1) бажсыз сауда дүкені иесінің бажсыз сауда дүкенінің қызметін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші бойынша;
2) аумақтық кеден органы осы Кодекстің 524-бабы 1-тармағының 1), 2) және 6) тармақшаларында көзделген бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттарының бұзылғанын анықтаған кезде;
3) осы Кодекстің 528-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген міндет осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындалмаған не тиісінше орындалмаған кезде;
4) осы Кодекстің 528-бабы 1-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау;
5) бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызмет шеңберінде бажсыз сауда дүкенінің басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген негіз бойынша бажсыз сауда дүкені иесінің қызметі алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген негіз бойынша бажсыз сауда дүкені иесінің қызметі бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғаның қызметін тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажет, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген негіз бойынша бажсыз сауда дүкені иесінің қызметі:
соттың қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімі;
соттың қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шешімі;
соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтатыла тұрғаны туралы хабардар етеді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 3-тармағында көзделген бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар - шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыруға, ал Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға немесе бажсыз сауда дүкенінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкетуге жатады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Заңды тұлға бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы бажсыз сауда дүкені иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда бажсыз сауда дүкені иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметін қайта бастайтыны туралы өтініші бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.
7. Бажсыз сауда дүкені иесінің қызметті қайта бастау туралы өтінішін қарау кезінде аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ бажсыз сауда дүкені иесінің қызметі осы Кодекстің 524-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, бажсыз сауда дүкені иесінің тізіліміне енгізу шарттарының бұзылуына байланысты тоқтатыла тұрған жағдайларда, мұндай қызметті тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.
8. 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
527-бап. Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер
1. Бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) бажсыз сауда дүкені иесінің осы Кодекстің 528-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамауы;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен өзін алып тастау туралы бажсыз сауда дүкені иесінің кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші;
3) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
4) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, мұндай тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
5) бажсыз сауда дүкенінің қызметін қайта бастау туралы бажсыз сауда дүкені иесінің өтініші болмаған кезде осы Кодекстің 526-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін тоқтата тұру мерзімінің өтуі;
6) бажсыз сауда дүкені иесінің қызметін осы Кодекстің 526-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтата тұрған себептерді осы Кодекстің 526-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін жоймау;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) осы Кодекстің 528-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндетті орындамау жағдайын қоспағанда, бажсыз сауда дүкенінің иесін күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 522, 528, 531, 532, 535, 538, 544, 551 және 555-баптары бойынша екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) заңды тұлғалардың бажсыз сауда дүкендерінің иелері ретіндегі қызметі шеңберінде бажсыз сауда дүкендерінің басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312- баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.
3. 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген бажсыз сауда дүкенінің иесін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның бажсыз сауда дүкенінің иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
528-бап. Бажсыз сауда дүкені иесінің міндеттері
1. Бажсыз сауда дүкенінің иесі:
1) осы Кодекстің 524-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын, ал осы Кодекстің 324-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген бажсыз сауда дүкендері үшін қосымша осы Кодекстің 524-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген шартты сақтауға;
2) осы Кодекстің 325-бабы 3-тармағында белгіленген бажсыз сауда кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтауға;
3) бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған және бажсыз сауда дүкенінде өткізілмеген тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
5) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бажсыз сауда дүкеніне тауарлардың түсу және осы дүкенде оларды өткізу есебін жүргізуге, сондай-ақ кеден органдарына осындай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға;
6) осы Кодекстің 328-бабында көзделген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына, 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;
7) өзін бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
2. Бажсыз сауда дүкенінің аумағы тек ғана осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
63-тарау. УӘКІЛЕТТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОПЕРАТОР
529-бап. Уәкілетті экономикалық оператор
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және осы тарауда белгіленген тәртіппен және шарттар сақталған кезде уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлға уәкілетті экономикалық оператор болып табылады.
2. Заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезде уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік беріледі.
3. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік күшіне енген күннен бастап уәкілетті экономикалық оператор тәуекел деңгейі төмен санатқа жатады.
4. Заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу және оны осындай тізілімнен алып тастау тәртібі, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлікті беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және қайта бастау тәртібі осы тарауда белгіленеді.
5. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғаның осындай тізілімге енгізу шарттарын сақтауын тексеру кезінде, сондай-ақ уәкілетті экономикалық оператордың оны осындай тізілімге енгізу шарттарын сақтауын бақылау кезінде осы Кодексте көзделген кедендік бақылау нысандары және кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін шаралар қолданылуы мүмкін.
6. Уәкілетті экономикалық оператор осы Кодекстің ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 536-бабында көзделген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы арнаулы оңайлатуларды пайдалануға құқылы.
7. Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарына сәйкес, осы Кодекстің 536-бабында көзделген жекелеген арнаулы оңайлатулар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларына өзара негізде берілуі мүмкін.
8. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес осы Кодекстің 536-бабында көзделген жекелеген арнаулы оңайлатулар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің уәкілетті экономикалық операторларына өзара негізде берілуі мүмкін. Бұл ретте мұндай арнаулы оңайлатулар Қазақстан Республикасының аумағында ғана қолданылуы мүмкін.
530-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімі
1. Уәкілетті орган Комиссия айқындайтын нысан бойынша уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімін жүргізеді, оны уәкілетті органның интернет ресурсында орналастырады және оны айына бір реттен сиретпей жаңартуды қамтамасыз етеді.
2. Комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары жүргізетін уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімдері негізінде уәкілетті экономикалық операторлардың жалпы тізілімін қалыптастырады, оны Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастырады және оны айына бір реттен сиретпей жаңартуды қамтамасыз етеді.
Уәкілетті экономикалық операторлардың жалпы тізілімінің нысанын, оны қалыптастыру және жүргізу тәртібін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары жүргізетін уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімдерінде қамтылатын деректерді ұсынудың техникалық шарттарын Комиссия айқындайды.
531-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік және оның типтері
1. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің (бұдан әрі осы тарауда - куәлік) үш типі болады.
2. Бірінші типтегі куәлік уәкілетті экономикалық операторға осы Кодекстің 536-бабының 2-тармағында көзделген арнаулы оңайлатуларды пайдалану құқығын береді.
3. Екінші типтегі куәлік уәкілетті экономикалық операторға осы Кодекстің 536-бабының 3-тармағында көзделген арнаулы оңайлатуларды пайдалану құқығын береді.
4. Үшінші типтегі куәлік уәкілетті экономикалық операторға осы Кодекстің 536-бабының 4-тармағында көзделген арнаулы оңайлатуларды пайдалану құқығын береді.
5. Куәліктің нысаны мен оны толтыру тәртібін Комиссия айқындайды.
6. Куәлік заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін күшіне енеді және оның қолданылу мерзімі шектелмейді.
7. Уәкілетті экономикалық оператор куәлік күшіне енген күннен бастап осы Кодекстің 536-бабында көзделген арнаулы оңайлатуларды пайдалануға құқылы.
8. Уәкілетті орган заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, осындай тұлғаға және аумақтық кеден органдарына, сондай-ақ осы Кодекстің 442-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің кеден органдарына заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу күні және куәліктің күшіне ену күні туралы ақпаратты жеткізеді.
Уәкілетті орган заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы ақпаратты осындай тұлғаға тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша немесе электрондық нысанда жеткізеді.
532-бап. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттары
1. Бірінші типтегі куәлікті бере отырып, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтініш (бұдан әрі осы тарауда - өтініш) уәкілетті органда тіркелген күнге дейін осы заңды тұлғаның сыртқы экономикалық қызметті, кеден өкілі, уақытша сақтау қоймасының, кеден қоймасының иесі ретінде кеден ісі саласындағы қызметті кемінде үш жыл жүзеге асыруы не кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті кемінде екі жыл жүзеге асыруы, бұл аралықта:
тауарларды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша қызметті қоспағанда, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар әрбір жыл үшін саны кемінде он тауарға декларация береді немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлардың жиынтық құны әрбір жыл үшін, өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша бес жүз мың еуроға баламалы сомадан кем болмайтын шаманы құрайды;
тауарларды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар әрбір жыл үшін кемінде екі жүз елу транзиттік декларация береді;
кеден өкілі ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар әрбір жыл үшін саны кемінде екі жүз кедендік декларация береді немесе өздері берген кедендік декларацияларда мәлімделген тауарлардың жиынтық құны әрбір жыл үшін, өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша бес жүз мың еуроға баламалы сомадан кем болмайтын шаманы құрайды;
уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының иелері ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жиынтық сомасы әрбір жыл үшін, өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша бес жүз мың еуроға баламалы сомадан кем болмайтын шаманы құрайтын тауарларды сақтауды жүзеге асырды;
кедендік тасымалдаушы ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар әрбір жыл үшін кемінде екі жүз елу транзиттік декларация береді;
2) осы Кодекстің 535-бабына сәйкес берілген уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету;
3) өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекеттерде кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
4) өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешегінің (бересінің) болмауы;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге дейін бір жыл ішінде осы заңды тұлғаны:
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 275, 277, 280, 280-1, 522, 527, 528, 533, 534, 548, 549, 550, 551, 552 және 558-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін;
жасағаны үшін жауаптылыққа тарту Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) осы заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлға акцияларының он және одан көп пайызы бар акционерлері, оның құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жеке тұлғаларын:
1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235, 236, 241, 245, 255, 256, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша;
істің жүргізілуі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден және өзге де мемлекеттік органдарының жүргізуіне жатқызылған және жасағаны үшін жауаптылыққа тарту Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағындағы қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
7) уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін, кедендік операциялар жасау кезінде кеден органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларды жүргізу туралы мәліметтермен салыстырып қарауға мүмкіндік беретін және кеден органдарының осындай мәліметтерге қол жеткізуін (оның ішінде қашықтықтан) қамтамасыз ететін тауарларды есепке алу жүйесінің болуы. Комиссия тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын үлгілік талаптарды айқындауға құқылы;
8) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) кедендік пломбалары және мөрлері салынған тауарларды тасымалдау үшін жарамды кемінде бес автокөлік құралының меншігінде болуы;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің уәкілетті орган белгілеген шекті мәніне сәйкес келуі.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты көздейтiн әкімшілік және қылмыстық заңнамасының баптары туралы ақпаратты осындай әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамы мен санкциясын көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден органдары осындай баптардың жалпы тізбесін қалыптастыру және Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында оларды орналастыру үшін Комиссияға жібереді.
Көрсетілген баптардың жалпы тізбесінің форматын, оны қалыптастыру, жүргізу және одан мәліметтерді пайдалану тәртібін, сондай-ақ баптар туралы ақпарат ұсынудың тәртібі мен техникалық шарттарын, оның ішінде құрылымы мен форматын Комиссия айқындайды.