6) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзыреті
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты), өзге де ғимараттар мен құрылыстарды абаттандыру саласындағы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органдары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген үлгі қағидаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы тұрғын үй кешендерінде дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын, кабельдік коммуникацияларды орналастыру бойынша талаптарды белгілейді.
2. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10-бап. Теле-, радиобағдарламалардың тілі
1. Отандық теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламалары қазақ тілінде және басқа тілдерде таратылады.
2. Қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемі уақыты жағынан басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.
Қазақ тіліндегі теле-, радио бағдарламалардың жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығындағы көлемі басқа тілдердегі теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.
Телеарналарда тарату кезінде субтитр түріндегі телебағдарламалар мен фильмдердің аудармасы қазақ тіліндегі телебағдарламалардың жалпы көлеміне есептелмейді.
3. Дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуін пайдаланатын телеарналар негізгі дыбыстық сүйемелдеуді қазақ тілінде пайдалануға тиіс.
4. Осы баптың талаптары осы Заңның 19-бабына сәйкес есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарға қолданылмайды.
5. Отандық теле-, радиоарналардың шетелдік аудиторияға трансляциясы қазақ тілінде және басқа тілдерде жүзеге асырылады.
11-бап. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган жанынан консультативтік-кеңесші орган - Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрылады.
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық пен ашықтық негізінде жүзеге асырылады. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша уәкілетті орган қабылдайтын барлық шешімдер мен қорытындылар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
2. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның негізгі функциялары:
1) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
2) көпарналы хабар таратуда еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
3) көпарналы хабар таратуда міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
4) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау мен олардың техникалық және қаржылық ұсыныстарын ескере отырып, жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
5) ұлттық операторды тыңдау қорытындылары бойынша ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.
3. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын уәкілетті орган бекітеді.
5. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді іске асыратын уәкілетті орган болып табылады.
12-бап. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру
1. Жеке тұлғалардың ақпаратқа, сөз бостандығына, пікірлерді білдіру мен пікірлердің әралуандығын дамыту құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігін сақтау және қамтамасыз ету, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы мемлекеттік саясатты жария ету, елдің мәдени мұрасын сақтау және дамыту мақсаттарында міндетті теле-, радиоарналардың мәдени, ғылыми-білім беру, танымдық-ағарту және басқа да әлеуметтік маңызы бар ақпараттың жиынтығын құрайтын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылуға міндетті тізбесі қалыптастырылады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі көпарналы хабар таратуда таралуына қарай уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, конкурстық негізде қалыптастырылады.
3. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурсты өткізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды. Аталған шешім ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
4. Теле-, радио компаниялардың конкурсқа қатысу өтінімдерін қарауды және міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауды Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша уәкілетті орган меті міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекітеді.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру жылына бір реттен көп жүзеге асырылмайды.
13-бап. Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру
1. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесі:
1) осы Заңның 42-бабының 4-тармағына сәйкес цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату телеарна топтамаларына енгізілген теле-, радиоарналардан;
2) осы баптың 2-тармағына сәйкес қалыптастырылған телеарналардан қалыптасады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсты өткізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
Үміткерлердің конкурсқа қатысу туралы өтінімдерін қарауды және жеңімпаздарды айқындау бойынша ұсыныстар енгізуді Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру үш жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша құрамына осы баптың 2-тармағында көрсетілген теле-, радиоарналар енетін еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
4. Телерадио хабарларын тарату операторлары теле-, радиокомпаниялармен жасаған шарттары негізінде еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды таратуға құқылы.
14-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялауды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15-бап. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін радиожиілік спектрін пайдалану
1. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
2. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін бос жиіліктерді, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөнінде конкурс өткізу туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды. Конкурс өткізу туралы шешім ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялануға тиіс.
3. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарауды және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар тұжырымдауды Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктi (радиожиiлiк арналарын) пайдалануға рұқсатты Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссияның шешiмi негiзiнде телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi орган бередi.
Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсатта техникалық құралдардың орналасқан жері, оның ішінде үлгілері, географиялық координаттары, сондай-ақ пайдаланылатын таратушы радиоэлектрондық құралдардың нақты қуаты көрсетілген антенна құрылғыларының орналасуы көрсетілуге тиіс.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн радиожиiлiктi есептеудi, оны радиожиiлiк органдарымен келiсудi және халықаралық үйлестiрудi телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, көпарналы хабар таратуда және телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналарды тарату бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердi телерадио хабарларын тарату операторлары негiзделген шығындар негiзiнде өзі дербес белгiлейдi.
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТЕЛЕ-, РАДИОАРНАЛАРДЫ ТАРАТУ
17-бап. Отандық теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою
1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететiн теле-, радиоарна уәкiлеттi органда мiндеттi түрде есепке қойылуға тиіс.
2. Есепке қою, қайта есепке қою үшiн теле-, радиоарнаның меншiк иесi не оның уәкiлеттiк беруi бойынша әрекет ететiн тұлға осы Заңның 18-бабының талаптарына сай келетiн өтiнiш бередi.
3. Теле-, радиоарнаны есепке қою кезінде, сондай-ақ теле-, радиоарнаның есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын алу кезінде Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалатын тәртiппен алым алынады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы өтiнiш түскен күнiнен бастап он жұмыс күні iшiнде қаралуға тиiс. Өтiнiштi қараудың қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган теле-, радиоарнаның меншiк иесiне есепке қою туралы куәлiк бередi не мынадай негiздер бойынша:
1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атпен және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлiк берген болса;
2) егер өтiнiштiң мазмұны осы Заңның 18-бабының талаптарына сай келмейтiн болса;
3) егер теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алым төленбесе;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiште теле-, радиоарнаға меншiк құқығын басқа тұлғаға беру туралы шарттың нөмірі мен күні көрсетілмесе;
5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарна есепке қоюды мәлiмдеген болса немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарна мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған теле-, радиоарнаның меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда есепке қоюдан бас тартады.
5. Теле-, радиоарнаның меншiк иесi есепке қою туралы куәлiктi алған күнінен бастап алты ай iшiнде теле-, радиобағдарламаларды таратуға кiрiсу құқығын сақтайды.
Теле-, радиоарнаның шығарылуын сот тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, теле-, радиоарнаның өнiмiн шығару мерзiмiн өткiзiп алған, сондай-ақ теле-, радиоарнаның өнiмiн шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайда, уәкiлеттi органның шешiмiмен теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп танылады.
6. Теле-, радиоарнаның меншiк иесi ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ теле-, радиоарнаның аты өзгерген жағдайларда ол қайта есепке қойылуға тиіс.
18-бап. Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiште:
1) тармақша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) теле-, радиоарна меншiк иесiнің-жеке тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, теле-, радиоарна меншiк иесiнің-заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;
2) жеке және ретрансляцияланатын хабар таратуының орташа тәулiктiк көлемi көрсетiлген теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты көрсетiлуге тиiс.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Өтінішке:
1) трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы мiндеттеме;
2) теле-, радиоарнаның меншiк иесiнiң кiретiн есiгi бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға, оның iшiнде:
телерадио хабарларын таратудың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған (студиялық, аппараттық, қосалқы) арнайы үй-жайларға;
шығармашылық (редакциялық) персоналын орналастыруға арналған үй-жайларға;
әкiмшiлiк-басқару персоналына арналған үй-жайларға мүлiктiк құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысаны қоса тіркеледі.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1-бап. Шетелдік теле-, радиоарналардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі
1. Телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында тарататын шетелдік теле-, радиоарналар уәкілетті органда міндетті есепке қойылуға жатады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлғаны міндетті мемлекеттік тіркетуді немесе шетелдік заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) есептік тіркетуді жүргізеді.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жарғылық капиталында толық немесе ішінара мемлекеттік акциялар (қатысу үлестері, пайлар) пакеті бар Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелерінің, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалардың қызметі Қазақстан Республикасының аумағында жарғылық капиталына шетелдік заңды тұлғалар акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) пакеті жиырма пайыздан аспай қатысатын заңды тұлғаны құра отырып жүзеге асырылады.
Мыналар:
1) сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар;
2) тағайындалу кезінде заңда белгіленген тәртіппен алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы бар азаматтар;
3) шетелдіктер не азаматтығы жоқ адамдар;
4) өздерінің кінәсінен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешімімен тоқтатылған, бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде көрсетілген заңды тұлғаның басшысы және (немесе) теле-, радиоарнаны эфирге дайындауды және оның шығуын жүзеге асыратын адам (редактор) бола алмайды.
