177-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша басқарушының бұзуы
1. Борышкердiң қаржылық жағдайы туралы қорытындыны сотқа ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банкроттың мүлiктiк массасына түгендеу жүргiзу және (немесе) түгендеу жөнiндегi есепті ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банкроттық туралы iс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi туралы хабарландыруды оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастыру үшiн оған жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Сот талқылауы кезеңiнде борышкердiң мүлкi мен активтерiн меншiк иесiнiң, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шығарып әкетуiн болғызбау мақсатында борышкердiң активтерiн бақылауды қамтамасыз етпеу -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы белгiленген нысанда ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлiмделген талаптарды қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiм туралы кредиторларды уақтылы хабардар етпеу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Кредиторлар жиналысының өтетiн күнi, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Электрондық аукцион өткiзу туралы ақпараттық хабарламаны орналастырудың Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Борышкердiң өзiнiң шеттетiлген лауазымды адамдарынан құрылтай, қаржы, құқық белгiлейтiн және өзге де құжаттары мен мөрiн қабылдау, сол сияқты шеттетiлген лауазымды адамдардың аталған құжаттар мен мөрлердi уақытша басқарушыға беруi бөлiгiнде сот шешiмiн орындау бойынша атқару парағын беру туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Сот iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұйғарым, борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарған не борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмiнiң күшi жойылған, сондай-ақ банкроттық рәсiмiн қозғамай таратуды жүргiзу оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға жүктелген жағдайда, өкiлеттiктердi уақытша басқарушыдан банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру, уақытша басқарушыны ауыстыру кезiнде борышкердiң құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерiн, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Кредитордың және борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң жазбаша сұрау салуы негiзiнде ақпарат беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелердi келiсу туралы борышкердiң өтiнiшiн қарау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Банкроттың тез бұзылатын мүлкiн оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз сатуды жүзеге асыру -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Осы баптың бiрiншi - он төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
178-бап. Жария сауда-саттықтар, аукциондар мен конкурстар өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзу
Мүлiктің меншік иесiне, сауда-саттықтарды немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiге iрi залал келтiрген, жария сауда-саттықтар, аукциондар немесе конкурстар өткiзудің белгіленген тәртiбiн бұзу -
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға келтірілген залал - ірі залал деп танылады.
179-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын банкроттықты басқарушының бұзуы
1. Түгендеу жүргiзу және (немесе) кредиторлар жиналысына түгендеу жөнiндегi есепті ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банкроттың мүлкiн күзетудi және бақылауды қамтамасыз ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегi бар тұлғалардан берешектi сот тәртібімен өндiрiп алу туралы талаптар қою мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банкроттық рәсiмiнде кредиторлар жиналысы өтетін күнi, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиiсiнше хабардар
етпеу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Электрондық аукцион өткiзу туралы ақпараттық хабарламаны орналастырудың Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Сату жоспарын жасау тәртiбiн бұзу не банкроттың мүлкiн (активтерiн) сату жоспарын бұза отырып борышкердiң мүлкiн сату -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Кредиторлар жиналысы есеп айырысуға көшу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау, сол сияқты кредиторлармен есеп айырысуды кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгiленген тәртiбiн бұза отырып жүргiзу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Әдейi және (немесе) жалған банкроттық белгiлерi анықталған жағдайларда құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Борышкердiң немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмiлелерiн анықтау мiндеттерiн орындамау не тиiсiнше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлiктi сот тәртiбiмен банкроттың мүлiктiк массасына қайтару туралы талаптар қоймау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Әкiмшiлiк шығыстар сметасында көзделген ақшаны асыра жұмсау не мақсатқа сай пайдаланбау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) немесе борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмiнiң күшi жойылған кезде борышкердiң құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерiн, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Сотқа қорытынды есептi ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн қорытынды есептi ұсыну -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негiзiнде банкроттық рәсiмдердiң жүзеге асырылу барысы туралы оған хабарламау не уақтылы хабарламау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
16. Кредиторлар комитетiнiң шешiмi негiзiнде кредиторға талаптарды есепке жатқызу туралы уақтылы мәлiмдемеу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
17. Мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот туралы, оған тиесiлi (тиесiлi болған) мүлiк туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшiрмелерiн талап етіп алдыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
18. Борышкердiң лауазымды адамдарының кiнәлары анықталған жағдайда залалды (субсидиарлық жауаптылықты) өндiрiп алу (өтету) туралы сотқа талаптар қоймау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
19. Егер банкроттықты басқарушымен келiсiмде өзгеше белгіленбесе, банкрот пен оның кредиторларының мүдделерiн қозғайтын сот актiсiнiң көшiрмесiн оның шағымдану мәселесiн қарау үшiн кредиторлар комитетiне ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
20. Уақытша басқарушыдан банкроттың мүлкiне құрылтай, қаржы құжаттарын және құқық белгiлейтiн құжаттарды, банкроттың мөрi мен мүлкiн қабылдау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
21. Банкроттың банктiк шотының уақтылы жабылмауы, мемлекеттік кіріс органына салық төлеушi куәлiгiнiң және қосылған құн салығы бойынша есепке қою куәлiгiнiң бланктерiн (олар болған кезде) тапсырмау, банкроттың мөрiн жою -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
22. Осы баптың бiрiншi - жиырма бiрiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
180-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша әкiмшiнiң бұзуы
1. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастыру үшiн оңалту рәсiмiн қолдану және кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi туралы хабарландыруды оған жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру тәртiбiн бұзу -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Оңалту жоспарының тиiмдiлiгi туралы қорытындыны сотқа жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелердi келiсу туралы борышкердiң өтiнiшiн бес жұмыс күнi iшiнде қарау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Кредиторлардың талаптарын қарау және оларға қарау нәтижелерiн жеткiзу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Кредиторлар жиналысының өтетін орны мен күнi туралы кредиторларға хабарлау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Кредиторлар оңалту жоспарымен келiспеген және (немесе) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде оңалту жоспары сотқа ұсынылмаған жағдайда, оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа өтiнiш беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың бiрiншi - сегiзiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
181-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын оңалтуды басқарушының бұзуы
1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген электрондық аукцион өткiзу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру тәртiбiн бұзу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кредиторлар комитетiмен оңалту рәсiмiнде жасасқан келiсiмнiң шарттарын орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдау және оның күзетiлуiн қамтамасыз ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Оңалту жоспарын орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, оңалту рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Оңалту рәсiмiнде кредиторлар жиналысының өтетiн күнi, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиiсiнше хабардар етпеу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Оңалтуды басқарушы шеттетiлген (босатылған) немесе ауыстырылған кезде борышкердiң құрылтай, қаржы, құқық белгiлейтiн және өзге де құжаттары мен мөрiн тағайындалған оңалтуды басқарушыға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Оңалту рәсiмiнде кредиторлар жиналысының келiсімінсiз оңалту жоспарында көзделмеген кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелер жасау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Сотқа қорытынды есептi ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн қорытынды есептi ұсыну -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзу белгiлерiнiң бар (жоқ) екенiн анықтау және белгiлер болған кезде құқық қорғау органдарына процестiк шешiм қабылдау үшiн өтiнiш жолдау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негiзiнде оған борышкер қызметiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы өтiнiшхатты сотқа жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы сотқа уақтылы жүгiнбеу -
отыз айлық көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Кредиторлар комитетi мүшелерiнiң назарына қаржылық жағдай туралы, кредиторлар комитетiне кәдiмгi коммерциялық операциялар барысында жүргізілген мәмiлелер туралы ақпаратты жеткiзу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
16. Борышкердің немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмiлелерін анықтау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлiктi сот тәртiбiмен қайтару туралы талаптар қоймауы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
17. Оңалту жоспарында көзделмеген әрекеттердi олар жасалғанға дейiн кредиторлар жиналысымен келiспеу -
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
18. Егер борышкердiң оңалту рәсiмiн қолданудан кейiн пайда болған, кредиторлық берешегiнiң жалпы сомасы оңалту рәсiмiн енгiзген кездегi кредиторлық берешектiң жалпы сомасының жиырма пайызынан асатын болса, кредиторлық берешектiң ұлғаюына әкеп соғатын мәмiлелердi кредиторлар жиналысының мақұлдауынсыз жасау -
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
19. Осы баптың бiрiншi - он сегiзiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
182-бап. Әдейi банкроттық
Әдейi банкроттық, яғни заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамның, органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң жеке мүдделерiндегі немесе өзге де тұлғалардың мүдделерiдегі әрекеттерi (әрекетсiздiгi) нәтижесiнде болған төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасау немесе ұлғайту, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
183-бап. Жалған банкроттық
Жалған банкроттық, яғни кредиторларға тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе бөліп төлеуді немесе борыштарына жеңілдікті алу үшін, сол сияқты борыштарын төлемеу үшiн кредиторларды жаңылыстыру мақсатында заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамның, органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
184-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу
1. Бағалаушының мүлікті бағалау туралы анық емес есеп жасауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында тыйым салынған жағдайларда мүлікті бағалауды жүзеге асыруы -
бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
185-бап. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу
Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны қамтитын мәліметтерді, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн кәсiптiк немесе қызметтiк жұмысына байланысты өзiне белгілі болған тұлғаның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны құрайтын мәліметтерді не кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты меншiк иесiне немесе заңнамалық актiлерге сәйкес мұндай мәлiметтердi алу құқығы бар тұлғаларға олардың заңды талап етуі бойынша берген жағдайда, тұлға жауапты болмайды.
2. Осы бапта көзделген іс-әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе дара кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.
186-бап. Сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын не микрокредит беру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу
Кәсiптік немесе қызметтiк жұмысына байланысты сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын немесе микрокредит беру құпиясын қамтитын мәлiметтер өзіне белгiлi болған тұлғаның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұларды сақтау мiндетiн бұзуы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
187-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге туристік қызметтер ұсыну қағидаларында көрсетілген, саяхаттың ерекшеліктері, саяхат жасаған кезде оларға тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәліметтерді ұсынбау, уақтылы немесе толық ұсынбау не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристік қызмет көрсетуге жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі -
лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайларға ұшырағаны туралы ақпарат бермеуі немесе уақтылы бермеуі -
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне -жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
188-бап. Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу
Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу, егер оны беру заңда көзделсе, -
заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
189-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi мен мерзімдерін бұзу
1. Ірі кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзуы -