынды суларға арналған жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге, сондай-ақ осы Заңның 35-бабының 6 және 10-тармақтарына сәйкес өндірістік-техникалық жерасты суларын тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемде барлауға немесе өндіруге, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен немесе ол кері қайтарып алынған;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның 14-бабына сәйкес жер қойнауы учаскесін пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған;
4) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлға таратылған жағдайларда тоқтатылады.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату жер қойнауын пайдалану мақсатында берілген жер учаскесіне жер пайдалану құқығын тоқтатудың сөзсіз негізі болып табылады.
41-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын мәжбүрлі түрде тоқтату рәсімі
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өндіріп алу жағдайларында, оның ішінде кепілге беру кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді тиісінше өткізу (сату), егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, жария сауда-саттық өткізу жолымен жүргізіледі.
Мұндай сауда-саттыққа қатысуға құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға рұқсатын алған тұлғалар жіберіледі.
Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі жария сауда-саттыққа қатысу ниеті бар тұлға құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жария сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру туралы өтініш жібереді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру туралы өтініш қазақ және орыс тілдерінде жасалуға және осы Заңның 37-бабының 2-тармағында белгіленген мәліметтерді қамтуға тиіс.
Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу (сату) жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға рұқсат беру туралы өтінішті құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Заңның 37-бабында белгіленген тәртіппен қарайды.
Осы тармақтың ережелерi банкроттық рәсiмдердi жүзеге асыру кезiнде мүліктік массаны өткiзу жағдайлары үшiн де қолданылады.
Сауда-саттық нәтижелері бойынша құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының осындай сауда-саттыққа қатысуға рұқсатын алған тұлғамен жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасу кезінде құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді иеліктен шығаруға қосымша рұқсатын алу талап етілмейді.
2. Кепіл ұстаушының талабын кепілге берілген жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің құнынан қанағаттандыру сот тәртібімен жүргізіледі.
3. Кепілге берілген жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу жөніндегі сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланған кезде кепіл ұстаушы құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының рұқсаты бойынша кепілге салынған мүлікті өз меншігіне айналдыруға (жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бір бөлігінің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің иегері болуға) не жаңа сауда-саттықтың тағайындалуын талап етуге құқылы.
4. Кепілге берілген жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу ниеті бар кепіл ұстаушы жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді өткізу жөніндегі сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланған жағдайда құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға рұқсат беру туралы өтініш жолдайды.
Кепілге берілген жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға рұқсат беру туралы өтініш қазақ және орыс тілдерінде жасалуға және осы Заңның 37-бабының 2-тармағында белгіленген мәліметтерді қамтуға тиіс.
Кепілге салынған жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуға рұқсат беру туралы өтінішті құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Заңның 37-бабында белгіленген тәртіппен қарайды.
5. Кепіл туралы шарттардың және өзге де келісімдердің осы баптың ережелеріне қайшы келетін талаптары жарамсыз болады.
42-бап. 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
43-бап. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асыру
1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді осы Заңның 35-бабының 8-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар жүргізуі мүмкін.
2. 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бюджет қаражаты есебінен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден қаржыландырылуы мүмкін.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Осы Заңның 64 және 65-баптарының ережелері жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде әзірленетін жобалау құжаттарына қолданылмайды.
44-бап. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібінің ерекшеліктерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізудің талаптары мен тәртібі келісімшартта айқындалады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға осы Заңның өндіруге қатысты нормалары қолданылады.
45-бап. Минералдық шикізатты қайта өңдеу
1. Минералдық шикізатты қайта өңдеу өндіруден кейін тікелей жүргізілетін операция болып табылады және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға жатпайды.
2. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН КОНКУРС НЕГІЗІНДЕ БЕРУ
46-бап. Конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелері
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Құзыретті орган барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін, сондай-ақ ұлттық компанияның үлестік қатысуы конкурстың шарты болып табылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін бекітеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін бекітеді.
Жер қойнауы учаскелерінің тізбелері жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жерді резервте қалдыруды Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шегінде орналасқан, конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісілуге тиіс.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Заңға сәйкес өткізеді.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы кен орындары қорларына қатысты жер қойнауына мемлекеттiк сараптама жүргiзiлгеннен және бекітілген қорлардың болуы расталғаннан кейiн ғана өндiруге конкурс өткiзеді және келiсiмшарттар жасасады.
