2) нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелер көрсеткіштерінің стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі тұрғысынан бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарайды.»;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалар жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, сондай-ақ әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры пайдаланылады;
2) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін стратегиялық жоспарының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланысы тұрғысынан қарайды;»;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, сондай-ақ әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры пайдаланылады;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қолжетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;
20) 69-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орталық мемлекеттік органдар заттай нормаларды бекіту немесе оларды өзгерту туралы Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсыныстар енгізеді.»;
21) 71-бапта:
3-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«арнайы резерв мөлшерін бөле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің мөлшері;»;
4-тармақтың 3) тармақшасы «бағдарламалардың» деген сөзден кейін «(кіші бағдарламалардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 72-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы «бағдарламалардың» деген сөзден кейін «(кіші бағдарламалардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 73-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы «бағдарламалардың» деген сөзден кейін «(кіші бағдарламалардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
24) 74-баптың 1-тармағының екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) республикалық бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде мыналарды:
алдыңғы жылғы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;
ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасын;
жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.»;
25) 75-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бөлінісінде мыналарды:
есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасын;
ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасын;
жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасын;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттарын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын ақпаратты ұсынады.»;
26) 77-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмыс топтары мен тұрақты комитеттерінің отырыстарында қарау стратегиялық жоспарлардың жоспарланған нысаналы индикаторлары және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелері туралы орталық мемлекеттік органдар басшыларының баяндамаларын қамтиды.»;
27) 78-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында жергілікті бюджет жобасын талқылау жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған тікелей және түпкілікті нәтижелері туралы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының баяндамасын қамтиды.»;
28) 85-бапта:
4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомалары бюджеттің бекітілген (нақтыланған, түзетілген) түсімдері мен шығыстарының сомаларына сәйкес болуға тиіс.»;
9 және 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері мен бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламаларына қатысты және бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемін өзгертпейтін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістерді дербес енгізеді.
Бюджеттiң атқарылуы барысында бюджет қаражатының үнемделуi пайда болған жағдайда:
Республикалық бюджет комиссиясында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарай отырып, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шегінде республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарай отырып, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шеңберінде және бір облыс шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісу бойынша, жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы.
9-1. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде, облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қаражатты қайта бөлуге құқылы.
Бюджеттің атқарылуы барысында облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын көлемде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен және тиісті жергілікті өкілді органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қаражатты қайта бөлуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 9-3 және 9-4-тармақтармен толықтырылсын:
«9-3. Бюджетті атқару барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаражатты түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштері сақталған жағдайда бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық шығыстар көлемін өзгертусіз, бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен:
1) ағымдағы бір бюджеттік бағдарламаның немесе бюджеттік бағдарламаның ағымдағы бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі іс-шаралар арасында дербес;
2) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын бюджеттік кіші бағдарламаларды қоспағанда, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша бір бюджеттік бағдарлама шегінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында;
3) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаның бір кіші даму бағдарламасы шегінде бюджеттік инвестициялық жобалар арасында бюджет комиссиясының қарауынсыз ағымдағы қаржы жылына арналған инвестициялық жобаға шығыстар көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде, бюджет комиссиясында белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарай отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік кіші бағдарлама шығыстары көлемінің он пайызынан асатын көлемде;
4) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша бір бюджеттік бағдарлама шегінде дамудың бюджеттік кіші бағдарламалары арасында бюджет комиссиясының қарауынсыз, ағымдағы қаржы жылына бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстары көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде, бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауымен ағымдағы қаржы жылына бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстары көлемінің он пайызынан асатын көлемде қайта бөлуге құқылы.
9-4. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізуді мемлекеттік мекемелердің өтінімдері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қажетті бюджеттік бағдарлама бойынша ай сайынғы шығыстар көлемін өзгертулер бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.»;
29) мынадай мазмұндағы 94-1-баппен толықтырылсын:
«94-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін республикалық бюджеттен қайтару
1. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке тартылған кепілдік берілген трансферттің бір бөлігін күтілетін кірістер түсімі жоспарланған түсімдерден асып түскен жағдайда бір жыл ішінде қайтаруды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тартылған кепілдік берілген трансферт бөлігін республикалық бюджеттен қайтару бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
30) 97-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Есепті кезеңнің соңында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдықтар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің пайдаланылмаған қаражаты болып табылады және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына жатады.»;
31) 100-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы «бағдарламалар» деген сөзден кейін «(кіші бағдарламалар)» деген сөздермен толықтырылсын.
