Осы тармақтың мақсаттарында белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасының аумағына қайта әкелінбеген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің көлеміне тура келетін алыс-беріс шикізаты бойынша салық салынатын айналымның мөлшері халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есеп саясаты негізінде осындай қайта өңдеу өнімдерінің өзіндік құнына енгізілген алыс-беріс шикізаты құнының мөлшерінде айқындалады.
Осы бапты қолдану мақсаттары үшін салық төлеушінің есепке алу саясатында белгіленген өзіндік құнды айқындау әдісі күнтізбелік бір жыл ішінде өзгертілуге жатпайды.
451-бап. Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мен импорт
1. Мыналарды:
1) егер Қазақстан Республикасы оларды өткізу орны болып табылса, осы Кодекстің 45-тарауында көрсетілген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
2) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды жөндеу бойынша, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы Кодекстің 441-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар осы тармақшада көрсетілген қызметтердің көрсетілгенін растайтын құжаттар болып табылады.
Осы тармақшада көрсетілген қызметтердің тізбесін уәкілетті орган бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісіне көрсететін халықаралық байланыс қызметтерін өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
2. Мынадай тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады:
1) осы Кодекстiң 399-бабы 1-тармағының 1), 2), 4) - 13) және 15) тармақшаларында көзделген.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiнде осы тармақшада көрсетiлген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін уәкілетті орган айқындайды;
2) шартта (келісімшартта) көзделген кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде импортталатын.
Тауарды сатып алуға негіз болған, кепілдендірілген қызмет көрсетуді көздейтін шарт (келісімшарт), тауарға ілеспе құжаттар, шартқа (келісімшартқа) қатысушылар растаған кінә қою және ақау актісі кепілдендірілген қызмет көрсету шеңберінде тауарлардың импортын растау болып табылады;
3) инвестициялық келісімшарт шеңберінде бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
шикізат және (немесе) материалдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылатын шикізат және (немесе) материалдар тізбесіне енгізілген;
әкелінген шикізатты және (немесе) материалдарды қосылған құн салығын төлеуші қызметті инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асыру кезінде ғана талап қою мерзімінің шегінде пайдаланатын шикізат және (немесе) материалдар.
Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға енгізілген айдың 1-күнінен бастап үздіксіз бес жыл бойғы мерзімге ұсынылады. Егер жұмыс бағдарламасында екі және одан да көп тіркелген активтерді енгізу көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген активті пайдалануға берілген айдың 1-күнінен бастап жүргізіледі.
Салық төлеуші импортталған тауарларды есепке қабылдаған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға, оларды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеле отырып төленуге жатады;
4) тармақшаның қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 42-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
4) мынадай шарттар сақталған кезде:
көлік құралдарын өндірушілерге қатысты - индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;
ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге қатысты - индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органмен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде заңды тұлға еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар.
3. Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес импорт бойынша қосылған құн салығынан босатылғаннан өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, мұндай тауарлардың импорты бойынша қосылған құн салығы тауарды әкелген кезде қосылған құн салығын төлеу үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күніне төленуге жатады.
4. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - лизинг алушысы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің лизинг берушісіне лизинг шарты бойынша төлейтін сыйақы қосылған құн салығынан босатылады.
5. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға мынадай шарттар сақталған кезде:
1) тауарлар арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылса;
2) еркін кедендік аймақтың немесе еркін қойманың кедендік рәсімі ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен аяқталса;
3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес дайын өнім құрамындағы тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылса, арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босатуды қолдануға құқылы.
452-бап. Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы осы Кодекстің 46-тарауында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылады.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде Қазақстан Республикасының бюджетіне белгіленген тәртіппен төленген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы есептелген және (немесе) есепке жазылған сомалар шегінде есепке жатқызылады.
Бюджетке төленген, бірақ осы Кодекстің 444-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалатын салықтық кезең үшін салық салынатын импорттың мөлшеріне тура келетін қосылған құн салығының сомасынан аспайтын қосылған құн салығының сомасы лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлардың импорты кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады. Бұл ретте алдыңғы салық кезеңдері үшін есепке жазылған (есептелген) және, оның ішінде осы Кодекстің 101, 102 және 103-баптарында айқындалған тәртіппен ағымдағы салықтық кезеңде есепке жатқызу арқылы төленген қосылған құн салығының сомалары ағымдағы салықтық кезеңде есепке жатқызылуға тиіс.
3. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - лизинг берушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің лизинг алушысы - салық төлеушісі алуға жататын тауарларды (лизинг нысаналарын) лизингке берген кезде Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - лизинг берушісі есепке жатқызуға тиіс қосылған құн салығының сомасы тауарлардың (лизинг нысаналарының) құнына тура келетін бөлігінде сыйақыны есепке алмай әрбір лизингтік төлем бойынша айқындалады.
453-бап. Шот-фактура
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактураларды жазып беру тәртібі осы Кодекстің 47-тарауына сәйкес айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты жағдайында шот-фактура:
қағаз жеткізгіште - өткізу бойынша айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей;
электрондық нысанда - өткізу бойынша айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, шот-фактура алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалғандығын растайтын құжатқа қол қойылған күні жазып беріледі.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда жазып берілетін шот-фактура осы Кодекстің 412-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуге, сондай-ақ онда:
1) өткізу бойынша айналым жасалған күн;
2) тұлғаны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте сатып алушы салық төлеуші ретінде сәйкестендіретін нөмір көрсетілуге тиіс.
5. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - лизинг берушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі - лизинг алушысы алуға жататын тауарларды (лизинг нысанасын) лизингке берген кезде шот-фактура сыйақы есепке алынбай әрбір лизингтік төлемнің күніне лизинг шартында көзделген тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнының бір бөлігі мөлшерінде, бірақ іс жүзінде алынған төлем сомасынан аспайтын мөлшерде жазып беріледі.
Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің - лизинг берушісінің сыйақы сомасы шот-фактурада жеке жолмен бөліп көрсетілуге тиіс.
6. Импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген кезде шот-фактура электронды түрде салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жазып беріледі.
454-бап. Тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілерді айқындау ерекшеліктері
1. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алған жағдайда, қосылған құн салығын төлеуді тауарлар аумағына импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі (тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген өкіл, оператор) жүзеге асырады.
Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың меншік иесі деп тауарларға меншік құқығы бар немесе тауарларға меншік құқығының өтуі шартпен (келісімшартпен) көзделген тұлға түсінілуі керек.
2. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісімен жасасқан шарт (келісімшарт) негізінде сатып алған жағдайда және бұл ретте тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын аумағына тауарлар импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - тауарлардың меншік иесі төлейді.
3. Егер тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің салық төлеушісі комиссия, тапсырма шарты негізінде Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне өткізсе және тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын төлеуді аумағына тауарлар импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - комиссионер, сенім білдірілген өкіл жүзеге асырады.
4. Егер Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Қазақстан Республикасының басқа салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импорттаған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды сатып алған жағдайда, егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген өкіл (оператор) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ұйымдастырған көрме-жәрмеңкелік саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына бұрын импортталған, олар бойынша қосылған құн салығы төленбеген тауарларды Қазақстан Республикасының салық төлеушісі сатып алған кезде қосылған құн салығын төлеуді бейрезидентпен оларды сатып алу-сату шарттары (келісімшарттары) болған кезде тауарлардың меншік иесі жүзеге асырады.
Тауарларды сатып алуға-сатуға арналған шарттар (келісімшарттар) болмаған кезде мұндай тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеуді көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі жүзеге асырады.
Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден саудаға қатысушылардың тізімін қоса тіркей отырып, оны өткізерден он жұмыс күні бұрын орналасқан жері бойынша салық органын осындай сауда өткізілетіні туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
5. Егер тауарлар Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі арасындағы шарт негізінде сатып алынған жағдайда және бұл ретте тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан импортталса, қосылған құн салығын аумағына тауарлар импортталған Қазақстан Республикасының салық төлеушісі - тауарлардың меншік иесі не комиссионер, сенім білдірілген өкіл (оператор) төлейді.
455-бап. Еуразиялық экономикалық одақта комиссия (тапсырма) шарттары бойынша тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері
1. Комиссионер (сенім білдірілген өкіл) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына комиссия (тапсырма) шарттары негізінде әкелген кезде импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын есептеу және бюджетке аудару жөніндегі міндет комиссионерге (сенім білдірілген өкілге) жүктеледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығының сомасы осындай тауарларды сатып алушы комиссионер (сенім білдірілген өкіл) сатып алушының атына жазып берген шот-фактураның, сондай-ақ импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация көшірмесінің және осы Кодекстің 456-бабының 8-тармағында көзделген, салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш көшірмесінің негізінде есепке жатқызылуға тиіс.
2. Комиссионердің өз атынан және комитент есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
3. Сенім білдірілген өкілдің сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуі сенім білдірілген өкілдің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
4. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі-комитент (сенім білдіруші) пен Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізетін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі-комиссионер (сенім білдірілген өкіл) арасында жасалған комиссия (тапсырма) шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша шот-фактураларды жазып беруді комиссионер (сенім білдірілген өкіл) жүзеге асырады. Бұл ретте шот-фактура өнім берушінің «комиссионер» («сенім білдірілген өкіл») деген мәртебесін көрсете отырып жазып беріледі.
Комиссионер (сенім білдірілген өкіл) сатып алушыға жазып беретін шот-фактурада осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағының 1) - 7) тармақшаларында белгіленген деректемелер, тауарлардың қосылған құн салығын есепке алмағандағы құны, сондай-ақ шот-фактураға қоса берілетін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нөмірі мен күні көрсетілуге тиіс.
