5-тармақтағы «болмашы» деген сөз «төмен» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақ «қорытынды қолданылатын кезеңге» деген сөздерден кейін «бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 39-бапта:
тақырып «мемлекеттік» деген сөзден кейін «бақылау мен» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
«қадағалау» деген сөз «бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бағытталады» деген сөз «бағытталған» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзацта:
«қадағалау» деген сөз «бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, сондай-ақ газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «мемлекеттік қадағалауды» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшалардағы «мемлекеттік қадағалау» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мемлекеттік қадағалау» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 69-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «мемлекеттік қадағалау» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 77-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацындағы «мемлекеттік қадағалауды» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 78-баптың 1-тармағындағы «мемлекеттік қадағалау» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 86-баптың 4-тармағындағы «мемлекеттік қадағалау» деген сөздер «мемлекеттік бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-бапта:
8) тармақшадағы «, халықтың көші-қоны және босқындар» деген сөздер «және халықтың көші-қоны» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалар алып тасталсын;
2) 6-бапта:
1-тармақтың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«24) жол жүру құжатын беруді жүзеге асыруға;»;
2-тармақтың 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«34) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде болғанын анықтау тұрғысынан куәландыру үшін медициналық ұйымдарға жеткізуге;»;
3) 11-бапта:
5) тармақшадағы «және босқындар» деген сөздер алып тасталсын;
25) тармақшада:
жиырма тоғызыншы абзац алып тасталсын;
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жол жүру құжатының үлгілерін;».
24. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) заңдылық.»;
2) 1-тарау мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Заңдылық
Уәкілетті мемлекеттік органдар немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары рұқсат беру және хабарламаны қабылдау кезінде осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті.»;
3) 29-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «, дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның тұрған жері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
24-тармағының 4) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 51-бапта:
1-тармақтағы «және профилактикалық бақылау» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тәртібімен» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «және профилактикалық бақылау» деген сөздер алып тасталсын.
25. «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-1-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «стратегиялар мен даму жоспарларының» деген сөздер «ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және іс-шаралар жоспарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-баптың 2-тармағындағы «стратегияларды және даму жоспарларын» деген сөздер «ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, іс-шаралар жоспарларын және даму жоспарларын» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Өзін-өзі реттеу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласындағы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу бұл салада Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан басқа, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдар және (немесе) кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілері міндетті түрде мүшесі болатын өзге де коммерциялық емес ұйымдар жұмыс істеген жағдайда ғана енгізіледі.»;
2) 4-бапта:
26-тармағының 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ 3) тармақшасындағы «күшейту өзін-өзі реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.» деген сөздер «күшейту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) өзін-өзі реттеу субъектілерінің реттеуші мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру өзін-өзі реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.»;
2-тармақ 8) тармақшасындағы «жол бермеу болып табылады.» деген сөздер «жол бермеу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) адал бәсекелестік болып табылады.»;
26-тармағының 3) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 6-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйыммен қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
4) 7-бапта:
26-тармағының 4) тармақшасының екінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) тармақша «міндетті» деген сөзден кейін «немесе ерікті» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
26-тармағының 4) тармақшасының төртінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«4-2) ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйыммен қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасады;
4-3) өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі шаралар кешенін, оның ішінде уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізделген ұсыныстарын ескере отырып әзірлейді және бекітеді;»;
5) 10-баптың 1-тармағындағы «жарғы және» деген сөздер «жарғы және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 12-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдарының басшылары мен мүшелерін сайлау мерзімдері мен тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.»;
7) 13-баптың 3-тармағының 7) тармақшасындағы «нысан бойынша,» деген сөздер алып тасталсын;
8) 14-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі «беруіне жол берілмейді» деген сөздер «беруге заңды өкіліне ғана жол беріледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 15-баптың 6-тармағында:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөліктегі «1) және 2) тармақшаларында» деген сөздер «2) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 18-бапта:
бірінші бөлікте:
7) тармақша алып тасталсын;
12) тармақшасындағы «алуға құқығы бар.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) өзін-өзі реттеу субъектілерінің қызметін реттейтін заң жобаларының тұжырымдамаларын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуға;
14) өзін-өзі реттеу нысанына қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстарды реттеуші мемлекеттік органдардың қарауына енгізуге құқығы бар.»;
26-тармағының 10) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның әзірленіп жатқан қағидалар мен стандарттарды реттеуші мемлекеттік органмен келісуге құқығы бар.»;
11) 19-бапта:
26-тармағының 11) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) үшін міндетті қағидалар мен стандарттарды әзірлеуге және бекітуге;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қағидалар мен стандарттарды реттеуші мемлекеттік органмен келісуге;»;
3-тармақта:
«Өзін-өзі реттейтін ұйым» деген сөздер «Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бірін» деген сөз «біреуін немесе бірнешеуін» деген сөздермен ауыстырылсын;
26-тармағының 11) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым осы Заңның 28-бабының 1-тармағында көзделген мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше тәсілдерін пайдалану арқылы өз міндеттемелері және өз мүшелерінің (қатысушыларының) міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жауап береді.»;
12) 20-бапта:
26-тармағының 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «әзірлеуге құқылы» деген сөздер «әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «нақты» деген сөз алып тасталсын;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
5-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік қызмет саласындағы, міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын олардың мазмұнының осы Заңның 24, 25 және 26-баптарында көзделген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;
екінші бөліктегі «кезден» деген сөз «күннен» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
«және уәкілетті орган» деген сөздер алып тасталсын;
«кезден» деген сөз «күннен» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі «және уәкілетті орган» деген сөздер алып тасталсын;
13) мынадай мазмұндағы 20-1 және 20-2-баптармен толықтырылсын:
«20-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларына қойылатын талаптар
1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында мыналар:
1) жалпы ережелер (өзін-өзі реттейтін ұйымның атауы, терминдер мен анықтамалар);
2) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қойылатын жалпы талаптар, мүшелердің (қатысушылардың) кәсіби мінез-құлық қағидалары;
3) өзін-өзі реттейтін ұйымның және оның мүшелерінің (қатысушыларының) қызметін ұйымдастыру тәртібі;
4) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;
5) өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жауапкершілігі және оған тарту тәртібі;
6) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) жаза қолдану, оларды алу және шағым жасау тәртібі;
7) мүдделер қақтығысын болғызбау немесе реттеу жөніндегі шаралар;
8) өзін-өзі реттейтін ұйымның атына келіп түскен, оның мүшелеріне (қатысушыларына) берілген шағымдар туралы реттеуші мемлекеттік органға хабар беру тәртібі;
9) мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету шараларын пайдалану тәртібі;
10) дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі;
11) қорытынды ережелер (қағидаларды қолданысқа енгізу, қайта қарау және күшін жою тәртібі) көзделуге тиіс.
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары іскерлік әдеп қағидаларының талаптарына сәйкес келуге, өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысын жоюға немесе азайтуға тиіс.
3. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары жосықсыз бәсекелестікке, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мен өзге де тұлғаларға моральдық зиян немесе нұқсан келтіретін әрекеттер, өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының) іскерлік беделіне не өзін-өзі реттейтін ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға кедергі келтіретін талаптарды белгілеуге тиіс.
4. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында өзін-өзі реттейтін ұйым өз бетінше айқындайтын өзге де ережелер көзделуі мүмкін.
20-2-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның стандарттарына қойылатын талаптар
1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның стандартында:
1) жалпы ережелер (мақсаты мен қолданылу саласы, нормативтік сілтемелер, терминдер мен анықтамалар (бар болса), жалпы мақсаттары мен қағидаттары, өнімге, процестерге және көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар);
2) өнімнің, процестер мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сипаттамалары, процестерді орындау, көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру, өнімді өндіру және өткізу тәртібі;
3) қорытынды ережелер (стандарттарды қолданысқа енгізу, қайта қарау және күшін жою тәртібі) көзделеді.
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымның стандарты Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
3. Өзін-өзі реттейтін ұйымның стандартында өзін-өзі реттейтін ұйым өз бетінше айқындайтын өзге де ережелер көзделуі мүмкін.»;
14) 25-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «уәкілетті орган және» деген сөздер алып тасталсын;
15) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) банктік шот және банктік салым шарттары талаптарымен екінші деңгейдегі банктерде ақшаны орналастырудан алынған кірістер;»;
16) 28-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацындағы «бірін» деген сөз «біреуін немесе бірнешеуін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) өздері өндірген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мен өзге де тұлғалар алдындағы мүліктік жауаптылығын қамтамасыз ету жөніндегі төлемдерден басқа, өтемақы қорынан кез келген төлемді жүзеге асыруға жол берілмейді.»;
17) 29-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерін өзін-өзі реттеуге өтуге ынталандыруды:
1) кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласында ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген және тиісті кәсіпкерлік және (немесе) кәсіптік қызмет түрі субъектілерінің көпшілігін біріктіретін өзін-өзі реттейтін ұйымдар жұмыс істеген кезде міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу тұрғысынан реттеушілік әсерге талдау рәсімін жүргізу;
26-тармағының 17) тармақшасының төртінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызметінің нәтижелерін осындай қызмет нәтижелерін тану туралы келісім негізінде тану;
3) өзін-өзі реттеу нысанасына байланысты мәселелер бойынша өзін-өзі реттейтін ұйымдарды нормашығармашылыққа қатысуға тарту арқылы жүзеге асырады.»;
26-тармағының 18) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) 3-тарау мынадай мазмұндағы 29-2-баппен толықтырылсын:
«29-2-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың реттеуші мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
1. Ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызметінің нәтижелерін ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесін (қатысушысын) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдары қызмет нәтижелерін тану туралы келісім негізінде тануы мүмкін.
2. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасалған жағдайда мемлекеттік бақылау мен қадағалау тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары ескеріле отырып, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты жүзеге асырылады.
3. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісім ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйыммен жасалуы мүмкін, оның қағидалары мен стандарттары реттеуші мемлекеттік органмен келісіледі.
4. Егер өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің (қатысушыларының) кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметін бақылауы бақылау мен қадағалау субъектілері қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау және қадағалау органы жүзеге асыратын бақылау мен қадағалауға сәйкес келген жағдайда, қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасуға жол беріледі.
5. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісімді жасасу және оның қолданысын тоқтату тәртібін, сондай-ақ оның елеулі шарттарын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
6. Қызмет нәтижелерін тану туралы келісімді ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым елеулі шарттар сақталған және өзі реттеуші мемлекеттік органға жүгінген жағдайда жасайды.».
27. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 12-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының» деген сөздер «ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 10) тармақшасындағы «мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларына» деген сөздер «ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «даму жоспарларының» деген сөздер «іс-шаралар жоспарларының, даму жоспарларының» деген сөздермен ауыстырылсын.
28. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың 8-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы «, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспары» деген сөздермен толықтырылсын.
29. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
26-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасы «, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар» деген сөздермен толықтырылсын.
30-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
30. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Атом энергиясын пайдалану саласында лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілерін тексеру «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігіне (бұдан әрі - талаптарға сәйкестігін тексеру) жүргізіледі.
Талаптарға сәйкестігін тексеру, қызметін ықтимал радиациялық қауіптілігі I, II, III және IV санаттағы объектілермен жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Қызметін ықтимал радиациялық қауіптілігі I, II, III және IV санаттағы объектілермен жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүргізіледі.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау алдын алу-профилактикалық сипатта болады.
3. Атом энергиясын пайдалану саласында бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау:
1) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар ұсынатын ақпарат пен есептілікті;
2) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзушылық туралы ақпарат келіп түскен кезде өз құзыреті шегінде уәкілетті органның сұрау салуы бойынша алынған, осы заңнаманы сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратты;
3) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын сақтау мәселелеріне қатысты, жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін ақпаратты талдау арқылы жүргізіледі.
4. Қызметін ықтимал радиациялық қауіптілігі I, II, III және IV санаттағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер атом энергиясын пайдалану саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері болып табылады.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау мен қадағалау субъектісінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды ресімдейді және жібереді.
6. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай:
1) алғаны туралы белгі қойылып - қолма-қол;
2) хабарламасы бар тапсырысты хатты жіберу арқылы - поштамен;
3) бақылау мен қадағалау субъектісі уәкілетті органға бұрын ұсынған құжаттарда көрсетілген бақылау мен қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті органның жөнелтуі арқылы - электрондық тәсілмен жіберілген жағдайларда, табыс етілді (алынды) деп есептеледі.
7. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды орындау мерзімі оны табыс еткен (алған) күннен кейінгі күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрауға тиіс.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда бақылау мен қадағалау субъектісі ұсыным жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
9. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізуге алып келеді.
10. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі қажеттілігіне қарай, бірақ Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында көзделген ақпарат пен есептілікті ұсыну кезеңділігінен жиілетпей айқындалады.»;
2) 7-1-бап алып тасталсын;
3) 26-3-баптың 4-тармағындағы «7 және 7-1-баптарына» деген сөздер «7-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын.