67-2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры - мынадай:
ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін);
ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары пайдаланатын абоненттік нөмірлер туралы мәліметтерді қамтитын дерекқорды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешені;
67-3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы - абонент белгілеген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орналасқан орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланудағы байланыс құралы;
67-4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды - өндіруші-зауыттың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына беретін коды, ол оған осы құрылғыны қосқан кезде ұялы байланыс операторының желісіне беріледі;»;
2) 7-баптың 7) және 12) тармақшалары алып тасталсын;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) 8-бапта:
1-тармақта:
6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) және 6-7) тармақшалар алып тасталсын;
8), 8-4), 8-8), 13) және 19-15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерін, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын, байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу және қабылдау;»;
«8-4) азаматтық пайдаланушыларға жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлу, иелікке беру (тағайындау), шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;»;
«8-8) ұялы байланыстың абонентік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту;»;
«13) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;»;
«19-15) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту;»;
2-тармақта:
4) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгiленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды өшiру;»;
мынадай мазмұндағы 9-7) тармақшамен толықтырылсын:
«9-7) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;»;
4) 9-баптың 2-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру;»;
10) тармақша алып тасталсын;
5) 9-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік радиожиілік қызметі байланыс саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
1) уәкілетті орган халықтың теле-, радиоарналарды қабылдауы сапасын бақылауды қоса алғанда, байланыс қызметтерін көрсетудің сапасына бақылау жүргізген кезде жұмыстардың орындалуын, сондай-ақ радиожиілік спектрінің және Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау мониторингін техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді;
2) радиоэлектрондық құралдардың және радиожиіліктерді иелікке берудің тізілімін (дерекқорын) жүргізуді техникалық қамтамасыз етуді;
3) радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізуді;
4) Қазақстан Республикасының радиожиіліктерінің ресурстарын және орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыруды;
5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, олардың жұмыс істеуін, оларды қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз етуді, оларға қолжетімділік беруді жүзеге асырады.»;
6) мынадай мазмұндағы 9-2-баппен толықтырылсын:
«9-2-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия
1. Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
1) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйелерін, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін техникалық қолдап отыруды;
2) Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық және халықаралық байланыс операторларының интернет-трафигімен алмасу нүктелерін ұйымдастыру мен техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосуды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды монополияға қарсы органмен келісу бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары белгілейді.»;
14-тармақтың 7) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
7) 10-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қызметін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асыратын, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасы әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер уәкілетті мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен бірге, үкіметтік және президенттік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс құрылысжайларының, байланыс жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын айқындайды және әзірлейді;»;
8) 11-бапта:
2-тармақ «ұсыныстарды әзірлеуді» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұялы байланысты ұйымдастыру үшін радиожиіліктерді және радиоэлектрондық құралдарды бірлесіп пайдалану кезінде радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін ақы төлеуді оған иелікке берілген жиіліктер белдеуі, радиожиілік (радиожиілік арнасы) үшін әрбір байланыс операторы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырады.»;
9) 12-бапта:
2-тармақ «Радиобайланыс регламентіне сәйкес» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Жеке және заңды тұлғаларға өздеріне иелікке берілген жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) уақытша немесе тұрақты пайдалану құқығын басқа жеке немесе заңды тұлғаларға беруге, мына жағдайларды:
1) радиожиілік спектрін негізгі пайдаланушы келісім берген жағдайда, өндірісішілік қызмет үшін радиожиіліктерді бірлесіп пайдалануды қоспағанда, тыйым салынады. Әрбір пайдаланушыға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған жеке рұқсат ресімделеді;
2) ұялы байланыс ұйымына бөлінген радиожиіліктерді бірлесіп пайдалануды қоспағанда, тыйым салынады. Радиожиіліктерді бірлесіп пайдалану шартпен ресімделеді.»;
10) 14-бапта:
14-тармақтың 10) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Байланыс операторлары өтеусіз негізде бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде қызметтер көрсетуге міндетті. Көрсетілген мақсаттарда байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
11) 15-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыруға міндетті. Абоненттер туралы қызметтік ақпаратты сақтау тек қана Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының шетелдегі абоненттеріне байланыс қызметтерін көрсету жағдайларын қоспағанда, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты беруге тыйым салынады;»;
2 тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңға және «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес байланыс операторлары, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы және ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторы байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың абоненттік нөмірлердің және ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорларындағы мәліметтерге қол жеткізуін өтеусіз қамтамасыз етуге міндетті.»;
4-тармақ алып тасталсын;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара қарым-қатынастары осы Заңға және «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.
6. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес иеленушінің өтініші бойынша өз желісіндегі ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруға не қайта бастауға міндетті.»;
12) мынадай мазмұндағы 16-2-баппен толықтырылсын:
«16-2-бап. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шет мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық өкілдіктері, радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламар туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын нысан бойынша хабарлама жіберуге міндетті.»;
13) 18-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «байланыс қызметi» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі «уәкiлеттi орган» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 20-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «субъектілері» деген сөз «субъектісі» деген сөзбен ауыстырылсын;
15) 21-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Президенттік байланыс желілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсiн құрайтын желiлер үшiн ұлттық қауіпсіздік органдары мыналарды:
халықаралық түйісу нүктелерін ұйымдастыруды, тіркеуді және пайдалануды;
ұйымдастырушылық-техникалық iс-шаралар кешенiн, басқарушылық параметрлерін қалыптастыруды;
қолданылатын байланыс құралдарына және оларды басқаруға қойылатын талаптарды, байланыс желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, байланыс желілерін іске қосуды және олардың орындалуын бақылауды;
қалааралық және халықаралық байланыс операторларының Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті байланыс жолдары мен арналарын беруін қамтитын Қазақстан Республикасының телекоммуникация желiлерiн орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртiбiн айқындайды.
3. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникациялар желiсiне кiретін барлық санаттағы желiлердің байланыс операторлары өз қаражаты есебінен өз желiлерiн орталықтандырылған басқару жүйесін құруға мiндеттi, ол Қазақстан Республикасының аумағында орналасуға тиіс.
Функционалдық міндеттеріне абоненттер туралы қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу кіретін байланыс операторларының жұмыскерлері Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс. Байланыс операторларының өз байланыс желілерін қандай да бір басқару түрінде өзге адамдарға беруіне тыйым салынады.
Телекоммуникация желiлерiн құру кезiнде байланыс операторлары байланыс желiлерінің телекоммуникациялық жабдығының жедел-iздестiру және қарсы барлау iс-шараларын жүргiзуді қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн ұлттық стандарттарға технологиялық тұрғыдан сәйкес келуін қамтамасыз етедi.»;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі 2) тармақшасындағы «тұрғыда» деген сөз «тұрғыда айқындалатын телекоммуникация желiлерi болып бөлiнедi.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
14-тармақтың 15) тармақшасының он үшінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
«7. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін негіз ретінде пайдалана алатын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері байланыс қызметтерін өтеулі түрде көрсету үшін пайдаланылмайды.
14-тармақтың 15) тармақшасының он бесінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
Шифрланған, құпияландырылған, кодталған байланыс желілерін және арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, басқару, пайдалану, нөмірлеуді бөлу, жұмыс істеуін, ақпараттық қауіпсіздігін, трафик өткізуді, өзара іс-қимыл жасау және пайдалануға қабылдау (пайдаланудан шығару) шарттарын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін осы желілер қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары айқындайды.»;
16) 22-2-бап алып тасталсын;
17) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттілігіне арналған байланыс желілері
1. Үкіметтік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы қамтамасыз етеді.
14-тармақтың 17) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
Президенттік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етеді.
Байланыс операторлары үкіметтік және президенттік байланыстың техникалық мүмкіндіктері мен жарақтандырылуын ескере отырып, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды және дамытуды ұлттық қауіпсіздік органымен және Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүргізеді.
Үкіметтік, президенттік байланыс жүйелері, шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қамтамасыз етіледі.
2. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру тәртібін және үкіметтік байланысты қамтамасыз ету тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірлейді.
3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
14-тармақтың 17) тармақшасының тоғызыншы абзацы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
4. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, уәкілетті орган реттейтін бағалар (тарифтер) бойынша шарттық негізде жүзеге асырылады.
5. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бірыңғай телекоммуникация желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
14-тармақтың 17) тармақшасының он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
6. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсiздiк және ішкі істер органдарының қажеттілігі үшін байланыс арналары мен жолдарын басымдықпен берудi қамтамасыз етуге және байланыс арналары бүлінген жағдайда оларды ауыстыру немесе қалпына келтiру бойынша бiрiншi кезектегi және кезек күттірмейтін шараларды қабылдауға мiндеттi.
