1) 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін акциздердің мынадай мөлшерлемелері қолданылады деп белгіленсін:
Р/с № | КО СЭҚ ТН коды | Акцизделетін тауарлардың түрлері | Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | 2207-ден | 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) басқа (түссiз емес, боялған) | 600 теңге/литр |
2. | 2207-ден | Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) | 1,0 теңге/литр |
3. | 2208-ден | 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа) | 100 % спирт 750 теңге/литр |
4. | 2207-ден | Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті | 0 теңге/литр |
5. | 2208-ден | Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер | 100 % спирт 75 теңге/литр |
6. | 3003, 3004-тен | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім | 100 % спирт 500 теңге/литр |
7. | 2208 | Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан және сыра сусынынан басқа) | 100 % спирт 2000 теңге/литр |
8. | 2208 | Коньяк, бренди | 100 % спирт 250 теңге/литр |
9. | 2204, 2205, 2206 00 | Шараптар | 35 теңге/литр |
10. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетіннен немесе пайдаланылатыннан басқа) | 170 теңге/литр |
11. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын шарап материалы | 0 теңге/литр |
12. | 2203 00 | Сыра және сыра сусыны | 39 теңге/литр |
13. | 2202 90 100 1 | Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра | 0 теңге/литр |
14. | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 6200 теңге/ 1000 дана |
15. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 6200 теңге/ 1000 дана |
16. | 2402-ден | Сигариллалар | 6225 теңге/ 1000 дана |
17. | 2402-ден | Сигаралар | 750 теңге/дана |
18. | 2403-тен | Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі | 7345 теңге/килограмм |
19. | 2709 00-ден | Шикі мұнай, газ конденсаты | 0 теңге/тонна |
20. | 8702-ден | микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан көп адамды тасымалдауға арналған, қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын моторлы көлік құралдары | 100 теңге/текше см |
8703-тен | қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, ең бастысы адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) |
8704-тен | қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) |
21. | 2403 | Қыздырылатын темекісі бар өнімдер (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар) | 0 теңге/1 кг |
22. | 3824 | Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық | 0 теңге/ сұйықтық миллилитрі |
»;
2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін акциздердің мынадай мөлшерлемелері қолданылады деп белгіленсін:
«
Р/с № | КО СЭҚ ТН коды | Акцизделетін тауарлардың түрлері | Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | 2207-ден | 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) басқа (түссiз емес, боялған) | 600 теңге/литр |
2. | 2207-ден | Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) | 1,0 теңге/литр |
3. | 2208-ден | 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа) | 100 % спирт 750 теңге/литр |
4. | 2207-ден | Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті | 0 теңге/литр |
5. | 2208-ден | Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер | 100 % спирт 75 теңге/литр |
6. | 3003, 3004-тен | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім | 100 % спирт 500 теңге/литр |
7. | 2208 | Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан және сыра сусынынан басқа) | 100 % спирт 2275 теңге/литр |
8. | 2208 | Коньяк, бренди | 100 % спирт 250 теңге/литр |
9. | 2204, 2205, 2206 00 | Шараптар | 35 теңге/литр |
10. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетіннен немесе пайдаланылатыннан басқа) | 170 теңге/литр |
11. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын шарап материалы | 0 теңге/литр |
12. | 2203 00 | Сыра және сыра сусыны | 48 теңге/литр |
13. | 2202 90 100 1 | Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра | 0 теңге/литр |
14. | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 7500 теңге/ 1000 дана |
15. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 7500 теңге/ 1000 дана |
16. | 2402-ден | Сигариллалар | 6225 теңге/1000 дана |
17. | 2402-ден | Сигаралар | 750 теңге/дана |
18. | 2403-тен | Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі | 7345 теңге/ килограмм |
19. | 2709 00-ден | Шикі мұнай, газ конденсаты | 0 теңге/тонна |
20. | 8702-ден | микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан көп адамды тасымалдауға арналған, қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын моторлы көлік құралдары | 100 теңге/текше см |
| 8703-тен | қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, ең бастысы адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) | |
| 8704-тен | қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) | |
21. | 2403 | Қыздырылатын темекісі бар өнімдер (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар) | 0 теңге/1 кг |
22. | 3824 | Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық | 0 теңге/сұйықтық миллилитрі |
».
3-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 568-бабының 5-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде:
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакция қолданылады деп белгіленсін:
«5. Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерін құрайды.»;
2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакция қолданылады деп белгіленсін:
«5. Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25000 еселенген мөлшерін құрайды.»;
3) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакция қолданылады деп белгіленсін:
«5. Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20000 еселенген мөлшерін құрайды.».
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Егер тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағымдар 2017 жылғы 1 шілдеге дейін берілген жағдайда, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының он екінші - он сегізінші абзацтары, 3), 6), 9), 12), 16), 17), 63) тармақшалары, 101) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтары, 112), 114), 116) тармақшалары, 118) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары, 120) тармақшасы, 121) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары, 125), 126), 127), 131), 132), 133), 134), 135), 136), 137), 138), 139), 140) және 141) тармақшалары, 3-тармағының 1), 3), 10), 11) тармақшалары, 12) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары, 14), 15), 16), 17), 18) тармақшалары және 10-тармағы қолданылмайды деп белгіленсін.
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға, сондай-ақ тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері жөніндегі шешімді қайта қарауға 2017 жылғы 1 шілдеге дейін берілген шағымдарды қарау «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 93 және 94-тарауларының және (немесе) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-тарауының ережелеріне сәйкес 2017 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болатын редакцияда жүзеге асырылады.
5-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне және кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 4) және 6) тармақшаларының талаптарына сәйкес келтіруге тиіс деп белгіленсін.
6-бап.
1. Осы Заң:
1) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 36) тармақшасын;
2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 18) тармақшасының екінші абзацын, 89) тармақшасын, 105) тармақшасының екінші, үшінші және бесінші абзацтарын, 12-тармағының 3) тармақшасын, 25-тармағы 2) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын;
3) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, 2-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші және бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының он төртінші абзацын, 18) тармақшасының үшінші абзацын, 20) тармақшасының жетінші - тоғызыншы абзацтарын, 27), 28), 49) тармақшаларын, 50) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтарын, 56) тармақшасының екінші - алтыншы, сегізінші - он екінші абзацтарын, 59), 61), 66), 67), 79), 80), 81), 82), 83), 88), 92) және 124) тармақшаларын, 25-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының сегізінші - он үшінші абзацтарын, 3) және 4) тармақшаларын;
4) 2016 жылғы 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 26-тармағы 1) тармақшасының он екінші - он бесінші және он жетінші абзацтарын;
5) 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 65) тармақшасын;
6) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының он екінші - он сегізінші абзацтарын, 3), 6), 9), 12), 16), 17), 63) тармақшаларын, 101) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтарын, 112), 114), 116) тармақшаларын, 118) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтарын, 120) тармақшасын, 121) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 125), 126), 127), 131), 132), 133), 134), 135), 136), 137), 138), 139), 140) және 141) тармақшаларын, 3-тармағының 1), 3), 10), 11) тармақшаларын, 12) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 14), 15), 16), 17), 18) тармақшаларын және 10-тармағын;
7) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 60) тармақшасының жетінші абзацын;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 19) және 22) тармақшаларын;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 6-тармағын және 24-тармағының 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 20) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары және 23) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 29) тармақшасы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады.
Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 32) тармақшасының алтыншы - он бірінші абзацтары 2016 жылғы 1 шілдеден бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 60) тармақшасының алтыншы абзацы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы қарашаның 30-ы.
№ 26-VI