Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережені жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
40-бап.2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
41-бап. Осы Заңның өзге заң актілерімен арақатынасы және оның ережелерiн iске асыру тәртібі
1. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды қамтамасыз етудiң жекелеген бағыттары мен тетiктерiн регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және осы Заң күшiне енген күннен бастап бiр жылдың iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс.
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. 20-баптың 3 және 4-тармақтары тоқтатыла тұрған кезеңде:
«3. Мәслихат депутатының өкілеттіктері мынадай:
1) ол заңға сәйкес депутаттық міндеттерді орындаумен сыйыспайтын лауазымға сайланған немесе тағайындалған;
2) соттың оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекет ету қабілеті шектеулі деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген;
3) мәслихаттың өкілеттіктері тоқтатылған;
4) ол қайтыс болған, соттың оны хабарсыз кетті деп тану не қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген;
5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан;
6) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;
7) ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
8) оның отставка туралы жеке өтінішіне байланысты;
9) ол өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаған, оның ішінде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарында немесе құрамына өзі сайланған мәслихат органдарының отырыстарында дәлелсіз себептермен қатарынан үш реттен артық болмаған;
10) ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалған жағдайларда, мерзімінен бұрын тоқтатылады.
4. Депутаттың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сессиясында қабылданады.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақтардың қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы Заңның 20-бабының 4-1-тармағы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының