Бұл ретте, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу кезінде бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі осындай салық төлеуші - жұмыс берушінің жұмыскерлерінің кірістері бойынша оның шығыстарының сомасына азайтылуға жатады.
696-4-бап. Салықтық кезең, декларация тапсыру және салықтарды төлеу мерзімдері
1. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады.
2. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларациялар салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей тапсырылады.
3. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.»;
1-тармақтың 24) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) 702-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Шаруа немесе фермер қожалығында әртүрлі аумақтық аймақтарда орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болған жағдайда, осы тармақтың мақсаттары үшін мұндай учаскелердің жиынтық алаңы осындай аумақтық аймақтар үшін белгіленген жер учаскесінің ең жоғары шекті алаңынан аспауға тиіс.
Бұл ретте әрбір аумақтық аймақта орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңы осындай аумақтық аймақтар үшін белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының мөлшерінен аспауға тиіс.»;
1-тармақтың 25) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
25) 776-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, осы Кодекстің 77-тарауының 3-параграфында, 77-2 және 78-тарауларында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын, бейрезидент - жеке тұлғаны қоспағанда, жеке тұлғаға жалақы түрінде кіріс төлейтін және бірыңғай төлем құрамында осындай кірістерден жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді орындауды таңдаған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы тараудың мақсаттары үшін салық агенттері деп танылады.»;
1-тармақтың 26) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26) 776-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«776-2-бап. Бірыңғай төлемді салық салу объектісі
Бейрезидент-жұмыскерді қоспағанда, осы Кодекстің 322-бабында көзделген, микро- және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, осы Кодекстің 77-тарауының 3-параграфында, 77-2 және 78-тарауларында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын жұмыс беруші есепке жазған жұмыскердің табысы бірыңғай төлемді салық салу объектісі болып табылады.»;
1-тармақтың 27) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
27) 776-4-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бірыңғай төлемді, бірыңғай төлем бойынша өсімпұлды төлеу, аудару және оларды жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда), өсімпұл түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.».
2-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Салық кодексінің 82-бабы 2-тармағының бірінші және екінші бөліктерінің ережелеріне қарамастан, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне көшу үшін қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметтің мынадай түрлерінің тек қана біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыруға байланысты қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілерде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беру жөнінде міндеттеме туындамайды деп белгіленсін:
№ р/с | ОҚЖС | Қызмет түрлері |
1. | 55.10.1* | Жол бойындағы белдеулерде орналасқан қонақүйлерді қоспағанда, мейрамханалары бар қонақүйлердің қызметтер көрсетуі |
2. | 55.10.3* | Ресми іс-шараларға арналған мейрамханалары бар қонақүй қызметтерін көрсету |
3. | 56.10.1 | Жол бойындағы белдеулерде орналасқан объектілердің қызметін қоспағанда, мейрамханалардың кызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер |
4. | 56.10.2 | Мейрамханалардың қызметі және жол бойындағы белдеулерде орналасқан объектілердің тамақ өнімдерін жеткізу бойынша қызметтер көрсетуі |
5. | 56.21.0 | Тапсырыспен дайын тамақ жеткізу және тамақтандырумен қамтамасыз ету бойынша өзге қызмет |
6. | 56.29.1 | Елді мекендерден тыс жерде тамақтануды ұйымдастырудың өзге түрлері |
7. | 56.29.2 | Жолаушылар пойыздарында тамақтандыруды ұйымдастырудың өзге түрлері |
8. | 56.29.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген, тамақтануды қамтамасыз ету жөніндегі өзге қызмет |
*қонақүйлердің қызметтер (қонақүй қызметтерін) көрсетуін қоспағанда.»;
2) мынадай мазмұндағы 7-2-баппен толықтырылсын:
«7-2-бап. Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінің ережелеріне қарамастан, Салық кодексінің 679-бабының 8-1-тармағы екінші бөлігінің ережелерін қолданатын салық төлеушілер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті осы Заңның 57-16-бабында көрсетілген қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күні ұсынады деп белгіленсін.»;
3) 33-баптың 2) тармақшасында:
қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына жасалған жинақтаушы сақтандыру (зейнетақы аннуитеті) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін жіберген зейнетақы жинақтарының сомалары, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылуға жататын ақша сомасы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарына жіберілген зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша өтеу сомалары;»;
мынадай мазмұндағы бір жүз елу бірінші абзацпен толықтырылсын:
«51) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қолданылған борышкердің міндеттемелерін есептен шығару.»;
4) мынадай мазмұндағы 57-15-баппен толықтырылсын:
«57-15-бап. Салық кодексінің 679-бабы 8-тармағының 3) тармақшасының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3) қалған жағдайларда - егер осы баптың 8-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынылған айдан кейінгі айдың 1-і күні.».»;
5) мынадай мазмұндағы 57-16-баппен толықтырылсын:
«57-16-бап. Салық кодексінің 679-бабы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңге мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын және 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.
Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын және 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілер қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күннен бастап бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.».»;
6) мынадай мазмұндағы 57-17-баппен толықтырылсын:
«57-17-бап. Салық кодексінің 696-3-бабының 5-тармағы үшінші абзацының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдайды, ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.».».
2-бап. Осы Заң:
1) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 5), 6), 8) тармақшаларын, 9) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 18) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 23), 24), 25), 26) және 27) тармақшаларын және 2-тармағын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 7), 11) тармақшаларын, 18) тармақшасының үшінші - жетінші, оныншы және он бірінші абзацтарын;
3) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 9) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 12), 13), 14), 15), 16), 17), 19), 20) және 21) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 20 наурыз
№ 213-VІІ ҚРЗ