Импортталатын тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада жеке жолмен бөліп көрсетіледі.
Мұндай шот-фактураға комиссионерден (сенім білдірілген өкілден) алынған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі мен тауарларды импорттаған кезде комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның көшірмесі қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын комиссионер (сенім білдірілген өкіл) есепке жатқызбайды.
5. Импортталған тауарларды комиссионер (сенім білдірілген өкіл) есепке қабылдаған күн комиссия (тапсырма) шарттары негізінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде салық салынатын импорттың жасалған күні болып табылады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін комитент (сенім білдіруші) комиссионердің (сенім білдірілген өкілдің) атына жасаған тауарлардың берілгенін растайтын бастапқы құжаттың күні есепке қабылдаған күн болып табылады.
6. Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген өкілдің) салық салынатын айналымының мөлшері комиссия (тапсырма) шарты бойынша сыйақы негізінде айқындалады.
456-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі осы Кодекстің 48-тарауына сәйкес айқындалады.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда ұсынуға міндетті.
Салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда.
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нысанын, оны толтыру және ұсыну қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi;
2) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін және (немесе) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттеменіің орындалуын растайтын өзге де төлем құжатын немесе уәкілетті орган берген, салық төлеушіге салық төлеу мерзімін өзгертуге құқық берілгенін растайтын өзге де құжатты немесе осы Кодекстің 451-бабының талаптарын ескере отырып, қосылған құн салығынан босатылғанын растайтын құжатты.
Бұл ретте көрсетілген құжаттар қосылған құн салығын төлеудің өзге тәртібінде, сондай-ақ салық төлеуші салық және бюджетке төленетін төлемдердің басқа түрлері бойынша аталған артық төленген сомаларды есепке жатқызуға немесе есептік шотқа қайтаруға өтініш бермеген кезде импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылуға тиісті импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы бойынша жеке шоттарда артық төленген төлемдер болған жағдайда ұсынылмайды.
Лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша осы тармақшада көрсетілген құжаттар есепті салықтық кезеңге келетін лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизингтік төлемнің мерзімі бойынша осы тармақта белгіленген мерзімде ұсынылады;
3) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізілгенін растайтын тауарға ілеспе және (немесе) өзге де құжаттарды. Егер тауарлардың жекелеген түрлерінің өткізілуі, оның ішінде тауарлардың көлік құралдарын пайдаланбай өткізілуі үшін мұндай құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе, көрсетілген құжаттар ұсынылмайды;
4) егер оларды ұсыну (жазып беру) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактураларды.
Егер шот-фактураларды ұсыну (жазып беру) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмеген болса не тауарлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісінен сатып алынса, онда
шот-фактуралардың орнына сатушы ұсынған (жазып берген), импортталған тауарлардың құнын растайтын өзге құжат ұсынылады;
5) солардың негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар сатып алынған шарттарды (келісімшарттарды), тауарлар лизингі (лизинг нысаналары) жағдайында - лизинг шарттарын (келісімшарттарын), заттар түрінде қарыз берілген жағдайда - қарыз шарттарын, тауарларды дайындау туралы шарттарды (келісімшарттарды), алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттарды (келісімшарттарды);
6) Қазақстан Республикасының салық төлеушісіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі ұсынған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталған тауарларды өткізетін ұйымның басшысы (дара кәсіпкер) қол қойған және ұйымның мөрімен расталған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше үшінші мемлекеттің салық төлеушісі және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осы үшінші мемлекеттің салық төлеушісімен импортталған тауарды сатып алу туралы жасалған шарт (келісімшарт) туралы мынадай:
тұлғаны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі ретінде сәйкестендіруші нөмір;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (ұйымның, дара кәсіпкердің) атауы;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісінің орналасқан (тұрғылықты) жері;
келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күні;
ерекшелік нөмірі мен күні туралы мәліметтерді қамтыған ақпараттық хабарламаны (осы Кодекстің 454-бабының 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларда).
Егер одан тауар сатып алынатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі өткізетін тауардың меншік иесі болмаған жағдайда (комиссионер, сенім білдірілген өкіл болып табылса), онда осы тармақшаның бірінші бөлігінің екінші - алтыншы абзацтарында көрсетілген мәліметтер өткізілетін тауардың меншік иесіне қатысты да ұсынылады.
Ақпараттық хабарлама шет тілінде ұсынылған жағдайда қазақ және орыс тілдеріне аудармасының болуы міндетті.
Егер осы тармақшада көзделген мәліметтер осы тармақтың екінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген шартта (келісімшартта) қамтылса, ақпараттық хабарлама ұсынылмайды;
7) комиссия немесе тапсырма шарттарын (келісімшарттарын) (олар жасалған жағдайда);