145. Іс-шаралар жоспарларының және Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы тапсырмаларының, оның ішінде хаттамалық тапсырмалардың нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін:
1) тапсырманың толық және сапалы орындалуы;
2) Үкіметтің тиісті қаулысының немесе Премьер-Министр өкімінің не өзге нормативтік құқықтық актінің қабылдануы;
3) мемлекеттік органдардың ақпарат (есептер) енгізуі;
4) туындаған объективті жағдайларға байланысты орындаудың мүмкін болмауы;
5) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының басқа тапсырмасын қайталауы негіз болады.
Бұл ретте құжатты тұтастай немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері есептің орындалу толықтығы мен сапасы мәніне талдау жүргізеді және Үкіметтің немесе Кеңсе басшылығының тиісті анықтамасын және (немесе) қарарын дайындайды. Есептерге талдау жүргізу мерзімі олар Кеңседе тіркелген күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
146. Премьер-Министрдің орынбасарлары, сондай-ақ Кеңсе Басшысы осы Регламенттің талаптарын, оның ішінде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде Премьер-Министрге ұсыныстар енгізе алады.
147. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларын, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкіметтің тапсырмаларын уақтылы орындамау, сапасыз орындау, сондай-ақ орындау мерзімін (екі және одан көп рет) ауыстыру фактілері Кеңсе Басшысында орындаушылық тәртіп жөнінде өткізілетін кеңестерде мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларын (олардың өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды) немесе аппарат басшыларын шақыра отырып қаралады.
148. Мемлекеттік органдардың басшылары Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Кеңседе бақылауға алынбаған тапсырмаларды орындау жөнінде ақпарат алу қажет болған кезде Кеңсе Басшысы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
149. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын орындау жөніндегі жауаптардың жобаларын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жауапты орындаушыларымен алдын ала жұмыс тәртібімен келіседі.
150. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне әзірлеуші мемлекеттік орган жіберетін ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің актісінде белгіленген актілер мен тапсырмалардың, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Баяндалған мәліметтердің дұрыстығы үшін әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.
151. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке және тікелей тапсырмаларын орындау жөніндегі есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) не Премьер-Министрдің осы тапсырмаларды орындау тапсырылған орынбасары қол қояды.
152. Үкімет немесе Кеңсе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасының Президенті актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы жіберетін есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) не Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыты (мәселесі) бойынша орынбасары немесе Кеңсе Басшысы қол қояды. Құқықтық сипаттағы мәселелер болған кезде, есептік ақпарат Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасарымен алдын ала келісіледі.
153. Мемлекет басшысының, Парламент депутаттарының, Бас Прокурордың, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының атына Премьер-Министр жіберетін жауаптардың жобаларын, сондай-ақ Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен мәжілістер хаттамаларының жобаларын Премьер-Министрдің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығы бір тәуліктен асырмай қарайды.
154. Нормативтік құқықтық жарлықтардың әзірлеушісі болып табылатын мемлекеттік органдар тұрақты негізде мониторинг жүргізеді және жартыжылдықтың соңғы айының отызыншы күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда тиісті жарлықтарға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар жібереді.
155. Кеңсе Басшысының Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларының, сондай-ақ Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалу мәніне тексеру жүргізуге тапсырма беруге құқығы бар.
156. Кеңсе Басшысы, оның орынбасарлары осы Регламент талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен регламент 11-тараумен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 11-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Меморандумдар дайындау және бекіту
ҚР Үкіметінің 2015.24.04. № 288 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 157-тармақ жаңа редакцияда
157. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін әрбір мемлекеттік орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары тиісті қаржы жылына арналған меморандумды әзірлейді, оған мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі қол қояды және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен 158-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
158. Меморандум мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімінің кезекті қаржы жылына арналған республикалық/жергілікті бюджетте көзделген бюджет қаражаты шегінде түйінді нысаналы индикаторларға басым тәртіппен қол жеткізуді қамтамасыз ету ниетін растайтын құжат болып табылады.
Меморандумды әзірлеу ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін өткен жылғы түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалауды ескере отырып жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен 159-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
159. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумдарын әзірлеу және бағалау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.05.03. № 213 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.24.04. № 288 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-қосымша
_______________________________________________
жобаның атауы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | |
2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | |
3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар | |
4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | |
5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі | |
6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | |
7. | Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | |
8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері | |
9.** | Өзге де мәліметтер | |
10.*** | Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі | |
11.** | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат | |
12.** | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | |
13. | Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса) | |
14. | Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат | |
* Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесін ескеріп, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша.
** «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таратылуы шектелген мәліметтерді және/немесе қызметтік ақпаратты қоспағанда.
Мемлекеттік органның
бірінші басшысы _____________/______________________
қолы қолдың толық жазылуы
__________________
Күні
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 1-1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 1-1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен 1-1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министріне
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ____ жылғы «____» ___ мәжілісіне
Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулысының жобасы бойынша
АНЫҚТАМА
«______________________________________________________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
«______________________________________________________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.
