5. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Республиканың орталық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Орталық сайлау комиссиясы:
1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;
2) Президент пен Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткізудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық етедi;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) саяси партияларды Парламент Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттар депутаттарының партиялық тізімдер бойынша сайланатын бір бөлігін сайлауға қатысуға жіберу туралы мәселені қарайды;
3) 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3-1) алынып тасталды
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын тәртіппен, аумақтық сайлау комиссиялары беретін бюджеттік өтінімдердің негізінде сайлау науқанын өткізуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлі сметасын жасап, Республика Үкіметіне ұсынады;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) Президентті, Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешімдерінің күшін жояды және оларды тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткізу үшін бөлінген республикалық бюджет қаражатын олардың арасында бөледі; сайлау комиссияларының қызметі үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды; сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және өткізеді; саяси партиялардың өкілдерімен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнінде семинарлар өткізеді; сайлау жүйелері саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) Президентті және Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеннің нысаны мен мәтінін, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысанын, оларды дайындау тәртібін, сондай-ақ қорғалу дәрежесін, сайлаушылар (таңдаушылар) тізімдерінің, Президенттікке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға, Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағының, өзге де сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдір материалдан жасалған жәшіктердің нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілерін, сайлау құжаттарын сақтау тәртібін белгілейді; Президентті және Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындауды қамтамасыз етеді;
6-1) дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін жасауды ұйымдастырады, оларды беру және есепке алу тәртібін айқындайды;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу тәртібін айқындайды;
7) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
8) Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, кандидаттарды тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
9) Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады, мерзiм-мерзім ақпарат бюллетенін шығарады.
10) Республика бойынша тұтас алғанда Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
11) Президент сайлауы кезiнде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдастырады;
12) Парламент депутаттарының қайта сайлауын тағайындайды;
13) шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды;
14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссиялары қызметінің осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады және осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде олардың шешімдерінің күшін жояды;
16) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын анықтайды;
16-1) Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсына сайлау заңдары жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткізу туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 16-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бірыңғай электрондық Тізілімін жүргізеді;
16-3) электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткізу кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелеріне оны қолдануды үйретеді;
16-4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 16-5), 16-6), 16-7), 16-8) және 16-9) тармақшалармен толықтырылды
16-5) консультативтік-кеңесші органдарды құрады;
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 16-6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-6) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ақпараттық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
16-7) оған қатысты мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымнан ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін, интернет-ресурсты құру, дамыту, енгізу, қолдап отыру, оларға әкімшілік жүргізу, пайдалану және жүйелік-техникалық қызмет көрсету және сайлау қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алады;
16-8) сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
16-9) сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.
2. Аумақты сайлау комиссиялары:
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды және өткізудi қамтамасыз етедi;
2) жетi адамнан құрылады.
3. алынып тасталды
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Президентті, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін - он күннен кешіктірілмей, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы жеті күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен;14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:
1) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткізудi қамтамасыз етедi;
2-1) Президенттікке кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси, партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) төмен тұрған аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне басшылық жасайды; олардың шешімдерінің күшін жояды және оларды тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткізу үшін бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын олардың арасында бөледі; сайлау науқанын өткізуге арналған бюджеттік өтінімдерді ұсынады; учаскелік сайлау комиссияларының қызметі үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; учаскелік сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды; Орталық сайлау комиссиясының шешімдерін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде құрылған барлық сайлау комиссиясының орындауын ұйымдастырады;
4) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) сайлаушылар және сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтердің өзектілігі мен анықтығын, дауыс беруге арналған сайлаушылар тізімдерінің уақтылы әрі дұрыс жасалуын және олардың барша жұрттың танысуы үшін ұсынылуын бақылайды;
5) Сенат депутаттары сайлауын өткізудi қамтамасыз етедi; Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенім бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; дауыс беруге арналған пункттер дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудiң нәтижелерiн шығарады және дауыс берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн Орталық сайлау комиссиясына бередi;
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды;
6-1) дауыс беруге арналған учаскелердiң бірыңғай нөмiрленуін белгiлейдi;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің жасалуын, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларына сайлау бюллетеньдерінің жеткізілуін қамтамасыз етеді;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастырады және олардың өткізілуін қамтамасыз етеді; мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынатын саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркейді, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, кандидаттар мен сенім білдірілген адамдарға тиісті куәліктер береді; бұқаралық ақпарат құралдарында партиялық тізімдерді тіркеу туралы хабар жариялайды;
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауды, шығып қалғандардың орнына аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауды тағайындайды және өткізуді ұйымдастырады; аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды және олардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді; бұқаралық ақпарат құралдарында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарды жариялайды;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі сайлау учаскелері бойынша дауыс беру нәтижелерін белгілейді, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін тіркейді және бұқаралық ақпарат құралдарында бұл туралы хабарды жариялайды; сайлау қорытындыларын шығару және Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында жариялау үшін жоғары тұрған сайлау комиссиясына тиісті сайлау округтері мен учаскелері бойынша дауыстарды санау хаттамаларын ұсынады;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) Сенат депутаттарына қайта дауыс беруді және оларды қайта сайлауды, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін қайта сайлауды, сондай-ақ Сенаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды ұйымдастырады;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды, қайта сайлауды және шығып қалған мүшелерінің орнына сайлауды тағайындайды және ұйымдастырады; мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттарды, олардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді; жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тіркеу туралы хабарларды жариялайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау қорытындыларын шығарады; жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы хабар жариялайды;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және өткізеді; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде семинарлар өткiзедi;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
15-бап. 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16-бап. 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 17-бап өзгертілді; 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Учаскелік сайлау комиссиялары
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Учаскелік сайлау комиссиялары тиісті сайлау учаскелерінде Президентті, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын:
1) тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылар саны екі мыңға дейін болған кезде - бестен жеті мүшеге дейін;
2) тиісті сайлау учаскесінде сайлаушылар саны екі мыңнан асатын болған кезде - жетіден он бір мүшеге дейін айқындайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы тақ болуға тиіс.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін - он бес күннен кешіктірілмей, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссиялардың құрамы жеті күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
18-бап. Учаскелiк сайлау комиссияларының өкiлеттiктерi
Учаскелiк сайлау комиссиясы:
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжілісiнiң, мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі сайлау шараларын жүргiзедi;
2) учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;
3) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды;
4) азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi өзгерістер енгізу туралы мәселелердi шешедi;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
5) сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң болуын қамтамасыз етедi;
7) сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;
8) дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды;
9) дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі арыздар мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және өткізеді; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде семинарлар өткiзедi;
10) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 2005.15.04. № 44-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 19-бап өзгертілді
19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi
1. Сайлау комиссияларының мүшелерi мемлекеттік органдардың өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Сайлау комиссиялары мүшелерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңымен және өзге де заң актілерімен айқындалады.
2-1. Мыналар:
сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
19-баптың 3-тармағының қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ 133-баптың редакциясында қолданылды (бұр. ред. қара)
3. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, мүшелері, оның аппаратының қызметкерлері, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары немесе олардың орынбасарлары, сондай-ақ хатшылары өз өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады.
Аумақтық сайлау комиссиясы төрағаның немесе оның орынбасарының өз өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыруы туралы шешім қабылдайды.
4. Сайлау комиссиясының осы баптың 3-тармағында аталмаған мүшелерi сайлау өткізу кезеңiнде өздерiнiң келісімiнсiз жұмыс берушiнiң ұйғарымы бойынша жұмыстан шығарылмайды не басқа жұмысқа ауыстырылмайды.
5. Сайлау комиссиясының мүшесi:
1) тиiстi сайлау комиссиясының отырыстары туралы, жедел шешiм қабылдауды қажет ететiн жағдайларды қоспағанда, қырық сегiз сағат бұрын хабардар етiледi;
2) сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге және олар бойынша дауыс берiлуiн талап етуге құқылы;
3) күн тәртібіне сәйкес отырыстың басқа қатысушыларына сұрақтар қоюға және оларға мәнi бойынша жауаптар алуға құқылы;
4) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысуға, олардың куәландырылған көшiрмелерiн алуға;
5) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясы мүшелерінің төрттен үшiнің даусымен расталған уәкiлеттігі бойынша төменгi тұрған сайлау комиссиясының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы;
6) Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Конституциялық заңының және өзге де заңдарының талаптарын, жалпыжұрт таныған әдеп нормаларын сақтауға мiндеттi;
7) өзiне жүктелген мiндеттердi, сайлау комиссиясының және оның төрағасының, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға мiндеттi;
8) азаматтардың сайлау құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, шешiмдер қабылдау кезiнде әдiл және тәуелсiз болуға, сондай-ақ кандидаттар мен партиялық тiзiм ұсынған саяси партиялардың қызметiне жария баға беруден аулақ болуға мiндеттi;
9) өзi өкiлi болып табылатын саяси партияның не өзге де қоғамдық бiрлестiктiң шешiмдерiмен байланысты болмайды және олардың мүдделерiн қорғауға құқығы жоқ.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Сайлау комиссиясының мүшесі:
1) сайлау комиссиясының белгіленген өкілеттік мерзімі өткенде;
2) сайлау комиссиясының қызметі тоқтатылған кезде өз міндеттерінен босатылады.
Жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімі бойынша төмен тұрған сайлау комиссиясының мүшесі:
1) міндеттерін атқарудан босату туралы өз еркімен өтініш берген;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
3) тиісті сайлау комиссиясының құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен;
4) соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;
5) соттың оны іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекетке қабілеті шектеулі, хабар-ошарсыз кеткен деп тануы немесе оны қайтыс болған деп жариялағаны туралы шешімі заңды күшіне енген;
6) ол қайтыс болған;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен саяси партия өзін ұсынған саяси партияны тарату туралы шешімді не сот өзін ұсынған саяси партияны тарату туралы заңды күшіне енген шешімді қабылдаған жағдайларда, өз міндеттерінен босатылады.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)