заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың үшінші бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттердi қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын бұзып иемденуі -
заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның алдын ала рұқсатынсыз банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің еншiлес ұйымды құруы не иемденуі -
заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
225-бап. Зейнетақы активтерiн нысаналы пайдаланбау
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Инвестициялық портфельді басқарушының, сондай-ақ инвестициялық комитет мүшелерінің мәмілелер жасасу орнына, әдісі мен тәсіліне, мәмілелер бойынша есеп айырысу қағидаттарына, қаржы құралдарына инвестициялау лимиттеріне қойылатын, туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерге, зейнетақы активтерін депозиттерге (салымдарға) орналастыру мерзімдеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ мәмілелердің кейбір түрлеріне салынған тыйымдар бөлігінде зейнетақы активтерін инвестициялау шарттары мен тәртібін бұзуы -
жеке тұлғаға - екі жүз, заңды тұлғаларға сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кастодиан-банктің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы -
заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың екінші бөлігінің мақсаты үшін кастодиан-банк деп екінші деңгейдегі банк түсініледі.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 226-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
226-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты талаптарды бұзу
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тарату комиссиясы төрағасының не бөлiмше басшысының тарату комиссиясы қызметiне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тексеру жүргiзуiнен жалтаруы не оны жүргiзуге кедергi келтiруi -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тарату комиссиясы төрағасының, бөлімше басшысының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген, анық емес есептілікті және ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген есептілікті және қосымша ақпаратты уақтылы ұсынбауы, ұсынбауы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 227-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
227-бап. Қабылданған және (немесе) қадағалап ден қою шараларын, шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамау, уақтылы орындамау
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Даму Банкінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне жазбаша нұсқама және (немесе) жазбаша келісім нысанында қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың өздері қабылдаған және (немесе) оларға жазбаша нұсқама және (немесе) жазбаша келісім нысанында қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -
орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалардың, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне жазбаша нұсқама және (немесе) жазбаша келісім нысанында қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, төлем жүйелері операторларының, төлем жүйелері операциялық орталықтарының және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің өздері қабылдаған және (немесе) оларға шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бөлік өзгертілді
4. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындамауы -
жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Коллекторлық агенттіктің өзі қабылдаған және (немесе) өзіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, бұр.ред.қара, 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді, бұр.ред.қара) ескертпе жаңа редакцияда
Ескертпе. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін төлем жүйелерінің операторлары, төлем жүйелерінің операциялық орталықтары және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер деп төлем жүйелерінің операторлары, төлем жүйелерінің операциялық орталықтары және банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер түсініледі.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 228-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
228-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру тобы бас ұйымының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сол бір пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзуы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалдарына үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының сақтанушыларға өзінің тұрақты жұмыс істейтін органының, оқшауланған бөлімшесінің тұрған жерінің өзгергені немесе атауының өзгергені туралы уақтылы хабарламауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының өздерінің қызметіне байланысты құжаттарды есепке алу мен сақтау мерзімдерін бұзуы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді сақтау туралы мәліметтердің бұрмалануына алып келген есептілікті жасауы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ бастапқы біржолғы және қосымша жарналарды төлемеуі, уақтылы төлемеуі не толық көлемде төлемеуі -
екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есепке алу деректері жөніндегі есептілікті және өзге де мәліметтерді масс-медиада жарияламауы, уақтылы жарияламауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасаспауы және осы ұйымда тіркелуді жүзеге асырмауы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың төртінші бөлігінің мақсаттары үшін бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда әкімшілік жауаптылық басталады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 229-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 229-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
229-бап. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты талаптарды бұзуы
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырмау, сол сияқты уақтылы жүзеге асырмау не сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асырмау -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшiн клиент ұсынған құжаттарды жоғалту -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
230-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру жөніндегі дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды орындамауынан немесе тиiсiнше орындамауынан көрiнген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң талаптарын бұзуы -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының мiндеттi сақтандыру шартын Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарында айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сомаларының мөлшерлерiн белгiлеуден көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн шарттарда жасасуы -
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерiнде, бiрақ бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды; 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының мiндеттi сақтандыру шартын Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарында айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлерiн белгiлеуден көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн шарттарда жасасуы, сол сияқты сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезiнде коэффициенттердi қате (негiзсiз) қолдануы-
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде, бiрақ бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды; 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының мiндеттi сақтандыру шартын сақтандыруға жатпайтын объектiлердi мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандырудан көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн шарттарда жасасуы -
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде, бiрақ бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 231-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
231-бап. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк және сақтандыру холдингтерiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының басшы қызметкерлерiн келiсудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерiн бұзу
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, банк және сақтандыру холдингiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының басшы қызметкерiн келiсу мерзiмдерiн қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, банк және сақтандыру холдингiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының бұзуы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 232-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 232-баптың тақырыбы өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
232-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң ашылғаны немесе олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы хабардар ету жөніндегі міндеттерді орындамау, сол сияқты уақтылы хабардар етпеу
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң ашылғаны немесе олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы хабардар ету жөніндегі міндеттерді орындамау, сол сияқты уақтылы хабардар етпеу -
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 233-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
233-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып кредит, қарыз алу не оларды пайдалану, мемлекеттік сыртқы қарыз қаражатының қарыз шартында белгіленген мерзімде игерілмеуі
2024.05.07. № 114-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Дара кәсiпкердiң немесе ұйымның банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға дара кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң жеңiлдікті шарттарын алу үшiн елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну арқылы кредит не кредит берудiң жеңiлдікті шарттарын алуы, сол сияқты банкке немесе өзге де кредиторға кредит берудi тоқтатуға, жеңiлдiктердiң күшін жоюға не бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге әкеп соғуы мүмкiн мән-жайлардың туындауы туралы ақпаратты хабарламауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2024.05.07. № 114-VІІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2024 ж. 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -