2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ұйымдардың соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне басшылық етеді;
3) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, азаматтар мен басқа да адамдардың мұқтажын қанағаттандыруға бағытталған шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының Президентіне төтенше мемлекеттік бюджетті ұсынады және оның атқарылуын қамтамасыз етеді;
5) соғыс жағдайы шараларын материалдық-техникалық, еңбек және басқа да ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
6) Қазақстан Республикасы Парламентінің агрессия жасаған мемлекетпен (мемлекеттер тобымен не коалициясымен) халықаралық шарттардың күшін жоюы үшін оларды өз құзыреті шегінде ұсынады;
7) азаматтық және аумақтық қорғанысқа басшылық етеді, жергілікті атқарушы органдарға азаматтық қорғаныс, аумақтық қорғаныс іс-шараларын, сондай-ақ аумақты Қазақстан Республикасының қорғанысы мүдделерінде жедел жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар белгілеп береді;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдарды және ұйымдарды соғыс уақытының құрылымы мен штаттарына көшіруді ұйымдастырады;
9) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды, ұйымдар мен халықты құлақтандыру жүйесін ұйымдастырады;
10) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2. Осы баптың 1-тармағы 1) және 3) тармақшаларының ережелері соғыс жағдайы кезеңінде де, ол енгізілгенге дейін де іске асырылуы мүмкін.
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды
10-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары соғыс жағдайы кезеңінде:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің және ұйымдарының соғыс жағдайы шараларын орындауын қамтамасыз етеді;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестерін құрады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаныс кеңестері туралы ережеге сәйкес қызметін жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бағынады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңесіне тікелей басшылық ету тиісті әкімге жүктеледі.
4-тарау. Соттар мен прокуратура органдарының соғыс жағдайы кезеңіндегі қызметі
11-бап. Соттар мен прокуратура органдарының соғыс жағдайы енгізілген аумақтағы қызметі
1. Соғыс жағдайы енгізілген аумақта Қазақстан Республикасының Конституциясында және конституциялық заңында белгіленген соттар жұмыс істейді.
2. Соғыс жағдайы енгізілген аумақтағы прокуратура органдарының қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. Азаматтардың және басқа да адамдардың, ұйымдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі міндеттері
12-бап. Азаматтардың және басқа да адамдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі міңдеттері
1) Азаматтар және басқа да адамдар Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Заңнын, өзге де нормативтік құқықтық актілердің және Қазақстан Республикасы бекіткен шарттардың соғыс жағдайы мөселелері жөніндегі талаптарын орындауға міндетті.
2. Соғыс жағдайы енгізілген аумақтағы азаматтар мен басқа да адамдар:
1) соғыс жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындауға және оларға жәрдемдесуге;
2) тұрып жатқан жеріндегі әскери баскару органдарына және мемлекеттік органдарға шақырту бойынша келуге;
3) мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Казақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарын орындауға;
4) Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қорғаныс сипатындағы жұмыстарға, қарсылас жақтың қару қолдануының салдарын жоюға, зақымданған, қираған объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіруге, сондай-ақ, өртке, эпидемияға, эпизоотияға қарсы күреске қатысуға;
ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өздерінің меншігіндегі қорғаныс қажетіне керекті мүлікті беруге;
6) өздеріне Казақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
13-бап. Үйымдардың соғыс жағдайы кезеңіндегі міндеттері
1. Соғыс жағдайы енгізілген аумақтағы ұйымдар соғыс жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындауға және оларға жәрдемдесуге міндетті.
2. Ұйымдар соғыс жағдайы кезеңінде:
ҚР 2005.08.07 № 70-III Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Қазакстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өздерінің меншігіндегі қорғаныс қажетіне керекті мүлікті беруге;
2) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шарттар негізінде мемлекеттің тапсырмаларын (тапсырыстарын) бірінші кезектегі тәртіппен орындауға;
3) өздеріне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
14-бап. Қазақстан Республикасының соғыс жағдайы жөніндегі заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Жеке және заңды тұлғалар соғыс жағдайы жөніндегі заңдарды бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
6-тарау. Қорытынды ережелер
15-бап. Халықаралық міндеттемелердің орыңдалуы
Қазакстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде соғыс жағдайы енгізілген ретте Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туыңдайтын Республиканың міңдеттемелеріне сәйкес шаралар қабылдайды.
16-бап. Соғыс жағдайының күшін жою
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы немесе оның жекелеген жерлеріндегі соғыс жағдайы оны енгізуге негіз болған әрекеттер тоқтағаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен күшін жояды.
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Соғыс жағдайын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған және азаматтар мен басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ ұйымдардың құқықтарын уақытша шектеуге байланысты нормативтік құқыктық актілер соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде ғана қолданылады және Казақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен күшін жоюға тиіс.
17-бап. Осы Заңды қолданыска енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданыска енгізіледі.
Қазақстан Республикасының