13) шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды;
14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;
15) мәслихаттар мен өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiнің осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады. Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде тиiстi сайлау комиссиясының қызметін тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;
16) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын анықтайды;
16-1) Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсына сайлау заңдары жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткізу туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады;
16-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бiрыңғай электрондық Тiркеу тізілімін жүргiзедi;
16-3) электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткізу кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелеріне оны қолдануды үйретеді;
16-4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады;
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.
2. Аумақты сайлау комиссиялары:
1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды және өткізудi қамтамасыз етедi;
2) жетi адамнан құрылады.
3. алынып тасталды
4. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - он күннен, ал өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен;14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:
1) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткізудi қамтамасыз етедi;
2-1) Президенттікке кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси, партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді;
3) төменгi тұрған аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткізуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бақылайды; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде құрылған барлық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн атқаруын ұйымдастырады; осы Конституциялық заңның бұзылуына жол берген сайлау комиссияларының қызметiн тоқтату туралы сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;
4) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
5) Сенат депутаттары сайлауын өткізудi қамтамасыз етедi; Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенім бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; дауыс беруге арналған пункттер дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудiң нәтижелерiн шығарады және дауыс берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн Орталық сайлау комиссиясына бередi;
6) мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды;
6-1) дауыс беруге арналған учаскелердiң бірыңғай нөмiрленуін белгiлейдi;
7) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерiнiң жасалуын қамтамасыз етедi;
8) округтiк сайлау комиссияларынан тиiстi мәслихаттың депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамаларды алады және округтiк сайлау комиссияларының тiркелген кандидаттардың тiзiмдерiн жариялауын қамтамасыз етедi;
9) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды тiркейдi және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды; Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында жариялау үшiн тиiстi сайлау округтерi мен учаскелерi бойынша дауыстарды санау хаттамаларын Орталық сайлау комиссиясына бередi;
10) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау ұйымдастырады;
11) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау, қайта сайлау және шығып қалған мүшелерiнiң орнына сайлау тағайындайды және ұйымдастырады; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі округтiк сайлау комиссиясының функциясын орындайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттарды, олардың сенім бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаудың қорытындысын шығарады; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлаудың қорытындысы туралы хабар жариялайды;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Округтiк сайлау комиссиялары
1. Округтiк сайлау комиссиялары сайлау oкругтерiнде мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізудi қамтамасыз етедi.
2. Округтiк сайлау комиссиясы жетi адамнан құрылады.
3. Округтiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Округтiк сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Округтiк сайлау комиссиясы:
1) тиiстi сайлау округiнiң аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
2) мәслихаттар депутаттарын сайлаудың өткiзiлуiн ұйымдастырады;
3) учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдай жасалуын бақылайды; учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; Осы Конституциялық заңның бұзылғаны анықталған кезде сайлау комиссиясының қызметiн тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнеді;
4) алынып тасталды
5) мәслихаттардың депутаттығына ұсынылған кандидаттарды, олардың сенім бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабар жариялайды;
6) сайлаушылар тiзiмдерiнiң уақытылы әрi дұрыс жасалып, барша жұрттың танысуына ұсынылуын бақылайды;
7) учаскелiк сайлау комиссияларын сайлау бюллетеньдерiмен қамтамасыз етедi;
8) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша учаскелiк сайлау комиссияларының және округтiк аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептерiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
9) учаскелiк сайлау комиссияларынан дауыс берудiң нәтижелерi туралы хаттамаларды алады, солардың негiзiнде округ бойынша сайлау нәтижелерiн анықтайды, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
10) 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11) қайта сайлау және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткiзедi;
12) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Учаскелiк сайлау комиссиялары
1. Учаскелiк сайлау комиссиялары тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжілісiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзі басқару органдарының мүшелерiн сайлауды ұйымдастыру мен өткізудi қамтамасыз етедi.
Учаскелік сайлау комиссиялары жетi мүшеден тұратын құрамда құрылады.
2. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн жетi күннен, ал өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
18-бап. Учаскелiк сайлау комиссияларының өкiлеттiктерi
Учаскелiк сайлау комиссиясы:
1) сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжілісiнiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі сайлау шараларын жүргiзедi;
2) учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;
3) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды;
4) азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi өзгерістер енгізу туралы мәселелердi шешедi;
5) сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;
6) дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi;
7) сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;
8) дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды;
9) дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі арыздар мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды;
10) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 2005.15.04. № 44-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi
1. Сайлау комиссияларының мүшелерi мемлекеттік органдардың өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Сайлау комиссиялары мүшелерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңымен және өзге де заң актілерімен айқындалады.
2-1. Мыналар:
сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
3. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, мүшелерi және оның аппаратының қызметкерлерi өз өкiлеттiктерiн кәсіби тұрақты негiзде жүзеге асырады.
