6) сақтандыру жағдайын тексеруге қатысуға, оның iшiнде қызметкерлер өкiлдерiнiң не өзi сенім бiлдiрген адамның қатысуымен қатысуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқығы бар.
11-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты
1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуi мүмкiн қызметкердiң пайдасына сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты аннуитеттік сақтандыру сыныбы және міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы үшін мұндай шарт жасасу міндетті болып табылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.19.12. № 386-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады.
Сақтанушының өтiнiшi қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады. Сақтандырушы өтінішке қосымша сақтанушы мәлімдеген экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызудың дұрыстығын тексеру үшін штаттық кестені немесе өзге де ақпаратты беруді талап етуге құқылы.
Сақтанушының осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес электронды түрде берген өтінішінде:
1) еңбекақының жылдық қорының болжанатын мөлшері және жұмыскерлердің жалпы саны;
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібіне сәйкес экономикалық қызмет түрі мен кәсіптік тәуекел сыныбы қамтылуға тиіс.
Электрондық өтініш беру жолымен жасалған қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартына сақтанушы мен сақтандырушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойылады.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыздығына алып келеді.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық еместiгi үшiн жауапкершiлiктi сақтандырушы өз мойнына алады. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместiгi салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру шарты жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi.
Сақтандыру шартының телнұсқасын ресімдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы өтейдi, бұл ретте өтелетiн шығыстардың жалпы сомасы өтiнiш берген күнгi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.
5. Егер қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының немесе пайда алушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушы мен пайда алушының алдындағы мiндеттеменi осы Заңда белгiленген талаптар бойынша өз мойнына алады.
6. қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты:
1) сақтандырушының атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн;
2) сақтанушының (егер ол жеке тұлға болса) фамилиясын, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) және тұрғылықты жерiн немесе (егер ол заңды тұлға болса) атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн;
3) сақтандыру объектiсiнiң сiлтемесiн;
4) сақтандыру жағдайының сiлтемесiн;
5) сақтандыру сомасының мөлшерiн, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртібі мен мерзiмдерiн;
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерiн қамтуға тиiс.
Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған кезде сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың бір шарты шеңберінде ол (олар) жүзеге асыратын экономикалық қызметтің түріне сәйкес кәсіптік тәуекел сыныбы көрсетіле отырып, сақтанушы мен оның филиалы (филиалдары) бойынша жеке белгіленеді;
7) шарт тараптарының құқықтарын, мiндеттерi және жауапкершiлiгiн;
8) шартқа өзгерістер енгізу мен оның мерзiмiн ұзарту жағдайлары мен тәртібін;
9) шарт жасалған күн мен оның қолданылу мерзiмiн;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) сақтандыру шартының нөмiрi мен сериясын қамтуға тиіс.
11) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Тараптардың келісімi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
12-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы
1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ол күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.
Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың бүкiл мерзiмi iшiнде қолданылады және алғашқы сақтандыру жағдайы басталғанда қолданылуын тоқтатпайды.
3. Жұмыс берушiнiң қызметi он екi айдан аз мерзiмде жүзеге асырылған кезде шарт осы қызметтi жүзеге асыру мерзiмiне жасалады.
13-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы
1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты:
1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) сақтандырушы сақтандыру шартында белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшеріндегі сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы сақтандырушыны қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде орын алған, кейіннен сақтандыру жағдайлары деп танылған жазатайым оқиғалар бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерден босатпайды.
Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгіленген жағдайда, сақтандыру төлемiн қолданылуы кезеңінде жазатайым оқиға орын алған қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асырады.
Бұл ретте, мыналар:
жұмыста мертігу салдарынан қызметкер қайтыс болған немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде - жазатайым оқиға туралы актіде көрсетілген жазатайым оқиға күні;
кәсіптік ауруының анықталуы салдарынан қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде - кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының қорытынды берген күні жазатайым оқиға күні болып табылады.
14-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
15-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы
Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың негiздерi және салдарлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес айқындалады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Сақтандыру сомасы
1. Сақтандыру сомасы жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартымен айқындалады, бірақ ол жұмыс берушінің міндетті сақтандыру шартын жасасқан кездегі барлық қызметкерлердің еңбекақысының жылдық қорынан кем болмауға тиіс.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру сомасы осы Заңның 19-бабына сәйкес көзделген сақтандыру төлемi (сақтандыру төлемдерi) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстар мөлшерiнiң сомасына азайтылады.
3. Сақтандыру сомасы қызметкерлер еңбекақысының жылдық қоры өзгерген жағдайда өзгеруі мүмкін.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi)
16-1-бап. Сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайлары
Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге не оның өлiмiне әкеп соққан жазатайым оқиға кезіндегі мән-жайлар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 322-бабының 2-тармағында көзделген.
17-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн айқындау және оны қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төлеудiң тәртібі
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакциядаж 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы баптың 2-тармағында белгіленген, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.
Сақтандырушы жылдық еңбекке ақы төлеу қорын айқындаған кезде әрбір қызметкердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының он еселенген ең төмен мөлшерінен аспайтын, он екіге көбейтілген ай сайынғы кірісі қабылданады.
Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекке ақы төлеу қоры және (немесе) жұмыскерлердің штат саны өзгерсе, онда тараптардың келісімі бойынша негізгі шарттың қолданылу кезеңіне қосымша келісім жасасу жолымен сақтандыру шартына (сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) өзгерістер енгізіледі. Сақтандыру сыйлықақысы еңбекке ақы төлеу қорының өзгерген сомасы және негізгі шарт мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзім негізге алынып есептеледі. Сақтандыру тарифі сақтандыру шарты (негізгі шарт) жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне пропорционалды есептеледі.
Сақтанушы қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу мақсатында осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес өтініш берген жағдайда, еңбекақының жылдық қоры сақтанушының өтінішінде көрсетілген деректерге негізделе отырып айқындалады.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кәсiптiк тәуекел сыныбына қарай экономикалық қызмет түрлерi бойынша сараланған төмендегiдей сақтандыру тарифтерi белгiленсiн:
Кәсіптік тәуекел сыныбы | Сақтандыру тарифі |
1 | 0,12 % |
2 | 0,29 % |
3 | 0,48 % |
4 | 0,49 % |
5 | 0,52 % |
6 | 0,53 % |
7 | 0,54 % |
8 | 0,65 % |
9 | 0,56 % |
10 | 0,88 % |
11 | 0,75 % |
12 | 0,76 % |
13 | 1,29 % |
14 | 1,55 % |
15 | 1,13 % |
16 | 1,17 % |
17 | 1,21 % |
18 | 2,43 % |
19 | 1,75 % |
20 | 2,05 % |
21 | 2,54 % |
22 | 2,96 % |
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Егер осы баптың 1, 2-тармақтарына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төмен мөлшерінен аз болған жағдайда, онда қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері жалақының ең төмен мөлшерін құрайды. Бұл ретте, сақтандыру сомасы сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің ұлғаюына пропорционалды түрде ұлғайтылады.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.19.12. № 386-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Сақтанушы экономикалық қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда, ол өзінің негізгі қызметі түріне сәйкес келетін кәсіптік тәуекел сыныбына жатқызылуға тиіс. Сақтанушы өндiрiстiң жалпы көлемiнде тең бөлінген экономикалық қызметтің бірнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда, ол кәсiптiк тәуекелдiң неғұрлым жоғары сыныбы сәйкес келетiн экономикалық қызмет түрiне жатқызылуға тиiс.
Сақтанушы қызметті персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде жіберуші тарап ретінде жүзеге асырған жағдайда, ол өзі жасасатын персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттарға сәйкес қабылдаушы тараптың кәсіптік тәуекел сыныбынан немесе қабылдаушы тараптың ең жоғары кәсіптік тәуекел сыныбынан төмен емес кәсіптік тәуекел сыныбы бар экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.
Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, ол өзінің кәсіптік тәуекел сыныбы сәйкес келетін экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс.
Бұл ретте, филиалда (филиалдарда) өзі (өздері) жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі туралы растауы болуға тиіс.
4. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында көзделген тәртiппен және мерзiмде біржолы немесе оның мерзiмiн ұзартып төлейдi. Егер қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы кезектi сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегенi үшiн сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданысы ішінде қызметкердің кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген жағдайда, сақтандыру сыйлықақысы жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін қалған мерзімге барабар қайта есептеледі.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 17-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 17-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 17-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысына түзету коэффициенті
1. Егер сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) шарттың қолданылу кезеңінде сақтанушының кінәсінан болса, онда осы Заңның 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысы түзету коэффициентіне көбейтіледі.
2. Түзету коэффициенті қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан күннің алдындағы соңғы бес жылдың ішінде зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық саны мен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан күні сақтанушы қызметкерлерінің тиісті жалпы саны негізінде айқындалады. Түзету коэффициенттерінің мәндері мынадай мөлшерлерде қолданылады:
Зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық саны | Қызметкерлердің жалпы саны |
100-ге дейін | 101-ден 500-ге дейін | 501-ден 1000-ға дейін | 1001-ден 10000-ға дейін | 10001-ден 20000-ға дейін | 20000-нан астам |
2 -ден 9-ға дейін | 3 | 2 | 1,75 | 1 | 1 | 1 |
10-нан 19-ға дейін | 3,4 | 3,2 | 3 | 2,5 | 1,25 | 1,1 |
20-дан 49-ға дейін | 3,8 | 3,3 | 3,2 | 2,75 | 2,4 | 1,25 |
50-ден 99-ға дейін | 4 | 3,5 | 3,3 | 3 | 3,1 | 1,5 |
100-ден 199-ға дейін | | 3,6 | 3,5 | 3,4 | 3 | 2 |
200-ден 299-ға дейін | | 4 | 3,75 | 3,5 | 3,2 | 3 |
300 және одан астам | | | 4 | 3,8 | 3,6 | 3,5 |
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу күнінің алдындағы соңғы бес жыл ішінде сақтандыру жағдайлары болмаған жағдайда, сақтандырушы «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-1-бабының 1-тармағында көзделген тәуекелдерді басқару және андеррайтинг бойынша сақтандырушының ішкі саясатына сәйкес түзету коэффициенттерін дербес айқындауға құқылы. Бұл ретте қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың осындай шарты бойынша сақтандыру резервтерін есептеу осы Заңның 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері негізге алына отырып жүзеге асырылады.
3. Егер сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, онда түзету коэффициенті барлық зардап шеккен қызметкерлердің орташа жылдық санын және жұмыс беруші мен оның филиалы (филиалдары) қызметкерлерінің жалпы санын ескере отырып есептелінеді.
4. Зардап шеккен қызметкерлер санын есептеу үшін қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін 30-дан 100 пайызды қоса алғанға дейін белгілеуге не оның қайтыс болуына әкеп соққан жазатайым оқиғалар саны есепке алынады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Түзету коэффициентін қолдану тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау
1. 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2. Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян қызметкердiң уақытша еңбекке қабiлетсiздiгiне байланысты зиянды қоспағанда, оның қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты зиянның материалдық көрiнiсiн қамтиды.
Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi осы Заңға сәйкес тапсырылған құжаттардың негiзiнде айқындалады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Зиянның мөлшерiн айқындау тәртібі.
Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерi
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қызметкердiң қайтыс болуына немесе оған кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн белгiлеуге байланысты табысты (кiрiсті) жоғалтуға қатысты зиянның мөлшерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң талаптарына сәйкес айқындалады.
Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бестен жиырма тоғыз пайызды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеуді сақтанушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн отыздан бір жүз пайызды қоса алғанға дейін белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретінде қызметкерге тиесілі ай сайынғы сақтандыру төлемін сақтандырушы жүзеге асырады.
Өтеуге жататын жоғалтылған табысты (кірісті) есептеу үшін ескерілетін орташа айлық табыстың (кірістің) мөлшері қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу күні тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінен аспайды.
Сақтандыру төлемінің мөлшері еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем шегеріліп жүзеге асырылады.
Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бір жылдан аспайтын мерзiмге белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемiн сақтандырушы ай сайын аннуитет шарты негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, сақтандырушы бірінші сақтандыру төлемін осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған кезден бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
Өзіне кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн бір жыл және одан да көп мерзiмге белгiлеуге байланысты қызметкердің табысты (кiрiсті) жоғалтуына қатысты зиянды өтеу ретiнде тиесiлi сақтандыру төлемi осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шартына сәйкес қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу не ұзарту (қайта куәландыру) мерзiмiне тең, бірақ қызметкердің Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі мерзімінен аспайтын мерзiм бойы қызметкердiң пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде жүзеге асырылады.
Табысты (кiрiсті) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретiнде сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерінен міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.
Жазатайым оқиға болған кезде қызметкердiң қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ орын алған жазатайым оқиғаның салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебi бойынша зиянды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген мерзiм бойы жүзеге асырылады.
Осы Заңда көзделген жағдайларда, пайда алушылар болып табылатын өзге де тұлғалардың сақтандыру төлемiн алуға құқығы бар.
Аннуитет шарты бойынша аннуитеттiк төлемдерді есептеу тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.
Өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты деп танылған заңды тұлға таратылған жағдайда, зардап шеккен қызметкермен не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес құқығы бар адаммен осы Заңда көзделген тәртiппен аннуитет шарты жасалады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)