47-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткізудің шарттары
1. Конкурсты өткізу туралы және оны өткізудің шарттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық тұлғалардың конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімінен кешіктірмей, конкурсты өткізу тәртібімен байланысты ақпаратты алуға құқығы бар.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тендер өткiзу туралы хабарламада:
1) өткiзілетін күні, уақыты мен орны, сондай-ақ өтiнiмдер беру мерзiмi мен орны;
2) тендердің негiзгi шарттары;
3) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлгелi отырған жер қойнауы учаскелерiнiң орналасқан жерiн көрсету және қысқаша сипаттамасы;
4) тендерге қатысу үшiн жарна мөлшерi туралы ақпарат және оны төлеу үшін банк деректемелерi;
5) қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi;
6) кадрлардағы жергiлiктi қамтудың ең төмен мөлшері;
7) тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi жергiлiктi қамтудың ең төмен мөлшері;
8) қазақстандық кадрларды оқытуға арналған шығындардың ең төмен мөлшерi;
9) келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажет, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi қамтылуға тиiс.
3. Қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты өткізу туралы хабарламада конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенетін өндірілген минералдық шикізаттың ең төмен мөлшері туралы талап қамтылуы мүмкін.
Конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенетін минералдық шикізаттың ең төмен мөлшерін құзыретті орган айқындайды.
4. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысуға өтінімдер беру үшін конкурсқа қатысушыларға берілетін мерзім конкурсты өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап бір айдан кем болмауы керек.
5. Конкурстың шарттары жарияланған күн мен конкурс өткізілетін күн (қорытындыларын шығарудың басталуы) арасындағы мерзім төрт айдан кем, ал кең таралған пайдалы қазбалар бойынша - үш айдан кем болмауы керек.
6. Конкурсқа қатысу жарнасы қайтаруға жатпайды.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 47-1-баппен толықтырылды
47-1-бап. Аукцион өткізу туралы хабарлама
Аукцион өткiзу туралы хабарламада:
1) өткiзілетін күні, уақыты мен орны, сондай-ақ өтiнiмдер беру мерзiмi мен орны;
2) аукционның негiзгi шарттары;
3) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлгелi отырған жер қойнауы учаскелерiнiң орналасқан жерiн көрсету және қысқаша сипаттамасы;
4) геологиялық ақпарат топтамасының құны;
5) аукционға қатысу үшiн жарна мөлшерi туралы ақпарат және оны төлеу үшін банк деректемелерi;
6) қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi;
7) кадрлардағы жергiлiктi қамту мөлшері;
8) тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi жергiлiктi қамту мөлшері;
9) қазақстандық кадрларды оқытуға арналған шығындар мөлшерi;
10) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері;
11) келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажет, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi қамтылуға тиiс.
Осы баптың 3), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген аукцион шарттары, сондай-ақ аукцион қорытындылары бойынша айқындалған қол қойылатын бонус мөлшері келісімшартқа енгізіледі.
Аукцион шарттарын жариялау күні мен оны өткізу күні арасындағы мерзім үш айдан аспауға тиіс.
48-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтінім
1. Конкурсқа қатысу үшін өтінімде:
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, мемлекеттік тиесілігі, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы олардың үлестерінің мөлшері (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетіле отырып, өтініш беруші — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, заңды тұлғаның осындай қағаздарының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы айналымы туралы мәліметтер, өтінім берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтер;;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды мекенжайы, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттары, өтініш берушінің мемлекеттік кіріс органдарында тіркелуі, өтініш берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы мәліметтер;
3) өтініш берушінің мүддесін білдіретін басшылардың немесе өкілдердің өкілеттіктері туралы мәліметтерді қоса алғанда, мұндай тұлғалар туралы деректер;
4) өтініш беруші соңғы үш жылда оларда өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттер тізімін қоса алғанда, оның бұрынғы қызметі туралы мәліметтер;
5) өтініш беруші үміттеніп отырған жер қойнауы учаскесінің атауы және жер қойнауын пайдалану құқығы;
6) өтініш берушінің конкурсқа қатысу жарнасын төлегені туралы құжат қамтылуға тиіс.
Өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісті түрде куәландырылған құжаттар өтінімге қоса беріледі.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Аукционға қатысуға арналған өтінімде:
1) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукционға қатысу өтінімін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы өндіру салалары қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты өтінім берушінің Өзара түсіністік туралы меморандумға қосылу жөніндегі міндеттемелері де;
2) өтінім берушінің осы Заңның 47-1-бабының 3), 7), 8) 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген аукцион шарттарына және оларды аукцион жеңімпазымен жасалатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгізуге келісімі де қамтылуға тиіс.
2. Өтініш беруші осы баптың талаптарын сақтаған жағдайда өтінім қарауға қабылданады. Осы баптың талаптарына сәйкес келмейтін өтінім қабылданбауға тиіс.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы конкурсқа қатысуға берiлген өтiнімнiң қабылданғаны және қатысуға жіберілгені туралы өтінім берушіні:
тендерге қатысуға өтінімдер қабылдау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде;
аукционға қатысу үшін өтінімдер беру мерзімі аяқталған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми түрде хабардар етеді.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Аукционға қатысуға өтінім берген тұлға аукцион өткізілетін күнге дейін оған қатысудан бас тартуға және өз өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.
49-бап. Конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат топтамасы
1. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат топтамаларын конкурс туралы хабарлама берілгенге дейін дайындайды және оның құнын айқындайды. Топтама қолда бар геологиялық, тау-кен-техникалық, технологиялық және өтініш берушінің конкурсқа қатысу туралы шешім қабылдауы үшін қажетті өзге де ақпарат көлемін қамтуға тиіс.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінім берушіге жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган өтінім беруші өтініш жасағаннан кейін бір ай ішінде шығарылатын жер қойнауы учаскесi бойынша геологиялық ақпарат топтамасын ақыға бередi.
Геологиялық ақпарат топтамасының құны тарихи шығындар мөлшері негізге алынып айқындалады. Геологиялық ақпарат топтамасын сатып алу үшін төленген сома қайтарылуға жатпайды.
3. Өтініш берушінің алынған геологиялық ақпаратты кез келген нысанда жария етуге немесе үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 50-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50-бап. Тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныс
1. Тендерге қатысуға жiберiлген өтiнім берушi тендер шарттарында белгiленген мерзiмдерде барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныс жасайды.
2. Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тендер жарияланған күннен бастап үш ай ішінде тендерге қатысушылар ұсынатын конкурстық ұсыныстарды қабылдайды.
Конкурстық ұсыныс ұсынған тендерге қатысушының конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталған күннен бастап оны кері қайтарып алуға немесе өзгертуге құқығы жоқ.
3. Конкурстық ұсыныста:
1) қол қойылатын бонустың ұсынылатын мөлшері;
2) мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (жеке қаражат, банктер кепілдігі);
3) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері;
4) қазақстандық кадрларды оқыту мен олардың біліктілігін арттырудың міндетті бағдарламаларының іске асырылуына қарай өсіп отыруға тиіс кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелер;
5) қазақстандық кадрларды оқыту жөніндегі міндеттемелер;
6) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажет тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелер;
7) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажет, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері;
8) кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды қоспағанда, келісімшартқа қол қойылғанға дейін Қазақстан Республикасындағы өндіру салалары қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумға қосылу жөніндегі міндеттемелер;
9) геологиялық ақпаратты сатып алғаны үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қамтылуға тиіс.
Тендерді өткізу туралы хабарламада тендерге қатысушы Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенетін минералдық шикізаттың ең төмен мөлшері белгіленген жағдайда конкурстық ұсыныс осындай талапқа сәйкес келуге тиіс.
Жоғарыда көрсетілген, сондай-ақ осы Заңның 47-бабы 2-тармағының 2), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін конкурстық ұсыныс қабылданбауға тиіс.
4. Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен ниеттер келісімшартқа енгізіледі.
51-бап. Конкурсқа қатысу құқығын беруден бас тарту
Конкурсқа қатысуға өтінім берген тұлғаға мынадай жағдайларда:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім осы Заңның 48-бабының талаптарына сәйкес келмегенде;
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) конкурстық ұсыныс тендер шарттарына сәйкес келмегенде;
3) өтініш беруші дәйексіз мәліметтер ұсынса;
4) егер өтініш берушіге жер қойнауын пайдалану құқығын беру еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде келісімшарт шеңберінде құқықтарды шоғырландырған және (немесе) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізу құқықтарын шоғырландырған кезде талаптардың сақталмауына әкеп соқтыратын жағдайда конкурсқа қатысу құқығын беруден бас тартылуы мүмкін.
Конкурсқа қатысу құқығын беруден бас тарту осы баптың 4) тармақшасына сәйкес себептері түсіндірілмей ресімделеді.
Конкурсқа қатысу құқығынан бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.