2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Кредитордың моральдық залалы, алынбаған пайдасы, сақтандыру шарты бойынша тұрақсыздық төлемі және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан сот тәртібімен бұрын өндіріп алынған өзге де шығыстар кепілдік төлемімен жабылмайды.
8. Кредиторларға кепілдік төлем тараптардың келісімі бойынша тікелей Қордан немесе агент банк арқылы кредитордың банктік шотына қолма-қол емес нысанда не қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлемін жүзеге асырылған күннен бастап кредитордың сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы жүзеге асырылған кепілдік төлемі көлемінде Қорға ауысады.
Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талабын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына (бұдан әрі - тарату комиссиясы) ұсынады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген көшірмені алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді басылымдарда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларына туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемдерінің жүзеге асырылуы туралы хабарламаны қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
16-бап. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Қор кепілдіктерінің тоқтатылуы
Қор кепілдіктері:
1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемі жүзеге асырылған;
2) кредитордың осы Заңның 15-бабында белгіленген өтініш жасау мерзімдері аяқталған;
3) сақтандыру шартының қолданыс мерзімі аяқталған;
4) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеген жағдайларда тоқтатылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-1-тараумен толықтырылды (2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1-тарау. Қордың жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге
жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері
17-1-бап. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді алу құқығы
1. Қор көлік оқиғасы орнынан жасырынған және жәбірленушіге зиян келтіруге жауапты адам анықталмаған жағдайда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді (бұдан әрі - зиянды өтеу бойынша төлем) төлейді.
Қор жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдерді денсаулыққа ауыр зиян келтірілгенде ғана жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зиянды өтеу бойынша төлемдерді алуға құқығы бар.
Осы құқық қолдарында жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
3. Жәбірленушінің не осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдардың зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талабы, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген адамдардың жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі талабы Қорға осы баптың 1-тармағында көзделген жағдай басталған кезден бастап бір жыл ішінде қойылады.
4. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамға (адамдарға) көшеді.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қор жәбірленушіні жерлеуді жүзеге асырған адамға осы Заңның 17-2-бабы 2-тармағының 1), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілген жазбаша өтініштің негізінде осы Заңның 17-2-бабының 6-тармағында белгіленген мөлшерден аспайтын, жерлеуге жұмсалған нақты шығыстарды өтейді.
17-2-бап. Қордың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруы
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жәбірленуші не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдар зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тікелей Қорға өтініш бередi.
2. Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайдың басталу фактісін растайтын құжат;
2) жәбірленуші алған жарақат пен мертігулердің сипаты, диагнозы, уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңі көрсетіле отырып, жәбірленушіге көлік оқиғасы нәтижесінде денсаулығына келтірілген зиянға байланысты медициналық көмек көрсетілген денсаулық сақтау ұйымы қорытындысының көшірмесі;
3) медициналық-әлеуметтік немесе сот-медициналық сараптама мекемелері қорытындысының көшірмесі;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жәбiрленушiнiң қайтыс болуы туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету (жәбірленуші қайтыс болған жағдайда) құқығына ие адамның құқығын растайтын құжат;
6) жерлеуге нақты жұмсалған шығындарды растайтын құжаттар не олардың көшірмелері;
7) жеке куәліктің көшірмесі.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жәбірленуші не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдар зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын табыс еткеннен кейін Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру туралы не оларды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
4. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлем жасау туралы шешімді осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қабылдайды. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемді зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлем жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
5. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер мынадай мөлшерлерде (айлық есептік көрсеткіштермен) жүзеге асырылады:
1) өміріне зиян келтірілген кезде - 1000;
2) денсаулығына ауыр зиян келтірілген кезде - 500;
3) жерлеуге жұмсалған шығыстар - 100.
7. Зиянды өтеу бойынша төлем моральдық зиянның, сондай-ақ мүлікке келтірілген зиянның, жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4-тармағында көзделген адамдардың жіберіп алған пайдасының, қоршаған ортаға келтірілген залалдың орнын толтырмайды.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу бойынша төлемдер тiкелей Қор немесе агент-банк арқылы жәбiрленушiнiң не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың банк шоттарына қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерден мынадай жағдайларда:
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жәбірленушінің әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен көлік оқиғасымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылса;
2) Қорға немесе қатысушы-сақтандыру ұйымына осы Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдай басталған кезден бастап бір жыл өткеннен кейін жүгінгенде;
3) көлік оқиғасы еңсерілмейтін күштің салдарынан, яғни ядролық жарылыс, радиация немесе радиоактивті улану, әскери іс-қимылдар, азаматтық соғыс, жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер сияқты төтенше және осындай алдын алуға болмайтын жағдайлар кезінде басталған болса;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiн табыс етпеген не дұрыс емес құжаттарды берген болса, бас тартуға құқылы.
Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болған кезде, Қор құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесі бар жазбаша нысандағы хабарлама жіберуге міндетті.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағы 4) тармақшасында көзделген функцияны жүзеге асыру үшiн Қор Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасынан ақпарат сұратады.
Ақпаратты берудiң тәртібі, көлемi және мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрінің актiсiмен және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен белгiленедi.
Қор алған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы
Қордың жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талабын қарауға байланысты Қордың шеккен шығыстарын ескере отырып, зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер шегінде жәбірленушіге зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы бар.
17-4-бап. Зиянды өтеу резервін құру
1. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін осы Заңда көзделген тәртіппен пайдаланады.
2. Уәкілетті орган белгілеген мөлшердегі бастапқы біржолғы жарналар және Қормен жасалатын қатысу шартына сәйкес сақтандырушылар төлейтін қосымша жарналар зиянды өтеу резервін қалыптастыру көздері болып табылады.
Қосымша жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
3. Қосымша жарналардың мөлшері қатысушы-сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша есептеген сақтандыру сыйлықақылары мен қосымша жарналар ставкаларының көлемін негізге ала отырып
есептеледі.
4. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қатысушы-сақтандыру ұйымын қосымша жарналарды төлеуден босатпайды.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қатысушы-сақтандыру ұйымы көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыруға берiлген лицензиядан айырылған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу мiндеттемелерi қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн тоқтатыла тұрады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу жөніндегі мiндеттемесi оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап тоқтатылады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымдарының осы Заңға сәйкес төлеген қосымша жарналары қайтаруға жатпайды.
17-5-бап. Қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау
1. Қосымша жарналарды төлемеген, уақтылы төлемеген не толық көлемде төлемеген жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
2. Уәкілетті орган Қордан қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы хабарлама алған кезде мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген санкцияларды және өзге де ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
6-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
18-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері
1. Қор:
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен міндетті, төтенше және қосымша жарналар төлеуді талап етуге;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
2) тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізу туралы уәкілетті органның алдында өтініш жасауға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымын тарату ісін жүргізуге қатысуға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
3) тарату комиссиясынан және кредитордан Қордың міндеттерін іске асыруға қажетті ақпарат пен құжаттар беруді талап етуге;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті органнан қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қаржылық жай-күйі, қатысушы-сақтандыру ұйымы жасасқан сақтандыру шарттарының саны туралы мәліметті және сақтандыру құпиясын және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, өзге де қажетті ақпаратты сұратуға;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) осы Заңда, сақтандыру шартында немесе Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісінде көзделген жағдайларда кредиторға кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
2. Қор:
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне немесе «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қорға қатысу міндеті жүктелген сақтандыру ұйымымен қатысу шартын жасасуға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен активтерді қаржы құралдарына инвестициялауға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, көлемде және мерзімде уәкілетті органға Қордың қызметі туралы мәліметтер мен есептілікті (Қордың қаржылық есебін қоспағанда) беруге;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
4) қатысушы-сақтандыру ұйымдарына олардың сұрау салулары бойынша қатысу шартына сәйкес айқындалатын көлемде өзінің қаржылық есептілігін беруге;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
5) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мерзімді баспа басылымдарында өзінің жылдық бухгалтерлік балансын жариялауға;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті, төтенше және қосымша жарналар төлеу тәртібін, сондай-ақ олардың шартты міндеттемелер қалыптастыруын бақылауды жүзеге асыруға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
7) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелері бойынша кредиторларға осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға;
8) аудит өткізуге;
9) сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарын бұзуының өзіне мәлім болған фактілері жөнінде уәкілетті органды хабардар етуге;
10) кредиторға кепілдік төлемінің жүзеге асырылғаны туралы тарату комиссиясына хабарлауға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
11) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
12) өз функцияларын жүзеге асыру процесінде сақтандыру ұйымдарының қызметі туралы өздеріне мәлім болған бүкіл ақпаратты тек қана қызмет мақсаттарында пайдалануға ;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) осы Заңның 15-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шығыстарын өтеуге.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-1- тармақпен толықтырылды
2-1. Қор Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес өздерi жүргiзетiн операцияларды есепке алуды жүзеге асырады.
3. Қордың Қазақстан Республикасының заңдарында және қатысу шартында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
19-бап. Қатысушы-сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттері
1. Қатысу шартына сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымы:
1) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мерзімді баспа басылымдарында өзінің сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысуы туралы ақпаратты жариялауға;
2) Қордан кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға қатысты ақпарат алуға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
3) Қордың қаржылық есептілігін Қордан талап етуге құқылы;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қатысу шартына сәйкес қатысушы сақтандыру ұйымы:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен міндетті және төтенше жарналарды төлеуге, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыруға;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жасалған сақтандыру шарттарының саны және олар бойынша төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасы туралы ақпаратты Қорға ұсынуға;
3) өзінің төлем қабілетсіздігі басталғаны және уәкілетті органның санкциялар қолдану фактілері туралы Қорға хабарлауға;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне немесе «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру ұйымына Қорға қатысу міндеті жүктелген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру қызметінің тоқтатылғаны туралы Қорды хабардар етуге;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылы
4-1) осы Заңда көзделген жағдайларда өзiне тиесiлi Қор акцияларын иелiктен шығаруды жүргiзуге;
5) сотқа мәжбүрлеп тарату туралы талап-арыз берілгендігі туралы, сондай-ақ соттың сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаны туралы Қорды хабардар етуге;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
6) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға.
Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар қатысушы-сақтандыру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен қосымша жарналарды төлеуге мiндеттi.
3. Қатысушы-сақтандыру ұйымының Қазақстан Республикасының заңдарында және қатысу шартында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
20-бап. Тарату комиссиясының құқықтары мен міндеттері
1. Тарату комиссиясы:
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қордан мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларына кепілдік төлемдерін жүзеге асырылғаны туралы хабарлама алуға құқылы.
2) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Тарату комиссиясы:
1) құжаттардың көшірмелерін және үзінділерін алу құқығын бере отырып, Қордың уәкілетті өкілдерінің тарату процесіне қатысты ақпарат пен құжаттамаға қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) өзінің кредитор алдындағы міндеттемелерінің тоқтатылғаны туралы Қорға шұғыл түрде хабарлауға;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) сақтандыру шарттарын жасасуға қатысты Қор сұратқан ақпаратты және құжаттарды беруге міндетті.
3. Тарату комиссиясының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
21-бап. Кредитордың құқықтары мен міндеттері
1. Кредитордың:
1) Қордан осы Заңда көзделген тәртіппен кепілдік төлемін жүзеге асыруды талап етуге;
2) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) тарату комиссиясынан талаптарды Қордан алынған кепілдік төлемінен асатын мөлшерде қанағаттандыруды талап етуге құқығы бар.
2. Кредитор:
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қорға Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде немесе сақтандыру шартында көзделген, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандыру шарты бойынша шығындардың мөлшерін растайтын құжаттарды ұсынуға;
2) Қордың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредитордың өзіне ауысқан құқықтарын іске асыруына қажетті барлық құжаттарды беруге міндетті.
3. Кредитордың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру
1. Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актілерінде көзделген Қорға сақтандыру ұйымдарының мiндеттi қатысуы жөніндегі талаптар алып тасталған жағдайда Қор таратылуы мүмкiн.
3. Қордың таратылуы кезiнде қалыптастырылған сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру резервiнiң және зиянды өтеу резервiнiң қаражаты Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының арасында олардың Қордың осы резервтерiне қатысу үлесiне барабар мөлшерде бөлiп берiледi.
4 - 8. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Қор туралы заңдарының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікте болады.
24-бап. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының