Поиск 
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Сохранить(документ)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛ...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы заматтарының
Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының
Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы
келісім
(Астана қаласы, 2012 жылғы 11 мамырда)

 

Осы редакция 2016 жылғы 17 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР 2012.05.07. № 26-V Заңымен ратификацияланды

2012 жылғы 5 шілдеде күшіне енді

 

Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,

Тараптар мемлекеттерінің арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамыту, өз азаматтарының сапарларын құқықтық реттеу мақсатында,

1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасындағы мәңгілік достық туралы шарттың ережелері мен қағидаттарын назарға ала отырып,

бір Тарап мемлекеті азаматтарының басқа Тарап мемлекетінің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ниет білдіре отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-бап

 

  • Показать изменения

Басқа Тарап мемлекетінің аумағында уақытша жүрген бір Тарап мемлекетінің азаматтары келген мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес уәкілетті органында тіркелуге міндетті.

  • Показать изменения

Бір Тараптың азаматтарын тіркеу кіру Тарапы мемлекетінің мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап 90 тәуліктен аспайтын мерзімге жүргізіледі және осы Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес дәл осындай мерзімге ұзартылуы мүмкін.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап

 

Осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар:

Қазақстан Республикасының Үкіметінен - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі,

Қырғыз Республикасының Үкіметінен - Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік тіркеу қызметі.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап

 

Бір Тарап мемлекетінің азаматтары Тараптар мемлекеттерінің шекараларындағы халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пункттері арқылы екінші Тараптың аумағына келеді, кетеді және транзитпен жүреді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап

 

Бір Тарап мемлекетінің азаматтары мынадай жарамды құжаттар бойынша басқа Тарап мемлекетінің аумағына кіре алады (шыға алады):

Қазақстан Республикасы үшін:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Дипломаттық паспорт.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4. Қызметтік паспорт.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5. Теңізшінің жеке куәлігі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6. Қазақстан Республикасына оралуға арналған куәлік (тек Қазақстан Республикасына оралу үшін).

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7. Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілілігін көрсете отырып, 16 жасқа толмаған балалар үшін анықтама-жапсырмасы бар (суреті бар) туу туралы куәлік.

Қырғыз Республикасы үшін:

1. Дипломаттық паспорт.

2. Қызметтік паспорт.

3. Қырғыз Республикасы азаматының паспорты (ID-карта).

4. Қырғыз Республикасы азаматының жалпыазаматтық паспорты.

5.Теңізшінің паспорты (кеме рөлі бар болса - одан үзінді).

6. Қырғыз Республикасына оралуға арналған куәлік (тек Қырғыз Республикасына оралу үшін).

7. Қырғыз Республикасының азаматтығына тиесілілігін көрсете отырып, 16 жасқа толмаған балалар үшін анықтама-жапсырмасы бар (суреті бар) туу туралы куәлік.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап

 

Бір Тарап мемлекетінің азаматтары басқа Тарап мемлекетінің аумағында болған уақытта келген жерінде оның ұлттық заңнамасын сақтауға міндетті.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап

 

Осы Келісім Тараптар мемлекеттері әрқайсысының басқа Тарап мемлекетінің өз аумағында болуы қолайсыз деп саналатын азаматтарының келуінен бас тарту немесе олардың болу мерзімін қысқарту құқықтарын шектемейді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7-бап

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің қолданысын толығымен немее ішінара тоқтата тұруға құқылы. Бір Тарап осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру туралы хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы басқа Тарапқа қолданысын тоқтата тұру күніне дейін 72 сағаттан кешіктірмей жібереді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Осы Келісімнің қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдаған Тарап, осы Келісімнің қолданысын қайта бастау күніне дейін 72 сағаттан кешіктірмей қолданысын қайта бастау күні туралы басқа Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жібереді.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

8-бап

 

Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9-бап

 

Осы Келісімді түсіндіруге және орындауға қатысты даулы мәселелер Тараптар арасындағы консультациялар және келіссөздер жолымен реттеледі.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10-бап

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Осы Келісім дипломатиялық арналар арқылы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасы алынған күнінен бастап күшіне енеді.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы дипломатиялық арналар арқылы басқа Тарапқа бұл туралы жазбаша нысанда хабарлай отырып, осы Келісімнің қолданысын біржақты тәртіппен тоқтата алады. Бұл жағдайда осы Келісім мұндай хабарлама алынған күнінен бастап алты (6) ай өткен соң қолданысын тоқтатады.

 

2012 жылғы 11 мамырда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіннің де күші бірдей.

 

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының

Үкіметі үшін