21. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 140-құжат):
2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.».
22. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-II, 147-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 7-I, 50-құжат):
27-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 11-бапты қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
2) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 11-бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:».
23. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-III, 149-құжат):
1) 1-бапта:
1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-3) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:
тексерілетін жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттарына;
пайда алушылары бейрезидент-жеке тұлғалар болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына;
Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген, шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген, пайда алушылары бейрезидент-жеке тұлғалар болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына қатысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес;»;
2-тармақта:
2) тармақшада:
алтыншы және жетінші абзацтардағы «67-1» деген цифрлар «67-2» деген цифрлармен ауыстырылсын;
18) тармақшада:
бірінші және екінші абзацтардағы «67-1» деген цифрлар «67-2» деген цифрлармен ауыстырылсын;
64) тармақшада:
бүкіл мәтін бойынша «40 еселенген», «160 еселенген» деген сөздер тиісінше «160 еселенген», «500 еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген өзге де мүлік Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген баға туралы есепте айқындалған құнды қоса алғанда, осындай мүліктің құнын растайтын және (немесе) осындай мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар болған кезде көрсетіледі.»;
5-тармақтың 2) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
2) 2, 3 және 4-баптар алып тасталсын;
3) 5-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 185-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:»;
4) 6-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 186-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:»;
5) 7-бап алып тасталсын;
6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Салық органдары активтер мен міндеттемелер туралы және кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсынған жеке тұлғаларға қатысты 2020 - 2022 жылдар бойына іріктеп салықтық тексерулер жүргізуді жүзеге асыруға құқылы емес деп белгіленсін.»;
7) 10-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. 2019 жылғы 31 желтоқсанда тіркелген салықты, ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылатын салық төлеушілер 2020 жылғы 1 қаңтарда тіркелген активтердің бастапқы құнын амортизацияның есеп айырысу сомасына азайтылған активтерді сатып алу құны ретінде айқындайды деп белгіленсін.»;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) 11-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағын, 2-тармағының 79) тармақшасын;»;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы «2017» деген цифрлар «2021» деген цифрлармен ауыстырылсын.
24. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):
24-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 16-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік қызметке кірген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке тұлғалардың декларацияларын мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуға міндетті.»;
24-тармақтың 2) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 29-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұндай жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту және сынақ мерзімін белгілеу туралы талаптар қолданылмайды.»;
3) 68-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
25. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-I, 169-құжат):
25-тармақтың 1) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 1-тармағында:
2) тармақшада:
он төртінші абзацтағы «, 451 және 568» деген сөздер «және 451» деген сөздермен ауыстырылсын;
он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтар алып тасталсын;
5) тармақшаның оныншы абзацындағы «, сондай-ақ оларды көшіру» деген сөздер алып тасталсын;
47) тармақша алып тасталсын;
56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«56) 256-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортталған жағдайда төленген салық қосылған құн салығын төлеу бойынша салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.»;»;
59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«59) 263-бапта:
1-1 және 1-2-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Егер уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтылымда техникалық қателердің туындау себебінен шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру мүмкін болмаған жағдайда, шот-фактураны жазып беру қағаз жеткізгіште жүргізіледі.
2-2. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда:
шот-фактураның нысаны;
шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;
шот-фактураларды куәландыру тәртібі;
түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшеліктері;
шот-фактураларды сақтау тәртібі көрсетіледі.
Уәкілетті орган:
электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;
электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің анықтығы;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуі үшін жауаптылықта болады.
2-3. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактурадан басқа шот-фактураның нысанын салық төлеуші осы баптың ережелерін ескере отырып, өзі дербес айқындайды.»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салық төлеушілер шот-фактурада немесе осы Кодекстің 256-бабының 2-тармағында көзделген өзге құжатта:»;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қағаз жеткізгіште жазып берілетін шот-фактурада:»;
3) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты - тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты - салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген атауы;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы көрсетілуге тиіс. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде қалыптасуына, оның ішінде іскерлік айналымдағы қалыптасуына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;
3-1) осы Кодекстің 264-1-бабында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;»;
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциздің сомасы қосымша көрсетіледі.
Осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг беруші «Салық кодексінің 78-бабы сақталмаған» деген белгісі бар шот-фактура немесе қосымша шот-фактура жазып береді.
7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура:
қағаз жеткiзгiште - айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк жеті күннен кешiктiрiлмей;
электрондық нысанда - айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Қосылған құн салығын төлеушi шот-фактураларды жазып беру кезінде:
электр энергиясын, суды, газды, жүйелік оператор көрсететін жүйелік көрсетілетін қызметтерді, көрсетілетін байланыс қызметтерiн, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, темір жол тасымалдарын, көлiк-экспедициялық көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша тасымалдаудың көрсетілетін қызметтерін, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;
есепке жазылған сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;
осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында аталған тұлғаларға бір жыл немесе бір жылдан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактура жазып беруге құқылы.
