13-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
2) кинематография саласындағы субсидияларды төлеудің бірыңғай операторы болып табылады.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қызметі мынадай мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:
1) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру;
2) ұлттық фильмдерді прокаттау және көрсету, оның ішінде олармен байланысты іс-шаралар (таралымын көбейту, дубляж жасау, субтитрлеу не кадр сыртындағы аударма, жарнама);
3) ұлттық фильмдердің халықаралық кинофестивальдерге қатысуы, кино күндерін және шетелде ұлттық фильмді ілгерілетуге бағытталған өзге де іс-шараларды өткізу;
4) кинематография саласында кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
13-баптың 5-тармағының 5) тармақшасы 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
5) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу.
6. Фильмді ұлттық деп тану жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанынан Сараптама кеңесі - шығармашыл қызметкерлер мен сарапшылар қатарынан консультативтік-кеңесші орган құрылады.
Сараптама кеңесінің ережесі мен құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
7. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен өтеледі.
8. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде фильмдерді шығару «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
14-бап. Ұлттық фильм
1. Фильм мынадай негіздердің жиынтығы кезінде:
1) егер фильм жоғары көркемдік деңгейде жасалса, халықтың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті болса, мемлекеттік мүддеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасын кино өнері арқылы танытатындай қызмет етсе;
2) фильмдерді шығару, тарату және көрсету кезінде смета бойынша жалпы жұмыс көлемінің кемінде жетпіс пайызын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық ұйымдар жүзеге асырса;
3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға фильмнің продюсерлері болса;
4) фильм авторларының құрамына (сценарий авторы, қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы-суретші, музыкалық туындының авторы) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын тұлғалар елу пайызынан аспайтындай кірсе, ұлттық деп танылады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес шетелдік кинематографиялық ұйымдармен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін.
3. Ұлттық деп танылған фильмге ұлттық фильм куәлігі беріледі.
15-бап 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
15-бап. Кинематография саласындағы субсидия
Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және Қазақстан Республикасында фильм (фильмнің бір бөлігін, эпизодын) шығаруға өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің кемінде бір жүз отыз мың еселенген мөлшерінде инвестициялар беру көзделетін, кинематография саласында субсидия беруге арналған келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасқан шетелдік заңды тұлғаға (оның филиалы мен өкілдігіне) өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бюджеттік субсидияның түрі кинематография саласындағы субсидия болып табылады.
Кинематография саласындағы субсидия Қазақстан Республикасында фильм (фильмнің бір бөлігін, эпизодын) шығаруға байланысты тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын отыз пайызға дейін өтеу жолымен беріледі.
Қазақстандық тарап - субсидияларды төлеуге, ал шетелдік заңды тұлға (оның филиалы мен өкілдігі) Қазақстан Республикасында фильм (фильмнің бір бөлігін, эпизодын) шығаруға міндеттенетін шарт Келісім болып табылады.
Қазақстандық тараптан Келісім жасасу құқығы уәкілетті органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына беріледі.
16-бап. Фильмдерді сақтау
1. Мемлекет ұлттық фильмдерді, Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдерді, бірлесіп шығарылған фильмдерді және киножылнаманы, оның ішінде ұлттық мәдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде ұлттық фильмдер мен киножылнаманың бастапқы материалдарын сақтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады.
2. Фильмдердің, киножылнаманың бастапқы материалдары көшіру, таралымын көбейту, прокаттау және көрсету үшін Мемлекеттік фильмдер қорына тұрақты сақтауға беріледі.
3. Мемлекеттік фильмдер қоры фильмдердің, киножылнаманың материалдарын аналогтық жеткізгіштіктерден цифрлық жеткізгіштіктерге ауыстыруды жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік фильмдер қоры фильмдердің, киножылнаманың бастапқы материалдарын сақтау кезінде олардың құқық иеленушілерінің фильмдердің бастапқы материалдарына еркін және өтеусіз қол жеткізуін, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.
5. Мемлекеттік фильмдер қоры жекешелендіруге жатпайды.
17-бап. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы Заңның 5-бабының 10) тармақшасы, 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы, 13-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы, екінші бөлігінің 5) тармақшасы және 15-бабы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2019 жылғы қаңтардың 3-і.
№ 212-VІ