19-бап. Уәкілетті органда шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою
1. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды шетелдік теле-, радиокомпаниялардың өкілдері есепке қою туралы куәлік алуға өздері берген осы Заңның 20-бабының талаптарына жауап беретін өтініштің негізінде жүзеге асырады.
3. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік алуға өтініш келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган өтініш берушіге шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік береді не осы Заңның 21-бабында көзделген негіздер бойынша оны беруден бас тартады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-тармақтың бірінші бөлігі 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою олардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптаудан кейін жүзеге асырылады.
Діни бағыттағы шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін дінтану сараптамасынан кейін жүзеге асырылады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою теле-, радиоарнаның меншік иесі ауысқан не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, аты, негізгі тақырыптық бағыты өзгерген, Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рәсімінен өткен жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрылған жағдайда жүзеге асырылады.
6. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiш
1. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы өтiнiште:
1) теле-, радиоарнаның меншiк иесi - жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса), тұрғылықты мекенжайы, теле-, радиоарнаның меншiк иесi - заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;
2) теле-, радиобағдарламалардың тiлi (тiлдерi);
3) теле-, радиоарна хабарын тарату кестесі;
4) теле-, радиоарнаның негізгі тақырыптық бағыты;
5) теле-, радиоарна бас редакторының (редакторының) тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса);
6) теле-, радиоарнаның заңды мекенжайы;
7) теле-, радиокомпанияның Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау туралы міндеттемесі көрсетілуге тиiс.
2. Өтiнiшке:
1) жеке тұлғалар үшiн - теле-, радиоарнаның меншік иесі болып табылатын шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспортының немесе басқа құжатының көшірмесі, мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармасын нотариат куәландырған, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) заңды тұлғалар үшiн - сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекет заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын құжат;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) немесе шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалының (өкілдігінің) есептік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама қоса беріледі.
3. Теле-, радиоарнаны есепке қою кезiнде өзге талаптар қоюға тыйым салынады.
21-бап. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюдан бас тартудың және шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті кері қайтарып алудың негіздері
1. Уәкілетті орган шетелдік теле-, радиокомпания өкіліне шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою туралы куәлік беруден:
1) өтініш мазмұны осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес келмейтін болса;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алым төленбеген болса;
3) шетелдік теле-, радиоарнаның материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, экстремизмдi немесе терроризмді, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты насихаттауды және үгiттеуді, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино- және бейнеөнiмдердi, сондай-ақ суицидті насихаттайтын ақпаратты қамтитын болса;
4) дінтану сараптамасы нәтижелері бойынша теріс қорытынды болса;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) шетелдік теле-, радиоарна өнімдеріне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында оны таратуға тыйым салу туралы сот шешімі болса;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) осы Заңның 20-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) немесе филиалдың (өкілдіктің) есептік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама ұсынылмаған болса, бас тартады.
2. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюдан бас тарту кезінде шетелдік теле-, радиокомпания өкіліне дәлелді бас тарту жазбаша түрде беріледі.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Егер шетелдік теле-, радиоарна Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаның қызметін тоқтатқан немесе жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрмай, осы Заңның 18-1-бабының 2-тармағында көзделген филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарған жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті кері қайтарып алады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шетелдік теле-, радиоарна Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайларда, уәкілетті орган есепке қою туралы куәлікті сот тәртібімен кері қайтарып алады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Егер шетелдік теле-, радиоарнадан есепке қою туралы куәлік кері қайтарып алынған жағдайда, уәкілетті орган телерадио хабарларын тарату операторларына Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарнаның трансляциясын және (немесе) ретрансляциясын шектеу жөнінде шаралар қабылдау туралы нұсқама шығарады.
4. Сот шетелдік теле-, радиоарна тарататын ақпаратты осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің талаптарына қайшы келеді деп таныса, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарнаның таратылуы тоқтатыла тұрады не тоқтатылады.
4-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
22-бап. Телерадио хабарларын тарату субъектілері
Теле-, радиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары және теле-, радиобағдарламаларды жасаушылар Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын тарату субъектілері болып табылады.