мынадай мазмұндағы 28-1) және 30-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«28-1) мұнай-газ-химия өнімдері - химиялық процестерді жүзеге асыру жолымен көмірсутек шикізаты (мұнай және газ) негізінде алынатын және дайын өнім ретінде де (жанар-жағармай материалдарын қоспағанда), кейіннен химиялық өзгертулер үшін шикізат ретінде де пайдаланылатын өнім;»;
«30-1) өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор - мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлға, сондай-ақ тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын заңды тұлға;»;
39) және 40) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«39) тұтынушы - тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушы, өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор немесе электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы;
40) уәкілетті орган - газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
мынадай мазмұндағы 44) тармақшамен толықтырылсын:
«44) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы - «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр станцияларының тізбесіне енгізілген, электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде тауарлық газды пайдаланып жүрген немесе пайдаланатын заңды тұлға.»;
2) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7-2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен, табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;»;
3) 7-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
4-тармақта:
бірінші абзацтағы «монополиялар» деген сөз «монополиялардың тиісті» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін келіседі;»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган:
1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін келіседі;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
«6-3) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін келіседі;»;
4) 8-баптың 4-тармағы 8) тармақшадағы «өнеркәсіптік тұтынушылары тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің субъектілері болып табылады.» деген сөздер «өнеркәсіптік тұтынушылары;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар;
10) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің субъектілері болып табылады.»;
5) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) газ және газ конденсаты кен орындарында көмірсутектерді барлау мен өндіруді немесе өндіруді жүзеге асырады.»;
6) 14-баптың 7-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) автогаз толтыру компрессорлық станцияларын және өнеркәсіптік тұтынушылардың және өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлардың газ тұтыну жүйелерін иеліктен шығаруға;»;
7) 15-баптың 5, 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасы уәкілетті органның сараптауына және бекітуіне жатады.»;
«7. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың шекті бағасының есеп-қисаптарын сараптау нәтижелері бойынша уәкілетті орган материалдарды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде жыл сайын 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың шекті бағасын бекітеді және жер қойнауын пайдаланушыға шикі және (немесе) тауарлық газдың шекті бағасын бекіту туралы хабарлама не оны өзгерту қажеттігі туралы дәлелді қорытынды жібереді.
8. Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың уәкілетті орган бекіткен шекті бағасынан асырмауға міндетті.»;
8) 17-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарлық және сұйытылған мұнай газын коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушыларға, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға;»;
9) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өнеркәсіптік тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету үшін білікті персонал, сондай-ақ газ тұтыну жүйелерінің қауіпсіз жұмысына жауапты адам ұстауға не газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған мамандандырылған ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.»;
10) 20-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары Қазақстан Республикасының өңірлерін газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары ескеріле отырып, әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін жыл сайын 1 шілдеде жеке белгіленеді.
Қазақстан Республикасының тауарлық газбен жабдықталмаған өңірлері үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасының деңгейі есептелмейді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары кейіннен жыл сайын 1 шілдеге белгілене отырып, жобалар пайдалануға енгізілген күннен бастап 1 шілдеге дейінгі мерзімге әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке белгіленеді.
2-2. Электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары электр станцияларының тізбесіне енгізілген әрбір тұтынушы үшін жаңа электр қуаттары пайдалануға берілген күннен бастап кемінде он жыл мерзімге жеке белгіленеді.»;
3-тармақтағы «монополиялар» деген сөз «монополиялардың тиісті» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Уәкілетті орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын кейіннен жыл сайын 15 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде бекіте отырып, жоба пайдалануға енгізілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді.
3-2. Уәкілетті орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын жаңа электр қуаттары пайдалануға берілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді.»;
6-тармақтағы «монополиялар» деген сөз «монополиялардың тиісті» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 21-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сатып алынған шикі және тауарлық газдың көлемдері туралы мәліметтерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей;»;
12) 25-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар пайдаланатын тауарлық газдың көлемін есепке алу тауарлық газды қабылдау (беру) пункттерінде орнатылған есепке алу аспаптары бойынша жүргізіледі.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 30 желтоқсан
№ 297-VІ ҚРЗ