9) ақша қорларын қалыптастыруға;
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрамында еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізу бойынша жұмыс берушімен бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастыруға;
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде халықты жұмыспен қамту мәселері жөніндегі құқықтары мен мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
12) келісімдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтай отырып, қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды зерделеу және қолдану үшін кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарына өз өкілдерін жіберуге;
2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге;
14) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасын бұзатын, келісімдерде және ұжымдық шарттарда көзделген міндеттемелерді орындамайтын тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
15) баспа қызметiмен айналысуға, өз жұмысын баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ұйымдарда да жария етуге;
16) кәсіподаққа меншік құқығында тиесілі мүлікті иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге;
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) жарғылық мақсаттарға сәйкес өз мүшелерінің мүддесіне орай өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға;
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында, келiсiмдер мен ұжымдық шарттарда кәсiподақтардың өзге де құқықтары белгiленуi мүмкiн.
17-бап. Кәсiподақтардың міндеттері
Кәсiподақтар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жарғының ережелерін, кәсіподақ органдарының шешімдерін сақтауға;
2) ұжымдық шарт, салалық, өңірлік, бас келісімдер бойынша міндеттемелерді орындауға;
3) өкілеттіктер шегінде әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу жөнінде шаралар қолдануға;
2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) кәсіподақ мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге;
2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.15.02. № 199-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 18 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) кәсіподақ мүшелері арасында олардың құқықтық, оның ішінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері, сондай-ақ ұжымдық шарт, келісу комиссиясының жұмысы туралы келісім (бар болған кезде) ережелері бойынша сауаттылығын арттыру, келіссөздер жүргізе алу және еңбек дауларында пәтуаға қол жеткізу дағдыларын дамыту жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуге;
6) қызметкерлердің ішкі еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібі қағидаларын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтауына жәрдемдесуге;
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7) жарғыда айқындалған шарттарда және тәртіппен кәсіподақ мүшелеріне ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат беруге;
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлердің жазбаша өтініштері негізінде олардың мүдделерін кәсіподақ мүшелеріне арналғандай шарттарда білдіруге;
2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) сайланған немесе қайта сайланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге сайланбалы кәсіподақ органдарының негізгі жұмысынан босатылмаған мүшелері туралы ақпарат беруге міндетті.
18-бап. Кәсiподақ мүшелерiнiң еңбек, әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғау
1. Кәсiподақтар жұмыс берушіден тәуелсіз болып табылады және кәсіподақ органдары арқылы жұмыс берушімен қарым-қатынастарда өз мүшелерiнің атынан өкілдік етеді, олардың еңбек және әлеуметтiк құқықтары мен мүдделерiн:
1) құқықтық және консультациялық көмек көрсету, оның ішінде кәсiподақ мүшесi жұмыс берушiмен еңбек шартын жасасқан кезде көмек көрсету;
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2) сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шартын бұзудың негізділігі туралы уәжді пікір білдіру, өз мүшелерінің еңбек жағдайларын ұжымдық шартқа сәйкес келісу;
3) өз мүшелерiнiң құқықтарын және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшін сотқа арызбен жүгiну;
2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) өз мүшелерi атынан, сондай-ақ кәсіподаққа жазбаша өтінішпен уәкілеттік берген, кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлер атынан жұмыс берушiмен ұжымдық шарт, келiсiм жасасу;
5) жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісім комиссиясының, ұжымдық еңбек дауларын қарау кезінде татуластыру комиссиясының және еңбек төрелігінің құрамына қатысу арқылы қорғайды.
2. Өз мүшелерiнiң еңбек, әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында кәсiподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн барлық басқа да тәсілдерді пайдалана алады.
19-бап. Кәсіподақтардың республикалық, салалық, өңірлік деңгейлерде және ұйым деңгейінде әлеуметтік әріптестікке қатысуы және қабылданған шешімдердің орындалу мониторингі
1. Кәсіподақтар әлеуметтік әріптестікке:
1) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық, өңірлік үшжақты комиссияларда жұмыс істеу;
2) келісімдер мен ұжымдық шарттардың жобаларын әзірлеу және оларды жасасу;
3) жұмыс берушілермен, олардың бірлестіктерімен (қауымдастықтармен, одақтармен), мемлекеттік органдармен еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша консультациялар (келіссөздер), қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтарына кепілдіктерді қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру арқылы қатысады.
2. Кәсіподақтар қабылдайтын шешімдер, ұжымдық шарттардың ережелері әлеуметтік әріптестік органдары қабылдайтын шешімдерге және бас, салалық және өңірлік келісімдердің ережелеріне сәйкес келуге тиіс.
3. Кәсіподақтар қабылдаған шешімдердің орындалуына мониторингті жоғары деңгейдегі кәсіподақтар:
1) жергілікті кәсіподақтар қабылдаған шешімдердің орындалуына - өздері мүшелік ұйымы болып табылатын салалық кәсіподақтар;
2) аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері, салалық кәсіподақтар қабылдаған шешімдердің орындалуына - өздері мүшелік ұйымы болып табылатын республикалық кәсіподақтар бірлестіктері жүзеге асырады.
20-бап. Кәсiподақ мүшелерi құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Кәсiподақтар өз мүшелерiнiң, сондай-ақ шарттық негізде өздерінің мүдделерін білдіруге уәкілеттік берген қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
Жүргiзiлетiн қоғамдық бақылауға жұмыс берушiнің тарапынан қарсы іс-қимылдың жасалуына және кедергi келтірілуіне жол берілмейді.
2. Кәсіподақтар өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауға тұрақты негізде қатысады.
3. Кәсіподақтың уәкілетті өкілі өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына кіреді.
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Кәсіподақтар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің құрамына тепе-теңдік негізде кіреді.
2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 21-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Кәсіподақтардың талаптар қоюы, ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу
1. Кәсiподақтар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiнде айқындалған тәртіпті сақтай отырып және жағдайларда талаптар қоюға құқылы.
2. Егер татуластыру рәсiмдері арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол жеткiзiлмесе, сондай-ақ жұмыс берушi татуластыру рәсiмдерінен жалтарған не дауды шешу барысында қол жеткiзiлген келiсiмдi ол орындамаған жағдайларда, кәсiподақтар ереуiл өткiзу туралы шешiм қабылдай алады.
Бұл ретте, қызметкерлерді сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға шақыруға тыйым салынады.
2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Кәсіподақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ереуілдерді, бейбіт жиналыстарды ұйымдастырады және өткізеді.
4. Кәсiподақтар бiрлескен наразылық акцияларын өткiзу үшiн өздерiнiң күш-жiгерiн бiрiктiрiп, басқа кәсiподақтармен және қызметкерлер топтарымен ынтымақтастық белгiсi ретiнде осындай акциялар өткiзе алады.
22-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласында қызметті жүзеге асыру
Кәсiподақтардың бұқаралық ақпарат құралдарын ұйымдастыру және олардың қызметі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
23-бап. Кәсiподақтардың ақша қорлары
Кәсiподақтар өзінің және тартылған қаражат есебiнен кәсiподақтардың жарғылық мiндеттерi мен мақсаттарын іске асыруға бағытталған іс-шараларды қаржыландыруға арналған әлеуметтiк-экономикалық мақсаттағы ақша қорларын қалыптастыра алады.
24-бап. Мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын қалыптастыруға кәсiподақтардың қатысуы
Кәсiподақтар жұмыссыздыққа қарсы күрес және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыстан босатылатын қызметкерлердi қорғау жөнiндегi бағдарламаларды, ең төмен күнкөрiс деңгейін белгiлеу және оны сақтау, кірістерді индекстеу, жалақының, зейнетақылардың, стипендиялардың және жәрдемақылардың ең төмен деңгейiн арттыру жөнiндегi іс-шараларды қоса алғанда, өз мүшелерiн әлеуметтiк қорғау жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды әзiрлейдi, оларды тиiстi мемлекеттiк органдарға ұсыныстар ретiнде енгiзедi.
25-бап. Кәсiподақтар қызметiнiң кепiлдiктерi
1. Мақсаты кәсiподақтарды қандай да бiр органдарға және ұйымдарға тiкелей немесе жанама бағындыру немесе олардың құқықтарын шектеу болып табылатын, сондай-ақ кәсiподақтардың осы Заңда және жарғыда көзделген қызметіне кедергi келтіретін кез келген әрекеттерге тыйым салынады.
2. Мемлекеттiк органдар, жұмыс берушілер (бірлестіктер, қауымдастықтар, одақтар) кәсiподақ органына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалатын ақпаратты қоспағанда, кәсіподақ мүшелерiнiң құқықтарын қорғауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат ұсынуға міндетті.
3. Келісімдерде немесе ұжымдық шартта көзделген жағдайларда, жұмыс беруші кәсіподаққа мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыруға ақша аударады.
2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сайланбалы қызметке сайлану нәтижесінде жұмыстан босатылған адамдардың сайланбалы қызметіндегі жұмыс кезеңіне еңбек шартының мерзімі шеңберінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
26-бап. Кәсіподақ органдарына сайланған және негізгі жұмысынан босатылмаған адамдарға кепілдіктер
1. Негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері өздері мүшелерi болып табылатын кәсiподақ органының уәжді пікірінсіз тәртiптiк жазаға тартылмайды. Негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ органының басшысы (төрағасы) жоғары тұрған кәсіподақ органының уәжді пікірінсіз тәртіптік жауаптылыққа тартылмайды.
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайлардан басқа, негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелерімен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға осы адамдар мүшелері болып табылатын кәсіподақ органының уәжді пікірі ескеріле отырып, еңбек шартын бұзудың жалпы тәртібі сақталған кезде жол беріледі. Заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайлардан басқа, негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ органының басшысымен (төрағасымен) еңбек шарты жоғары тұрған кәсіподақ органының уәжді пікірінсіз жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылмайды.
2015.23.11. № 415-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Тәртіптік жаза қолдану және осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдармен еңбек шартын бұзу туралы жұмыс берушінің актісін шығарған кезде кәсіподақ органының уәжді пікірін ескеру ұжымдық шартта көзделген тәртіппен жүргізіледі.
4. Ұжымдық шарттарда кәсіподақ органдарының сайланбалы және басқа мүшелері үшін басқа кепілдіктер де көзделуі мүмкін.
5. Кәсіподақ органдарының мүшелерi өз мүшелерiнiң мүдделеріне орай қоғамдық мiндеттердi орындау үшiн кәсiподақ оқуы, кәсiподақтар шақыратын съездерге (конференцияларға), сондай-ақ олардың пленумдарының, төралқаларының жұмысына делегаттар ретiнде қатысуы уақытында негізгі *жұмыстан босатылады. Босату шарттары және ақы төлеу тәртiбi ұжымдық шарттарда және келiсiмдерде көзделедi.
5-тарау. КӘСIПОДАҚ ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ МҮШЕЛІК КӘСIПОДАҚ ЖАРНАЛАРЫ
27-бап. Кәсіподақ органдарының өкiлеттiктерi
1. Кәсіподақ мүшелері кәсіподақ жарғысында айқындалған тәртіппен кәсiподақ органдарын сайлауға немесе оларға сайлануға құқығы бар.
2. Кәсіподақ органдарының өкілеттіктері кәсіподақ жарғысында айқындалады.
3. Ұжымдық шарттарға және келісімдерге сәйкес кәсіподақ органдары мен жұмыс берушілер ұйымдардағы еңбек, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді шешеді.
28-бап. Кәсiподақ органдарының қызметі үшін материалдық жағдайлар
1. Кәсiподақ органының материалдық жағдайлары жарғының, ұжымдық шарттың немесе келiсiмнің негiзiнде айқындалады.
2. Кәсiподақ мүшелерінің өздерi кәсіподаққа берген мүлiкке және мүшелік жарналарға құқықтары жоқ.
29-бап. Мүшелік кәсiподақ жарналары
1. Кәсiподақ ұйымның қызметiне нұқсан келтiрмей, жұмыс және оқу орны бойынша мүшелік кәсiподақ жарналарын жинауға құқылы.
2. Тараптардың келісуі бойынша және кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің жазбаша өтініштері болған кезде жұмыс беруші айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей, қызметкерлердің жалақысынан мүшелік кәсіподақ жарналарын кәсіподақтың шотына аударады.
3. Мүшелік кәсіподақ жарналары кәсіподақтың меншігі болып табылады.
6-тарау. КӘСIПОДАҚТАРДЫҢ МЕНШIГI, ОЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТI
30-бап. Кәсiподақтардың меншiгi
1. Кәсiподақтардың меншiгiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған, сатып алынған немесе оған берілген мүлік құрайды.
2. Мыналар:
1) мүшелік кәсіподақ жарналары;
2) ерікті жарналар және қайырмалдықтар;
3) Қазақстан Республикасы заңдарында тыйым салынбаған өзге де түсімдер кәсіподақ меншігін қалыптастыру көздері болып табылады.
3. Кәсiподақтар өздерiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiкті кәсіподақ мүшелерінің мүдделеріне орай иеленедi, пайдаланады және оған билiк етедi.
4. Кәсiподақтар мемлекеттiң, жұмыс берушiлердiң, басқа да заңды тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, өз кезегiнде олар кәсiподақтардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейді.
5. Кәсіподақтардың қаржылық қызметі олардың жарғыларына сәйкес жүзеге асырылады.
31-бап. Кәсiподақтардың өндiрiстiк және шаруашылық қызметi
Жарғылық мақсаттарға қол жеткiзу үшін кәсiподақтардың өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
32-бап. Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының кәсіподақтар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
33-бап. 2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. «Кәсiптiк одақтар туралы» 1993 жылғы 9 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 8, 200-құжат; 1995 ж., № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2013 ж., № 15, 76-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы маусымның 27-і.
№ 211-V