3. Уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары бақылау мен қадағалау жүргізу үшін өнім үлгілерін іріктеп алуды Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес таңдап алынған зертханаларда оларды сынақтан өткізу мақсатында жүргізеді. Іріктеліп алынған үлгілердің санын уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары нормативтік құқықтық актілердің, өнімге және өнімді сынақтан өткізу әдістеріне арналған ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып айқындайды. Өнім үлгілерін іріктеп алуды бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе өкілінің қатысуымен жүргізіледі және өнімді алу фактісін растайтын құжатпен куәландырылады.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Өнім үлгілерін іріктеп алу:
өнім техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақтар (талдаулар, өлшемдер) жүргізуге арналған шығындарды бюджет қаражаты есебіне жатқыза отырып;
өнім техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақтар (талдаулар, өлшемдер) жүргізуге арналған шығындарды тексерілетін тұлғалардың есебіне жатқыза отырып жүзеге асырылады.
Өнімге сынақтар жүргізу үшін техникалық жағынан күрделі тауардың (бұйымның) үлгілерін іріктеп алу, егер осы техникалық жағынан күрделі тауарды (бұйымды) сынау әдістері ол үшін бұзушы әдістер болып табылмаса, бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе өкілінің қатысуымен сатып алусыз жүргізілуі мүмкін.
5. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44-бап. Жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімі (тауары), қызметі анықталған жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Тексеруді, бақылау жəне қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды, өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алуды жүргізу барысында жəне (немесе) оның қорытындылары бойынша бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қолданылатын əсер ету тəсілдері түрлері осы бапта көзделген жедел ден қою шаралары болып табылады.
3. Жедел ден қою шаралары мынадай түрлерді қамтиды:
1) өнімді айналысқа шығаруға тыйым салу;
2) өнімді алып қою.
4. Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
5. Уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы нысанындағы қадағалау актісін ресімдейді.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделеді жəне бақылау жəне қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда оған тиісті жазба енгізіледі жəне жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы қабылдаудан бастарту фактісін тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен бақылау жəне қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына жіберіледі.
7. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне (немесе) тексеру жəне (немесе) өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу нəтижелері туралы актіде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
9. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
10. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру жəне (немесе) бақылау мақсатында сатып алу нəтижелері бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау жəне қадағалау субъектісі бұзушылықтың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анық талған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
11. Осы баптың 10-тармағына сəйкес жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат берілген жағдайда немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, тексеруді жəне (немесе) бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру барысында немесе олардың нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін олардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының қолданысы тоқтатылады.
12. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жоспардан тыс тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
13. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нəтижелерімен келіспеген жағдайда жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тануға жəне оның күшін жоюға:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шарасының осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша қолданылуы;
3) уəкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің жедел ден қою шараларын өз құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша қолдануы негіз болып табылады.
15. Жедел ден қою шараларының қолданылуы туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.
16. Алып қойылған өнімді сақтау уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жүзеге асырылады.
17. Техникалық регламенттердің талаптарына сəйкес келмейтін жəне жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін алып қойылған өнім шаруашылық жəне өзге де қызметте қолдануға жатпайды жəне уəкілетті орган белгілеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экология заңнамасында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы, азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптар жəне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақтала отырып жойылуға тиіс не кəдеге жаратылуы немесе қайта өңделуі немесе Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге кері əкетілуі мүмкін.
Өнімді алып қою қолданылғаннан кейін уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі дайындаушыны, импорттаушыны, дайындаушы уəкілеттік берген тұлғаны техникалық регламенттердің талаптарына сəйкес келмейтін өнімді айналымға шығаруға жол бермеу үшін шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабардар етеді.
18. Алып қойылған өнімді тасымалдауға (тасуға), сақтауға, жоюға, кəдеге жаратуға, қайта өңдеуге немесе оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге кері əкетуге байланысты шығыстарды бақылау жəне қадағалау субъектісі көтереді.
19. Егер өнімнің зертханалық сынақтарының қорытындысы бойынша оның техникалық регламенттер талаптарына сəйкес келмейтіні дəлелденетін болса, өнімді алып қою түріндегі жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы шығарған уəкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары алып қойылған өнімге сəйкестікті бағалау туралы құжаттың күшін жояды.
20. Уəкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдары белгіленген тəртіппен сəйкестікті бағалаудан өтпеген өнімге сəйкестікті бағалау туралы құжаттардың күшін жояды.
21. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында сəйкестікті бағалау туралы қолдан жасалған құжаттар анықталған кезде бұл туралы қылмыстық қудалау органдарына хабарлануға тиіс.
45-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
1. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті орган ведомствосының басшысы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкілетті орган ведомствосы басшысының орынбасарлары;
3) мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлар - аумақтық бөлімшелердің басшылары;
4) мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары - аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарлары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
5) мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мамандары.
2. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар жасаған (берген, шығарған) ұсынымдар, нұсқамалар, өнімді алып қою туралы және өнімді айналысқа шығаруға тыйым салу туралы қаулылар барлық мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісінің орындауы үшін міндетті болады.
46-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері
1. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік-фитосанитариялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді қоспағанда, өнім үлгілерін іріктеп алуды жүргізуге;
2) ұсынымдар жасауға және өнімді айналысқа шығаруға тыйым салу туралы немесе өнімді алып қою туралы қаулылар шығаруға;
3) осы Заңда көзделген жағдайларда, өнімге сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың күшін жоюға;
4) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналысқа шығаратын тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа тартуға;
5) өнім өткізуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда оны жою жөніндегі комиссияларға қатысуға;
6) техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттерге сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, техникалық реттеу саласындағы өзге де мемлекеттік органдар алдында өз құзыреті шегінде сәйкес келмеу себептерін өмірлік циклдің кез келген сатысында тексеруге бастамашылық жасауға;
7) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда, сотқа талап қоюды беруге;
8) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беруге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын қолдану бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге, дайындаушыларға, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаларға, импорттаушыларға, сатушыларға қолда бар техникалық регламенттер туралы ақпарат беруге;
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
3) егер бақылау және қадағалау субъектісіне тиесілі өнім жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндіретін болса, оны айналысқа шығарудың жолын кесу және оған жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
47-бап. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауаптылығы
1. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2. Өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі салдарынан жеке тұлғаның өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне не заңды тұлғаның мүлкіне келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиіс.
3. Егер сәйкестікті бағалау рәсімдерінің бұзылуы не олардың көрінеу анық еместігі салдарынан техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін, алып қоюға жататын өнімнің айналысқа шығарылғаны анықталса, сәйкестікті бағалау туралы құжатты немесе сәйкестікті бағалау туралы құжатты беруге (тіркеуге) негіз болған өнімді сынақтан өткізу хаттамасын берген (тіркеген) аккредиттеу субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
48-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 30 желтоқсан
№ 396-VІ ҚРЗ