Сайлау комиссиясының төрағасы сотта және басқа да мемлекеттік органдарда комиссияның мүддесін бiлдіреді, сондай-ақ ол сайлау комиссиясының мүдделерін бiлдiру жөніндегі өкілеттiктi тиiстi сенімхат беру арқылы басқа адамдарға беруге құқылы.
4. Сайлау комиссиясының осы баптың 3-тармағында аталмаған мүшелерi сайлау өткізу кезеңiнде өздерiнiң келісімiнсiз жұмыс берушiнiң ұйғарымы бойынша жұмыстан шығарылмайды не басқа жұмысқа ауыстырылмайды.
5. Сайлау комиссиясының мүшесi:
1) тиiстi сайлау комиссиясының отырыстары туралы, жедел шешiм қабылдауды қажет ететiн жағдайларды қоспағанда, қырық сегiз сағат бұрын хабардар етiледi;
2) сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге және олар бойынша дауыс берiлуiн талап етуге құқылы;
3) күн тәртібіне сәйкес отырыстың басқа қатысушыларына сұрақтар қоюға және оларға мәнi бойынша жауаптар алуға құқылы;
4) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысуға, олардың куәландырылған көшiрмелерiн алуға;
5) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясы мүшелерінің төрттен үшiнің даусымен расталған уәкiлеттігі бойынша төменгi тұрған сайлау комиссиясының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы;
6) Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Конституциялық заңының және өзге де заңдарының талаптарын, жалпыжұрт таныған әдеп нормаларын сақтауға мiндеттi;
7) өзiне жүктелген мiндеттердi, сайлау комиссиясының және оның төрағасының, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға мiндеттi;
8) азаматтардың сайлау құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, шешiмдер қабылдау кезiнде әдiл және тәуелсiз болуға, сондай-ақ кандидаттар мен партиялық тiзiм ұсынған саяси партиялардың қызметiне жария баға беруден аулақ болуға мiндеттi;
9) өзi өкiлi болып табылатын саяси партияның не өзге де қоғамдық бiрлестiктiң шешiмдерiмен байланысты болмайды және олардың мүдделерiн қорғауға құқығы жоқ.
6. Сайлау комиссиясының мүшесi сайлау комиссиясының белгiленген өкілеттiк мерзiмi аяқталғанда, оның қызметi тоқтатылған кезде, сондай-ақ:
1) мiндеттерiн атқарудан босату туралы өз еркiмен өтiнiш берген;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
3) тиiстi сайлау комиссиясы құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен;
4) соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшiне енген;
5) оны iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп тануы немесе оны қайтыс болған деп жариялағаны туралы сот шешімi заңды күшiне енген;
6) қайтыс болған жағдайларда сайлау комиссиясын құрған органның шешiмi бойынша өз мiндеттерiн атқарудан босатылады.
Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесі өзін ұсынған саяси партия қызметін тоқтатқан жағдайда өз міндеттерінен босатылады.
Саяси партияны тарату туралы шешімнің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қабылдануы ол ұсынған аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшесінің міндетінен босатылуына негіз болады.
7. Комиссия мүшесi лауазымдық өкiлеттiгiн немесе осы Конституциялық заңның талаптарын бірнеше мәрте бұзған жағдайда сайлау комиссиясын құратын орган оны лауазымын атқарудан босатады.
8. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау комиссиясын құратын орган осы Конституциялық заңның 10-бабында белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін шығып қалған комиссия мүшесінің орнына сайлау комиссиясының мүшесін тағайындайды.
9. Сайлау комиссиясы бiр ұйымның қызметкерлерiнен тұрмауға тиiс.
10. Сайлау комиссиясының мүшесi тиiстi комиссия орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. №44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 20-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 20 -бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Сайлау комиссияларының қызмeтін ұйымдастыру және олардың әрекеттеріне шағым жасау. Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық
1. Сайлау комиссияларының қызмeті алқалылық, жариялылық және ашықтық негізінде жүзeгe асырылады.
2. Алғашқы отырыстарды:
1) Орталық сайлау комиссиясының отырысын комиссияның төрағасы комиссия сайланғаннан кeйін oн төрт күннің ішіндe шақырады;
2) төменгі тұрған сайлау комиссияларының отырыстарын тиісті жоғары тұрған комиссиялардың төрағалары олар құрылғаннан кeйінгі жeті күн мерзімнен кeшіктірмeй шақырады.
3. Сайлау науқанын әзірлeу мен өткізу кeзeңіндe комиссиялардың отырыстары кeміндe eкі аптада бір рeт өткізіледі. Өзгe уақытта комиссиялар өздeрінің отырыстарын қажeтіне қарай комиссия төрағасының немесе мүшелерінің кeміндe үштeн бірінің бастамашылығымен өткізеді.
4. Егер сайлау комиссияларының отырыстарына комиссия мүшелері жалпы санының кeміндe үштeн eкісі қатысса, олар заңды бoлады.
5. Кoмиссиялардың шeшімдeрі, осы Конституциялық заңда бeлгілeнгeннен өзге жағдайларды қоспағанда, олардың мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Сайлау комиссиясының оның шешімімен келіспейтін мүшелері ерекше пікірін айтуға құқылы, ол дереу жоғары тұрған сайлау комиссиясының назарына жеткізіледі және комиссия отырысының хаттамасына жазбаша нысанда тіркеледі.
6. Сайлау комиссиялары жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде орналастырылатын, ал осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда өзгедей жолмен жариялауға жататын өз шешімдерімен барлық адамдардың еркін танысуы үшін жағдай жасайды.
Сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқанын даярлау және өткізу кезеңіне кеңесші дауыс құқығын бере отырып өз өкілін тиісті сайлау комиссиясына жіберуге құқылы.
Саяси партияның кеңесші дауыс құқығы бар өкілі сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, сайлау комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы, сайлау комиссиясының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасауға құқылы.
7. Сайлау комиссиясының отырыстарына кандидаттар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.
Депутаттыққа кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар өздеріне қатысты мәселелер қаралатын кезде тиісті сайлау комиссияларының отырыстары мен күн тәртібі туралы алдын ала хабардар етіледі.
Сайлау комиссиясының үй-жайында сайлау процесіне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.
8. Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір кандидаттан сенім білдірілген бір-бір адамнан, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден және Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан бір-бір байқаушыдан және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы.
9. Егер осы Конституциялық заңда шағым жасаудың өзге мерзімдері белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін. Көрсетілген мерзімдер өткеннен соң сайлау комиссиясының шешіміне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген өтініш қарауға жатпайды.
Өтініштер сайлау комиссиясы мен сотта бір мезгілде қаралған кезде сайлау комиссиясы сот шешімі күшіне енгенге дейін өтінішті қарауды тоқтата тұрады. Сот түскен өтініш туралы және оны қарау нәтижелері бойынша сот шешімінің заңды күшіне енгені жөнінде сайлау комиссиясын хабардар етеді.
10. Мeмлeкeттік органдар, ұйымдар, жeргілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары сайлау комиссияларына өздерінің өкілeттіктeрін жүзeгe асыруға көмeк көрсeтугe, оларға қажeтті мәлімeттeр мен материалдар беругe, сайлау комиссияларының өтініштеріне — үш күн мерзім ішіндe, ал сайлау күні және оның қарсаңындағы күні дeрeу жауап қайтаруға міндeтті.
11. Аумақтық, oкругтік, учаскeлік сайлау комиссияларының мүшелері сайлауды әзірлeу мен өткізу кeзeңіне өздерінің қалауымен комиссияның шeшімі бойынша сайлауды өткізуге бөлінген қаражаттың есебінен ақы төлене отырып, өндірістік немесе қызмeттік міндeттeрін орындаудан бoсатылуы мүмкін.
Сайлау комиссияларының мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мүшелерінің сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңінде өздерінің негізгі жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақысы сақталады. Сайлау комиссияларының өзге мүшелеріне осы кезеңде сайлау өткізуге бөлінген қаражат есебінен кемінде ең төменгі үш жалақы мөлшерінде жалақы белгіленеді.
Сайлау комиссиялары мүшелерінің, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мүшелерінің үстеме жұмысына, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысына, түнгі уақыттағы еңбегіне ақы төлеу сайлау өткізугe бөлінгeн қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.
12. Мыналар:
1) Парламент, мәслихаттар депутаттары, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері;
2) Президенттікке, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, сондай-ақ кандидаттардың сенім білдірген адамдары;
3) мемлекеттік саяси қызметші лауазымындағы адамдар;
4) Қазақстан Республикасы соттарының судьялары сайлау комиссияларының мүшелері бола алмайды.
Кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар осы кандидат қатысатын сайлау округінде сайлауды тікелей ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ететін сайлау комиссияларының құрамында бола алмайды.
Осы тармақтың екінші тармақшасында аталған адамдар тиісті кандидат тіркелген күннен бастап сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен босатылады.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 20-1-баппен толықтырылды; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 20 -1 - бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-1-бап. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары
1. Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушысының өкілеттіктері оның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, жазбаша нысанда куәландырылуға тиіс. Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен расталады және ол байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Құжаттар сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға байқаушы туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы оны тіркеу үшін көрсетіледі.
2. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары:
1) сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;
2) дауыс беруге, соның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға;
3) дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде тиісті сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайында болуға;
4) тасымалданатын сайлау жәшігін бақылап жүруге, соның ішінде оларды тасымалдау кезінде көлік құралында болуға;
5) сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін барлық аталған рәсімдерді анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда байқауға;
6) тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;
7) сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруін өткізу кезінде қатысуға;
8) учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санауы және жоюы кезінде қатысуға;