екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген салықтық тексерулер үшін тоқтата тұру мерзімі салықтық тексеру мерзіміне қосылады.»;
2-тармақтың 127) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
127) мынадай мазмұндағы 636-1-баппен толықтырылсын:
«636-1-бап. Салықтық тексерудің алдын ала актісі
Осы Кодекстің 637-бабында көзделген салықтық тексеру актісі жасалғанға дейін салық органының лауазымды адамы салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс етеді.
Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн салықтық тексерудің алдын ала актiсі деп Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тексеруші жасаған салықтық тексерудiң алдын ала нәтижелерi туралы құжат түсініледі.
Бұл ретте салық төлеушi салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беруге құқылы.
Осы баптың ережелері қолданылатын салық төлеушiлердiң санаттарын, сондай-ақ салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс етудің, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық берудің, сондай-ақ осындай қарсылықты қараудың тәртiбі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.»;
128) 644-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) салық төлеушінің жауапты адамы - салық төлеуші не салық төлеушімен еңбек қатынасында тұрған немесе сенімхат, шарт негізінде немесе өзге де заңды негізде оның атынан әрекет ететін, бақылау-касса машинасын қолдана отырып, сатып алушымен (клиентпен) ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын және оның жұмыс істеуіне жауап беретін адам;»;
129) 645-баптың 1-тармағында:
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі қызмет түрлерінің тізбесін белгілейді, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар оларды жүзеге асыруы кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қызмет түрлерінің тізбесі, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыруға жатады.»;
130) 653-бапта:
5-1, 5-2, 5-3, 5-4, 5-6, 5-7 және 5-8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импортын жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалануы туралы міндеттемесін ұсынады.
5-2. Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесіне ұсынылады.
5-3. Импорттаушы Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін ұсынбаған жағдайда импорттаушыға есепке алу-бақылау маркалары берілмейді.
5-4. Импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесінің уақытша ақша орналастыру шотына ақша салу жолымен, сондай-ақ импорттаушының таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің кез келгені:
а) банк кепілдігі;
б) кепілгерлік;
в) мүлік кепілі арқылы қамтамасыз етіледі.»;
«5-6. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шоты Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаның ақша салуына арналған.
Уақытша ақша орналастыру шотына ақша салу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
5-7. Импорттаушы Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде ақшамен қамтамасыз етілген есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындамаған жағдайда уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесі бес жұмыс күні өткеннен кейін уақытша ақша орналастыру шотынан ақшаны бюджет кірісіне аударады.
5-8. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) импорттаушының Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындағаны туралы есебі ұсынылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн уәкілетті орган бекiтедi;»;
2-тармақтың 131) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
131) 666-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«666-бап. Жалпы ережелер
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және қарау осы Кодекстің 667 - 675-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
2. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.»;
2-тармақтың 132) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
132) 667-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушiнің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушiге (салық агентіне) хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органға берiледi.
Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексеруді жүргiзген және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушiнің (салық агентiнің) қарсылықтарын қараған салық органдарына шағымның көшiрмесiн жiберуге тиiс.
Уәкілетті органға шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:
1) өзi келіп ұсыну тәртібімен - уәкілетті органның шағымды алған күні;
2) поштамен - поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.»;
2-тармақ және 3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішхаты бойынша шағымды қараушы уәкілетті орган бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
3. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол бар болған жағдайда) еңбекке уақытша жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішхатын салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішхатты осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырады.
5. Уәкілетті органға шағым берген салық төлеуші (салық агенті) осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды кері қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.»;
2-тармақтың 133) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
133) 668-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шағым берілетін уәкілетті органның атауы;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) актінің және шағым жасалған хабарламаның көшірмелері;»;
2-тармақтың 134) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
134) 669-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган:»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті орган шағым келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнi (салық агентiн) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) сотқа жүгіну фактісі анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабардар етеді.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті органның шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеушi (салық агентi) жол берiлген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстiң 667-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.»;
2-тармақтың 135) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
135) 670-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«670-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау тәртібі
1. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша - шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша, осы Кодекстің 672-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәжді шешiм шығарылады.
2. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық тексеру, сондай-ақ осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен қайта тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.
3. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымданатын мәселелер шегінде қаралады.
4. Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында көрсетілмеген құжаттарды ұсынған жағдайда салық органы мұндай құжаттардың дұрыстығын тақырыптық тексеру барысында анықтауға құқылы.
5. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда:
1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушiнің (салық агентiнің) қарсылығын қараған салық органдарына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салулар жіберуге;
2) мемлекеттік органдарға, шетел мемлекеттерінің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салулар жіберуге;
3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесулер өткізуге;
4) салықтық тексеру жүргізуге қатысқан және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушiнің (салық агентiнің) қарсылығын қараған салық органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсініктеме сұратуға құқылы.
6. Уәкілетті органның шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын адамдарға қандай да бір ықпал етуіне тыйым салынады.»;
2-тармақтың 136) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 136) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
136) 671-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«671-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау үшін уәкілетті орган Апелляциялық комиссия құрады.
Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.
Шағымды қарау аяқталған соң уәкілетті орган Апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып, уәждi шешiм шығарады.
2. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама - өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
2) тексеру нәтижелері туралы шағым жасалған хабарламаның толық немесе оның бір бөлігінің күші жойылсын.
3. Шағым бойынша шешім жазбаша нысанда салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiберіледi немесе қолын қойғызып табыс етіледі, ал көшiрмесi салықтық тексеру жүргізген және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушінің (салық агентінің) қарсылығын қараған салық органдарына жіберіледi.
4. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда салықтық тексеру жүргізген салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 607-бабында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.
5. Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған уәкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.»;
2-тармақтың 137) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
137) 672-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту
1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:
1) тақырыптық және қайта тақырыптық тексеру жүргізілгенде - уәкілетті орган аяқталған тексеру актісін алған күннен бастап он бес жұмыс күніне;
2) мемлекеттік органдардың, шетел мемлекеттерінің тиісті органдарының және өзге де ұйымдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мұндай органдарға және ұйымдарға сұрау салу жіберілгенде - жіберілген әрбір сұрау салу бойынша жауап алынған күннен бастап он бес жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.
2. Уәкілетті орган тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұратыны туралы салық төлеушіні (салық агентін) тексеру тағайындалған және (немесе) сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабардар етеді.
3. Осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:
1) салық төлеуші (салық агенті) шағымға толықтыруларды ұсынғанда - он бес жұмыс күніне ұзартылады.
Бұл ретте, осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шағымға кейіннен толықтырулар берудің әрбір жағдайында осы тармақшада көрсетілген мерзімге ұзартылады;
2) уәкілетті орган шағым жасалған мәселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда - тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда уәкілетті орган салық төлеушіге (салық агентіне) шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді.»;
2-тармақтың 138) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
138) 673-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«673-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны
Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімінде:
1) шешім қабылданған күн;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жіберілген уәкілетті органның атауы;
3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы;
4) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
5) тексеру нәтижелері туралы шағым жасалған хабарламаның қысқаша мазмұны;
6) шағымның мәні;
7) шағым бойынша шешім шығару кезінде уәкілетті орган басшылыққа алған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме көрсетілуге тиіс.»;
2-тармақтың 139) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
139) 674-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«674-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдарлары
Уәкілетті органға немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым (арыз) беруі тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігіндегі орындалуын тоқтата тұрады.
Уәкілетті органға шағым берген кезде тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігіндегі орындалуы шағым бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Салық төлеуші (салық агенті) сотқа арыз берілген жағдайда тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігіндегі орындалуы сот арызды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.»;
2-тармақтың 140) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
140) 675-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«675-бап. Тақырыптық тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі
1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.
2. Тақырыптық тексеру тағайындау туралы құжат тексерілуге жататын мәселелер көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.
Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүргізу, шағым жасалған салықтық тексеруді жоғары тұрған салық органы жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырылмайды.
3. Тақырыптық тек серу осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі. Бұл ретте тақырыптық тексеру салық органы осындай тексеру жүргізу туралы құжатты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.
4. Деректер жеткілікті айқын болмаған немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты тақырыптық тексерудің барысында жаңа мәселелер туындаған кезде уәкілетті орган қайта тексеруді тағайындауға құқылы.
5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім тақырыптық тексерудің және (немесе) қайта тақырыптық тексерудің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган мұндай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік уәжді болуға тиіс.»;
2-тармақтың 141) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
141) 94-тарау алып тасталсын.
3. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат):
3-тармақтың 1) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) мазмұнында:
19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-тарау. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі»;
174-баптың тақырыбы алып тасталсын;
181 және 182-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«181-бап. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны
182-бап. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдарлары»;
2) 8-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тауарлар мен көлік құралдары өткізілетін өзге де орындарда радиациялық бақылау жүргізуді;»;
3-тармақтың 3) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 16-баптың 3-тармағы 5) тармақшасындағы «импорттаушылар бойынша ақпарат береді.» деген сөздер «импорттаушылар бойынша;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде Апелляциялық комиссия мүшелеріне ақпарат береді.»;
4) 40-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«тексеріп қарау орны периметрі бойынша сары түсті бояумен белгіленген (сызылған) болуы және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;»;
5) 44-баптың бірінші бөлігі 8) тармақшасындағы «хабардар етуге міндетті.» деген сөздер «хабардар етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) уақытша сақтау қоймасына орналастыру үшін тауарларды көлік құралдарынан түсіру қажет болған кезде қоймаға орналастыру мақсаты үшін тасымалдаушы түсіру жұмыстарының басталуын тауарға ілеспе құжаттарды табыс еткен кезден бастап төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде қамтамасыз етуге міндетті.»;
6) 47-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«тексеріп қарау орындары периметрі бойынша сары түсті бояумен белгіленген (сызылған) болуға және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;»;
7) 62-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кеден органына өтініш жасалған күнге өтініш берушіде бір жыл ішінде 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 527, 534, 548, 549, 550, 551, 552, 558-баптары бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы заңды күшіне енген қаулының болмауы;»;
8) 63-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау кезінде ондағы мәліметтерді тексереді, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне заңды тұлғаның сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырған, бірақ уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы өтініш тіркелген күнге дейінгі бес жылдан аспайтын кезең үшін осы Кодекстің 211-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтау тұрғысынан, сондай-ақ өтініш берушінің осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 2), 7) және 9) тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттарына сәйкестігіне осы Кодекстің 24-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тапсырады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер бұрын көшпелі кедендік тексеру жүргізілген және осы Кодекстің 211-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптардың сақталуы тексерілген жағдайда уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге өтінішке сәйкес мұндай талаптардың сақталуын тексеру алдыңғы көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге өтініш тіркелген күнге дейін қамтитын уақыт кезеңіне ғана жүргізілетін көшпелі кедендік тексеру шеңберінде жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкiлеттi экономикалық операторында 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 527, 534, 543, 548, 549, 550, 551, 552, 558-баптары бойынша бір жыл ішінде екіден көп әкімшілік жаза қолдану туралы заңды күшіне енген қаулы болған;»;
9) 65-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдайтын көлік құралын белгілеу мақсатында, мұндай көлік құралында кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітетін танымдық белгі пайдаланылады.»;
3-тармақтың 10) тармақшасы 2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
10) 132-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар бойынша талап қоюдың өту мерзімі кедендік бақылау жүргізу, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейінгі кезеңде төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік тексеру нәтижелеріне, сондай-ақ кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезеңінде өтіп кеткен жағдайда, талап қоюдың өту мерзімі кеден органының кедендік бақылау нәтижелері бойынша шығарған шешімі орындалғанға дейін, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан, шағым (арыз) қаралғаннан кейін ұзартылады.»;