Сот жүйесінің шығыстары өткен қаржы жылы үшін республикалық бюджетте белгіленген барлық мемлекеттік органдардың 001-бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстарының жалпы сомасының кемінде алты жарым пайызын құрайды.
3. Республикалық бюджетті нақтылау, республикалық бюджетті түзету немесе секвестр жүргізу нәтижесінде барлық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстардың жалпы сомасы төмендеген жағдайда республикалық бюджетте тиісті жоспарлы кезеңге белгіленген сот жүйесіне арналған шығыстардың мөлшері азайтуға жатпайды.
4. Республикалық бюджетте тиісті жоспарлы кезеңге белгіленген сот жүйесіне арналған шығыстар секвестрлеуге жатпайды.
Ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық бюджетті нақтылау, түзету кезінде республикалық бюджетте тиісті жоспарлы кезеңге белгіленген сот жүйесіне арналған шығыстар азайтуға жатпайды.
Сот жүйесінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген ағымдағы әкімшілік шығыстар лимиті белгіленбейді.
5. Сот жүйесінің бюджетін шығыстардың деңгейлері мен бағыттары бойынша бөлу өзі бекітетін регламентке сәйкес Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысында бекітіледі.
6. Сот жүйесінің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік өтінімі республикалық бюджет жобасына өзгерістер жасалмай енгізіледі.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен сот жүйесінің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік өтініміне Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкестігі мен есеп-қисаптардың дұрыстығына қорытынды дайындайды.
7. Халықаралық кеңестің қызметін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
8. Уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен құрылатын Республикалық бюджет комиссиясының мүшесі болып табылады.
5-бөлiм. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
58-бап. Күшi жойылды деп танылған заң актілері
Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1. «Қазақ ССР-iнiң сот құрылысы туралы» 1990 жылғы 23 қарашадағы Қазақ ССР-ның Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1990 ж., № 48, 443-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1992 ж., № 8, 206-құжат; № 11-12, 293-құжат; 1993 ж., № 8, 161-құжат; 1995 ж., № 23, 140-құжат).
2. «Қазақ ССР-iнiң сот құрылысы туралы» Қазақ ССР Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы» Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң 1990 жылғы 23 қарашадағы қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1990 ж., № 48, 444-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қызметiнiң ұйымдық мәселелерi туралы» 1994 жылғы 7 ақпандағы № 1545 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлер жинағы, 1994 ж., № 6, 62-құжат).
4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы соттары судьяларының материалдық және әлеуметтiк қамсыздандырылу деңгейiн арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» 1994 жылғы 18 сәуірдегі № 1670 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлер жинағы, 1994 ж., № 18, 182-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының төменгi соттарын құру тәртібі туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2125 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлер жинағы, 1995 ж., № 10, 113-құжат).
6. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының соттары туралы» 1995 жылғы 20 қазандағы № 2581 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1995 ж., № 21, 128-құжат; № 22, 134-құжат).
7. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2694 конституциялық заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 147-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 78-құжат; № 11, 156-құжат; № 13-14, 194-құжат; 1999 ж., № 4, 100-құжат; № 23, 915-құжат; № 10, 231-құжат).
59-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу және судьялар қызметiнiң онымен байланысты ерекшелiктерi
1. Осы Конституциялық заң тиiстi заңдардың қабылдануына қарай, бiрақ 2001 жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiлетiн 11 баптың 2-тармағын, 13-бапты, 18-баптың 2-тармағын, 19-бапты, 30-бапты және 36-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiн қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қызметке тағайындалған немесе сайланған Республика соттарының қызмет етiп жүрген төрағалары мен судьялары өз өкiлеттiктерiн сақтайды.
3. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қызметке сайланған немесе тағайындалған сот төрағаларының бесжылдық өкiлеттiк мерзiмi қызметке сайланған немесе тағайындалған сәттен бастап есептеледi.
4. Қазақстан Республикасы облыстық, оларға теңестірілген соттарының және Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңмен көзделген Қазақстан Республикасы соттарының алқалары құрылғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайды.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
5. 2019 жылғы 1 қаңтар - 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде отставкаға шыққан және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған судьялар үшін осы Конституциялық заңның 35-бабының 2-тармағында көзделген бiржолғы жәрдемақы мөлшері 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыста болатын еңбекке ақы төлеу мөлшерінен айқындалады.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
6. Осы Конституциялық заңның 35-бабы 1-1-тармағының күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін судья өкілеттігін тоқтатқан адамдарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының