460) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқорының қалыптастыруын және жүргізуін ұйымдастыру, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әдіснамалық бірлігін және келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
461) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу;
462) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынатын ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытындылау, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
463) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделеу;
464) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша іс-шаралар өткізу;
465) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ұйымдардың, бірлестіктердің және өзге де жұмыс топтарының қызметіне белгіленген тәртіппен қатысу;
466) ҚР Үкіметінің 2020.03.11. № 733 Қаулысымен алып тасталды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
467) ҚР Үкіметінің 2019.20.06. № 422 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
468) өзінің интернет-ресурсында орналастырылатын терроризмді және экстремизмді, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбелерін жасау және оларды тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық түрде жіберу;
469) өзінің интернет-ресурсында орналастырылатын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін жасау;
470) сыртқы барлау уәкілетті органымен және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлесіп қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты сыртқы барлау уәкілетті органына ұсыну тәртібін айқындау;
471) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері хабарламаларының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
472) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру;
473) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды жүргізу және кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
474) кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізудің қағидаларын, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;
475) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген тұлғаның мүлкіне, оның ішінде заңды тұлғалардағы оқшауланған мүлкіне тыйым салу туралы мәселені шешу үшін мұндай мүлік туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына беру;
476) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны жүргізу не операцияны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау және оны электрондық тәсілмен қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізу;
477) ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбелерінен алып тастау туралы өтінішті қарау;
478) күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттігінің жоқтығы туралы шешім қабылдау және күдікті операция туралы хабарламаны берген қаржы мониторингі субъектісіне және мемлекеттік органға электрондық тәсілмен жеткізу;
479) олар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға бағытталған деп пайымдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын немесе электрондық ақшамен жасалатын операцияларын тоқтата тұру туралы шешім қабылдау немесе оны «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізу;
480) банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының немесе электрондық ақшамен жасалатын операциялардың тоқтатыла тұру туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, олар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға бағытталған деп пайымдауға негіздер бар күдікті операцияларды тоқтата тұру қажеттігі туралы шешімдерді берген Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарын хабардар ету;
481) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың тиісті шешімі алынған сәттен бастап үш сағат ішінде оны қаржы мониторингі субъектісіне жеткізу;
482) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қатысы бар жеке тұлғаларды, ұйымдар мен бенефициарлық меншік иелерін, басқа да байланысты қылмыстарды, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды анықтау, сондай-ақ осындай тұлғалардың ақшасын және (немесе) өзге де мүлкін іздестіру мақсатында шет мемлекеттің құзыретті органымен халықаралық ынтымақтастық;
483) шет мемлекеттiң құзыреттi органының сұрау салуы бойынша жүзеге асырылатын қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы ақпараттар, мәліметтер мен құжаттар беру;
484) ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруден бас тарту үшін негiздердi көрсете отырып, шет мемлекеттiң сұрау салған құзыреттi органына бас тарту туралы хабарлау;
485) қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларын, схемалары мен тәсілдерін бекіту және оларды өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізу;
486) жеке және заңды тұлғалардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес ақпарат жіберу және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар ету;
487) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен берілген ақпарат бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
487-1) Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінен алған ақпарат негізінде «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 7) тармақшасында және 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін жасау;
487-2) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың ішінара немесе толық күшін жою туралы өтініштерін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетінің қарауын қамтамасыз ету және қабылданған шешім туралы өтініш берушіні, сондай-ақ өтінішті қанағаттандыру туралы қаржы мониторингі субъектісін хабардар ету;
487-3) террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізімін қалыптастыру және оны өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
487-4) террористік әрекетке қатысы бар тұлғалар тізіміндегі жеке тұлғаларды «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4-тармағына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізу жөнінде шаралар қабылдау;
487-5) ұйымды немесе жеке тұлғаны жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы шешімді өзінің интернет-ресурсында орналастыру және оны тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберу;
487-6) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-1-бабының 6-тармағына сәйкес жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғалардың операцияларын жүргізуді тоқтата тұру және осы шешімді қаржы мониторингі субъектісінің назарына жеткізу;
487-7) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-1-бабының 6-тармағында көзделген операцияны жүргізу не операцияны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау және оны қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізу, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетін операция жүргізуге рұқсат беру ниеті туралы хабардар ету;
487-8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетін жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы хабардар ету;
487-9) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының өтініші негізінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарына ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды іздестіру және (немесе) тоқтата тұру туралы сұрау салу жіберу;
487-10) шет мемлекеттердің құзыретті органдарының ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтата тұру туралы сұрау салуды қанағаттандырғаны туралы Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарын және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар ету;
487-11) Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) анықтаған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың тәуекелдерін төмендету жөніндегі шаралар туралы шешімді қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізу;
487-12) тиісті мемлекеттік органдарға кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі есепті жіберу, сондай-ақ осы есептен жариялануға жататын ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
487-13) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдардың және кәсіби бухгалтерлердің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабардар ету;
488) ҚР Үкіметінің 2019.26.11. № 877 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
489) мәмілеге қатысушының трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға өтінішін қарау;
490) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын растайтын құжаттарды және дифференциалды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірінің қолданылғаны туралы ақпаратты және қолданылатын бағаның негізділігін растайтын басқа да ақпаратты қарау;
491) уәкілетті орган айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;
492) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарау;
тапсырыс беруші ұсынған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасын әзірлеу және бекіту;
конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындау және бекіту;
конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алу жүргізу туралы хабарландыруды орналастыру;
тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған адамдар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберу;
конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу жеңімпазын айқындау;
493) мемлекеттік сатып алу саласында республикалық тізілімдерді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
494) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
495) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғамайтын және ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
496) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
497) ведомстволардың өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау функцияларын жүзеге асыру;
498) «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы шешім қабылдау;
498-1) тармақша 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
498-1) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау және қарау және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазаларды қолдану;
499) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2019.18.04. № 208 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.06. № 422 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 17-тармақ өзгертілді
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды адамдарынан және өзге де адамдардан, шет мемлекеттің құзыретті органдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және беру;
1-1) салықтың әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (ендіруді) жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы пайдалану бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;
3) сараптамалар, тексерулер мен консультациялар жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етуді әзірлеу, мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, ақпараттық жүйелер құру үшін тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен тәуелсіз сарапшыларды тарту;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
5) Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
6) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
8) ведомстволардың аумақтық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беру;
9) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдану;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;
11) күдікті операция белгілері анықталған жағдайда, үш жұмыс күніне дейінгі мерзімге ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату туралы шешім шығару;
12) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты мәліметтер мен ақпарат алмасу және оларды беру бойынша өзара іс-қимыл тәртібін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен бірлесіп айқындау;
13) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
14) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
15) заңнамада айқындалған жағдайларда Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жеке және заңды тұлғалардан, еншілес компаниялардан қажетті құжаттарды, белгіленген нысандар бойынша есептіліктерді ұсынуды талап ету;
16) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың бірлескен актілері негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
17) тиісті уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен беру;
18) халықаралық шарттар негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда шет мемлекеттің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
19) құзыреті шегінде темекі бұйымдарын өндірушілерге темекі бұйымдарын өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді беру туралы сұрау салу;
20) тексерулерге мемлекеттік органдардың мамандарын тарту;
21) оңалтуды басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не оңалтуды басқарушыны тіркеуден алып тастау туралы хабарламаны кредиторлар жиналысына жіберу;
22) өндірісте бар материалдар мен қылмыстық істер бойынша құжаттарға, материалдарға, статистикалық деректерге және өзге де мәліметтерге қол жеткізу, сондай-ақ олардың берілуін ұйым басшыларынан және басқа лауазымды адамдарынан, жеке тұлғалардан талап ету, олардың көшірмелерін түсіру, түсіндірулер алу;
23) іс жүргізудегі бар қылмыстық істер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарған адамдарды мәжбүрлеп келтіру;
24) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қою немесе алуды жүзеге асыру;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;
26) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау және істерді қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан тексерулер, салықтық және басқа тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету;
28) жеке және заңды тұлғаларға қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен шарттарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқаулықтар, ұсынымдар беру;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені құру және пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, өндіріс барысында зерттеулер ұйымдастыру;
30) бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде оны қарамастан бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтару;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қаржы министрі жүзеге асырады.
19. Қаржы министрiн Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті лауазымнан босатады.
20. Қаржы министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
21. Қаржы министрінің өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының міндеттерін айқындайды;
2) еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрықтарына қол қояды;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жұмыс регламентін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне кеден органдарының лауазымды адамдарына жоғары басшылық құрамының арнайы атақтарын беру туралы ұсыным енгізеді;