32) 104-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша пайдаланылмай қалған қаражат кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары болып табылады.»;
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) аяқталу мерзімі осы Кодекстің 157-бабының 1 және 2-тармақтарында және 159-бабының 1-1-тармағында көрсетілген бекітілген құжаттамаға сәйкес бюджеттік инвестицияларды іске асыру кезеңіне сәйкес келетін бюджеттік инвестицияларды одан әрі қаржыландыруға;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын қайтаруға;»;
6) тармақшадағы «қайтаруына пайдаланылуы мүмкін» деген сөздер «қайтаруына» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған пайдаланылмаған қаражаттың бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қайтаруға;
8) республикалық бюджетке тартылған кепілдік берілген трансферттің бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қайтаруға пайдаланылуы мүмкін.»;
6-тармақтағы «бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізбеуге» деген сөздер «бюджеттік бағдарлама нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізбеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Бюджет қаражаты толық игерілген кезде бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
33) 110-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) шығыстарын қоспағанда, бюджет шығыстарын бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан аспайтын сомасына секвестрлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, он пайыздан астам сомаға секвестрлеу - заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның секвестр жүргізу туралы қаулысының негізінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет түсімдері мен шығыстарын өзгерту арқылы тиісті бюджетті түзетуді жүзеге асырады.»;
4-тармақ «бағдарламалар» деген сөзден кейін «(кіші бағдарламалар)» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «бағдарламалар» деген сөзден кейін «(кіші бағдарламалар)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Секвестр жүргізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерді жасайды және оларды бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға ұсынады.»;
34) 113-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Бюджеттік бағдарламаларда айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені үшін, оның ішінде бюджет қаражаты толық игерілген кезде қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы және бюджеттік бағдарламаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
35) 126-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепте оның іске асырылу барысы, мемлекеттік орган қызметінің мақсаттарына, нысаналы индикаторларына қол жеткізудегі прогресс туралы ақпарат қамтылады.»;
36) 127-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады.»;
37) 128-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Парламентінің тұрақты комитеттері республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу туралы баяндамаларын тыңдайды.»;
38) 129-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «есептен;» деген сөз «есептен тұрады.» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;»;
39) 130-баптың 2-тармағы төртінші абзацтағы «баяндамасын тыңдайды.» деген сөздер «баяндамасын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«әкімдік уәкілеттік берген адамның облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндамасын;
«бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын тыңдайды.»;
40) 131-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «есептен;» деген сөз «есептен тұрады.» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;»;
41) 132-баптың 2-тармағы төртінші абзацтағы «баяндамасын тыңдайды» деген сөздер «баяндамасын» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«әкімдік уәкілеттік берген адамның ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндамасын;
«бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын тыңдайды;»;
42) 133-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитінің нәтижелерін қоса алғанда, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жасайды.»;
43) 134-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, жыл сайын ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады.»;
44) 151-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «салалық бағдарламаларды» деген сөздер «үкіметтік бағдарламаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан асатын жағдайда, бюджеттік инвестициялар құнының ұлғаюы ағымдағы қаржы жылында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.»;
45) 169-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Байланысты грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдар-гранттарды алушылар байланысты гранттарды пайдалануды жүзеге асырады.»;
46) 190-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Түпкілікті қарыз алушы бюджеттік кредит қаражатын бюджеттік бағдарламаға және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады.»;
47) 192-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Бюджеттік кредитті өтемеген, өз уақытында өтемеген жағдайда қарыз алушы және түпкі қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңдарына және кредиттік шарт талаптарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
48) 193-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеделдетілген оңалту рәсімін қолданғанда немесе қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімін енгізген кезде қарыз алушының бюджеттік кредитін оңалту жоспарына сәйкес бір реттен асырмай қайта құрылымдауға рұқсат етіледі.»;
49) 220-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган өтеуге және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстары республикалық бюджет туралы заңда көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекітеді.».
2. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жоспарлы кезеңде бюджет қаражаты шегінде қол жеткізуді (орындауды) қамтамасыз етуге міндеттенетін негізгі нысаналы индикаторлар қамтылатын меморандумға қол қояды;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.