Әзірлеуші орган - ________________________________________________________________________________________.
(жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)
Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:
________________________________________________________________________________________________________
(Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актісі тармағының нөмірі,
________________________________________________________________________________________________________
(қабылданған күні мен атауы не тапсырманы кім бергені, оның нөмірі мен күні, бастамашылық жасалуы көрсетіледі)
Жобада мыналар көзделеді (Жобаны қабылдау неге негізделген):
Жобаны қабылдау ___________________________________________________________________________ мүмкіндік береді.
Әзірлеушінің ақпараты бойынша жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді (жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары, республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) бюджет қаражатын талап етеді және/немесе республикалық бюджеттен және/немесе басқа да қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы бөлуді талап етеді (талап етпейді).
Жоба Қаржы (министр (вице-министр) - тегі және аты-жөні), Әділет (министр (министрдің орынбасары) - тегі және аты-жөні), Ұлттық экономика (министр (министрдің орынбасары) - тегі және аты-жөні) министрліктерімен, өзге де мемлекеттік органдармен келісілді.
Премьер-Министр Кеңсесінің жобаға ескертулері жоқ (мынадай ескертулері бар). Заң бөлімінің қорытындысы қоса беріліп отыр.
Айтылғандардың негізінде жобаны Үкімет мүшелерінің дауыс беруіне шығаруға болады (пысықталған жағдайда «пысықталған редакциясында» деп көрсетіледі) немесе жобаны қайтарған немесе жобаны пысықтауға жіберген жөн деп пайымдаймыз.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 1-2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министріне
«_____________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы
Үкіметінің мәжілісінде қарау қорытындылары туралы
«__________________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы____________жылғы «___» Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде қаралды.
Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:
____________________________________________________________________
(жобаға берілген анықтамадан тиісті деректер көрсетіледі)
Үкімет мәжілісіне дайындалған жоба бойынша анықтама қоса беріліп отыр
Жоба бойынша (Министр (вице-министр)__________________________
(аты-жөні)
баяндама жасады.
Талқылау қорытындылары бойынша жоба дауыс беруге енгізілді.
Жобаны қабылдау үшін___Үкімет мүшесі жақтап, ____Үкімет мүшесі қарсы болып дауыс берді,____Үкімет мүшесі дауыс берген жоқ.
Жоба қол қоюға енгізіліп отыр (пысықталған жағдайда «пысықталған редакциясында» деп көрсетіледі).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы
бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін
ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ
1.__________________________________________________
жобаның атауы
2. Дауыс беру нәтижелері:
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі _________________.
(қолы)
Р/с № | Үкімет мүшесінің лауазымы | Дауыс берді:* | Дауыс берген жоқ |
жақтағандар | қарсы болғандар |
1. | | | | |
2. | | | | |
3. | | | | |
4. | | | | |
5. | | | | |
6. | | | | |
7. | | | | |
8. | | | | |
9. | | | | |
10. | | | | |
11. | | | | |
12. | | | | |
13. | | | | |
14. | | | | |
15. | | | | |
16. | | | | |
17. | | | | |
| | | | |
| | | | |
| Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы | | | |
* Тиісті сандар қойылатын «Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы» деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың «Дауыс берді» және «Дауыс берген жоқ» деген бағандарында тиісінше «+» немесе «-» белгілері қойылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
__________________________
Аты-жөнi
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіндегi
сараптама нәтижелері бойынша
___________________________________________________________
жобаның атауы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрi - Кеңсе) ____________________________________________________
резидент немесе Үкімет кесімінің атауы,
____________________________________________________________________
тармағының нөмірі, оның қабылданған күні не тапсырманы кім
________________________________________ сәйкес немесе бастамашылық бергені, оның нөмірі мен күні көрсетіледi
жасау тәртібімен ___________________________________________________
жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы енгізген ___________________________________________________________
жобаның атауы
қаулының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.
Осы қаулы жобасын (бұдан әрі - жоба) қабылдау қажеттігi _____________________________ негізделген.
негіздемесі көрсетіледi
Жобаны дайындау кезінде Үкімет Регламентінің талаптары сақталған (сақталмаған) (егер қандай да бір бұзушылықтар бар болса, онда олар Регламенттің нақты тармақтарына сілтеме көрсетіле отырып жазылады).
Жобаны қабылдау үшін_____, қарсы _____Үкімет мүшесі дауыс берді, ____ Үкімет мүшесі дауыс берген жоқ.
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық
және/немесе құқықтық салдар________________________________________.
ықтимал салдарлар көрсетіледi
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) _______ теңге бюджет
қаражатын талап етеді және/немесе республикалық бюджеттен және/немесе басқа қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы бөлудi талап етеді (талап етпейді).
