11) техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру және біліктілік беру жөніндегі оқу орталықтарын құрады;
12) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе уәкілетті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға жұмсалатын шығыстар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерді орындауы жөніндегі ақпаратты жинауға және талдауға қатысады.
14-бап ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізілді
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін дамыту, инвестициялар тарту және ұлттық экономиканы әртараптандыру саласындағы функциялары
Ұлттық палата:
1) шетелде филиалдар мен өз өкілдіктерін құрады және таратады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес шетелдік ұйымдармен бірлесіп, іскерлік кеңестерді және өзге де консультациялық-кеңесші органдарды құрады;
3) өткізілетін халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер, Қазақстан Республикасында өткізілетін ұлттық және өңірлік көрмелер мен жәрмеңкелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын шетелдегі халықаралық көрмелер тізілімін жүргізеді;
4) қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлемдік нарықта ілгерілету үшін халықаралық маркетингті және жарнамалық қолдауды жүзеге асырады;
5) сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша ақпараттық, бағалау, брокерлік, маркетингтік, жарнамалық, аударма және консалтингтік қызметтер көрсетеді;
6) экспорт-импортты реттеу мәселелері бойынша барлық елдердің заңнамалары, өткізілетін жәрмеңкелер, көрмелер, халықаралық тауар айналымы және төлемдер, халықаралық саудаға және шаруашылықішілік қызметке байланысты басқа да мәселелердің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, талдауды және өз мүшелеріне ұсынуды жүзеге асырады;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тауардың шығарылуы туралы сертификатты ресімдеуді, куәландыруды, беруді және оның күшін жоюды жүзеге асырады;
8) техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесін және тауардың шығу тегін растайтын құжаттарды тауардың шығу тегі туралы сертификат берілген күннен бастап кемінде үш жыл бойы сақтайды;
9) жылына кемінде бір рет кеден ісі саласындағы уәкілетті органға және техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды растауға уәкілеттік берілген тұлғалардың мөрлері бедерлерінің, қойылған қолдарының үлгілерін жолдайды;
10) тоқсан сайын сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты береді;
11) тауардың шығарылған елін айқындау бойынша сараптаманы қоспағанда, тауарларға тәуелсіз сараптамаларды жүзеге асырады;
12) кәсіпкерлік субъектілерінің, қаржылық-экономикалық жағдайы кәсіпкерлік қызмет үшін серіктестер ретінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың сенімділік деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін олардың көрсетілген тұлғалармен келісу бойынша жасалған тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды және жүргізеді;
13) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда мәмілелері мен халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес еңсерілмейтін күштің мән-жайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында танылған сауда және порт әдет-ғұрыптарын куәландырады;
14) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес кепіл болады және уақытша әкелу туралы құжаттарды береді;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 15) және 16) тармақшалармен толықтырылды
15) Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындайды;
16) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен бланкілердің нысандарына сәйкес тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың бланкілерін дайындауды ұйымдастырады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды
14-1-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің функциялары
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау, сол сияқты кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүдделерін қорғау мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді, қорғайды;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарайды;
3) мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) олардың әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған мемлекеттік органдарға (лауазымды адамдарға) бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін шараларға, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделелерінің бұзылуына кінәлі адамдарды жауаптылыққа тартуға қатысты ұсынымдар жібереді;
5) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдардан (лауазымды адамдардан) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап-арызбен (арызбен) жүгінеді;
7) кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған өзге де заңды шараларды қолданады.
4-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
15-бап. Ұлттық палатаны құру ерекшеліктері
1. Ұлттық палата коммерциялық емес ұйымның өзге ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
Ұлттық палата саяси қызметпен айналысуға, саяси партия құруға және саяси партия болып қайта ұйымдастырылуға құқылы емес.
2. Ұлттық палата әрбір облыста, республикалық маңызы бар қалада және астанада өңірлік палаталарды құрады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында бір ғана өңірлік палата құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың аудандарында және астанада, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда өңірлік палатаның филиалдары құрылады.
16-бап. Ұлттық палатаның мүлкі
1. Ұлттық палатаның мүлкі:
1) міндетті мүшелік жарналар;
2) көрсетілетін қызметтерден түсетін түсімдер (кірістер);
3) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен қалыптасуы мүмкін.
Ұлттық палатаның осы Заңға сәйкес қалыптастырылған мүлкі оған меншік құқығымен тиесілі болады.
2. Ұлттық палата Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырмалар мен тапсырыстар алуға құқылы.
3. Ұлттық палата құрылтайшыларының Ұлттық палата мүлкіне мүліктік құқықтары болмайды.
Ұлттық палатаның құрылтайшылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, Ұлттық палата құрылтайшылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
4. Ұлттық палатаның кәсіпкерлік қызметінен түскен кірістер оның мүшелері арасында бөліне алмайды және жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
17-бап. Ұлттық палатаны қайта ұйымдастыру және тарату
Ұлттық палатаны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАНЫ, ӨҢІРЛІК ПАЛАТАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ПАЛАТАЛАРДЫҢ ФИЛИАЛДАРЫН БАСҚАРУ
18-бап. Ұлттық палатаның, өңірлік палаталардың және өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдары
1. Ұлттық палатаның басқару органдары мыналар болып табылады:
1) съезд - жоғары басқару органы;
2) төралқа - басқару органы;
3) басқарма - атқарушы орган;
4) тексеру комиссиясы - қаржылық-бақылау органы.
2. Өңірлік палаталардың және өңірлік палаталар филиалдарының басқару органдары мыналар болып табылады:
1) өңірлік кеңес - байқаушы орган;
2) дирекция - өңірлік палатаның атқарушы органы;
3) директор - өңірлік палаталар филиалдарының атқарушы органы.
3. Ұлттық палатада оның жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.
4. Ұлттық палатаның жоғары басқару органындағы және басқару органындағы жұмыс өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
19-бап. Ұлттық палатаның съезі
1. Ұлттық палатаның съезін (бұдан әрі - съезд) Ұлттық палата төралқасының төрағасы басқарады және ол аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары (одақтары) өкілдерінің және өңірлік кеңестер делегаттарының тең санынан қалыптастырылады.
2. Съездің жұмысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері қатысады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің съездің шешімдеріне вето қоюға құқығы бар.
Вето қою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Келісу рәсімдері арқылы ветоны еңсеру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Съездің айрықша құзыретіне:
1) Ұлттық палатаның жарғысын бекіту, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
2) Ұлттық палата төралқасының мүшелерін, Ұлттық палатаның тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау және лауазымынан босату;
3) тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында тіркелген (есептік тіркеуден өткен) кәсіпкерлік субъектілерінің және қауымдастықтардың (одақтардың) жалпы санын ескере отырып, өңірлік кеңестердің сандық құрамын бекіту;
4) Ұлттық палатаның төралқасы мен Ұлттық палата басқармасының есептерін бекіту;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде съезд белгілеген сатылауға сәйкес, олар үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерлерін бекіткен, осы Заңның 29-бабының 2-тармағында көрсетілген міндетті мүшелік жарналар мөлшерін бекіту;
6) Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғаларды құру туралы шешімдер қабылдау, олардың мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін айқындау;
7) Ұлттық палатаның бюджетін бекіту;
8) Ұлттық палатаның тексеру комиссиясының жылдық есебін бекіту;
9) шет мемлекеттер аумағында Ұлттық палатаның филиалдары мен өкілдіктерін құру туралы шешім қабылдау;
10) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс Ұлттық палата қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті бекіту;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) Ұлттық палата мүшелеріне көрсетілетін тегін қызметтердің тізбесін бекіту;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босату туралы шешім қабылдау жатады.
4. Съезд тағайындалған өкілдер мен сайланған делегаттардың жалпы санының қарапайым көпшілігі отырыста болған кезде шешімдер қабылдауға құқылы.
Съезде дауыс беру «бір өкіл (делегат) - бір дауыс» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Дауыс беру көзбе-көз нысанда жүзеге асырылады. Съезде дауыс беруді жүргізу тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында айқындалады.
Съездің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер отырысқа қатысушы өкілдер мен делегаттардың қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.
Дауыс беру құқығын біреуге беруге, сондай-ақ басқа тұлғалар үшін дауыс беруге жол берілмейді.
5. Өңірлік кеңестерден съезге делегаттарды сайлау тәртібі, сондай-ақ өңірлік кеңестер делегаттарын сайлауды өткізу тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында айқындалады.
20-бап. Съезді шақыру тәртібі
1. Съезді Ұлттық палатаның төралқасы бір жылда бір реттен жиі шақырмайды.
2. Съездің кезектен тыс отырысы Ұлттық палата төралқасының шешімімен шақырылады.
3. Съезді дайындауды және өткізуді Ұлттық палатаның басқармасы жүзеге асырады.
4. Съезге қатысушылар съездің алда өтетіні туралы съезд өтетін күнге дейін күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірілмей хабардар етілуге тиіс.
5. Съезді өткізу туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда жарияланады.
6. Съезд бастапқыда өткізілмеген жағдайда, съезд отырысын қайта өткізу съезді өткізу белгіленген күннен кейінгі келесі күннен ерте белгілене алмайды.
21-бап. Ұлттық палата төралқасы
1. Ұлттық палатаның төралқасы (бұдан әрі - төралқа) 51 мүшеден тұрады және оны төраға басқарады.
Төралқа:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің үш өкілінен;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің он алты депутаты мен Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлерінен;
3) аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтардың (одақтардың), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтарының (одақтарының) он алты өкілінен;
4) өңірлік кеңестердің он алты төрағасынан қалыптастырылады.
2. Төралқа құрамын қалыптастыру мақсатында съездің шешімімен:
1) төралқа мүшелері қатарынан төралқа төрағасы;
2) Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары;
4) аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтардың (одақтардың), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтарының (одақтарының) өкілдері төралқа мүшелері лауазымына сайланады және лауазымынан босатылады.
Төралқаның сайланатын мүшелері өкілеттіктерінің мерзімі төрт жылды құрайды. Төралқа мүшелерін сайлау және атқаратын лауазымынан босату тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында айқындалады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің үш адамнан тұратын өкілдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды және босатады.
4. Төралқаның айрықша құзыретіне:
1) Ұлттық палата міндеттерінің орындалу барысын және оның мақсаттарына қол жеткізуін бақылау;
2) съезге Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
3) Ұлттық палата басқармасының төрағасын және мүшелерін сайлау;
4) Ұлттық палатаның басқармасына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға жәрдемдесу;
5) Ұлттық палатаның тексеру комиссиясының тексерулерін тағайындау және олардың қорытындылары бойынша есептерін бекіту;
6) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Ұлттық палатаның қызметінде қолданылатын қағидаларды, регламенттерді және басқа да ішкі құжаттарды бекіту;
7) Ұлттық палата жүйесінде қауымдастықтарды (одақтарды) аккредиттеуге қойылатын біліктілік талаптарын және Ұлттық палата жүйесінде қауымдастықтарды (одақтарды) аккредиттеуді жүргізу қағидаларын бекіту;
8) Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалардың бірінші басшыларын Ұлттық палата басқармасының ұсынуы бойынша тағайындау;
9) төралқа комитеттерін қалыптастыру, олардың сандық және дербес құрамын айқындау, олардың жұмыс регламентін бекіту;
10) өңірлік палаталардың үлгілік жарғысын және өңірлік палаталардың филиалдары туралы үлгілік ережені бекіту;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингін жүргізу, қоғамдық мониторингті жүзеге асыру, Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау тәртібін бекіту;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өз қызметі туралы есебін қарау және бекіту жатады.
5. Ұлттық палатаның жарғысымен төралқаның құзыретіне өзге де мәселелер жатқызылуы мүмкін.
6. Төралқа мүшелері Ұлттық палатаның басқару органдарынан, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалардан олардың қызметін жүзеге асыруға байланысты ақпаратты сұратуға құқылы.
7. Отырыста төралқа мүшелері жалпы санының қарапайым көпшілігі болған кезде төралқа шешім қабылдауға құқықты.
Төралқа отырыстарында дауыс беруді жүргізу тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында айқындалады.
Төралқаның осы Заңда көзделген айрықша құзыретіндегі мәселелер бойынша шешiмдері төралқа отырысына қатысушы мүшелерінің жалпы дауыс санының кемінде үштен екісін құрайтын білікті көпшiлiк даусымен қабылданады.
Өзге мәселелер бойынша шешімдер төралқа отырысына қатысушы мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.
Дауыс беру құқығын біреуге беруге, сондай-ақ басқа тұлғалар үшін дауыс беруге жол берілмейді.
22-бап. Төралқа комитеттері
1. Төралқа комитеттері төралқаның тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органдары болып табылады.
2. Комитеттердің санын және олардың жұмыс тәртібін төралқа айқындайды. Комитеттер салалық белгілер бойынша құрылады. Төралқаның шешімі бойынша өзге де комитеттер құрылуы мүмкін.
3. Комитеттер Ұлттық палатада аккредиттеуден өткен республикалық салааралық, салалық қауымдастықтардың (одақтардың), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтарының (одақтарының) өкілдерінен тұрады. Комитет мүшелерінің санын төралқа айқындайды және олар үшеуден кем болмауға тиіс.
4. Комитет төрағаларын тиісті комитеттің мүшелері оның мүшелерінің қатарынан сайлайды. Комитеттер төрағаларын сайлау тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында белгіленеді.
5. Комитет шешімі комитет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комитет төрағасының дауысы шешуші болып саналады.
23-бап. Ұлттық палата басқармасы
1. Ұлттық палата басқармасы (бұдан әрі - басқарма) оның қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады.
2. Басқарма съезге және төралқаға есеп береді. Басқарма мүшелерінің өкілеттік мерзімін және сандық құрамын съезд бекітеді.
3. Басқарманың құрамы бес мүшеден кем болмауға тиіс. Басқарманы төраға басқарады.
4. Басқарманың төрағасы мен мүшелерін төралқа сайлайды.
5. Басқарманың құзыретіне Ұлттық палата қызметінің осы Заңға және Ұлттық палатаның жарғысына сәйкес съездің және төралқаның айрықша құзыретіне жатпайтын мәселелерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау жатады.
6. Егер басқарма отырыстарына оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, басқарма отырысы заңды болып табылады. Шешімдер басқарманың қатысушы мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
7. Төрағаны қоспағанда, басқарма мүшелері Ұлттық палатаның басқа басқару органдарына сайлана алмайды.
8. Басқарма төрағасы:
1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және одан тысқары жерде Ұлттық палатаның мүдделері үшін және оның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) Ұлттық палата қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асырады;
3) Ұлттық палатаның атынан шарттар және негізгі қызметке байланысты өзге де құжаттар жасасады (қабылдайды);
4) Ұлттық палатаның мүдделерін білдіреді және мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
5) басқарма мүшелері арасынан басқарма төрағасының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
6) Ұлттық палатаның жұмысын ұйымдастырады, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін қалыптастырады және бекітеді, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға қатысты көтермелеу немесе тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
7) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес банктерде шоттар ашады, бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды ұйымдастырады;
8) осы Заңға және Ұлттық палатаның жарғысына сәйкес Ұлттық палатаның қаражаты мен мүлкіне иелік етеді;
9) Ұлттық палата мүшелерінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
10) Ұлттық палата қызметінің, оның съездерінің, төралқасының, басқармасы мен Ұлттық палатаның тексеру комиссиясы жұмысының қорытындылары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда орналастыруды ұйымдастырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Ұлттық палатаның жарғысында тыйым салынбаған өзге функцияларды жүзеге асырады.
24-бап. Ұлттық палатаның тексеру комиссиясы
1. Ұлттық палатаның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін жоғары басқару органы кемінде бес мүшеден тұратын Ұлттық палатаның тексеру комиссиясын (бұдан әрі - тексеру комиссиясы) құрады.
2. Төралқаның, басқарманың мүшелері мен басшылары, сондай-ақ олардың жақын туыстары тексеру комиссиясының мүшелері бола алмайды.
3. Тексеру комиссиясы өз қызметін съезд бекіткен ережеге сәйкес жүзеге асырады.
25-бап. Өңірлік кеңес
1. Өңірлік кеңес өңірлік палатаның бақылаушы органы болып табылады және съезд әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана үшін саралап белгілеген квота шегінде кәсіпкерлік субъектілерінің делегаттарынан, сондай-ақ қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдерінен қалыптастырылады.
2. Өңірлік кеңес делегаттары төрт жыл мерзімге тікелей дауыс беру арқылы сайланады.
3. Кәсіпкерлік субъектісінің тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында мемлекеттік тіркелуі, сондай-ақ оның филиалының есептік тіркелуі фактісі оны нақты сайлау учаскесінде дауыс беретін мүшелер тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады.
4. Өңірлік кеңес делегаттарына кандидаттар ұсынуды:
өңірлік палатада аккредиттелген қауымдастықтар (одақтар) қауымдастықтың (одақтың) және (немесе) оның филиалының тіркелген орны бойынша;
кәсіпкерлік субъектілері өздерін сайлаушылар тізімдеріне енгізген орны бойынша жүргізеді.
5. Өңірлік кеңесті өз өкілеттіктері мерзіміне жасырын дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауыспен өзінің құрамынан мүшелері сайлайтын төраға басқарады. Өңірлік кеңестің төрағасы лауазымы бойынша төралқа мүшесі болып табылады.
6. Өңірлік кеңес:
1) өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі;
2) басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі;
3) съезге делегаттар сайлайды;
4) өңірлік палата және өңірлік палаталардың филиалдары қызметінің шеңберінде Ұлттық палатаның міндеттерді орындау барысын және мақсаттарға қол жеткізуін бақылайды;
5) өңірлік палаталардың ағымдағы қызметінде экономиканың нақты салалары мен секторлары мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз етеді;
6) съезге Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
7) өңірлік палаталар мен өңірлік палаталардың филиалдары басшыларының кандидатураларын тағайындау үшін келіседі;
8) кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді;
9) өңірлік палатаның жарғысына сәйкес өңірлік кеңеске жүктелген өзге де мәселелерді шешеді.
7. Өңірлік кеңестің мүшелері өңірлік палаталардың басқару органдарынан және олардың филиалдарынан, Ұлттық палата құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалардан олардың қызметін жүзеге асыруға байланысты ақпарат сұратуға құқылы.