7. Байланыс операторлары, сот шешiмiмен болмаса, байланыс арналарын ажыратуға және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне, әскери басқару, ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдарына үкіметтік және президенттік байланыс қызметтерiн, байланыс қызметтерiн ұсынуды тоқтата тұруға құқылы емес.
8. Байланыс операторлары байланыстың жұмыс iстеп тұрған және жаңадан салынып жатқан құрылысжайлары мен тораптарында арнаулы мақсаттағы телекоммуникация, үкiметтiк және президенттік байланыс желілері мүддесінде пайдаланылатын, техникалық құралдарды орналастыру үшiн қажеттi алаңдарды, сондай-ақ жол-кабельдiк құрылыстардағы резервтiк сыйымдылықтар мен кепiлдендірілген электрмен қоректендiруді көздеуге мiндеттi.
9. Бейбiт уақытта жедел жағдай шиеленiскен, аса маңызды жұмыстар мен iс-шаралар жүргізілген кезде байланыс операторлары жедел-iздестiру және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын немесе аса маңызды жұмыстар мен iс-шараларды жүргiзуге өкілеттіктері бар байланыс қызметтерiн пайдаланушыларға шарттарды ресiмдемей, уақытша жалдау шарттарымен, шығындарды кейiннен өтей отырып, қажет болған кезде ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi байланысының жұмыс арналарын пайдаланып, жекелеген өтiнiмдер бойынша қосымша арналар мен тiкелей байланыс жолдарын бөліп береді.»;
18) 25-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Байланыс операторлары арасында интернет-трафик алмасуды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік байланыс операторлары арқылы жүзеге асыруға тыйым салынады.
5. Интернет-трафик алмасу нүктесіне барлық қосылғандар мен байланыс операторлары арасында интернет-трафик алмасу нүктесі арқылы трафикті өткізу және алмасу өтеусіз жүзеге асырылады.»;
19) 26-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
3-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті байланыс жолдары мен арналарын өз қаражаты есебінен беруді қамтамасыз етуге;»;
20) 28-7-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық сипаттамалары мен пайдалану шарттарының радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламада жазылған параметрлерге, сондай-ақ белгiленген қағидалар мен нормаларға сәйкес келуiн қамтамасыз етедi;»;
21) 29-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-3-тармақпен толықтырылсын:
«4-3. Байланыс операторлары шарт негізінде инженерлік инфрақұрылым объектілерін, телекоммуникациялық жабдық пен байланыс желілерін бірлесіп пайдалана алады.»;
14-тармақтың 17) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жұмыскерлерi үкiметтiк және президенттік байланыс желiсiнiң абоненттерi болып табылатын мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың ғимараттарын, құрылысжайлары мен объектiлерiн салу кезiнде, сондай-ақ олардың орналасқан жерi өзгерген кезде арнаулы мақсаттағы байланыстың жалғау жолдары мен iшкi желiлерiн жобалау мен тартуды құрылысқа тапсырыс берушiлер өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.»;
22) 29-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-2-бап. Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі үшін телекоммуникация желілерін пайдалануға беру
Ұялы байланыс операторы шұғыл шақыру жүйесінің операторына автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы хабарларды беру және шұғыл шақыру жүйесінің операторымен екіжақты дауыс байланысын орнату үшін өзінің ұялы байланыс желісін пайдалануға өтеусіз негізде беруге міндетті.»;
23) 36-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Байланыс операторынан қызметтік ақпарат алуға тек қана абоненттің келісімімен және осы Заңда және «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол беріледі.»;
24) 36-2 және 39-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«36-2-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу
1. Абонент үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
2. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иеленушісі оны ұялы байланыс операторында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес тіркеуге міндетті. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес айқындалған ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары тіркелуге жатады.
3. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу үшін оның иеленушісі өзіне қызмет көрсететін операторға:
жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін);
ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды;
ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы пайдаланатын абоненттік нөмір туралы мәліметтерді ұсынады.
Ұялы байланыс операторлары барлық мәліметтерді ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторына өтеусіз жібереді.
Күзетілетін адамдар пайдаланатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды туралы ақпарат қана беріледі.
4. Ұялы байланыс операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорында ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының басқа иеленушісі тіркеген осындай ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды болған жағдайда немесе егер абоненттік нөмір басқа иеленушіге тіркелген жағдайда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеуден бас тартады.