7-2. Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура:
қағаз жеткiзгiште - өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жеті күннен кешіктірілмей;
электрондық нысанда - өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.»;
14-3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық нысанда жазып берілген, түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтіндігін көрсетуге құқылы.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар шеңберінде шот-фактуралар жазып берудің ерекшеліктері осы Кодекстің 264-1-бабында белгіленген.»;
136) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:»;
үшінші абзац алып тасталсын;
жетінші абзацтағы «қоюға» деген сөз «міндетті түрде қоюға» деген сөздермен ауыстырылсын;
он жетінші абзацтағы «5 және 6-тармақтар» деген сөздер «6-тармақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
он сегізінші абзац алып тасталсын;
137) тармақша алып тасталсын;
2) 2-бапта:
25-тармақтың 2) тармақшасының екінші - жетінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақшаның қырық бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«29-1) 2004 жылғы 1 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша қалыптасқан:
бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы қолданыла отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеу түрінде мұндай адам алған кіріс түріндегі кіріс;»;
25-тармақтың 2) тармақшасының сегізінші - он үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақшаның қырық сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«29-1) 2004 жылғы 1 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша қалыптасқан:
бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы қолданыла отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеу түрінде мұндай адам алған кіріс түріндегі кіріс;»;
25-тармақтың 3) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 10-баптағы «2017» деген цифрлар «2018» деген цифрлармен ауыстырылсын;
25-тармақтың 4) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 15-баптың 1-тармағында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші - он үшінші, он бесінші, он алтыншы, он сегізінші, жиырма үшінші - жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы - отыз бірінші абзацтарын, 6) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарын, 9), 16) - 18) тармақшаларын, 20) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 21) және 22) тармақшаларын, 25) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 27) - 31) тармақшаларын, 33) тармақшасының екінші - он алтыншы, он тоғызыншы - жиырма үшінші абзацтарын, 35), 39) - 41) тармақшаларын, 42) тармақшасының үшінші, төртінші, жетінші және сегізінші абзацтарын, 43), 44), 46), 48) - 58) тармақшаларын, 59) тармақшасының төртінші, он жетінші - он тоғызыншы, жиырма үшінші - жиырма жетінші, жиырма тоғызыншы - отызыншы, қырық төртінші және қырық бесінші абзацтарын, 60) және 62) тармақшаларын, 63) тармақшасының екінші, үшінші, тоғызыншы абзацтарын, 64) - 70) тармақшаларын, 71) тармақшасының екінші, алтыншы - тоғызыншы абзацтарын, 72) - 77) тармақшаларын, 78) тармақшасының үшінші - он сегізінші абзацтарын, 79) - 88) тармақшаларын, 89) тармақшасының жетінші абзацын, 90) - 92) тармақшаларын, 93) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 94) тармақшасын, 95) тармақшасының алтыншы - он бірінші абзацтарын, 96) және 97) тармақшаларын, 98) тармақшасының екінші - төртінші, жетінші - он үшінші абзацтарын, 99) тармақшасының алтыншы - он жетінші абзацтарын, 100) - 102) тармақшаларын, 103) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 108) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және он бірінші абзацтарын, 110), 111), 113) - 120), 124) - 126) тармақшаларын, 127) тармақшасының үшінші - сегізінші абзацтарын, 128) - 132), 134) және 135) тармақшаларын, 136) тармақшасының сегізінші - он бесінші абзацтарын, 146), 149) - 165) тармақшаларын, 168) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 169) - 173) тармақшаларын, 2-тармағы 1) тармақшасының үшінші, бесінші - жиырма жетінші абзацтарын, 2), 3), 6), 8), 10), 13) және 14) тармақшаларын, 15) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 16) - 24), 26) - 47) тармақшаларын, 48) тармақшасының екінші - жиырмасыншы абзацтарын, 49), 51) - 56) тармақшаларын, 57) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 59) - 64) тармақшаларын, 3-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 4), 6) - 11), 13) - 18), 20) және 21) тармақшаларын, 5-тармағы 1) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын, 3) - 5) тармақшаларын, 7 және 10-тармақтарын, 13-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші абзацын, 3) және 6) тармақшаларын, 14-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын, 16 және 17-тармақтарын;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының он жетінші, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтарын, 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 37) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 38) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 59) тармақшасының екінші, бесінші - он алтыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, отыз бірінші - қырық үшінші абзацтарын, 61) тармақшасын, 71) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 89) тармақшасының екінші - алтыншы, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 95) тармақшасының екінші - бесінші абзацтарын, 103) тармақшасының екінші - бесінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 104) - 107) тармақшаларын, 108) тармақшасының екінші - алтыншы, оныншы, он екінші - он төртінші абзацтарын, 109) тармақшасының екінші абзацын, 121) тармақшасын, 136) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтарын, 141), 142), 147), 148), 166) және 167) тармақшаларын, 3-тармағының 12) және 19) тармақшаларын, 8, 15 және 18-тармақтарын;»;
12) тармақша алып тасталсын;
13) тармақшадағы «4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.» деген сөздер «4-тармағын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 3-тармағының 112) тармақшасын;
15) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының сегізінші - оныншы абзацтарын, 7) тармақшасын, 99) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 2-тармағы 57) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтарын, 58) тармақшасын;»;
«16) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-тармағы 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 5) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын, 34) және 36) тармақшаларын, 3-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын және 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
26. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 6, 45-құжат):
1) 1-бапта:
5-тармақта:
9) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органына хабарлама жібереді.»;
10) тармақша алып тасталсын;
9-тармақтың 2) тармақшасының үшінші, жетінші, тоғызыншы және оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) тікелей мемлекеттік кірістер органына немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама жібереді.»;
«2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген адамдар хабарлама беруге құқылы емес.»;
«4. Хабарламада көрсетілген деректер өзгерген кезде дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) мұндай өзгерiстер туралы мемлекеттік кірістер органына осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi.
5. Хабарлама «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда не өзі келіп ұсыну тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады.»;
46-тармақта:
26-тармақтың 1) тармақшасының он екінші - он бесінші абзацтары 2016 ж. 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
7) тармақшаның он тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«141, 142, 143, 148, 149, 152, 153, 155, 156, 160, 161, 162, 167, 169, 171, 172, 174, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 185, 190, 194, 203, 204, 211, 218, 219, 220, 222, 224, 225, 226, 237, 238, 240 және 241-жолдар алып тасталсын;»;
8) тармақшаның бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 39, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54 және 55-тармақтармен толықтырылсын:
«39. Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама;»;
26-тармақтың 1) тармақшасының он жетінші абзацы 2016 ж. 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
төртінші абзац алып тасталсын;
2) 2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 9), 11) және 12) тармақшаларын, 6-тармағының 1) тармақшасын; 2) тармақшасының екінші абзацын, 6), 7), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларын, 8-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 9-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) және 3) тармақшаларын, 46-тармағының 2) тармақшасын, 7) тармақшасының үшінші, бесінші және отыз бесінші абзацтарын және 8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;».
2-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 280-бабы 4-тармағының 1) тармақшасындағы кестенің 7, 12, 14 және 15-жолдарының қолданылуы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде:
1) 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін акциздердің мынадай мөлшерлемелері қолданылады деп белгіленсін:
Р/с № | КО СЭҚ ТН коды | Акцизделетін тауарлардың түрлері | Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | 2207-ден | 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) басқа (түссiз емес, боялған) | 600 теңге/литр |
2. | 2207-ден | Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) | 1,0 теңге/литр |
3. | 2208-ден | 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа) | 100 % спирт 750 теңге/литр |
4. | 2207-ден | Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті | 0 теңге/литр |
5. | 2208-ден | Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер | 100 % спирт 75 теңге/литр |
6. | 3003, 3004-тен | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім | 100 % спирт 500 теңге/литр |
7. | 2208 | Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан және сыра сусынынан басқа) | 100 % спирт 2000 теңге/литр |
8. | 2208 | Коньяк, бренди | 100 % спирт 250 теңге/литр |
9. | 2204, 2205, 2206 00 | Шараптар | 35 теңге/литр |
10. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетіннен немесе пайдаланылатыннан басқа) | 170 теңге/литр |
11. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын шарап материалы | 0 теңге/литр |
12. | 2203 00 | Сыра және сыра сусыны | 39 теңге/литр |
13. | 2202 90 100 1 | Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра | 0 теңге/литр |
14. | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 6200 теңге/ 1000 дана |
15. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 6200 теңге/ 1000 дана |
16. | 2402-ден | Сигариллалар | 6225 теңге/ 1000 дана |
17. | 2402-ден | Сигаралар | 750 теңге/дана |
18. | 2403-тен | Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі | 7345 теңге/килограмм |
19. | 2709 00-ден | Шикі мұнай, газ конденсаты | 0 теңге/тонна |
20. | 8702-ден | микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан көп адамды тасымалдауға арналған, қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын моторлы көлік құралдары | 100 теңге/текше см |
8703-тен | қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, ең бастысы адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) |
8704-тен | қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) |
21. | 2403 | Қыздырылатын темекісі бар өнімдер (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар) | 0 теңге/1 кг |
22. | 3824 | Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық | 0 теңге/ сұйықтық миллилитрі |
»;