Жобаны Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сараптау нәтижелерi бойынша мазмұндық және құқықтық сипаттағы, оның ішінде заңдық техника бойынша ескертулер (ескертулер егжей-тегжейлі жазылады) болды (болған жоқ), оларды (мұндай факт болған кезде) әзірлеушi жобаны пысықтау кезінде жойды (жойған жоқ).
Бұдан басқа,__________________________________________________
қажет болған кезде басқа қосымша мәліметтер
келтіріледi
Жобаны қабылдау_______________________________________________
____________________________________________________________________
жобаны қабылдаудан күтілетін нәтижелер және болжанатын тиімділігі
______________ мүмкіндік береді.
көрсетіледi
Баяндалғанға байланысты жобаны қабылдауға (кері қайтаруға не оны пысықтауға немесе қосымша келісуге жіберуге) болады деп пайымдаймыз.
Премьер-Министр
Кеңсесінің Басшысы _________/________________________
қолы қолдың толық жазылуы
_____________
Күні
ҚР Үкіметінің 2009.04.06. № 822 Қаулысымен 5-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1524 Қаулысымен 5-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.24.04. № 288 Қаулысымен 5-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
5-қосымша
Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
АНЫҚТАМА ПАРАҚ
1 | Заң жобасының бастамашысы (органның толық атауы) | |
2 | Заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамы | |
3 | Заң жобасы бойынша бас комитет | |
4 | Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні | |
5 | *Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты комитеттерінің заң жобасы бойынша қорытындылары | |
6 | *Заң жобасының ғылыми сараптамасы | |
*Ғылыми сараптама қорытындысының қабылданған және қабылданбаған ескертулері | |
*Ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі | |
7 | *Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары | |
*Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының қабылданған және қабылданбаған ескертулері | |
*Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының ескертулерін қабылдамау себептерінің негіздемесі | |
7-1. | Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса) | |
8 | *Заң жобасын пысықтау процесінде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар | |
9 | Заң жобасы бойынша баяндама жасау кімге тапсырылды | |
10 | Балама жобалардың бар-жоғы | |
11 | Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын бірінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері | |
12 | Заң жобасын пысықтау және оны екінші оқылымға дайындау тапсырылған бас комитет (комиссия), басқа орган | |
13 | Заң жобасын халықтық талқылауға шығару және оның мерзімі | |
14 | Комитеттің заң жобасы бойынша қорытындысы (екінші оқылымның алдында) | |
15 | Қазақстан Республикасы Парламентінің заң жобасын екінші оқылымда қараған күні және оның нәтижелері | |
16 | Заңның күшіне енетін уақыты | |
17 | Өзге де белгілер | |
*Ескертпе: ақпараттың көлемі едәуір болған жағдайда Анықтама параққа жеке қосымшамен ресімдеуге жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 5-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің Регламентіне
5-1-қосымша
Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша, сондай-ақ Үкімет бастамашы болған заң жобасына
Парламент депутаттары енгізген түзетулер бойынша Үкімет қорытындысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру
нәтижелерін есептеу парағы
1. Заң жобасының атауы
Р/с № | Үкімет мүшесі | Дауыс берді:* | Дауыс берген жоқ |
Жақтағандар | Қарсы болғандар |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы | | |
| | | | |
2. Дауыс беру нәтижелері: _____________________________________
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі _________________.
(қолы)
* Тиісті сандар қойылатын «Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы» деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың «Дауыс берді» және «Дауыс берген жоқ» деген бағандарында тиісінше «+» немесе «-» белгілері қойылады.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 5-2-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен 5-2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің Регламентіне
5-2-қосымша
Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып
бекітуге жіберілетін заңнамалық актілер бойынша қорытынды
нысаны
1. Заңнамалық актіні қабылдау негіздемесі.
2. Заңнамалық актіні қабылдау мақсаттары.
3. Заңнамалық актіні іске асырудың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары.
4. Депутаттардың түзетулері туралы мәліметтер.
5. Депутаттардың түзетулері бойынша Үкіметтің қорытындылары туралы мәліметтер.
6. Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту туралы мәліметтер.
7. Қабылданған заңнамалық актінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық актілерге, сондай-ақ Парламент қабылдаған, бірақ Мемлекет басшысы қол қоймаған немесе қолданысқа енгізілмеген заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы ақпарат.
8. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің қолын қойып бекіту мүмкіндігі туралы қорытынды.
ҚР Үкіметінің 2013.05.03. № 213 Қаулысымен 6-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
6-қосымша
Қабылданған заңдардың іске асырылуы туралы
20__ жыл бойынша ақпарат
______________________________________
(Заңның атауы, күні, №)
___________________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тиісті өкімінің атауы, күні, №)
Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | Орындау сатысы (күні, шығыс № көрсетілген егжей-тегжейлі ақпарат) |
| | | | |
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 7-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
7-қосымша
Нормативтік құқықтық (құқықтық) актілерінің жобасына
«Нормативтік құқықтық (құқықтық) актісінің атауы»
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