38-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалатын салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар және шартты зейнетақы шоттары
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін және өзге де құқықтық қатынастарын белгілейтін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар қосылу шарттары болып табылады, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы Кодекстің негізінде әзірлейді, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжатымен бекітіледі және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын немесе өсімпұлды аудару кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларын іске асыруға қажетті жеке тұлғаның азаматтығы, мәртебесі, әрекетке қабілеттілігі, жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері бойынша тіркелуі, «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірі туралы мәліметтерді және болған жағдайда, ол туралы өзге де мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, агент және өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін ашылған жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары немесе өсімпұл есепке жазылған күннен бастап міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу үшін кәмелетке толмаған адамның заңды өкілінің келісімі талап етілмейді.
3. Жеке тұлғаның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін ашылған жеке зейнетақы шоты болған жағдайда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын қайтадан ашу жүзеге асырылмайды.
Бұл ретте жеке тұлғаның пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген агент міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бұрын ашылған жеке зейнетақы шотына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары немесе өсімпұл есепке жазылған күннен бастап міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнет ақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.
4. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шартты зейнетақы шоттарын ашу бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде агент бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұсынатын жеке тұлғалар тізімінің негізінде жүзеге асырылады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғаның атына ашылған шартты зейнетақы шоты болған жағдайда, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бұрын ашылған шартты зейнетақы шотына аударылады.
39-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын кастодиандық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарда сақталады және есепке алынады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау мақсатында шетелдік кастодиандарда шоттар ашуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін шоғырландыру, оларды орналастыру, инвестициялық кіріс алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізеді және ай сайын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына оның шоттарының жай-күйі туралы хабарлайды.
40-бап. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары енгізілген, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың, зейнетақы төлемдерін алушылардың және агенттердің құқықтары мен міндеттері
1. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсындағы және (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинеті арқылы, сондай-ақ Кодекстің 55-бабында және 262-бабының 5-тармағында көзделген ережелерді ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеке жүгінген кезде жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрату күніне өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы төлемей алуға, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге;
2) біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру үшін қолжетімді міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға;
3) инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпарат алуға;
4) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары туралы ақпарат алуға;
5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
6) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға;
7) өзінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсиет етуге;
8) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осы Кодекстің 37-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көзделген сомада зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау туралы өтінішті беруге;
9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өзінің зейнетақы жинақтарын бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін инвестициялық портфельді басқарушыны өзгерту туралы өтініш беруге (зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берген күннен бастап бір жылдан кейін);
10) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтаруға өтініш беруге құқығы бар (зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген күннен бастап бір жылдан кейін).
Егер зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау туралы өтінішке сәйкес сол бір инвестициялық портфельді басқарушыға бірнеше рет сенімгерлік басқаруға аударылған болса, онда зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтару зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бастапқы берген күннен бастап бір жылдан кейін жүзеге асырылады;
11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында көзделген өзге де ақпаратты алуға;
12) өзінің зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;
13) ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының нақты сомасынан аспайтын сомада ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін оны таңдау туралы өтінішті бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беруге;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар:
1) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе Мемлекеттік корпорацияға осындай өзгерістер туралы хабарлауға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
3. Өзі үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғада осы Кодекстің 222-бабының 1-тармағында көзделген шарттар болмаған кезде шартты зейнетақы шотында есепке алынатын қаражат осы Кодекстің 57-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылған резервтік қорларға жіберіледі.
4. Агенттердің Мемлекеттік корпорациядан жұмыскерде жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы растауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен алуға құқығы бар.
5. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, агенттер:
1) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге;
2) осы Кодекстің 256-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес әрбір жұмыскер бойынша есептелген, ұсталған (есепке жазылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының бастапқы есебін жүргізуге;
4) міндетті зейнетақы жарналарының салымшыларына және өз пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлерге тиісті кезеңде тиесілі жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлау кезінде оларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептелген және ұсталған (есепке жазылған) міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
41-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалатын ерікті зейнетақы жарналары салымшысының (зейнетақы төлемдерін алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
1. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті зейнетақы жарналары салымшыларының (зейнетақы төлемдерін алушылардың) құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін және өзге де құқықтық қатынастарын белгілейді.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу тәртібі және оның үлгілік нысаны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ерікті зейнетақы жарналарын аудару кезінде агенттер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ерікті зейнетақы жарналарын аудару кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеке тұлғадан өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына түскен бастапқы жарнаның негізінде жүзеге асырылады.
4. Ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) ерікті зейнетақы жарнасының сомасы келіп түскен күннен бастап ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.
Бұл ретте ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу үшін кәмелетке толмаған адамның заңды өкілінің келісімі талап етілмейді.
5. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының (алушының) кепілдік берілетін депозиті бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын аударған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ұсынған кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары бар салымшылардың (алушылардың) тізімі негізінде жасалады.
6-тарау. ЕРІКТІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫ
42-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін ұйымдастыру
1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғам нысанында құрылады.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензия негізінде жүзеге асырады және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен және талаптарда ерікті зейнетақы жарналарын тартады.
2. Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғалары, заңды тұлғалар ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және (немесе) акционерлері бола алады.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.
3. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауы «ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді қамтуға тиіс.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының атауында «ЕЖЗҚ» деген аббревиатура пайдаланылып, оның атауын қысқартуға жол беріледі.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, заңды тұлғалардың өз атауында «ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры» деген сөздерді қандай тілде болмасын, толық және қысқартылған түрінде пайдалануына тыйым салынады.
4. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін жүзеге асыру қағидаларын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
43-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары мен міндеттері
1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) ерікті зейнетақы жарналарын тартуға;
2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы алуға;
3) салымшының (алушының) жазбаша жүгінуі бойынша сотта зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша оның мүддесін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білдіруге;
4) меншікті мүлкін жалға беруге;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған активтерді инвестициялық басқаруға арналған шартқа сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға;
6) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган беретін лицензия негізінде бағалы қағаздар нарығында номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті өзі дербес жүзеге асыруға;
7) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжатында айқындалған тәртіппен биометриялық сәйкестендіру рәсімі арқылы зейнетақы қызметтерін көрсетуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) алушыларға ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен зейнетақы төлемдерін жүргізуге;
2) зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруға;
3) салымшыға (алушыға) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көзделген тәртіппен оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беруге және осы Кодекстің 55-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жеткізуінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсілі салымшымен (алушымен) келісу бойынша айқындалады;
4) салымшыларға (алушыларға), сондай-ақ ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға ниеттенген адамдарға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша өтеусіз консультациялық қызметтер көрсетуге;
5) салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
6) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамасын және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болуға;
7) осы Кодексте және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аударуға;
8) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзге де есептілік пен өзінің қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Бұл ретте ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына жарналар бойынша кірістерге берілетін кепілдіктер немесе уәделер қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған өзге де мәліметтерді жариялауға жол берілмейді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сай өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының:
1) салдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясында белгіленген талаптар бұзылатын мәмілелерді жасасуына;
2) осы бапта белгіленген қызмет түрлерін қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына;
3) зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген мақсаттарға пайдалануына;
4) зейнетақы активтерін иеліктен өтеусіз шығару бойынша инвестициялық шешімдерді қабылдауына;
5) зейнетақы портфелін басқару жөніндегі қызметке байланысты емес өзінің міндеттемелерін немесе үшінші тұлғалардың міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін зейнетақы активтерін пайдалануына;
6) өзіне тиесілі активтерді зейнетақы активтерінің құрамына сатуына (беруіне);
7) активтерді кредитке сатуына;
8) инвестициялық декларацияға сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу жағдайларын қоспағанда, зейнетақы активтері есебінен қайтарылуға жататын ақшаны немесе өзге де мүлікті қарыз шарттарының талаптарымен алуына;
9) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес шығыстарды өтеу және сыйақы алу жағдайларын қоспағанда, өзі басқаратын зейнетақы активтерін сатып алуына;
10) жарнамада және бұқаралық ақпарат құралдарында ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір жылға жетпейтін кезең ішіндегі кірістілігі туралы ақпаратты көрсетуіне;
11) зейнетақы активтерін және (немесе) меншікті активтерді кепілге беруіне;
12) акциялардан басқа, бағалы қағаздарды шығаруына;
13) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының борыштық бағалы қағаздарды сатып алуын қоспағанда, кез келген тәсілмен қарыз беруіне тыйым салынады.
4. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциялық нормативтер белгіленеді. Пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері, есептеу әдістемесі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
44-бап. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидалары мен инвестициялық декларациясы
1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында: