372) халыққа қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде салық төлеушілердің билеттерді пайдалануы туралы мәліметтердің нысанын бекіту әзірлеу және бекіту;
373) екінші деңгейлі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
374) фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) енгізу (алып тастау) қағидаларын, сондай-ақ фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
375) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану қағидаларын әзірлеу;
376) жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
377) өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдаланудың үлгілік қағидаларын және өкілдік шығындардың нормаларын әзірлеу және бекіту;
378) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбелерін бекіту;
379) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, оларға өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асыру;
380) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асыру;
381) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарау;
382) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
383) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
384) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
385) есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына ұсыну; Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қорғауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
386) біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
387) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
388) мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
389) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілетін сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйесінің Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграциясын қамтамасыз ету;
390) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша, оның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
391) мемлекеттік сатып алу екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
392) Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
393) Ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметті қоспағанда, сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызмет жүзеге асыратын бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
394) арнаулы мемлекеттік органдардың бюджетті атқару рәсімдерін келісу;
395) Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін, оның ішінде тиісті салалардың уәкілетті органдарымен келісу бойынша сатып алу мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
396) тармақша 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
396) Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін бірдей тауарлар тізбесін әзірлеу және бекіту;
397) Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарының офтейк-келісімшарт жасасу және оны орындау тәртібін келісу;
398) Ұлттық әл-ауқат қорының және Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарының сатып алуды жүзеге асыру тәртібін келісу;
399) мемлекеттік материалдық резервті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жүктелген функцияларды орындауға қажетті жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз ететін мүліктің тізбесін бекіту әзірлеу және бекіту;
400) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға берілетін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері активтерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
401) мемлекеттік жоспарлау саласындағы орталық мемлекеттік органмен, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша үш компонентті интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын әзірлеу және белгілеу;
402) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша салық төлеушілердің - тіркеу есебінде дара кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар ретінде тұрған жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың санаттары мен тізімін, екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары жөнінде мәліметтер беру қағидаларын, нысанын және мерзімдерін әзірлеу және белгілеу;
403) сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету қызметтерін және (немесе) тасымалдау саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдардың үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
404) пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын, салық төлеушілердің, салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың, пилоттық жобаларды іске асыруды (енгізуді) жүзеге асыратын аумақтардың (учаскелердің) және (немесе) өңірлердің құқықтары мен міндеттерін, пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) қағидалары мен мерзімдерін айқындау;
405) камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысанын және оны шығару мерзімдерін белгілеу;
406) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) енгізу (алып тастау) тәртібін, сондай-ақ фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарын айқындау;
407) электрондық шот-фактуралар электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы жазып берілетін тауарлардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
408) кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарларға қатысты, көрсетілген тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыруға, қалыптастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдерін «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 291-бабының 7-1-тармағына сәйкес шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан әкету кезінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды ресімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындау;
409) камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама қағидалары мен нысанын әзірлеу және бекіту;
410) камералдық кедендік тексеру жүргізу барысында тексерілетін тұлғаға жіберілетін «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 426-бабында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну бойынша талап нысанын әзірлеу және бекіту;
411) тауарларды таңбалау және олардың қадағалану тәртібін айқындау;
412) нысанды киім үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киіп жүру құқығы бар жұмыскерлердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
413) мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
414) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін келісу;
415) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау;
416) уәкілетті органға жүктелген міндеттерді шешу үшін «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптамалар жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
417) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 147-бабында көзделген тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін белгілеу;
418) тексеру нәтижелері туралы хабарламадан үзінді көшірменің және кедендік тексеру актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;
419) камералдық кедендік тексеруді жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын әзірлеу және бекіту;
420) камералдық кедендік тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаға хабарлау нысанын әзірлеу және бекіту;
421) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын келісу;
422) камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;
423) тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе тапсыру, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуы, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
424) кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау тәртібін айқындау;
425) кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық графиктерінің нысанын әзірлеу және бекіту;
426) өзінің интернет-ресурсында кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық графиктерін орналастыру;
427) кешенді көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы хабарлама нысанын әзірлеу және бекіту;
428) тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе тапсыру, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуы және осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
429) көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану тәртібін, сондай-ақ электрондық кедендік алып жүру кезінде кеден органының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесі ұлттық операторының және тасымалдаушының өзара іс-қимылын айқындау;
430) ҚР Үкіметінің 2023.29.06. № 511 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
431) құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын айқындау;
432) тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын тәуекелдердің құндық индикаторларын қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;
433) тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;
434) өтініш тіркелген күнге соңғы үш жылда салық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін белгілеу;
435) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау қорытындылары туралы хабарлама нысанын әзірлеу және бекіту;
436) Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту;
437) тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
438) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы өтінішті қоспағанда, заңды тұлғаларды кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар тізіліміне енгізу туралы өтініштер нысанын әзірлеу және бекіту;
439) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес прокуратура органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған қаулы, сондай-ақ соттың ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін бөлінген қаражат шегінде аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесін және олардың қызметтеріне ақы төлеуді айқындау;
439-1) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мемлекеттік аудиторларды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексеруге қатысу үшін жіберу;
440) жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуды жүргізуі кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау мен қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдану;
441) сараптама комиссиясын не сарапшыны тарту қажет болатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау;
442) келісу комиссиясының үлгі ережесін және жұмыс тәртібін бекіту;
443) мемлекеттік сатып алу тауарлардың электрондық каталогынан жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін бекіту;
444) мемлекеттік сатып алу негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
445) мемлекеттік сатып алу рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
446) тармақша 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
446) мемлекеттік сатып алу сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклінің құнын есептеуді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
447) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету мақсаттары үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша үлгілік сақтандыру шартын бекіту;
448) мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу;
449) әлеуетті өнім берушілер паспорттарының базасын қалыптастыру және жүргізу;
450) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша Қазақстан Республикасы акционер (қатысушы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, республикалық мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешім қабылдау;
451) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын келісу;
452) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша валюталық түсімді айырбастау туралы салық органдарына қорытынды беру қағидалары мен нысандарын бекіту;
453) салық кезеңінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін әзірлеу;
454) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
455) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
456) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы деректер жасау;
457) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар (өкілдіктер) құруға жазбаша келісім беру;
458) республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер жасау;
459) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оны пайдалану туралы есеп жасау;
460) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау;
461) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау;
462) мемлекеттік бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау;
463) Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке тұлғалары үшін арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді қоспағанда, капиталдың ішкі нарығындағы мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелер түрiндегі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару;
464) азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотынға қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталар белгілеу;
465) бюджет заңнамасында көзделген қолма-қол ақшаның бақылау шоттарын және шоттарды ашу, жүргізу және жабу;
466) мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу;
467) бюджеттік есепке алуды жүргізу;
468) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызу;
469) бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету;
470) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді есепке алу және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына аудару;
471) кейіннен тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке жатқыза отырып, бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арасында түсімдер сомасын бөлу;
472) Еуразиялық экономикалық одақтың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің шоттарына ақша қаражатын аудару;
473) кедендік баждардың сомалары бойынша ақпаратты дайындау және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу;
474) шетел валютасындағы операцияларды жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу;
475) мемлекеттік қарыздарды (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарынан басқа), мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет кепілгерлігімен берілген қарыздарды, қарыздарды хеджирлеу бойынша мәмілелерді, бюджеттік кредиттерді тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру;
476) Қазақстан Республикасы Үкіметінің борыштық міндеттемелері бойынша төлемдерді жүргізу және есепке алу рәсімдерін жүзеге асыру;
477) бюджеттік кредит беру нәтижесінде туындайтын үкіметтік талаптар бойынша, оның ішінде мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері жөніндегі міндеттемелерді орындауына байланысты талаптар бойынша борыштық міндеттемелерді есепке алуды қамтамасыз ету;
478) үкіметтік сыртқы қарыздар шоттарынан, сыртқы қарыздардың арнайы шоттарынан, байланысты гранттар мен бірлесіп қаржыландыру қаражатынан қаражат алу жөніндегі қаржылық рәсімдерді жүзеге асыру;
479) мемлекеттік кірістер органдарының және уәкілетті органдардың түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтару және (немесе) оларды бюджетке берешекті өтеу есебінен есепке жатқызу жөніндегі төлем құжаттарын орындау;
479-1) түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды жүзеге асыру үшін қорытындының нысанын бекіту;
480) инкассолық өкімдерді орындауға қызмет көрсету;
481) бюджет ақшасын басқару;
482) республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің салымдарына (депозиттеріне) орналастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджетке депозиттері бойынша сыйақылар (мүдде) көлемін болжау;
483) мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндеттемелері бойынша аударым операцияларын жүзеге асыру және есепке алу;
484) мемлекеттік мекемелер ұсынатын міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, төлем тапсырмаларының, төлеуге берілетін шоттардың, азаматтық-құқықтық мәмілелердің бюджет заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;
485) квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынатын төлем тапсырмаларын тексеруді жүзеге асыру;
486) мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларын қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
487) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны мемлекеттік мекемелердің ақылы көрсетілетін қызметтерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына дұрыс есепке жатқызуды бақылауды жүзеге асыру;
488) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша шығыстары бойынша операциялардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
489) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың тоқсандық, жартыжылдық, жылдық бюджеттік және жартыжылдық, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру;
490) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің және қабылдануы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптары бұзылған кезде мемлекеттік мекемелердің жүзеге асыратын төлемдерін тоқтата тұру;
491) өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімі негізінде төлем құжаттарын қалыптастыру;
492) Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қордан өтемақы төлеуді жүзеге асыру;
493) қазынашылық қолдап отыру шеңберінде мемлекеттік сатып алу шоттарынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асыру;
494) Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді жетілдіруге және іске асыруға қатысу;
495) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, экономикалық және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;